Мамандығым мақтанышым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мамандығым мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
оқытушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мамандығым - мақтанышым

«Армансыз адам –қанатсыз құспен тең» дегендей, әрбір адам дүниеге келіп, ес білген шақтан бастап болашақта кім болғысы келетіндерін айтып армандайды емес пе? Оқушылар мектеп бітірген соң жаңа өмірге қадам басып өздері армандаған мамандықтың иесі болу үшін алдарына мақсат қойып жетуге талпынады.

Мамандық – әрбір адамның болашағы, өмірі тікелей сол мамандықпен байланысты. Әр мамандықтың өз ерекшелігі бар. Соның ішінде ұстаздық жолын таңдап, «ағылшын тілі» пәнінің маманы болып қызмет етудемін. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек», - деп айтқан еді. Себебі, қазіргі жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамда орны ерекше. Қазіргі таңда ағылшын тілінен дәріс беріп, шәкірттердің санасына ағылшын тілін үйренудің пайдасы ұшан теңіз екендігін үйретіп келемін. Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі - ұстаздық ету деп білемін. Тілді үйренудің басты мақсаты оқушының іштей талпынысына, сана сезіміне, ұмтылысына тікелей әсер етеді. Сондықтан мектеп қабырғасынан бастап ағылшын тілін балаларға үйрету әр шет тілі пәндерінің ұстаздары үшін үлкен еңбекті, көп тер төгуді талап етеді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»-дейді халық даналығы. Расында да, еш нәрседен хабары жоқ бүлдіршіндерді білім нәрімен сусындатып, тәлімі мол тәрбиені бойына дарыта білу ұстаздардың арқасы емес пе? Шәкірттердің ықыласына бөленіп, олардан алғыс есту мен үшін үлкен қуаныш. Ұстазға одан асқан бақыт барма, сірә. Мен өз мамандығымды сүйемін. «Мамандығым-мақтанышым », -деп мақтана айта аламын.

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің

«ағылшын тілі» пәнінің оқытушысы Султанмурадов Б.А.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2018
298
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі