Мамандығым-болашағым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мамандығым-болашағым

Материал туралы қысқаша түсінік
мамандықты дұрыс таңдауға кеңес беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарашатау орта мектебі
















«Мамандығым- болашағым»


психологиялық-тренинг сабақ









Өткізген: Б.Айтмырзақызы
















2015-2016 оқу жылы

Мақсаты: Оқушылардың мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру. Өзін-өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру.


1. «Іске сәт!» ойыны. Ереже: мамандыққа байланысты сөздер айтылған кезде шапалақ, тәрбиеге байланысты сөздер айтылғанда орнынан тұру.

2. «Миға шабуыл» -ой қозғау.

1. Мамандық дегеніміз не?

2. Мамандық таңдау дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Мамандық таңдауда нелерді басшылыққа алу керек?


3. «Психогеометрия» тесті.

Шаршы: Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетің бар.Сенен үздік әкімші шығады.

Көпбұрыш: Сенде әсемдікті көре білу қабілетің жоғары қалыптасқан, сондай-ақ шығармашылық қабілетің, ой-өрісің жақсы дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер: Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен айналаңдағы адамдарды тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпашылығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың.

Үшбұрыш: Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатыңа қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеіңске, жетістікке, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан қайтпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар.

4. Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде.

* Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады;

* Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты;

* Отбасы және достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады;

* Қартайғанда да мамандық таңдауға болады;

* Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек;

* Ақша болса, мамандық қажет емес;

*Мамандық таңдаудағы басты өлшем - қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі;

* Болашақ мамандығымды болашақ табысым анықтайды.



5. Мамандық таңдау – күн көріс қамы. Әлемдегі ең қауіпті 8мамандық.

1.Орман балташысы;

2. Кенші;

3. Өрт сөндіруші;

4. Көп қабатты ғимараттардың терезелерін жуушы;

5. Биіктікте жұмыс істейтін электромонтажшылар;

6. Сапер;

7. Мұнай ұңғыларын бұрғылау;

8. Жаға күзеті және құтқару қызметі.


Қорытынды: Ж.Аймауытов айтқандай: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе». Егеменді еліміздің ертеңі – маман иелері болуларыңызға тілектеспін.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.06.2018
1008
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі