Мамандықтың бәрі жақсы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мамандықтың бәрі жақсы

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Вариативтік компонент

Күні:18.10.17ж

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдету. Мамандық түрлерімен таныстыру.Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешуге, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту, қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу. Мамандық, тігінші, жүргізуші, дәрігер, шаштараз
Билингвальды компонент: тігінші – портниха, дәрігер – врач, шаштараз – парихмакер, профессия – мамандық
Көрнекіліктер: Мамандық иелері туралы суреттер..
Әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап.
Шаттық шеңбер
- Қайырлы таң, көздерім!

-Қайырлы таң, құлақтарым!

-Қайырлы таң, қолдарым!
- Қайырлы таң, аяқтарым!
- Көздерім көріп тұр
- Құлақтарым естіп тұр
- Қолдарым қол соғып
- Аяқтарым топылдатты.Жарайсыңдар балалар!

Суретпен жұмыс:
Бүгінгі оқу қызметінде «Мен өскенде кім болам?» Мамандық түрлерімен танысамыз.
Мамандықтарға дәрігер, мұғалім, шаштараз, аспазшы, тігінші жатады.
- Дәрігер не істейді?
- Дәрігер адамдарды емдейді.
- Аспазшы не істейді?
- Тамақ пісіреді
- Тігінші не істейді?
- Киім тігеді
- Шаштараз не істейді?
- Шаш қияды
(Балаларға сұрақтар қойылып, жауаптары толықтырылады). Сондықтан бізге барлық мамандықтар қажет. Міне, біз қанша мамандық түрлерімен таныстық.

2) Сұрақ – жауап:
- Диас сенің әкең қайда істейді?
- Суреттен көрсетеді.
- Ал, Мадина анасы қайда істейді екен?
- Суреттен көрсетеді.
Осындай әр түрлі мамандықты тану үшін алдымен әдепті, тәрбиелі оқыған үлкен азамат болып өсуіміз керек. Ол үшін бәріне еңбек қажет.

Балалар біз еңбек туралы қандай мақал – мәтел білеміз. (түсіндіру)
Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Еңбек етпеген ішіп жемейді.
Балалар біз суретке қарап «Кім болам?» мамандығына әңгіме құрастырамыз.
Сергіту сәті

Бала, бала балақан,
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарын әйбат,
Былай-былай ойнат.
Топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн

«Кім жоқ?» ойыны.

Балаларға мамандықтар суреті көрсетіледі. Көздерін жұмуды ұсынып, бір суретті жасырады. Қандай мамандық жоқ екенін табады. (Балалардың ойыны)
- Әр бала өз әке – шешесінің қайда жұмыс істейтінін айтып береді.
- Қалай ойлайсыңдар, мамандықтардың бәрі қажет пе?
Әр баланың жауабы тыңдалады.
Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтаймыз.
Күтілетін нәтиже:

Балалар мамандық түрлерін білуі, қажетті құралдарын атай білуі керек
Суретке қарап әңгіме құрауды меңгерді.Үлкендердің, мамандық иелерінің еңбегін бағалай біледі









Тәрбиеші . Ш.Бериккалиева.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.07.2018
361
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі