"МАМАНДЫҒЫМ МАҚТАНЫШЫМ" ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"МАМАНДЫҒЫМ МАҚТАНЫШЫМ" ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
МАМАНДЫҚ ТУРАЛЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты

Мамандығым мақтанышым

Күні


Сынып жетекші:


Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

- мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту.
- мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.
- еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


- Сәлеметсіңдер ме балалар!


Әл - Фараби
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.

Ойланайық, пікірлесейік
Мамандық дегеніміз не?
Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



презентация












Сабақ басы (13 мин)






Оқушылардың пікірлері сұралады
• - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
• - адамның болашаққа апаратын жолы;
• - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
• - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
• - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;


Әңгімелесу
- Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?
- жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?
- Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар?
- Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?


Сен өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?



Оқушылар өз пікірлерімен бөліседі










Сұрақтарға жауап береді

презентация

 



Ортасы (20 мин)


«Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз»

К. Д. Ушинский


Бұл қандай мамандық? ойыны

  • Ине, жіп, тігін машинасы

  • Қасық, пышақ, қазан

  • Қайшы, тарақ, шаш кептіргіш

  • Күрек, тырма, айыр

  • Ақ халат, дәрі, екпе


Мамандық таңдау - жауапты қадам

Мамандықты дұрыс таңдау үшін «Мен немен айналысқым келеді?», «Менің кім болғым келеді?» деген сұрақтарға жауап беру керек


Мамандық таңдау алғышарттары

  • Қалау

  • Қызығушылық

  • Бейімділік

  • Қабілет

  • Қажеттілік


Ең, ең....... ойыны

Ең қиын мамандық –
Ең қауіпті мамандық –
Ең жауапты мамандық –
Ең қызықты мамандық –
Ең табысты мамандық –
Ең заманауи мамандық –


«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» 

Ж. Аймауытов


Мамандыққа талап етілетін қасиеттер

  • Қайсарлық

  • Шыдамдылық

  • Кәсіби шеберлік

  • Білімділік

  • Еңбкқорлық

  • Жауапкершілік

  • Ереже мен тәртіпке бағыну


Қазіргі таңда мамандыққа қойылатын талаптар

  • Компьютер білу

  • Шет тілдерін білу

  • Адамдармен қарым қатынас жасай білу

  • Өз қызметін өткізе білу

  • Тез шешім қабылдау

  • Үнемі білім алуға бейімділік


«Мамандықтар тізбегі» ойыны

Кезек кезек мамандықтың аттарын атаңдар, Мамандықтар қайталанбауы тиіс


Жұмбақтардың жауабын табыңдар

Үлгілерге қараймын,

Үй іргесін қараймын.

Өрнектерді оямын,

Терезесін қоямын.


Елде сақтап амандық,

Емдеп жұртты аман қып.

Қуантады қашан да,

____________ мамандық 


Оқу- білім арнасы,

Кім ол- оның анасы.

Дамытады ол адамның,

Ақыл- ойын, санасын.


Елім деп соғады жүрегім,

Ұлы Отанның түлегі.

Ол ел –қорғаның,

Тыным таппай жүреді 


«Жақсы адам» - бұл мамандық емес. Егер саған адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деп жансақ қорытынды жасауға болмайды.




Оқушылар берілген кілт сөздер арқылы мамандықты анықтайды











Мамандық таңдаудағы басты қадамдарды нақтылайды










Оқушылар сұрақтарға жауап береді










Мамандыққа талап етілетін қасиеттерді оқып өз пікірлерімен бөліседі










Оқушылар мамандықтардың атын кезек кезек атайды












Жұмбақтардың жауабын табады

Презентация












Суреттер





























Нақыл сөздер




Интерактивті тақта

Соңы






Қорытынды

Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек.


Кері байланыс

«3 Қ»

Қызық

Қиын

Құнды


Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен «3 Қ» стратегиясы арқылы бөліседі


Оқушылар сұрақтарға жауап береді








Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі


презентация












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.10.2024
207
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі