400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мамандық дегеніміз не? Мамандық түрлері. ҚМЖ көрнекіліктерімен

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық туралы толық ақпарат беріліп, оқушылар мамандық түрлерімен танысады. Қызықты ойын түрлері де көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді _____________

Сынып сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы:

«Мамандық дегеніміз не?»

Күні

13.01.2025ж


Сынып жетекшісі:


Сыныбы:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:


оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемнің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Құндылықты дамыту


Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік. Адал еңбек және инновация.


Апта дәйеккөзі

Талап бар жерде тәртіп бар.


Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, қабырға газеті, фотосуреттер


Сабақ барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

(7 мин)


Сынып тазалығы, оқушыларды партаға отырғызу.

"Үш Т" ережесі

1. Тәртіп

2. Тазалық

3. Тыныштық


Оқушылар, бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

- Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.

- Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.

Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан,

-деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.

Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

Оқушылар мұғаліммен амандасады, түгенделеді, мұғалімнің нұсқауымен қатар түзе өз орындарына отырады.








.

Интерактивті тақта.





















Сабақ басы (13 мин)


Ал, оқушылар кім мамандық пен еңбек туралы мақал – мәтелдер біледі?

Еңбек түбі - береке.

Еңбек түбі - зейнет.

Ерінбей еңбек етсең – ерінің асқа тиеді, Ерініп ілбіп кетсең – иегің тасқа тиеді.

Біліп істеген мақсатына тез жетеді.

Еңбегі аздың өнбегі аз.

Ұстаның бізі сүйкімді,

Жақсының сөзі сүйкімді.



Шебердің инесі де алтын,

Соққан күймесі де алтын.

Шеберді саусағы асырайды.



Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді.



Еңбек қылмай ер оңбас,

Бірлік қылмай ел оңбас.



Жаман іс жоқ, жаман ісші бар.



АShape2 Shape1 л енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?







2 – оқушы: Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.

3 – оқушы: Ал мамандық – еңбек қызметнң түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділкті талап етеді.

4 – оқушы: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрестілген іс. Мамандық иесі олу үшін әдейі оқу керек.



Оқушылар мақалдар айтады

































Оқушылар еңбек пен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы көрсетеді

Интерактивті тақта

3 мин























Постер

10 мин


Ортасы (20 мин)


- Балалар, сендер қандай мамандықтықтарды көбірек естисіңдер?

- Мұғалім, кітапхнашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, загер, тігінші, т.б.

Ал енді, балалар, қазір «Мамандықтың бәрі жақсы» деген ойын ойнаймыз. Қазір мен сіздерге мамандықтар жазылған карточкаларды үлестіріп беремін. Ал сендер сол мамандық туралы білетін өлең, тақпақты айтып беріңдер.

Дәрігер:

Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін.

Аппақ болып жүргенді,

Өзім жақсы сүйемін.

«Дәрігермін» мен деймін,

Кәрі әжемді емдеймін.

«Көп – көп ішіп дәріні,

Кәрілікті жең» деймін.



Ұшқыш: Ар- намысын сақтаған

Жүректе сыр жаттаған

Жан тәнімен сақтаған

Ұшқыш болғым келеді



Инженер: Мен инженер боламын

Жерден алтын табамын

Жолын қуған әйгілі

Академик ағаның



Ақын: Ал мен ақын боламын

Сусылдаған қаламым

Адамдардың жүрегін

Жырмен жаулап аламын


Ойын: «Қай мамандық иесі?»



- Тарағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (шаштараз)

- Қалағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)

- Ожауы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Аспаз)

- Күрегі бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Диқан)





Қауіпсіздік сағаты.

«Кибербуллингтің белгілері, қалай ерте тануға және өзіңді қорғауға көмектесуге болады?»

Кибербуллинг дегеніміз – біреуді цифрлық технологиялардың көмегімен қудалау. Кибербуллинг әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, ойын платформалары мен ұялы телефондарда орын ала алады. Бұл – қудалау нысанына айналған адамды қорқыту, ашуландыру немесе масқаралауды көздейтін мақсатты мінез-құлық үлгісі.

Кибербуллингке келесілер жатады:

  • Әлеуметтік желілерде біреу туралы жалған ақпарат тарату немесе біреудің келіссіз фотосуреттерін орналастыру;

  • Хабар алмасу платформалары арқылы тіл тигізетін хабарламалар немесе бопса жіберу;

  • Өзін басқа адам ретінде таныстырып, оның атынан келіссіз хабарламалар жіберу.

Шынайы өмірде қудалау және кибербуллинг көбінесе бір уақытта қатар орын ала алады. Бірақ интернеттегі қудалау цифрлық із қалдырады – бұл пайдалы болуы мүмкін және қорқытуды тоқтату үшін қажет дәлел бола алады.

https://youtu.be/ua-5iWJkuIc

Кибербуллингті қалай ерте анықтауға болады? (видеоролик)

Оқушылармен пікір алмасу.

Еркін сұхбаттасу


















































Оқушылар берілген жапсырма қағаздарын қолдана отырып мамандықты міндеттерімен қоса жинайды

5 мин


5 мин







10 минут

Соңы

Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.


Интерактивті тақта






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
12 қаңтар
755
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі