Бастауыш
сыныптар арасында мәнерлеп оқу
сайысы.
Мақсаты:
Оқушыларға
ана тілінің құдыретін түсіну,тілді
ұлттық мұра ретінде қадірлеу.Мәнерлеп
оқу шеберліктерін дамыту.Отанды ,туған
елді,тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
1-жүргізуші:
Армысыздар
құрметті
ұстаздар мен оқушылар!
«Бастауышым-бастамам,
Болашаққа
бастаған » атты бастауыш әдістемелік
кафедрасының шығармашылық күндерінде
4-ші сыныптар арасында мәнерлеп оқу
сайысына қош келіпсіздер!
2-
жүргізуші:
Қазақ халқымыз Отан отбасынан басталады
дейді. Әр адам өз Отанын сүйіп, құрметтеуге
тиіс. Қазақ елінің маңдайына біткен
біртуар азаматтары туған еліне, жеріне
деген сезімдерін жыр шумақтарымен
білдірген.
Тілім
менің қайыршы емес қаңғыбас,
Тілім
тұлпар – қуған желге шалдырмас.
Кенже
ұлдай үлкен үйге мұрагер
Жер
иесі – менің тілім мәңгі жас.
1-жүргізуші:
Қазақ осы ағыл-тегіл көл- көсір,
Қазақ
осы Өнер алды- тіл дейтін,
Қазақ
осы қарасыңба, ақсыңба,
Қоңырсыңба
жатырқауды білмейтін, - деп ақын атамыз
Қадыр Мырзалиев айтқандай, ұлы қазақ
даласында 130- дан астам ұлт өкілдері
татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр.
Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын
сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды
қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну
қажет. Осындай мақсатпен лицейімізде
4- сыныптар арасында осы сайыс ұйымдастырылып
отыр.
2-жүргізуші:
Туған тілім қазынам,алтын кенім,
Жаңа
алыпқа өзіңді алып келдім.
Қош
келдің туған өлке,бесігіңе,
Қасиетті
бабамның тілі менің.
Сайысымыз
әділ болу үшін әділқазы алқаларымен
таныстырып өтейік.
1-жүргізуші:
Ал
келіңдер, келіңдер!
Бір
біріңе еріңдер.
Көркем
сөзбен көмкеріп,
Сайысқа
қатысып көріңдер - деп қатысушы
оқушыларымызды қарсы алайық!
Ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз.
1.
4 –ші “А”сынып оқушысы -Алтынгазинова
Айым
2.
4-ші “А” сынып оқушысы – Абдуллаев
Ибрагим
3.
4-ші “А” сынып оқушысы – Рахметолла
Наргиза
4.
4-ші “Б” сынып оқушысы – Құмарбекова
Аяужан
5.
4-ші “Б” сынып оқушысы- Салиахметова
Ажар
6.
4-ші “Б” сынып оқушысы – Түменбаева
Адэма
7.
4-ші “В” сынып оқушысы – Зекенова
Малика
8.
4-ші “В” сынып оқушысы- Базарбеков
Әли
9.
4-ші “В” сынып оқушысы – Ерғазықызы
Бөртебегім
10.
4-ші “Г” сынып оқушысы – Жомартов
Мирас
11.
4 -ші “Г” сынып оқушысы – Алтай Алихан
12.
4-ші “Г” сынып оқушысы-
Касенова Алида
2-жүргізуші:
Әділ-қазы өз шешімдерін шығарғанша 4
«Г» сынып оқушысы Нұрқанова Айзеренің
үнді биін тамашалайық . Қабыл
алыңыздар!
Әділ-қазылар
сөз сөйлейді,мадақтамалар береді.
2-жүргізуші:
Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл
белгісі, намысы,тыныс-тіршілігінің
көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің
үні. Оны сендер де құрметтеп, қорғай
біліңдер.
Ынтымағы
жарасқан халықтардың бесігі болған
шуақты Қазақстанның бақытты да парасатты,
білімді де, еңбекқор ұл-қызы болындар!
1
- жүргізуші:
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың “Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру” мақаласында
“Ұлттық салт-дәстүрлеріміз,тіліміз
бен музыкамыз,әдебиетіміз,жоралғыларымыз,бір
сөзбен айтқанда,ұлттық рухымыз бойымызда
мәңгі қалуға тиіс” деген жолдардың
астарында үлкен мағына жатыр.Шынында
рухы биік,білімді,талапты,талантты
біздердей болашақ азамматтары мен
азаматшалары бар елдің іргесі мәңгілік
болары хақ.
Назарларыңызға
рахмет! Сау болыңыздар!
«Оралхан
Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
4-
сынып оқушылары
арасында
мәнерлеп оқу
сайысы.
Бастауыш
сынып мұғалімі: Кошербаева К.С.
2019жыл
4-
cынып оқушылар арасында
мәнерлеп
оқу сайысы