Мамандығым - мақтанышым

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандығым - мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мамандығым-мақтанышым" мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Мамандығым-мақтанышым

Ұстаз деген - құрметті атаққа ие болудың өзі бір бақыт. Ұстаз-өмірлік тәжірибесі мол, нағыз еңбекқор, ізденімпаз, ұшқыр ойлы маман. Жақсы ұстаз шәкіртінің мәңгілік мақтанышына айнала алады. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелік көбінесе ұстазға байланысты. Нағыз мықты ұстаз ғана салауатты да саналы, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыра алады.Ескендір Зұлқарнайын – бірде: «Данқ пен абыройға кенелуіме мен бір адамға қарыздармын, ол-өз ұстазым Аристотель десе, ал Шәкәрім ұлы ақын Абайды «ұстазым» деп, шексіз құрметтеп өткен екен. «Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп тұңғыш педагог Ыбырай Алтынсарин айтқандай, мұғалім –білім беруші ғана емес , тәлім-тәрбие беріп, бағыт-бағдар көрсетуші бар адами қасиеттерді бойына жиған талантты тәлімгер. Келешекте елдің тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақ қандай ұстаздың қолында білім алып, тәлім – тәрбие көруде? Ол кез келген ата-ананы , тіпті шәкірттің өзін де толғандыратын мәселе. Бүгінгі жаңа ғасырдың жаңашыл шәкірттерін тәрбиелеуші мұғалімдер сонау ұстаз деген есімнің ұлылығын дәлелдеп кеткен, ұлы ұстаздардың еңбегімен сусындаған, әмбебап жандар. Бүгінгі таңдағы ұстаздар қауымының жан-жақты дамыған, жеке тұлға қалыптастыруда атқарып жатқан еңбектері ұшан-теңіз деуге болады.

Қазіргі жаңа қоғам мұғалімнің де ішкі жан жүйесі жаңаша. Өйткені өскелең ХХI ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде . Мектептегі басты тұлға мұғалім десек, мемлекеттің білім саясаты ең алдымен осы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады, демек бұл педагогтың жеке іс-әрекетіне тікелей байланысты. Ал, мұғалімнің алдында тұрған басты мақсаты, іс-әрекетінің нәтижесі рухани жан дүниесі бай , жан-жақты жарасымды, дамыған жеке тұлғаны қалптастыру. Жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру , осы арқылы өзіне деген сенімін нығайту, өз жолын өзі танытуына түрткі болу –бүгінгі таңның басты мәселесі.«Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады» деген екен. Білім жетілдіру – алға жылжудың жеңіске жақын жүрудің нышаны. Түрлі тақырыптағы курстарда бас қосып, тәжірибе алмасып жүретін ұстаздар келешек ұрпақтың сапалы білім алуы қажеттілігін жадынан шығармай білікті маман атануға тырысамыз дей отырып, мен ұстаз болуды қалап едім. Бірақ сол ұстаздық атаққа азапты еңбек, шынайы шеберлік арқылы ғана жетеді екен. Мұғалім өз ісіне деген сүіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ деп есептеймін. Егер де мен нағыз мұғалім ісін ұната білсем ғана, жақсы мұғалім боламын деп ойлаймын.

Ұстаз- алдына қойған мақсаты айқын, ісіне сүйіспеншілікпен жауапкершілікпен қарайтын осынау ұстаздар бойына байқағыштық, төзімділік, өз ісіне, шәкіртіне деген ерекше ілтипат пен мықты сенімділік төгіліп тұратын тәрізді.«Баланы оқуға қалай үйрету керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?» деген сұрақтарға сүйене отырып, олардың қабілеттерін анықтау және дамыта оқыту бағытында, ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады. Яғни басым көпшілік күш мұғалімге түседі. А.Байтұрсынов «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» дегендей, шығармашылық талаптарын толық меңгерген, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына өз үлесін қосатын баланы өздігінен өмірге жетелейтін, ақыл-кеңес бере алатын мұғалім екені сөзсіз.Мен сабақтарымда жаңа технологияларды пайдалану тәжірбиеммен түйгенім, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып шығармашылық қабілеттерін дамытуға болатынына көзім жетті.

Сабақ процесінде сол мәтінге байланысты ребус пен сөзжұмбақтар шешулер мәтінді тез түсінуге көмегін тигізеді. Өтілген тақырып бойынша мақал –мәтелдер жинастыру, сурет салу да, эссе(ой толғаныс)жазу оқушылардың қызығушылығын арттырады. Жоғарғы көрсеткішке жету үшін күнделікті жаттығуды оқуға бала дағдыға айналдырады. Яғни,мұғалім өзінің жалпы деңгейін көрсету үшін , өзі оқытатын пәнді терең білу интелектуалдық байлығын, педагогикалық шеберлігін дамыту қажет деп ойлаймын.

Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің II съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер , бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтанда ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр деген. Сондықтан да өзіңе берілетін жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып шәкірттеріміздің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады дей отырып, ұстаз болу –өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау демекші, мен өзімнің мамандығымды мақтан ете отырып Ұ- ұлағатты, С-салмақты, Т-танымал да, А-ардақты, З-замандастай зиялы әріптестерім, тәуелсіз еліміз өркениетке бет бұрып, болашаққа алшаң басып келе жатқан шақта мамандары болашаққа сай, қай салада болмасын ел тізгінін ұстауға лайық, халық қамын ойлайтын азамат етіп тәрбиелеп, педагогикалық әдеп бойынша әрекет жасайтын, мықты мамандарымыздың жаңа ғасырдың жаңашыл шәкірттерін тәрбиелейтін жаңа сипаттағы шебер ұстаздарымыздың саны жыл санап арта берсін деген тілегімді білдіре отырып, тек сіздерге жеңіс пен жеміс, шығармашылық жетістік тілеймін.

Алматы қаласы, Жетісу ауданы «№2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қазбекқызы Аружан





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2025
168
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі