Мамырдың
алғашқы күні - Қазақстан халқының бірлігі
мерекесі
№1
Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-
педагогтік
колледж оқытушысы Айтбаева А.Т
1-
мамыр-достық, ынтымақ, бірлік, еңбек
мерекесін жаңа
тұрпатта тойлау қажеттігін, оны еліміздің
басты мерекесіне айналдыру идеясын
Елбасы
Н. Назарбаев көтерген болатын. «Көктемгі
1 Мамыр мерекесі біздің елдегі этностарды
бұрынғыдан да жақындастыра түсуі тиіс.
Бірінші мамыр - бірліктің ерекше мерекесі.
Сондықтан да, мамырда тұтас ай бойы
жақындасудың барлық жаңа жолдарын
байқап көру керек. Ал тұрақтылық болмаған
жерде даму да болмайтынына қазіргі жер
жаһанда орын алып жатқан мысалдар
жеткілікті. Сондықтан да, бірлікті ту
еткен еліміз Қазақстан халқының бірлігі
күнін басты мерекелердің біріне
айналдыруды қолдап келеді. Жұмыс істеу
қажет. Егер барлық облыстарда тереңінен
ойластырса, өте қызықты шаралар
жүзеге асатын болады әрі мұның елге
пайдасы да зор», ‑ деген еді Елбасы
осыдан екі жыл бұрын. Жалпы, 1 мамыр
қандай мереке? Кешегі Кеңес Одағындағы
шараны Тәуелсіз елде жаңаша жаңғыртудың
мәнісі қайсы? Осы сауалға жауап бермес
үшін әлемдік ахуалға тоқтаған орынды
тәрізді. Бүгінгі таңда әлемдегі
құбылыстарды зерделей қарасақ, бейбіт
өмір мен тұрақтылықтың, тыныштықтың
қадірін арттыра түсетін жағдаяттар аз
емес. Жаһандық аумалы‑төкпелі жағдайды
бастан кешкен, мемлекеттік жүйенің
тепе-теңдігі бұзылған, берекесі төгіліп,
бірлігі сөгілген елдердің саны артып
келе жатқанын да байқауға болады.
Әсіресе, жылдар бойына жалғасып келе
жатқан дінаралық, ұлтаралық қақтығыстар
бойынша әлемдік дипломатияның небір
озық үлгілері де отты нүктелердің шоғын
сөндіре алмай отырғанына әлем жұртшылығы
куә. Сондықтан да, бірлігі, ынтымақтастығы
жарасқан елде тұрақтылық сақталып,
болашақ дамуы да баянды болмақ.
Қазақстандық ұлтаралық татулық үлгісі
де осыған негізделген. Ендеше, Кеңес
Одағынан қалып, қызыл империямен бірге
құрдымға кетпеген, керісінше жаңа
мемлекетте жаңаша түлеп, ұлттар арасындағы
ыстық ықыластықты дәріптеуге бет алған
Мамыр мерекесін жаңғыртудың түпкі
мәнісі осы - бірліктің, ынтымақ пен
берекенің игілігіне шақыру деп білген
ләзім. Шындығында, бұған дейінгі 1
Мамырдың мерекелену тарихына, оның
мазмұны мен сипатына көз жүгіртсек, бұл
күн тәуелсіз Қазақстанда 1996 жылдан
жылдан бастап Елбасы Жарлығымен Қазақстан
халқы бірлігі күні ретінде аталып өтіліп
келеді. Дегенмен, одан ілгерідегі кезеңде
Кеңес Одағындағы еңбекшілердің таптық
мерекесі болған 1 Мамыр тәуелсіз
Қазақстанның тарихына енгенде мүлдем
жаңаша мән-маңызға ие болғаны анық.
Айтулы күн ұлыстар мен ұлттардың
бірлігіне ұлықтап, Қазақстандағы барлық
ұлт өкілдерін де жұмылған жұдырықтай
тұтастыруға үндеп келеді. Сөйтіп мамыр
мейрамы бүгінде Қазақстан халқының
бірлігі күні деген мазмұнда жалғасын
тауып, көпэтносты елдің тыныштығы
мен татулығының нышанына айналды.
Көптеген ұлттардың ортақ шаңырағына
айналған Қазақстан бейбітшілік пен
келісім арқылы әлемге үлгілік жолды
нұсқап келеді. Әйтсе де, ұлтаралық
келісім мен дінаралық татулықтың алтын
бесігін тербету аяқ астынан туындаған
немесе қазақ даласында өздігінен пайда
болған дүние еместігі бесенеден белгілі.
Ел иесі, жер иесі саналатын қазақ халқы
алмағайып замандарда шартараптан бас
сауғалаған, тағдыр тәлкегімен босып
келген басқа жұртты бауырына басты.
Өзінің тоз-тозы шыққанына қарамастан,
басқаның қайғысына да ортақтығын
танытты. Кеңестік жүйе қыспағымен қазақ
даласын паналаған бөтен жұрт осында
мәңгілікке тұрақтап қалды, өсті-өнді,
ұрпағы жалғасты. Тәуелсіздік тұсында
да қырықжамаудай болған ұлттық құрамдағы
осы ерекшелікті негізге алғандар
«жаңадан пайда болуы ықтимал үлкен
қақтығыстар алаңы» ретінде қазақ даласын
меңзеген еді. Алайда, қазақ халқының
даналығы, кеңдігі мен сыйластығы этностық
тегіне, әлеуметтік, діни және де шығу
тегіне қарамай, жаңа мемлекеттің
барша азаматының ұйысуына ұйытқы болды.
Тәуелсіздіктің орнығуының ең қиын
жылдарында Тұңғыш Президент
Н. Назарбаевтың қайраткерлігі
нәтижесінде Қазақстанда этносаралық
сыйластық пен қоғамдық келісім
тұрақты түрде сақталды.
Мінеки,
осындай ұлттың дархандық мінезі, тұлғаның
салиқалы саясатын,
ел ынтымағын насихаттау, білім алушыларға
интернационалдық, патриоттық, еңбек,
ұжымшылдық тәрбиені терең сіңдіру
мақсатында колледж директорының тәрбие
ісі жөнінен орынбасары А.А.Байтекееваның
жетекшілігімен 1,9-мамыр мерекесіне орай
қазіргі төтенше жағдайға байланысты
қашықтықтан оқыту бойынша, түрлі
видео-тәрбие сағаттары, брифинг, хэштэк
тб. тәрбиелік іс-шаралары заман талабына
сай, педагогикалық талаптарға сай
жоғарғы денгейде өтуде.
Яғни,
біліммен тәрбие алуға еш кедергі жоқ,
болмайды да!
Татулық
пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен
қазаққа керек», - деген еді Н. Назарбаев.
Осыны есте ұстаған абзал. Сонымен,
1 Мамыр мерекесі елдің бірлігін одан
сайын нықтап, сол арқылы қазақтың
тірлігінің берекелі болуына жол
ашатындығына
сеніміміз мол!