Мәнерлеп оқу сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәнерлеп оқу сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мәнерлеп оқу сайысы 2-3-4 сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс іс-шара.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ана тілің - арың бұл (мәнерлеп оқу сайысы)


Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.

I - жүргізуші: Дина
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

II - жүргізуші: Мейіржан
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған мәнерлеп оқу сайысын ашық деп жариялаймыз!

(Әнұран)
І – жүргізуші: Дина
Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны.
ІІ - Жүргізуші: Мейіржан
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын
Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырайық,


І– жүргізуші: Дина
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім - дей келе, мәнерлеп оқу сайысына қатысушыларды таныстыра кетейік. Бұл сайыс 2-4 сыныптар арасында өтеді.

Олар:.....................
Музыка қойылады.

ІІ – жүргізуші: Мейіржан

Сайысымыз 2 кезеңнен тұрады:
І кезең. Кез - келген бір ақынның өлеңін мәнерлеп жатқа айтып беру керек.
ІІ кезең. Мақал - мәтел сайысы. (бұл сайыста әр қатысушы берілген уақыт ішінде көбірек мақал - мәтел айту керек. Қай қатысушы көбірек айтады, сол жеңімпаз)


І – жүргізуші: Дина

І кезең.
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ - ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.
( Әр қатысушы шығып өлеңдерін оқиды.)
ІІ – жүргізуші: Мейіржан
ІІ кезең. Десек те, жаңа өмір, жаңа заман,
Жақсы ғой бірін - бірі бағалаған.
Түйсіксіз тайлақтардан сақта, Құдай,
Тайраңдап алды - артына қарамаған.
Қарағым, ата - бабаң момын халық,
Өтіпті бір - бірінің жолын бағып,
Өсиетін бабаңның орындай сал,
Одан ешкім кетпейді тоныңды алып. - деп Мұқағали ағамыз айтқандай, ендігі кезекті мақал - мәтел сайысына берейік.
Мұғалім: Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы,тыныс-тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны сендер де құрметтеп, қорғай біліңдер. Ынтымағы жарасқан халықтардың бесігі болған шуақты Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де, еңбекқор ұл-қызы болып өсе беріңдер! 

І – жүргізуші: Дина

Музыкалық ән шашу «Анамның тілі» сахнада Талғат Адина

ІІ – жүргізуші:
Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырайық, сайыстың шешімін оқысын.

1 - жүргізуші: Дина
Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осыменен байқауымыз аяқталды!
Назарларыңызға көп рахмет!





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2019
4083
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі