Материалдар / Мамандык..
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мамандык..

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп окушыларына жане психологтерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Шілде 2018
655
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАМАНДЫҚСемей қаласы Қазақстан инновациялық заң университеті«Педагогика және психология» кафедрасы, Магистратура 1 курс студенті МАДИЕВА ЛЯЗЗАТ Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының психологы

Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сенде бір кірпіш дүниеге, Кетігін тапта бар қалан. А.ҚұнанбаевМамандық.... үлкен өмір.....маман....маман иесі – сөздерін қатар қойып жазсақ, өте үлкен мән-мағына жатыр. «Мамандық» сөзі латын тілінен аударғанда «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» деген мағынаны білдіреді екен. Әркімнің өз тағдыры өз қолында , әркімнің қаандайда болсын мамандық таңдауға еркі бар, бірақ,, біздің болашағымызбен байланысты бұл сөздің осылай аударылатынын қазіргі Батыс мәдениеті мен өркениетінің жетегінде жүрген, болашақ жастар түсіне бермесі тіпті кейбірі білмесі хақ. Бұрынғы өткен замандарда қазіргі сияқты мамандықтың түр –түрі болмады, кімнің қолынан не келеді, кімнің қандай өнері бар соны кәсіп қылып, өмір сүрді. Ал қазір ше?Заман өзгеріп, нарықтық қарым-қатынас, тауар айналымы, қоғамдық өсу, ұрпақтың ауысуы, жаңарған заман, техникалық прогресс, жүйткіп оздырмайтын электронды техника, адамдар арасындағы «виртуалды қарым-қатынас», ақша мен уақыт билік құрған мына заманда мамандықтың түрлі- түстілері пайда бола бастады, тіпті әлі шегі көрінер емес десем артық айтпаспын. Бұрындары мамандық таңдау- өзің айналысқың келетін жұмысты немесе кәсіп түрін таңдау деп жататндарын еститінмін. Ал қазіргі заманда өзің айналысқың келетін кәсіп түрін және өзің араласқың келетін ортаны да таңдау керек деп жатады. «Ат ық таңдағанда»- деген мәтел осыдан қалса керек. Мамандық адамның өмір сүру көзі, дайындықты, жауапкершілікті, адамгершілікті, жаңашылдықты талап ететін еңбектің бір түрі. Мамандық...диплом...маман иесі...біреулер үшін асқақ арманның орындалуы, ата-ананың үмітін ақтауы, тағы біреулер үшін- дербестікке, тәуелсіздікке, жаңашылдыққа талпыныс, енді біреулер үшін – мамандық алу керек болған соң, әйтеуір дипломы бар деген құр атақ қана. Мамандық- сенің алып арманды бағындырғаның, мамандық- сенің өз тағдыр жолыңды өз қолыңмен салғаның, мамандық- сенің болашақ өмірің деген үлкен мән жатыр.кейінгі өмірде өкінбейтіндей. Өз қабілеті мен бейімділігіне сай мамандық түрін таңдау. Бұл өте жауапкершлікті, талпынысты, ізденісті талап ететін үлкен де маңызды іс. Адам өз-өзіне «Мен кіммін?», «Менің бұл өмірдегі орыным қандай?», «Қоғамға қандай пайдам бар?», «Қоғамға,Отаныма, ата-анама қандай көмегім болады?», « Қалай өмір сүремін?» - деген сұрақтарды қоя білген адамның қызығушылығы, қабілеті, бейімділігі, қалауы, талпынысы бар адам деп ойлаймын.Сол кездерде өзіме осы сұрақтарды қойғанда үлкен бір жауапкершілікті сезініп, өмірге басқа бір көзқараспен, салмақпен қарай бастадым. Бала кезімде, мектеп қабырғасында оқып жүрген кезде, жастық шағымда журналист боламын деп армандадым. Болуға талпыныпе шығармалар жазып, өзеңдер жазып жүрдім, өзіме керемет ұнайтын. Балалық –армандаумен, армандармен шектелетін.Уақыт өте келе басқа көзқарастар, ойлар менің арманыма қайшы пікірлер пайда бола бастады. Әлі күнге әдебиетке, тілге деген қызығушылықтың ұшқыны ма, бір бүйрегім бұрады да тұрады.Ал қазіргі мамандығым «Жүрегіңнің түбіне үңіле білсең ғана, қырағы бола аласың. Сыртына қараған адам – тек түс көреді, ішіне үңілген – оянады. » -деп атақты психолог Карл Юнг айтқандай өзімді терең түсіне жүріп, өзгелердің жан дүниесін түсінуге, кез-келген жағдайдан, тығырықтан шығуға, жол таба білуге, басқаларға қол ұшын созуға көмектесемін. Атамыз қазақта «тән ауруы жазылғанмен, жан ауруы жазылмас»- деген сөз бекерден-бекер айтылмаса керек. Тән ауруын ақ халатты абзал жанның шипасы емдесе, жан ауруының емшісі- ПСИХОЛОГ маманы болдым. Атамыз қазақтан сөз қалған ба?- «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» -деп айтуының өзінде үлкен мағына жатыр. Жас ұрпақтың, келешек ұрпақтың , баланың бақытты болуы, абыройлы азамат болуы ең алдымен отбасына, ата-анасынына байланысты. Өкінішке орай қазіргі Уақыт пен Ақшаға құл болған заманда кейбір отбасында бұл қағида сақталмай да еске де алынбай жатқаны хақ. Адамдардың бәрі бірдей психолог емес. Қазіргі таңда тастанды бала, жетім қалған балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, толық емес отбасында тәрбиеленетін балалар бір сөзбен айтқанда ана мейіріміне зәру, мұқтаж балалар қоғамымызда кең орын алып, қазіргі таңдағы ең үлкен мәселеге айналып отырғаны барлығымызға аян. Осындай жағдайларды болдырмас үшін психолог маманы әрқашанда- бала, оқушы бойына өзінің сезімталдығымен, шыдамдылығымен, жанашырлығымен бойлай алады. Кез-келген жағдайда бала болсын, үлкен болсын санасына, жан дүниесіне –ол адамның бұл өмірде орны бөлек екенін, басмқалардан кем емес бірдей екендігін жеткізе білу керек.Жантанушы ретінде толық адамға айналар тұлғаға жол көрсетер жан болғаныма  қуанамын.Сондықтан мен өз мамандығымды қоғамға, Отаныма қажеттілігін сезіне отырып, ерекше жақсы көрем және жақсы психолог  болу үшін барлық ерік –жігерімді сарп етуге әзірмін.













































































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!