Мәнерлеп оқу ұғымына түсінік. Мәнерлеп оқудың қарапайым оқудан
ерекшелігі, маңызы. 1 сағат. Оқушылардың мәнерлеп оқу туралы
түсініктерін арттыру. Мәнерлеп оқудың артықшылықтарын санамалап
көрсету арқылы олардың курс мазмұнын игеруге деген қызығушылықтарын
арттыру. Мәнерлеп оқудың қарапайым оқудан қандай айырмашылығы бар
екендігін өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру.
Оқушылардың мәнерлеп оқудың тұтас бір өнер екендігі туралы
түсініктерін қалыптастырып, мәнерлеп оқудың басты шарттарымен
таныстыру. Бейнежазба, аудиожазбалардан шығарманы мәнерлеп оқыған
тұстарды тыңдатып, курс соңында күтілетін нәтижемен таныстыру.
Тілдің
акустикалық, артикуляциялық ерекшелігі. Дыбыстау мүшелері. Сөйлеу
ерекшелігі. 1 сағат. Кез келген тілдің өзіне тән акустикалық,
артикуляциялық ерекшелігі болатындығын, адамның сөйлеу мүшелерінің
сол ерекшеліктерге қалыптасатындығы туралы түсініктерін
арттыру.
Сөйлеу
техникасы. Сөйлеу - ойлауды дамыту құралы. Ауызекі сөйлеудің
жазбаша сөйлеуден ерекшелігі. 1 сағат. Сөйлеу кезінде сөзді, әрбір дыбысты анық
айтуға қалыптастыру, өзіне сенімді болуға шақыру. Ауызекі сөйлеудің
жазбаша сөйлеуден айырмашылығын нақты мысалдар арқылы дәлелдеп,
көпшілік алдында ауызекі сөйлеуге адам тиянақты дайындалуы қажет
екендігін түсіндіру. Дұрыс сөйлей білу өмірде жетістікке жетудің ең
қысқа жолы (Д.Карнеги) екендігін түсіндіру.
«Айтылғансөз–атылғаноқ», «Сөз–құдыретті,оның
киесі бар»,
«Ауыздан шыққанша,
сөзіңе сен иесің, ауызыңнан шыққан сөз саған ие»,
«Ділмарлап сөйлеу – үлкен өнер, бірақ тоқтар
уақытыңды білуің қажет» (В.Моцарт) тәрізді қанатты сөздер арқылы
оқушыларға ойланып сөйлеудің басымдықтарын ашып көрсету. «Тіл тас
жарады, тас жармаса бас жарады» дегеннің мазмұнын ашып
көрсету.Сондықтан, жазбаша сөйлеу түріне
Қарағанда ауыз
екі сөйлеудің өзіндік артықшылықтары көп екендігін сипаттау.
Ауызекі сөйлеудің суырып салып шешен сөйлеу, мәнерлі сөйлеп елді
аузына қарату тәрізді сипаты бар өнер екендігін би, шешендер т.б.
мысалдар келтіре отырып түсіндіру.
Дауысты, дауыссыз
дыбыстардың айтылу ерекшелігі. Үндестік заңы. 1 сағат. Тілдегі
сөздердің өзара үндестікте айтылатындығын қазақ тілі пәнінен
төменгі сыныпта алған білімдерін еске түсіре отырып сипаттау.
Дауысты және дауыссыз дыбыстардың тілде атқаратын қызметін еске
түсіру, сөздерді үндестіріп-үйестіріп сөйлеудің артықшылықтарын
атап көрсету. Оқушыларды сөйлеу барысында әр дыбысты анық етіп,
өзіндік ырғағын сақтап айтуға қалыптастыру.
Орфоэпия нормалары.
1 сағат.Қазақ тіліндегі орфоэпиялық норманың қай уақытта
бұзылатындығы туралы түсініктерін қалыптастыру. Айтылуы мен
жазылуында айырмашылығы бар сөздерді топтық жұмыс барысында
оқушылармен бірлесе отырып айқындау. Сөз ішінде өзгеріске түсіп
айтуға бейім дыбыстарды, олардың өзгеріске ұшырап айту себептерін
тілдік құбылыс ретінде түсіндіру. Оқушылардың үндестік заңы,
ықпалдың түрлері жайлы төменгі сыныпта алған білімдерін жетілдіріп,
сөздерді орфоэпиялық нормаға сай айта білуге қалыптастыру.
Қазақ
тіліндегі екпіннің ерекшелігі. Логикалық екпін. Фразалық
екпін.1сағат.Оқушылардыңекпінтуралыбілімдерін«Миғашабуыл»,
«ББҮ» тәсілдері арқылы еске түсіріп, қазақ
тілінің екпіні тұрақты екпін екендігін дәлелдеу. Қазақ тілінде
екпіннің көбінесе, сөздің соңғы буынына түсетіндігін нақты мысал
арқылы түсіндіріп, екпін қабылдамайтын қосымшалар жайлы
ұғым-түсініктерін арттыру. Сөз екпіні, ой екпіні, фразалық екпін
туралы теориялық білімдерін қалыптастырып, оқушыларды сөйлеу
барысында, мәнерлеп оқу кезінде екпіннің аталған түрлерін дұрыс
қойып үйренуге жаттықтыру. Екпінде дұрыс қоюдың артықшылықтарын
мысал арқылы көрсету.
Ырғақ пен кідіріс.
Грамматикалық кідіріс. Психологиялық кідіріс. 1 сағат. Мәнерлеп
оқу кезінде ырғақ пен кідірістің қаншалықты маңызға ие екендігін
жекелеген өлең шумақтарын мәнерлеп оқу арқылы көрсету.
Грамматикалық кідіріс пен психологиялық кідіріс жайлы түсініктерін
қалыптастыру. Оқушыларды ырғақ пен кідірісті сақтай отырып, дұрыс
оқуға қалыптастыру. Дауыс ырғағының кідірістерін игерту.
Шығарманы оқуда интонацияны дұрыс қоя білу. 1
сағат. Шығарманы
мәнерлеп оқу кезінде интонацияны дұрыс қоя білуге қалыптастыру
жаттығуларын жасату.
Пунктуация – дұрыс
сөйлеу ережесі. 1 сағат. Оқушыларға сөйлем ішіндегі
пунктуацияны қолданып сөйлеудің артықшылықтарын көрсету.
Сөйлемдегіүтір,нүкте,сұрақбелгісіменлепбелгісініңмәнерлепоқукезіндегі
көрінісін шығармадан үзіндіні мәнерлеп оқу арқылы көрсету.
Сыныптағы оқушылардың мәнерлеп оқу кезінде пунктуацияны сөйлете
білуіне, сол арқылы оқырман жүрегіне орын табуға жаттықтыру.