мамандықтың бәрі жақсы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

мамандықтың бәрі жақсы

Материал туралы қысқаша түсінік
мамандықтар туралы ақпарат беру. мамандықтар туарлы тақпақтатар жаттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Әдіскер Ж. Амангельдиева


Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Өтпелі тақырып: Бізді қоршаған әлем

Тақырыпша: Мамандықтың бәрі жақсы

Білім беру саласы: Коммуникация/ шығармашылық

ҰОҚ: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты: Құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасқа түсе алады, олардың өтініштерін орындай алады. Мамандықтар туралы балалардың білімдерін кеңейту арқылы балалардың сөздік қорын, ой-өрісін, шығармашылық қиялын дамыту. Адам өміріндегі іс-әрекеттің маңызын көрсету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп ,қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктер: мамандықтардың суреттері

Әдіс – тәсілдер: ойын технологиясы

Сөздік жұмыс: мамандық, мамандық иесі

Билингвалды компонент: тігінші-портниха, дәрігер-врач, шаштараз-парихмакер, профессия-мамандық.

Іс – әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Жылулық шеңбері. Қонақтармен амандасу.

Балалар бір – бірімізге қарама – қарсы тұрып, бір – бірімізге қуаныш сыйлайықшы.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де .

Қуанайық достарым ,

Арайлап атқан күнге.


Ұйымдастырушы ізденушілік

Бүгінгі сабағымызды бастайық. Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Біз саяхатшы Дарамен бірге саяхат сабағын өткіземіз. Жолымызда кездескен тапсырмаларды орындап, Дараға көмектесуге дайынсыңдар ма? Барлық кедергілерден өтсек Дараның сендерге дайындаған «тосын сыйы» бар.

Дараның 1 тапсырмасы: Суретпен жұмыс

Сурет бойынша әңгімелету.

-Иә, біз бүгін сендермен мамандықтар жайында әңгімелесеміз. Сендер «мамандық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Балалар сендер мына күнделікті келіп жүрген мектептерің , өздерің тұрып жатқан үйлерді салатын адамдарды, ауырып қалсақ емдейтін адамдар, киімдерімізді тігіп беретін адамдар , бізге білім беретін адамдар, шашымызды әдемілеп қиып беретін және тамақ пісіретін адамдар бар. Бұл адамдарды бір сөзбен айтқанда мамандық иелері дейміз.

Бұл аспаз. Аспаз – ең басты мамандықтың бірі.

Безендіріп үстелді,

Тәтті тамақ пісірер.

Аспаз дәмді тамақтың қаншама түрін пісіреді.

Бұл құрлысшы. Зәулім үйлерді, біздің балабақшамызды салған кісілерді құрылысшылар дейміз.

Бұл дәрігер. Дәрігер адамдарды емдейді, дәрі беріп, укол салып жазады.

Бұл тігінші. Тігінші адамдарға әдімі етіп киім тігіп береді сондықтан біз үнемі әдемі болып жүреміз.

Бұл мұғалім. Мұғалім бізге білім береді. Ол үлкен маман иесі болуымызға көмектеседі.

Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда «мамандық иелері» дейміз. Бұл мамандықты меңгеру үшін көп оқуды, көп ізденуді, қажымас қайратты, көп еңбекті талап етеді. Мамандық иесі болып шығу үшін арнайы оқу орындарында дайындалып оқытады. Сонда ғана өзің қалаған мамандық иесі болып шыға аласыңдар.

Сонымен мамандық дегеніміз – жұмыстың түрлері, ал мамандық иесі дегеніміз – ол жұмыс жасайтын адам екен

Дараның 2 тапсырмасы: Мамандық туралы тақпақтар.

Мен дәрігер боламын,
Үлкеннің де, баланың.
Қиналғанда қасына
Бірінші боп барамын.


Жақсы оқып сабақты,

Білім алып толамын.

Бөбектерді оқытар,

Мен мұғалім боламын.


Дараның 3 тапсырмасы: ойын

-Балалар қазір біз сендермен «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз.

Ойынның шарты: Бөлменің ішінде хат жасырылған. Сол хатты тез, жылдам іздеп табамыз.

Осы сәтте бөлмеге алаяқ түлкі кіріп балалардың хаттарын ұрламақшы болады. Балалар қараңдаршы алаяқ түлкі сендердің хаттарыңды ұрламақшы түлкіні қалай тоқтатамыз. «Алааяқ ұрлама,алааяқ ұрлама» деп балалар түлкіні тоқтатады. Қоян «қап бәлем» деп қатып қалады. Балалар түлкіге біздің сабағымызда қалуға рұқсат берейік па?

Енді балалар тапқан хатымыздың сыртына қарайықшы не көріп тұрсындар.

Дараның 4 тапсырмасы:

«Балықшы» ойыны.
Шарты : берілген заттар қай маман иесіне қажет 

Сергіту сәті аудиотаспамен

Дараның 5 тапсырмасы: «Аспазшы» ойыны.

