Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мамандығым- мақтанышым
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мамандығым- мақтанышым
Кешке қатысушы
көрермендер:
- 9-11-сынып оқушылары
- Студенттер
- Ұстаздар
Пікір
айтушылар:
Әр түрлі саладағы болашақ мамандық иелері, яғни студенттер.
Пікір айтушы студенттермен таныстыру
«Мамандығым -
мақтанышым» атты студенттермен кездесу
кешінің бағдарламасы:
Кештің
мақсаты:
1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға
бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.
2. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге,
жүйелі ойлауға баулу
3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып,
отансүйгіштікке тәрбиелеу
Кіріспе
сөз:
Құрметті, студент қауымы, оқушылар және ұстаздар! Баршаңыз да бүгінгі Мамандығым-мақтанышым» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер! Мектептен түлеп ұшқалы отырған 11-сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.
Жүргізуші: Балалық, шаттық өмір, думанды кеш.
Түседі естеріңе қызықты кеш.
Сағыныш бойды билеп келгендерге,
Мектептің есіктері ашық әр кез.
Сол бір кез сәті түскен бүгінгі күн.
Қосыңыз әр қайсыңыз жақсы бір үн.
Сырласып отырайық, ән салайық,
Мауқымыз басылғанша осы бір күн – деп, құрметті қонақтар,оқушылар
«Мамандығым - мақтанышым» атты пікірлесу кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші:
Әдетте мектептен түлеп ұшқалы отырған 11 сынып оқушыларын көбіне қандай мамандықты таңдаймын немесе таңдаған мамандыққа қалай қол жеткіземін деген ойлар мазалайтыны рас. Сондықтан да мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін бүгінгі кешімізге ұстаздарды, кешегі түлек – бүгінгі студенттерімізді , яғни болашақ маман иелері, және бүгінгі кешіміздің қонақтары, маман иелері, елге елеулі, халыққа қалаулы, ауылымыздағы бетке ұстар ағаларымызды шақырып отырмыз. Бұл ағаларымызбен кездесіп,ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.
Ән: Айарудың орындауында бір әнді қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Кеше ғана мектеппенен қоштастық.
Таныс емес, өзгелермен достастық.
Ыстық екен балалық шақ өмірде,
Қалады екен өмір-бақи көңілде – деп, сөз кезегі жас мамандарда. Расында да, мына отырған жас мамандар кешегі мектеп бітіруші түлектеріміз. Мектеп бітірген соң студент атанып, жоғары оқу орындарда оқып, өздерінің сүйікті мамандықтарын алып шықпақшы. Сіздер енді мектеп бітірушілерге мамандық таңдау жөнінде өз пікірлеріңізді білдіріп, ақыл-кеңес айтып, ой бөліссеңіздер деген ұсыныс жасаймын.
Келтірілген кедергі, қиындық үлгісі төмендегідей.
-
Егер сенің ол оқуға түсуіңе ата- анаң келіспесе не істейсіз?
-
Емтиханға кешігіп қалсаң не істер едің?
-
Оқуыңды ойдағыдай аяқтап, жұмысқа кірісер сәтте үй іштерің саған одан гөрі еңбекақысы жоғары қызмет ұсынса қайтесің?
-
Оқуға түскен соң өзіңе ұнамай қалса не істейсің?
-
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
-
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
-
Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
-
Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
-
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
-
Қай уақытта адам өз жемісін көре алады.?
-
Осы мамандықты таңдауда кімнің көмегі зор болды?
Жүргізуші:
Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Бірулер үшін- ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін- әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы қажет. Өз- өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы- адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс- табыс биігіне жеткізетін қанат.
Ойын: Мамандықты дұрыс тап.
Шарты: Қағаздағы мамандық атауын оқып, екінші адамға ыммен түсіндіру.
-
Дарігер
-
Мұғалім
-
Құрылысшы
-
Хатшы
-
Кітапханашы
-
Банк қызметкері
-
Сатушы
-
Бухгалтер
-
Слесарь
-
Сварщик
Жүргізуші: Ауылымызда бүгінгі таңда әр түрлі саланың мамандықтарын игеру үшін кешегі мектеп бітіріп кеткен оқушыларымыз - бүгінгі болашақ жас мамандар екен. Солардың бірнешеуі қазір ортамызда отыр.
Студент ертеңіне жол ашады,
Асқақ та нұрлы болар болашағы
Дәл осы мектебімде білім алып,
Арманға аласармас қыр асады, - деп бүгінгі студент, ертеңгі маман иелері сіздерге де сөз кезегін берсек. Өздерінің оқып жатқан оқу орындарыңыз, мамандықтарыңыз жөнінде айтып өтсеңіздер және алдымызда айтып өткен ағаларымыздың ойларына қарай пікірлеріңді қосар едіңдер.
Психологиялық
сәт: "Психогеометрия"- өзін- өзі
тану: Қатысушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез
келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы
қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып
көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік,
шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап
ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік
администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды
менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс
айтамын.
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу
қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін,
ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана
қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер,
нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің
жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары
дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен
қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу
қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы
кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған
менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес
келмейді. Сенен үздік психолог шығуы
мүмкін.
Үшбұрыш .
Саған басқарушылық қасиет тән.
Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың.
Өзіңе сенімдісің және жеңіске,
жетістіктерге,
ұтыстарға оңай қол жеткізесің.
Айтқаныннан шықпайсың,
абыройлысың.
Сен қоғамда,
өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің,
жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.
Жүргізуші:
Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтан.
Жүргізуші:
Талмасын қанат, сөнбесін үміт,
Армандар алға жалғансын.
Соқса да дауыл, өрт болып өмір,
Қанаттар балғын талмасын –
Студентке сипаттама беру.
Студент қандай болу керек?
-
Білімді
-
Жан-жақты
-
Бауырмал
-
Отан суйгіш
-
Төзімді
-
Шыншыл
-
Мақсатына жете білетін
-
Тиянақты
Қорытындылау:
Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
«Бос микрофон» (рефлексия)
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір
бөліседі.
- Осы күннен не алдыңыз?
- Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды
ма?
Сонымен қатар алдарыңыздағы жемістің бейнесіне өз тілектеріңізді жазып мына ағашты безендірсеңдер дейміз.
(Студенттер алманың
суретіне өз тілектерін білдіріп, жасыл ағашты жемісімен
безендіреді).
Қорытынды:
Бүгінгі кешімізді мына өлең
жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін
құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде
апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап
ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді
еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға
тілектестігімізді білдіреміз.