Мәнерлеп оқу сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәнерлеп оқу сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Мәнерлеп оқу сайысы

Мақсаты: Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой - мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау.
Балалардың дүниетанымын дамыту, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Сабаққа қажет құрал - жабдықтар, көрнекіліктер: балалар ақын – жазушыларының кітаптарынан көрме,портреттері, нақыл сөздер.
Сайыстың барысы:

Армысыздар көрермен қауым. Бастауыш сыныптар арасында
«Туған өлкем мақтанышым » атты мәнерлеп оқу сайысына қош келіпсіздер.
Қазақ халқымыз Отан отбасынан басталады дейді. Әр адам өз Отанын сүйіп, құрметтеуге тиіс. Қазақ елінің маңдайына біткен біртуар азаматтары туған еліне, жеріне деген сезімдерін жыр шумақтарымен білдірген. Болмасаң да ұқсап бақ дегендей біздің бүлдіршіндерімізде өз Отанына, туған еліне деген сүйіспеншіліктерін ағаларының, апаларының жырларын жаттап, елжанды болып өсіп келе жатқандықтарын дәлелдемек. Сіздердің алдарыңызда кішкентай өнерпаз ұл - қыздарыңыз «Туған өлкем мақтанышым» көркемсөз байқауына қатысып өз бақтарын сынамақ.

Ал келіңдер, келіңдер
Бір біріңе еріңдер
Көркем сөзбен көмкеріп
Сайысқа қатысып көріңдер - деп қатысушы оқушыларымызды қарсы алайық!

4 - сынып оқушылары

3 - сынып оқушылары

2 - сынып оқушылары

Оқушылар кезекпен шығып, дайындаған өлеңдерін оқиды.
Жүргізуші: Алдымен бүгінгі мәнерлеп оқу сайысының басты ережелеріне тоқталып өтсек,
1. Өлеңнің тақырыбы айқын болуы шарт.
2. Өлең жатқа әрі мәнерлеп оқылуға тиісті (сахнаға кітап немесе қағаз - парақшалармен шығуға рұқсат етілмейді).
3. Өлең оқыған оқушының жүріс - тұрысына, сахнадағы мәдениетіне, дауыс мәнері мен ырғағына назар аударылады.

Олай болса, сайыстың аты сайыс демекші, өлеңдерді мәнерлеп оқитын оқушыларға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып қойғанымыз жөн болар. Сонымен,
1. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нарынбаева Раушан апайларың
2. Бастауыш сынып мұғалімі Қосжанова Ұлболған апайларың

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын
Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырайық, сайыстың шешімін оқиды.
Әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.
Марапаттау
Осымен «Туған өлкем мақтанышым» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.
Бейбіт таңдар арайланып атады
Туған жерді аймалайды шапағы
Байтақ елім Қазақстан
Ең бақытты балалардың Отаны
Қымбатты балалар, қонақтар! Талапты бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын, атар таңы арайлы болсын! Сәт сапар тілейміз!













































мәнерлеп оқу сайысы











Өткізген: Жухина Ж.Қ.

Қосжанова Ұ.Қ.





2014-2015 оқу жылы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.06.2018
27301
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі