Материалдар / Мамандық таңдауда ата-ана мен бала көзқарасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мамандық таңдауда ата-ана мен бала көзқарасы

Материал туралы қысқаша түсінік
баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1153
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мамандық таңдауда ата-ана мен бала көзқарасы» (баяндама)

Он бес пен жиырма бестің арасында
Бұл жаста аласым көп, бересім де
Алдымда толған мақсат, толған таңдау
Алайын анасын ба, мынасын ба?

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың осы бір шумағы барлығымызды да ойландырары сөзсіз. Кеше ғана ата – ананың аялы алақанында, ұстаздарыңның қамқорлығында болып келген сіздердің ендігі жерде өмірден өз орындарықызды тауып, қоғамға пайдалы еңбекпен айналысатын белсенді азамат болуларыңыз — өмірлік парыз. Бұл ретте сіздердің алдарыңызда өмірлік мәні бар үлкен бір белес, жауапты міндет тұр. Ол — өз білімдеріңізді жоғары дәрежеде дәлелдеп, ҰБТ – н жоғары нәтиже көрсетіп, белгілі бір мамандықты дұрыс таңдай білу және оны меңгеру . Мамандықты дұрыс таңдау адамның бүкіл болашақ тағдырына тікелей әсер етеді. Бұл ретте мамандық таңдау дегеніміз – тағдыр таңдау десе де болғандай. Жастарға албырт ой, ұшқыр сезім тән келеді. Әркімнің неше түрлі мамандықтарды игергісі келеді. Бірақ солардың ішінен қайсысының басын ұстарын білмей , қиналатыны бар. Ең жақсы мамандық қайсы? Оны қалай еткенде дұрыс таңдауға болады? Оны тез меңгеріп алудың жолы қандай? Шынында да қазіргі заманда ғылыми – техникалық прогрестің ғаламат өсуінің нәтижесінде еңбектің мамандандырылу дәрежесі соншалықты артып, шырқау биікке шарықтап кеткен кезінде мамандықтың түрі көп. Ғалымдардың есептеуі бойынша қазір мамандықтың 390 мыңнан астам түрі бар. Соның 15 мыңнан астамы жұмысшы мамандығы. Олай болса, әркім ұшы қиыры жоқ мамандық түрлерінің қайсысын қалап, қайсысын ұстауы тиіс. Бұл ретте әркім ең алдымен өз бойында қалыптасқан қабілетіне, дамып келе жатқан біліміне, бейінеғ денсаулық ерекшеліктеріне қарау керек. Осы аталған қасиеттеріне орай мамандықтың белгілі бір түрлерін таңдауы қажет. Әсіресе осы салада жұмыс істейтін тәжірбиелі мамандардың ақыл –кеңесін тыңдаудың, олардың жұмыс орындарында болып, бәрін көзбен көріп, көңілмен тоқудың зор маңызы бар.Әркімнің таңдаған мамандығы өзіне ұнауы тиіс. Ол сонда ғана бар ынта – жігерімен сол мамандықты жете меңгеруге тырысады. Адамның өзіне ұнаған, жаны жаратқан , талғамына сай келетін мамандық ризашылық сезімін ұялатады. Ол адам сонда ғана өз мамандығын жете меңгеріп , толық қабілетін жұмсап еңбек етеді, өз еңбегін мақтаныш тұрады. Мұндай еңбек шабытын шақырады, ұдайы шығармашылық ізденіс үстінде болуға итермелейді.

Кездейсоқ таңдай салған мамандық адамның қымбат уақытын босқа ысырап етеді. Егер атқаратын жұмыс адамның өзіне ұнамаса, талап – талғамына сай келмесе, рухани және дене күшінің мүмкіндіктерінен тыс тұрса, ондай жұмыстың ауырлығы да, азабы да көп болмақ . Дегенмен де өз ықыластарымен атқара алмайтын мамандықтағы жұмыстан айырылмай жүре беретін, одан өзіне де, қоғамға да пайда келетіне алмайтынын сезе қаймайтын адамдардың аз кездеспейтініне өкінбеске болмайды.

Мамандық таңдау кезінде әркімнің психологиялық ерекшеліктерімен қатар олардың моральдық көзқарасы, ерік — жігері, борыш пен жауапкершілігі , тәуекелге бел байлағыштығы тәрізді қасиеттерді ескермеске болмайды. Мұның өзі әсіресе геолог, ұшқыш, теңізші , дәрігер сияқты мамандық түрлері таңдағанда ерекше назар аударатын нәрсе. Кейбір мамандық түрлері оймен еңбек етуді, алғырлықты, тез шешім қабылдауды қажет етеді. Міне, мамандық таңдау кезінде оның осындай ерекшеліктерін ескеріп, отыру қажет екенін өмір тәжірбиесі көрсетіп жүр.Әр кезеңнің өз экономикалық , әулеметтік және мәдени ерекшеліктері болады. Соған орай мамандық түрлерінің маңыздылығы да өзгеріп отырады. Мамандықтың жаманы жоқ , тек оны сүйе білу керек, ынта қойып , қызыға меңгеру керек. Қазақта: «Ата көрген – оқ жонар», ана көрген – тон пішер», «Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілесің» деген мағынасы терең мақал – мәтелдер молынан кездеседі. Әрі бұл- бүтіндей бір халықтың өмірлік тәжірбиесін бір арнаға тоғыстырған өскелең ұрпақты қаршадай кезінен бастап қандай бір кәсіпке баулудың өзіндік бағыт – бағдары екені даусыз . Ежелден бері ұста, зергер , етікші, өрілші, ембі, атбегі, құсбегі саяткер т.б көптеген кәнігі кәсіби шеберлер өз өнерлерінің құпия- қатпарларын көлденең көк аттыға жайып сала бермеген. Олар қашанда қабілет – бейімі бөлекше ұл – қыздарының біріне немесе өздеріне өте жақын қолының ебі бар балаларға ғана өз кәсібінің қыр – сырын үйретіп өмірлік аманат ретінде қалдырып отырған. Өнерлі ата – ана осыны қазірден бастап өскелең ұрпақтарының құлағына құя бергенінің ешбір айыбы жоқ деп ойлаймын. Бұл бізідң халқымызда ғана емес, дүние жүзі халықтарында бар өнеге. Мысалы: француз де – Шеванилердің отбасы ата – бабаларынан бері асыл тастар мен бағалы зергерлік бұйымдарды жасайды, дүние жүзінде әр түрлі мемлекеттерінде атақты дүкендері бар.

« Кім боламын?» Бұл аса бір күрделі де қиын сауал. Осыған жауап беретін адам кім дегенде алдымен ауызға ілігетіні тағы да сол баланың ата – анасы. Өйткені олар өз перизентінің жай – күйін бесікте жатқан кезінен жақсы біледі. Одан кейінгі оның бірден –бір ақылшысы: өз шәкіртін күнде көріп, өзіндік мінез – құлық , қабілет бейімін көңіліне түйіп жүретін ұстазы. Баланы болашақ кәсіпке бағдарлау ісі жас талаптың ең әуелі өз халқының қазіргі ұлттық мүдесін ескеретіндей бағытта жүргізілсе құба – құп. Қорыта келгенде, мамандық таңдау кезінде бір – бірімен тығыз байланысты екі нәрсені мұқият ескеріп, басшылыққа алған жөн.

1. Бұл мамандық маған не береді? Осы мамандықты таңдасам , өзімнің қабілетімді түгел жұмсап , өзімді өзім көрсете аламын ба?

2. Бұл мамандықты меңгерсем, халыққа, қоғамға қандай пайда келтіре аламын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!