Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Тіл дамыту
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Мақсаты:1. Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.
2. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.
3. Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.
Көрнекілігі: Түрлі мамандықтар иелері бейнеленген суреттер, құралдар.
Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, дәптермен жұмыс, дидактикалық ойын
Шаттық шеңбері:
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз!
Орман, көлге, шыңға біз,
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашан да біргеміз!
Әрқашан тілектес,
Досыңа көмектес!
-Балалар, қазір бізде қандай сабақ ?
Балалар қимыл қозғалыс арқылы өлең жолдарын айтып шығып, Дөңгелене тұрып Е.Өтетілеуұлының «Достармен бірге» өлеңін қимыл-қозғалыспен орындайды.
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге
қонақтар келіпті, қане қарайықшы.
Олай болса бүгінгі тіл дамыту сабағымызды
бастайық.
(есік қағып қоян кіреді)
- Қоян сізге не болды?
- Мен балаларыма дүкеннен сыйлықтар алып келе жатыр едім, мені
машина қағып кетті.
- Балалар, қоянға қалай көмектесеміз?
- Қоянды кім емдеп жазады?(дәрігер)
- Балалар қоянның сіздерге алып келген тапсырмасы бар. Қоянның
көңіл күйі жақсы болу үшін, тапсырмасын орындайық.
- Ал, балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Ал мына жұмбақтардың шешуін табыңдаршы?
1. Алып жатқан жан – жақты,
Үйлерді кім тұрғызды. (Құрылысшы)
2. Өміріңді күзеткен
Ысқырығы күшті адам. Ол кім? (милиционер)
3. Өскен шашты жаратпайтын
Қайшысы бар жалаңдайтын. (шаштараз)
- Жарайсыңдар балалар жұмбақтарды өте жақсы шештіңдер.
- Балалар қандай жұмбақтар шештіңдер (құрылысшы, милиционер,
шаштараз). Бұл сөздер нені білдіреді?Балалар, мына суреттерде
кімдердің және нелердің суреттерін көріп
отырсыңдар?
-Олар не істейді ?
-Яғни, халыққа қызмет етеді. Оларды біз мамандық иелері дейміз. Тағы да қандай мамандық иелерін білесіңдер ?
- Сендердің ата-аналарың қандай мамандық иелері екенін білесіңдер ма?
-Мына суреттерге қарап, мамандық иелерін атап, қандай қызмет атқаратындарын айтып беріңдерші ?
Сергіту сәті:
Терезені ашайық,
Таза ауа жұтайық.
Тез – тез, тез – тез отырып,
Орнымызды табайық.
Жұмбақ шешіп көрейік
1.Бір керуен жүреді екен қатар түйе,
Аузынан жалын шығар будақ күйе.-Ал, балалар, пойызды кім айдайды ?
Д/ ойын: «Кімге не керек ?»
Балалар мұғалім, дәрігер, құрлысшы, спортшыға қажет құралдарды тауып қоюы керек. Балаларды тапқырлыққа үйрету.
-Тамақ пісіреді, сабақ береді, үй салады, көлікті жүргізеді.
-Балалардың жауаптары тыңдалады.
-Балалардың жауаптары тыңдалады.
-Егінші, дирменші, сатушы, кітапханашы, есепші, әнші, биші жайында әңгіме құрастырады.
«Кімге не керек?» дидактикалық ойынын ойнайды
Күтілетін нәтиже: Біледі: мамандықтардың түрлерін біледі, атқаратын қызметтерін таниды.
Меңгереді: сыйластықты, ұқыптылық туралы, жауапкершілікті сезіну туралы түсінеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Мамандықтың бәрі жақсы" ашық оқу қызметі
"Мамандықтың бәрі жақсы" ашық оқу қызметі
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Тіл дамыту
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Мақсаты:1. Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.
2. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.
3. Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.
Көрнекілігі: Түрлі мамандықтар иелері бейнеленген суреттер, құралдар.
Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, дәптермен жұмыс, дидактикалық ойын
Шаттық шеңбері:
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз!
Орман, көлге, шыңға біз,
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашан да біргеміз!
Әрқашан тілектес,
Досыңа көмектес!
-Балалар, қазір бізде қандай сабақ ?
Балалар қимыл қозғалыс арқылы өлең жолдарын айтып шығып, Дөңгелене тұрып Е.Өтетілеуұлының «Достармен бірге» өлеңін қимыл-қозғалыспен орындайды.
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге
қонақтар келіпті, қане қарайықшы.
Олай болса бүгінгі тіл дамыту сабағымызды
бастайық.
(есік қағып қоян кіреді)
- Қоян сізге не болды?
- Мен балаларыма дүкеннен сыйлықтар алып келе жатыр едім, мені
машина қағып кетті.
- Балалар, қоянға қалай көмектесеміз?
- Қоянды кім емдеп жазады?(дәрігер)
- Балалар қоянның сіздерге алып келген тапсырмасы бар. Қоянның
көңіл күйі жақсы болу үшін, тапсырмасын орындайық.
- Ал, балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Ал мына жұмбақтардың шешуін табыңдаршы?
1. Алып жатқан жан – жақты,
Үйлерді кім тұрғызды. (Құрылысшы)
2. Өміріңді күзеткен
Ысқырығы күшті адам. Ол кім? (милиционер)
3. Өскен шашты жаратпайтын
Қайшысы бар жалаңдайтын. (шаштараз)
- Жарайсыңдар балалар жұмбақтарды өте жақсы шештіңдер.
- Балалар қандай жұмбақтар шештіңдер (құрылысшы, милиционер,
шаштараз). Бұл сөздер нені білдіреді?Балалар, мына суреттерде
кімдердің және нелердің суреттерін көріп
отырсыңдар?
-Олар не істейді ?
-Яғни, халыққа қызмет етеді. Оларды біз мамандық иелері дейміз. Тағы да қандай мамандық иелерін білесіңдер ?
- Сендердің ата-аналарың қандай мамандық иелері екенін білесіңдер ма?
-Мына суреттерге қарап, мамандық иелерін атап, қандай қызмет атқаратындарын айтып беріңдерші ?
Сергіту сәті:
Терезені ашайық,
Таза ауа жұтайық.
Тез – тез, тез – тез отырып,
Орнымызды табайық.
Жұмбақ шешіп көрейік
1.Бір керуен жүреді екен қатар түйе,
Аузынан жалын шығар будақ күйе.-Ал, балалар, пойызды кім айдайды ?
Д/ ойын: «Кімге не керек ?»
Балалар мұғалім, дәрігер, құрлысшы, спортшыға қажет құралдарды тауып қоюы керек. Балаларды тапқырлыққа үйрету.
-Тамақ пісіреді, сабақ береді, үй салады, көлікті жүргізеді.
-Балалардың жауаптары тыңдалады.
-Балалардың жауаптары тыңдалады.
-Егінші, дирменші, сатушы, кітапханашы, есепші, әнші, биші жайында әңгіме құрастырады.
«Кімге не керек?» дидактикалық ойынын ойнайды
Күтілетін нәтиже: Біледі: мамандықтардың түрлерін біледі, атқаратын қызметтерін таниды.
Меңгереді: сыйластықты, ұқыптылық туралы, жауапкершілікті сезіну туралы түсінеді.
шағым қалдыра аласыз