Шарты: қыз балалар компотты дайындайтын жемістерді жинайды. Ер балалар борщты дайындайтын көкөністерді жинайды.

Осымен балалар бүгінгі оқу қызметіміздің соңына жетті. Біз сендермен «Мамандықтар» еліне келдік . Суретке қарасаңдар мамандықтың түрлері өте көп екен. -Ал бұл мамандықты меңгеру үшін көп оқуды, көп ізденуді, қажымас қайратты, көп еңбекті талап етеді. Мамандық иесі болып шығу үшін арнайы оқу орындарында дайындап оқытады. Сонда ғана өздерің қалаған мамандық иесі болып шыға аласыңдар.


Рефлексивті- түзетушілік.

-Дарада тапсырмаларды дұрыс орындағандарына өте риза. Ендеше Дараға «Ұстаз – ана» өлеңін шырқап берейік.

- Балалар Дарамен қоштасатын сәт келді.

Дараның тапсырмалары сендерге ұнады ма?

-Әлде қиын, қызықсыз болды ма?

-Не алдыңдар, не білдіңдер, не түйдіңдер өздеріне керекті?

Ұнаса Дараға біз де алғысымызды білдірейік.

Дараны құр жібермейік. Дараның тапсырмалары ұнаса , сары түсті смайликтерді сөмкесінее салайық

Дарамен қоштасып сау бол деп рахмет айтайық. Қонаққа келіп тұр дейік.



Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: Мамандық түрлерін білеуі, құралдарын айтады

Түсінеді: Суретке қарап, әңгіме құрауды.

Қолданады: Үлкендердің, мамандық иелерінің еңбегін бағалай біледі.























Келісемін:

Әдіскер: Ж. Амангелдиева


Төрлет, құтты жаңа жыл!

Жүргізуші: Құрметті балалар,ата-аналар! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыстар тілейміз! Жаңа жыл қарсаңына орай өткізгелі отырған бүгінгі «Өркен» тобының «Төрлет, құтты жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Шана тартып келе жатқан қыз балалармен бірге залға кіреді.

Балалар, бүгін бізде қандай мейрам?

Балалар: Жаңа жыл мерекесі.

Балалар қайда келдік?

Шыршаға келдік.

Балалар, біздің шыршамыздың шамдары жағылмаған ғой. Ендеше, 
Кел, балалар, келіңдер!
Тамашаны көріңдер.
Бірге үріп шыршаның 
Шамдарын жағып көріңдер!
-    Қане, бәріміз бірге үріп шыршаның шамдарын жағайық!

Жүргізуші: Жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан балабақшамыздың меңгерушісі Жалгасбаева Күлшат Жақсығұлқызына беріледі.

Жүргізуші: Балалар қарандаршы шыршаның шамдары жарқырай түсті, қандай әдемі»
            Кәне шыршамызға арнап ән айтайық.
Ән: «Шыршаға бардық»

Жүргізуші: Жаңа жыл бұл жаңа нұр

Нұрдан ләззат ала біл

Ақын жазар жаңа жыр,

Жырдан тыңда терең сыр

Жаңа жылдық кешімізге арналған тақпақтарына кезек берейік.

Гүлім

Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт, жаңа жыр

Ата - әже, ата - әже

Құтты болсын Жаңа жыл


Әли

Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.


Еркеназ

Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз 

Көптен күтіп сағынған.


Жүргізуші:  Балалар, өтіп бара жатқан жыл қандай жыл болды?
                      Тауық жылы
                    Балалар құлақ түріп тыңдандаршы,  бір дыбыс естілетің сияқты!

«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп жаңа жылымызды қарсы алайық.
Ит: Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін
Жүргізуші: - Ау, тауық жан сенімен де қоштасатын кез келді.
Тауық: Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Жүргізуші: Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!

Жүргізуші:

Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ мақтаны жапқандай!
Бүкіл әлем – бір ғалам,
Қонақ күтіп жатқандай
– деп ортаға Жансұлтан, Дана, Нұрисламды жыр – шумақтарын айтуға шақырамыз.

Жансұлтан

Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.

Дана

Аспан жерге түседі

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап


Нұрислам

Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.


Жүргізуші:

Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,

Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.

Әнші бүлдіршіндер ән салғанда беу шіркін,

Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар деп «Қыс келді алақай» әнін тамашалаңыздар.

Ән: Қыс келді алақай Орындайтын: Інкәр, Сартай, Еркеназ, Нұрислам

Аққала: Сәлетметсіздерме балалар, қонақтар. Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Мені таныдыңдарма мен аяз атамын.

Балалар: Жоқ сен аққаласын ғой

Жүргізуші: Сәлеметсіңбе, балалар, бізге келген аяз атама әлде аққалама?

Балалар: Аққала

Жүргізуші: Аққала біз аяз атаны шақырғанбыз, бірақ сен келдің жаңа жылдық мерекені бірге тойлауға шақырамыз.

