Мамандық
таңдауда қателеспе –жас түлек !
Адам
өзін дұрыс тәрбиелеудің бір түрі
мамандықты дұрыс таңдау. Осы тұста
Жүсіпбек Аймауытовтың мына бір сөзі
еске түседі: «Мамандықтың жаманы жоқ,
бірақ бұның кез-келгеніне икемділік
қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың
ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор
шеберлікті қажет ететін нәрсе»-дейді.
Ия,мамандықтың жаманы жоқ. Мамандық
таңдау- өмірлік мәселе. Қабілетті, бірақ
болашақта кім болатынын анықтамаған
жеткіншектер көп. Мектеп бітіруші әрбір
жас түлек «Кім болам?» деген сұрақтың
жауабын іздейді. Әрине бұл сұрақ
ата-ананыда мазалайтыны бар.
Ата
– анасы баланы жас кезінен бейімділігі
мен талабыны сай бір арнаға бағыттаса,
мамандық таңдау қиын емес. Мектепте
ұстаздар,үйде ата-ана дұрыс бағыт-бағдар
берсе жас жеткіншектер мамандық таңдаудан
шатаспаса керек деп ойлаймын. Жоғарғы
оқу орны баршамызға керек. Бірақ оған
қалай қол жеткізуге болады? Осы мәселе
әрбір талапкердің ойын мазалайтыны
анық. Өзі қалаған мамандық иесі болуы-кез
– келген шәкірттің арманы. Ал, арманға
қол жеткізу үшін көп іздену мен көп
оқуды талап етеді. Тек оқумен ғана
шектелмей оны санаға түйіп отырған жөн.
ҰБТ-дан көп балл жинап,жоғарғы оқу орнына
түсу үшін бар ынта-жігерін салу-әрбір
өспірімнің биік мақсаты болуы тиіс.
Қазір
өмірге шынайы қарайтын кезең. Ең алдымен
өзіңізді қызықтырған нәрселерді анықтап
алыңыз. Немен айналысқыңыз келеді?
Мектеп бағдарламасында қай пәндер
ерекше қызықтырды? Қай жағынан ол пән
сізді өзіне тартты? Пән мұғалімінің
әсері болды ма деген сияқты бірнеше
сұрақтарды өзіңізге қойыңыз және сол
сұрақтарға өзіңіз жауап іздеңіз. Міндетті
түрде бұл сұраққа жауап табасыз.
Менің
сыныбым биыл он бірінші сынып. Олар да
үлкен толғаныс үстінде.Кім болсам екен?
Қай мамандық жаныма жақын? Алда мені
үлкен асулар күтіп тұр. Сол асуларды
қалай бағындырсам екен? Осындай жоғарыда
қойылған сұрақтарды олар да өз-өзіне
қойып жүр және жауап тапқандай.Себебі
ата-анамен бірге ұстаздары да дұрыс
бағыт беріп жатыр.
Қорыта
айтқанда қашанда алға қойған мақсаттарыңыз
амалға асып, ҰБТ дан жақсы балл
жинап,жоғарғы оқу орнына түсіп, жақсы
маман иесі болуларыңызға, ата-ананың,
ұстаздардың сенімдерін ақтап,таңдаған
оқуларыңызға түсіп,халықтың, елдің
жанашыр азаматтары болуларыңызға
тілектеспіз – қымбатты жас түлектер.
И.Журба
атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ
тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Нарқыз
Сарсенбекова