Материалдар / мамандықтың бәрі жақсы .Тәрбие сағаты. 7-сынып

мамандықтың бәрі жақсы .Тәрбие сағаты. 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал сынып жетекшілеріне арналған мамандыққа байланысты тәрбие сағаты. 7-сыныпқа арналған.
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Мамандықтың бәрі жақсы

Мақсаты:Оқушыларға мамандық туралы мағлұмат беру, әр мамандықтың өзінің қызығы мен қиындығын түсіндіру, мамандықтар туралы пікіріді жас кезеңдерінен ұғындырып, болашақта мамандық таңдауға ықпал ету.

І Ұйымдастыру

Мұғалім: Мамандық таңдау-жасөспірім жастағы ең маңыздысы шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басатын жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Ж.Аймауытов «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді.

Жүргізуші:

Мамандық алғың келе ме,

Мамандық өзі немене?

Айналаң толған мамандық,

Айналаң толған өнеге.

Тыңдайық, кәне, ойлайық,

Білімге терең бойлайық.

Оқыған маман-шын маман,

Мамандық алмай қоймайық.

Үйренем десең жалықпа,

Мамандық сырын анықта.

Қолыңнан жұмыс келмесе,

Тие ме пайдаң халыққа?

Еңбектің бәрі- мамандық,

Жер –көктің бәрі- мамандық.

Білуге бәрін талаптан,

Танытып нағыз адамдық.

(Оқушылар шеңбер құрып отырады.Оларға бірнеше сұрақтар қойылады)

-Мамандық дегенді қалай түсінесің?

-Сен қандай мамандық иесі болу керек?

-Неліктен мамандық иесі болу керек?

-Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді? Нелітен?

-Халыққа пайда келтіру дегенді қалай түсінесің?

-Ата-анаңның мамандықтары туралы әңгімелеп бер.


1-оқушы:

Тұрар қалыпты ырғақтан,

Шырқай салып жол әнін.

Отарбасын зулатқан

Мен машинист боламын


2-оқушы:

Жұлдыздарды жағалай,

Айға барып қонамын.

Тұңғыш тоқтар ағадай

Мен ғарышкер боламын.

3-оқушы:

Ұланының талабын,

Білмейді ғой әліде ел.

Ер жетем де боламын

Қолы жеңіл дәрігер

4-оқушы:

Мен бе, мен бе, балалар,

Кәмелетке толғасын

Табиғатты аялар

Боламын бас орманшың.

5- оқушы:

Бар әлемнің халқына

Тыңдатып Әнұранын,

Табындырар даңқына

Боксшы боп шығамын.

6-оқушы:

Сай ғып заман салтына

Үлгісімен жобаның,

Қоныс сыйлар халқына

Құрылысшы боламын.

7-оқушы:

Күні-түні тынбаған

Сән табам деп әр үйге.

Соның бәрін сыйлаған

Сылақшы апай әрине


Тапшы қандай мамандық?

1)Оқу-білі бағдары,

Заманының бағбаны. (Мұғалім)

2)Станогы-жанды адам,

Сансыз өрмек жалғаған.

Тірлігі бар тынымсыз,

Өрмікшіден аумаған. (Тоқымашы)

3)Тау мен тасын, өзенін

Туған жердің кеземін.

Тамыршыдай дөп басып,

Таба білер қажетін.

Қай мамандық ол, қәне,

Айтып жібер өз атын? (Геолог)

4) Ара тұрар өлімге,

Қай маман бұл өмірде? (дәрігер)

5) Жаңалықтың жаршысы,

Қаламаның «жалшысы» (Журналист)

6) Теңіз түбі-тірлігін

Зерттеп, барлап білді кім? (Ихтиолог)

7)Еңбек орны-танабы,

Сүйікті әні-дала әні.

Егін жайып мәпелеп,

Асырайды қаланы. (Дихан-агроном)


Кім зерек?

  1. Ең ақшасы көп мамандық

а) еден жуушы

ә) мал дәрігері, орманшы

б)бухгалтер,экономист

2)Ең «жасыл» мамандық?

а) мұғалім, дәрігер

ә) эколог, бағбан

б)мұнайшы, ұшқыш

3)Ең «тәтті» мамандық

а) аспаз, кондитер

ә) сот, заңгер

б)шахтер, ғарышкер

4) Ең «күлкілі» мамандық

а) журналист, зергер

ә) клоун, карикатурашы

б)ғарышкер, ұшқыш



5) Ең жауапты мамандық

а) сот, бухгалтер

ә) әнші,биші

б) ұста, шебер

6) Ең салмақты мамандық

а) клоун, карикатурашы

ә) мұғалім, заңгер

б) аспаз, кондитер

7) Ең қарым-қатынасы күшті мамандық

а) мұнайшы, омарташы

ә) бағбан, диқан

б) бизнесмен, кәсіпкер

Қорытынды.

Мұғалім: Мамандық жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білген жөн. Кейбіреуіне әрине қабілет керек. Дегенмен, ең бастысы қалаған мамандықтың иесі болу үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет.

Мынадай ережені жазайық

1)Дұрыс таңдау керек.

2) Икемділік

3)Үлкен өнер, зор шеберлік

4)Еңбексүйгіштік

5)Білім

6)Халқыңа көмегің тию керек.

Жүргізуші:

Біліп жатып кәсіптің

Талай сырына қанықтық.

Қандай іске машық кім?

Зерделеніп дәл ұқтық.

Қалап көңіл ауаны,

Талап оны қолдаса,

Кәсіптің доқ жаманы,

Нашар маман болмаса.

Талаптан да сондықтан

Жақсы маман болыпөс.

Уақытпен жолды ұтқан

Өмір деген -ұлы көш.

Сол керуенге қосыл да,

Өз орныңды тауып ал.

Жаны толы асылға

Азамат бол, бағы бар.

Мұғалім: Қымбатты оқушылар! Бүгін біз тамаша мамандықтар туралы тәрбие сағатын өткіздік. Біз ата-аналарымыздың еңбегі туралы көп нәрсе білдік. Мамандықтар туралы жас кездеріңнен өздерің өқалаған кәсіпке ерте дайындалағн жақсы.

Ақтарып кітап әлі де,

Түұсініп ал, тыңдап ал.

Жұмыстың жақсы бәрі де,

Таңдауыңша таңдап ал, -деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.









Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі