Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мамандығым мақтанышым»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мамандығым мақтанышым»
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Мамандығым мақтанышым»


"Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Ең қиын мамандық – адам болып қалу".

Хосе Хулиан Марти

«Мамандық» сөзінің өзі латын тілінен аударғанда: «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» дегенді білдіреді екен. Бірақ болашағымызбен тікелей байланысты бұл сөздің бұлай аударылатынын қазіргі жастардың көбісі біле бермейді. Мамандық таңдау деген - өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Мақсатым не?» деген сұрақ қоюы керек деп ойлаймын. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек. Ең алдымен, осы сұрақтарды өз-өзіме қойған кезде, бір сәт болсын үлкен жауапкершілікті сезініп, нақты әрі зерделі түрде ойлана бастадым. Мен таңдаған мамандық - мамандықтың төресі, балалардың бағбаны тәрбиеші мамандығы.

Заман талабына сай тәрбиешінің басты мақсаты: Балабақшада қызмет еткен тәрбиешінің бойына адамгершілік қасиетті,тәрбиеленушіге ұлттық тәрбие қалыптастырып, жүйелі жұмыс жүргізіп,ата-аналармен тығыз байланыс нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу. «Тәрбиеші,тәрбиеші жай көрінер айтқанға, бағбаным-ау балапаның сенсіз қанат қаққанба...»  деген ән жолдарында айтылған сөздер қарапайым тіркестер сияқты. Мағынасына үңіліп қарасақ терең ой жатыр. Тәрбиеші мейірімді,бәріне бірдей қамқоршы, сабырлы,шыдамды болуға міндетті. Өйткені, балалық шақтағы екі ананың бірі дүниеге әкеліп, ақ сүтін берген анасы болса, екіншісі білім нәрімен сусындатқан,тәртібімен тәрбиесіне мән бергентәрбиеші. Тәрбиеші заманға сай,өз кәсібін толықтай меңгерген,салиқалы ұрпақ тәрбиелейтін үнемі ізденіспен,шығармашылығын дамытып, жаңа технологияны меңгеріп білуі тиіс.Тәрбиешінің міндеті: Педагогикалық шеберліктерін жетілдіру. Алға мақсат қоя білу, жұмысқа қабілеттілік, еңбексүйгіштік,имандылық пен тәртіптілік. Тәрбиешіге қойылатын талаптар: 1.Тәрбиешінің іс-әрекеті,жүріс - тұрысы,мінезі,сөйлеу мәдинеті жоғары болу. 2.Ата-аналармен жақсы қарым-қатынаста болу. 3.Балаларға мейірімді болу, өзіне тарта білу. 4.Әріптестерімен тығыз қарым-қатынаста болу. 5.Біліктілігі мен білімін көрсету. Тәрбиеші мамандығының маңыздылығы: Балаға тәлім-тәрбие беріп,жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету. Жас бүлдіршіннің бойына елін,жерін,отанын,ата-анасын,өз ұлтын,салт-санасын құрметтеуге үйрету. 

Бұл мамандықпен жайқалған, гүлденген, іргесі нақ бекіген балалық шағымды көре аламын. Буыны қатпаған жас жеткіншектерді жетілдіру, қиындығына төзіп, қызықты сәттеріне қуана білу - біздердің парызымыз. Бүлдіршіндерді тәрбиелеуде өз үлесімді жылдар бойы қосып келемін, ол мен үшін үлкен абырой! Бала мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайылық пен сүйіспеншіліктің айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи біледі. Олардың жаны жалғандықты, жасандылықты сүймейді, не айтса да әділ, шындықты айтады. Әр бала өзінше бір әлем, жаны жақсылыққа құмар, арманшыл. Тәрбиеші мамандығының киесі де, қиындығы да осы періштелерді биік белеске, қалтарыс – бұлтарысы көп өмірге даярлап, қанаты қайырылмайтындай етіп тәрбиелеуде емес пе?! Күнде ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе?», «Қайырлы таң!» деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай болады. Балалармен болған әрбір сәт мені жаңа бір әлемге жетелегендей. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Әрбір оқу әрекеттерім жас бүлдіршіндер үшін өз құпиясын ашқан сыр сандықтай болса, өзім сол тылсымы мол жұмбақ әлемнің сиқыршысындай боламын. Өз педагогикалық тәжірибемде, қандай білім беру саласында болмасын әр жұмыстың тартымды, сәтті шығуы тәрбиешінің бала назарын еріксіз оқу қызметіне аударту, баламен оқу қызметі үстіндегі әрбір қарым – қатынасты шебер ұйымдастыру үшін "Баланың ой өрісін оқу қызметінде ойын арқылы дамыту" тақырыбында ізденіп, ойынның мазмұны мен түріне қарай бөлінетіндігі, әрқайсысының бала тәрбиесіне, дамуына қосар үлесінің зор екендігі сатылай жіктеп, ізденудемін.

«Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы», дейді ұлы ақын А.Құнанбаев. Мұндай қағидалардың барлығы біздің күнделікті жұмысымызда басшылыққа алынуға тиіс екенін ұмытпай, еңбегімізді осы бағытта құрамыз. Француз ағартушысы,жазушы Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туды, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді»деген нақыл сөзі осы мектеп жасына дейіңгі балаларға арналғандай. Тәрбиешінің әрбір өткізген сабағы баланың ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта - жігері артарысөзсіз деп ойлаймын. Ойын - үнемі даму құбылысы. Ойынға үйрету мен тәлім-тәрбие жұмыстарында пайдалану балалардың ой-өрісін, дене дамуын қалыптастыруға көмектеседі. Ойын сонымен қатар тарихи құбылыс болып та табылады. Ойындар - өзінің болмысы, мазмұны жағынан тарих түкпіріне жетелейтін бірден-бір сара жол. Ол адамзат тарихымен тікелей байланысты және үнемі даму үстінде болады. Сондықтан, ол адамның барлық іс-әрекетінің дамуында да өте маңызды орын алады.

Мұғалім, тәрбиеші – болу оңай  жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық  иесіне  дәл мұғалімге қойылатындай  талаптар қойылмайды.

Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мен  мамандығымды мақтан тұтамын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2020
244
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12