Менің мақалам
Мамандығым –мақтанышым.
Біз мұғалім, ұстазбыз,
Игі істерге құштармыз
Білім беріп шәкіртке
Шақырамыз тәртіпке-
деген өлең жолдары қай маман иесі қаламының туындысы екені көрініп тұр. Расымен, ұстаз – ұлағат,ұлы тұлға, ұлы есім. Күллі әлемді білім патшалығына шақырып тұратын, сиқырлы қаламы мен сан қилы кітаптар бастауына жол ашар, “Жарқын болашақ білімде” дегенді түсіндіретін де – ұстаз! Осы орайда қазағымның ұлы данасы Абай атамыздың “Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деген сөзі ерекше еске түсері анық. Ұстаздық ету - бұл да бір мамандық. Мамандық таңдау бір қызық. Қызық та емес, қиын. Бірақ сонысына қарамастан, адамның өмірінде алатын орны ерекше. Неге десеңіз, әр мамандық адамның шығармашылығын, ойлау қабілетін, таным түсінігін айқындайтын, сондай-ақ өмір сүруге қажеттіні үйрететіндей маңызды. Мысалы, дәрігер мамандығы, науқастың өмір үшін күресіп жатқан шағында жанын беріп, қалай да адамның өмірін сақтап қалу үшін еңбектеніп тер төгетін ақ халатты абзал жандардың еңбегі қашанда зор. Адамның саулығын, өмір сүруші басты құндылықтарын түсіндіретін, салауатты өмір сүруді үйретуші мамандық, ал психолог маманы, адамдардың қалайша жақсы өмір сүруге болатынына бағыт-бағдар беруші, өмір сүруге деген құлшынысын арттырушы, сондай-ақ адамдар арасындағы қарым-қатынасты айқындайтын болса, ал заңгер , адамдардың мемлекет алдындағы құқықтары мен міндеттерін білуге көмектесетін маман. Актер- белгілі бір образды сомдайтын, сол шығарма кейіпкерінің мінезін, шынайылығын көрсете білетін өнер адамы. Әншілік өнер – табиғи даусымен әуезді әнімен сахнада өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын, халықтың тұлғасы. Әр мамандықтың өз қызығы бар. Ал менің мамандығым – мұғалім. Мамандығым – мақтанышым. Мен үшін мамандық атаулының ең төресі, ең киелісі – ұстаздық деп ойлаймын. Себебі ұстаз болу - үлкен мәртебе. Білгеніңді білуге құштар жандарға үйрету, бұл керемет емес пе?!Ұстаздан шәкірт озар деген сөзге сенсек, сен тәрбиелеп, білім берген шәкіртің сенен де білімді болып,өмірде үлкен тұлға болып қалыптасса, сенің еңбегіңнің жанғаны ғой. Сондықтан да әр сауапты істің қайыры бар деген. Кішкентай балғын шәкірттердің қолына қалам ұстатып, әріп танытып, сан үйретіп,балғын жасынан үлкен білім жолына қадам бастауына жол ашатын ол, әрине – мұғалім. Ғалым да, шахтер де,дәрігер де, барлығы дерлік, ұстаздың алдынан өтіп, оған бас иген. Сондықтан қашан да ұстаз деген ұлы есім жадымызда мәңгі сақталмақ. Білімнің баспалдағы - ұстаздың ізденімпаздығы, шәкіртіне деген шынайы көңілі , оқушым білсін, үйренсін, көрсін, талаптансын, еңбектенсін деген ниеті, сол білім жолында бірлесе жұмыстану, сондай-ақ белгілі беделді тұлға болып қалансын деген ойынан бастау алып, білімнің шыңы - ұстаздың елеулі еңбегінің жемісі, шәкіртінің білім жолындағы жетістігінің нәтижесі деп білемін.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы.
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу- мінездің күн шуағы.
Ұстаз болу –адамның асылдығы, - деп Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, қашан да ұстаз деген ұлы есімге лайық болайық қымбатты әріптестер. Болашақ ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін,білім нәрімен сусындатып, ой-қиялына шабыт беріп шығармашылығын дамытқан,мейірімді сөздерімен адамгершілік тәрбиеге баулыған, ата-ананы құрметтеуді, үлкенді сыйлауды, кішіге ізет көрсетуді үлгі еткен – ұстазым, шәкіртінің жетістігіне бірге қуанып,мұңайса әрдайым жанашыр бола білген , ол қашан да біздің - мұғалім, біздің - идеалымыз. Мен бұл жүрегімдегі асыл сөздерімді ғибратты ғұмырда, өзендей тасыған өмірде, дамылсыз уақыт шеңберінде шалқыған шат күлкісімен қуаныштарын бөлісе білген, бейбіт күнде көрісіп жүрген ардақты да аяулы ұстаздарым, «Ақтөбе автожол колледжі» ұжымына арнаймын.
«Ақтөбе автожол колледжі» информатика пәнінің оқытушысы Алжанова Айнур Койшыбаевна
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мамандығым - мақтанышым.

шағым қалдыра аласыз