Тақпақтарын айтуға Сартай, Нұрахмет шақырамыз.

Сартай

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.


Нұрахмет

Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.


Ән: Аққала Орындайтын: Әли, Шахназым, Марғұлан, Гүлім, Нұрахмет

Аққала: Олай болса балалар мен өзіммен бірге ойын ала келдім. Аяз ата тез жету үшін жолын қардан тазалайық. Ойын «Қар жинау» деп аталады. Кім ойнағасы келеді келіңдер ортаға шығыңдар.

Жүргізуші: Міне ғажап біздің балалар қардыда жинады енді мүмкін аяз атамыз жетіп қалар.

Аққала: Балалар аяз ата жеткенше менім билегім келіп тұр. Келіңдер ортаға билейік.

Би: Аққала

Жүргізуші: Тамаша, тамаша саған рахмет аққала мерекеміздің сәнін келтірдің бірақ мына кішкентай бүлдіршіндер аяз атаны күтіп отыр, оларға аяз атаны шақыру керек.

Аққала: Жарайды онда сендер аяз атаны шақырыңдар, ал мен барайын ормандағы аңдарды жаңа жыл мерекесімен құттықтайын. (аққала шығып кетеді.)

Жүргізуші: Ендеше балалар бәріміз бірге аяз атаны шақырайық. А - яз а - ата ( 3 рет )

Аяз ата: Амансыңдарма ұлдарым,

Амансыңдарма қыздарым,

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем мереке

Жаңа жыл құтты болсын! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Жаңа жыл бақ береке әкелсін.

Ақшақар:

Уа, халайық жарандар

Айналаға қараңдар

Жаңа жылдың бұл тойын

Салтанатқа санаңдар

Қызық көріп, шап болып

Шаттық күліп тараңдар.

Тақпақтар

Жүргізуші: Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар демекші бүлдіршіндердің орындауында

«Ақ қоян» әнін тамашалаңыздар

Жеке ән: Ақ қоян Орындайтын: Амандос, Дана, Жансұлтан, Нұрперзент

Тақпақтарын айтуға Іңкәр, Амандос, Шахназымды шақырамын

Іңкәр

Аяз –ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата

Амандос

Ақ таяғын таянып
Таңмен бірге оянып

Аяз ата келіп тұр
Ақ күпіге оранып


Шахназым

Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Ғажайып сәт: Қорбаңдап аю шығады.

Жүргізуші: Салеметсіңбе аю, сен неге қорқып дірілдеп тұрсың?

Аю: Сендер аңшы емессіңдер ме? Мен аңшылардан қорқамын.

Жүргізуші: Аюжан жаңа жыл мерекесі болып жатыр ғой, біз ормандағы достарымызды жаңа жыл мерекесіне шақырамыз, мүмкін би билеп берерсіздер.

Аю: Менің достарым да осында екен ғой мен енді ешкімнен қорықпаймын, келіңдер Маша мен Аю биін билейікші.

Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй, - деп «Тамаша» әнін тамашалаңыздар.

Ән: Тамаша

Жаңа жыл, жаңа жыл.
Сан тілектің бастамасы ғана бұл
Тақпақтарын айтуға Айару, Марғұлан, Нұрперзентті ортаға шақырамыз.

Айару

Қош келдіңіз, Аяз ата

Қарсы аламыз орын беріп,

Ән салыңыз бізбен бірге

Би билеңіз бізге еріп.


Марғұлан

Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.

Ой, Бәрекелді балаларым!


Нұрперзент

Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.

Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар, көп- көп рахмет. Енді біз Ақшақар қызымыз екеуміз қайтайық. Бізді басқа балалар күтіп отыр, сау болыңдар!


Жүргізуші:

Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар..
Ертегімде сан қилы
Қызық - қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп 6ip шешімге
Жиналыпты келісімге
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
(Мерекелік музыка ойналады.)
Көрініс

Музыка әуенімен залға секеңдеп қоян кіреді.

Қоян:

Ой, балалар, балалар, сүйінші, сүйінші!
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Секіріп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю

Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Екеуі қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана қутыңдап түлкі келеді.
Түлкі:
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Түлкі
Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түciп,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!
Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.
Қасқыр
Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Кәне құшақ ашайық, достық тойын жасайық
Бәрі: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!
Бәрі: Жаңа жылдарыңызбен!


Жүргізуші: Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүрмеңіз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік деп «Жаңа жыл» әнін тамашалаңыздар.

Хор Жаңа жыл


Жүргізуші: Бұл күн біздің бәріміздің

Қуанатын шағымыз

Шырша тойда келер жыл

Кездесейік тағы біз!

Құттықтау сөзі балабақша меңгерушісі Жалгасбаева Кулшат апайымызға беріледі.

Ата-аналардың құттықтауы.

Осымен ертенгілігіміз аяқталды келесі кездескенше қош сау болыңыздар!!!
































Төрлет, Құтты жаңа жыл!




















































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2018
566
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі