Мамандығым мақтанышым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мамандығым мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
кәсіптік оқыту колледжінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мамандығым – мақтанышым !

Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі. Менің мамандығым – «Шаштараз өнері және сәндік косметика»өндірістік оқыту шебері, қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым.

Шаштараздықтың қашан пайда болғаны әлі күнге дейін анықталған жоқ. Алайда шаш қоюдың киінуден бір шама бұрын басталып, адамзат баласымен бірге өркендеп, өзгере отырып, ұзақ жолдан өткенін нық сеніммен айтуға болады. Біздің бабаларымыз сонау көне заманнан-ақ әдемі шаштың адамға қайталанбас керемет ажарды тек шаш ғана бере алады. Бұған дәлел адамдардың ғасырлар бойы шашқа деген құштарлығының сарқылмауы. Қазіргі заманғы шаш жасау үлгілері сан алуан стильдер мен бағыттардың көптігімен сипатталады. Адам үшін ең сәнді үлгі – ол оның ішкі жан дүниесін ашып, құнды қасиеттерін көрсете білетін үлгі. Мен өз мамандығымды жандандыра отырып үйрету әрбір балаға үйретуде әр шаштараз оқытушысының міндеті деп білемін.

Мемлекетке әр мамандық қажет. Алайда оны дұрыс таңдау – бағыңың ашылғаны. Шын мәнінде халқыңа пайдалы азамат болуға тырысу маңызды, керісінше халқың саған пайдалы болуы емес. Өз ісіңнің білгір маманы болғанға не жетсін.

Дәл қазір шаштараз маманы ретінде «Тараз сервис және технология колледжінде» дәріс беремін. Әр бір алдыма келген білімгерді өзінің ынтасына қарай бағыт – бағдар беру арқылы үйретемін. Көптеген түлектер тәрбиелеп, қазір сол түлектерімнің өздерінің шаш кесу мамандықтары бойынша жұмыс жасап жатқандырына қуанамын. Бұл мен өзімнің мамандығымның жеңісі мен жемісі деп білемін.

Қорыта айтқанда Елбасымыздың тапсырмасымен кәсіптік – техникалық білім беру жүйесін жаңғыртуға әрдайым мақсат - теория мен тәжірибені ұштастырып, кәсіби білікті маман дайындау. Сол себепті, Қазақстанның жас азаматтары білімді, еңбекқор, бастамашыл болуы тиіс. Егер шеберліктің шыңына жете білсең, іздеген мамандықтың бәрі жақсы.



«Тараз сервис және технология колледжі»

өндірістік оқыту шебері

Исатаева Гулжан Белкожаевна


Тараз қаласы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.07.2018
565
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі