Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға.
(студенттермен кездесу кеші)
Кештің мақсаты: 1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.
2. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу
3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Кіріспе сөз: Мектептен түлеп ұшқалы отырған 9,10-сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін кешегі түлектер, бүгінгі студенттермен кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.
Жүргізуші: Балалық, шаттық өмір, думанды кеш.
Түседі естеріңе қызықты кеш.
Сағыныш бойды билеп келгендерге,
Мектептің есіктері ашық әр кез.
Сол бір кез сәті түскен бүгінгі күн.
Қосыңыз әр қайсыңыз жақсы бір үн.
Сырласып отырайық, ән салайық,
Мауқымыз басылғанша осы бір күн – деп, құрметті қонақтар,оқушылар
«Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға» атты пікірлесу кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Ән: Айарудың орындауында бір әнді қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез- келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.
Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін- өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.
Жүргізуші:
Кеше ғана мектеппенен қоштастық.
Таныс емес, өзгелермен достастық.
Ыстық екен балалық шақ өмірде,
Қалады екен өмір-бақи көңілде –
деп, сөз кезегі жас мамандарда. Расында да, мына отырған жас мамандар кешегі мектеп бітіруші түлектеріміз. Мектеп бітірген соң студент атанып, жоғары оқу орындарда оқып, өздерінің сүйікті мамандықтарын алып шықпақшы. Сіздер енді мектеп бітірушілерге мамандық таңдау жөнінде өз пікірлеріңізді білдіріп, ақыл-кеңес айтып, ой бөліссеңіздер деген ұсыныс жасаймын.
Ал оқушыларға
Жүргізуші: Кеше ғана сәби болсаңдар, бүгінде мектептен ұшып, арман қуғалы отырған түлексіздер, ал келешекте бүгінгі ата-ана, ұстаздармен, дәрігерлермен иықтас болатын өміріміздің мұраттарын жалғастырушы ұлы күшке айналасыздар. Бүгінгі күн ұмытылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз.
Жүргізуші: Ақылмен толтырып саналарын,
Таудай боп өсті міне балаларың.
Шуағын бар әлемнің сыйлайтын,
Қуаныштарың құтты болсын аналарым –
деп, сөз кезегі ата-аналар сіздерде. Мамандық таңдау жөнінде балаңызға қандай ой салдыңыз, балаңыздың таңдаған мамандығына көңіліңіз толама?
Жүргізуші: Өздеріңді өкшелеген бауыр бар.
Ертіп жүрсең – боласыңдар бауырмал.
Жол айрықта дұрыс бағдар берсеңдер,
Әрқайсының шығатын бір шыңы бар – дей келе бүгінгі кешімізге келіп отырған түлектерге алғыс білдіру үшін ортаға Ербұлан мұғалімді шақырамыз.
Жүргізуші: Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтан.
Жүргізуші: Талмасын қанат, сөнбесін үміт,
Армандар алға жалғансын.
Соқса да дауыл, өрт болып өмір,
Қанаттар балғын талмасын –
деп, құрметті қонақтар, түлектер, кездесу кешімізді аяқтаймыз. Жақсылықта, қуанышта кездесейік!
-
Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Бірулер үшін- ол ойға
алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін- әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы қажет. Өз- өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы- адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс- табыс биігіне жеткізетін қанат.
Жүргізуші:
-
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
-
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
-
Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
-
Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
-
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
-
Қай уақытта адам өз жемісін көре алады.?
Ситуациялық сұрақ. (Оқушылар өз пікірін ортаға салады.)
-
Мен хирургпын
Шарты: Ауруханада 5 емделуші бар. Олар:
-
Бес айлық қыз бала
-
Алты жасар дарынды бала
-
Көп балалы ана (10 баласы бар, 70- тегі ана)
-
Қаңғыбас
-
Құрылысшы
Жүрек біреу. Осылардың қайсысына операция жасар едің. Біреуін ғана таңдауың қажет.
Келтірілген кедергі, қиындық үлгісі төмендегідей.
-
Егер сенің ол оқуға түсуіңе ата- анаң келіспесе не істейсіз?
-
Емтиханға кешігіп қалсаң не істер едің?
-
Оқуыңды ойдағыдай аяқтап, жұмысқа кірісер сәтте үй іштерің саған одан гөрі еңбекақысы жоғары қызмет ұсынса қайтесің?
-
Оқуға түскен соң өзіңе ұнамай қалса не істейсің?
Тест.
-
Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады деген дұрыс па?
А) ия Ә) жоқ
2. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты ма?
А) ия Ә) жоқ
3. Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?
А) ия Ә) жоқ
4. Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға бола ма?
А) ия Ә) жоқ
5. Қартайғанда да мамандық таңдауға бола ма?
А) ия Ә) жоқ
6. Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек пе?
А) ия Ә) жоқ
7. Ақша болса, мамандық қажет емес деген пікірмен келісесің бе?
А) ия Ә) жоқ
8. Мамандық таңдаудағы басты өлшем- қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестілігі ме?
А) ия Ә) жоқ
9. Таңдайтын мамандығыңды болашақ табысың анықтай ма?
А) ия Ә) жоқ
10. Мамандық таңдау- күн көрістің қамы ма?
А) ия Ә) жоқ
11. Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет пе?
А) ия Ә) жоқ
«Мамандықты тап» (ойын)
Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар
сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу
керек.
Хирург
Фабрика басшысы
Хатшы
Кітапханашы
Банк қызметкері
Сатушы
Мұғалім
Бухгалтер
Слесарь
Сварщик
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда" ашық тәрбие сағаты 9 сынып

шағым қалдыра аласыз