Мамандығым-мақтанышым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мамандығым-мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр адамның өмір жолы-тарих. Мамандық туралы,осы мамандыққа келу себебім туралы қысқаша шолу.Балалармен жұмыс жүргізу,олардың алғашқы баспалдағы балабақшаны таңдауым туралы шағын эссе.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мамандығым - мақтанышым»

«Маған жақсы мұғалім қымбат,өйткені, мұғалім – мектептің жүрегі»

Ы.Алтынсарин.

Ұстаз –осы бір ауыз сөзде мейірімге толы жүз, салиқалы,байсалды бейне көз алдыңа келеді. Осынау күрделі, қиыншылығы көп мамандықты тек ержүрек,батыл адамдар таңдайды.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші қанша заман өтсе де ұстаз мәртебесі биіктей түспесе, аласарған емес. Балаларды білім нұрымен сусындатып, қажымай, талмай еңбек етіп келе жатқан ұстаздар әрқашан елдің мақтанышы.

Бәріміздің де илеп жүргеніміз бір терінің пұшпағы, бәріңізде осы аяулы мамандық иесісіздер, бәріміздіңде мақсатымыз ұстанымымыз біреу ол сапалы, салауатты ұрпақ тәрбиесі.

Шәкірт тәрбилеудің ең алғашқы баспалдағы бізден басталады.

Шәкірт бұл- жас өскін. Оның бой алып өсуі, жан-жағына әсемдік сыйлауы, саясының мол болуы бізге байланысты. Оны аялап, күтіп баптау өз қолыңызда.

Шәкірт-аққан бұлақ, оның арнасын үнемі кеңейтіп отыру қажет. Ол үлкен теңіз-білім теңізіне барып құлады. Сол теңізіде асау толқынға шатқақтамай қарсы жүзер батылдықты, еңбекқорлықты, шыдамдылықты бойына сіңіріп, сағыммен жарысқан жүйрік ой-қиял, көркем, ғибратты сөзді балабақшадан алады.

Осы қасиеттерді қалыптастыратын білім кірпішін балабақша қалайды.

Ал ол кірпіштің қаншалықты мықты, тура қаланғанын шәкіртің өсіп толғанда білесің.

Барлық ұстаздың еңбегінің жемісі, жеткен жетістігі шәкірттің шыққан шыңымен өлшенеді.

Ұстаз ол өз баласынан, өзгенің баласын артық көретін адам.

Ұстаз бар асыл қасиетті бойына жинаған тұлға ретінде көрінуі тиіс.

Ал, ұстаздық жолға мен қалай келдім. Бұл мамандықты алу маған оңайға соққан жоқ.

Мен 5-6 сынып оқып жүргенде мамандық туралы мақсатым айқын еді. Рефараттарым, шығармаларымда балалар дәрігері болсам деп жазғаным есімде. Еліміздің тәуелсіздік алып, енді тәй-тәй басып келе жатқан кезде 1996 жылы мектеп бітірдік.

Шалғайдағы ауылда не жарық жоқ, не су жоқ ол кезде бірдеңені армандау да болашаққа жоспар құру да мүмкін емес еді.

Көппен бірге, өмір ағымымен, барға қанағат етумен ғана өмір сүруге тура келді.

Арман орындалмас, жеткізбес сағымға айналады.

2007 жылы балаларға біртабан жақындауыма алғашқы үміт оты жылт етті. Өз қалауымен оқуға түстім, тәмамдадым, осы балабақшада жүмыс жолын бастадым. Осы жерде жүріп ой түйдім: Бала денсаулығы қорғау, оларға етене жақын болу бұл бала күнгі арманға қол жеткізу емес пе? Бұны сезіну өзіме үлкен сенім ұялатады. Осы мамандықты аброймен атқарсам, балалардың бойына білім нәріне құя білсем, ұштасам, жақсы қасиеттерді дарытсам-бұл менің мақсат тілегім.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.12.2021
461
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі