Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мәңгі өлмес ізіменен із қалдырған
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәрбие сағатының
тақырыбы: «Мәңгі өлмес жырымен із
қалдырған»
Тәрбие сағатының
мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың мәнерлеп оқу,
жаттау дағдысын қалыптастыру,ақын өлеңіндегі сөз қолданысы мен
көркемдік ерекшелігіне талдау жасау;
Тәрбиелік: Оқушыларды поэзияны сүюге,
ақын жырларын, әндерін айта отырып, өз елін,
ұлтын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Мәнерлеп оқу қабілеті мен
рухани танымдарын дамыту.
Көрнекіліктері:Видео проектр,
презентация
Дәйек сөз:
Қазаққа тән қара өлеңге
табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы.
1. Ақын жырларын мәнерлеп оқу:
Ащы жырым құйылса өтке барып,
Ашырқанып, алайда, сөкпе халық.
2. Балаларына арнаған өлеңдері:
«Сен өмірге басқа жолмен бас қадам,
Әкең жүрген соқпақтардан қаш, балам!»
Мұқағали
3. Ақын жырларына жазылған әндерді орындау.
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,
Менің нәзік жанымды кім түсінер!?
4. Қорытынды: «Ақын болсаң, алмас бол
тайпалмаған,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған».
Мұқағали
Армысыздар құрметті халайық.
Ұстаздар мен оқушылар! Қадірменді жыр сүйер
қауым.
1-жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің
түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың
махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған
«Мәңгі өлмес жырымен із
қалдырған»
атты тәрбие
сағатымызға хош
келдіңіздер!
2-жүргізуші: Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден, - деп жырлаған ақын биыл тірі болса
ақпан айының тоғызында 87
жасқа толар еді.
Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы
қазақтың әйгілі ақыны. Ол 1931 ж.
8-ші наурызында
Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының
Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша
ақынның туған күні
ақпанның 9-ында тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман
апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге
келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің
есігін ашқаннан біраз уақыт кейін
Наурыз тойы болады, наурыз көже
жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби
сыйлықтың лауреаты
Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай
сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген.
Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына
байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты -
Мұхаметқали. Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып
істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және
үш ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған.
Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша
үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан
Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды.
Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін
ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі
1941ж Калиниград майданында қаза табады.
1-жүргізуші: Мұқағали ағамыз орта мектепті бітірген соң,
ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде
болып, 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге
Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал,
Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали
ағамыздың қабырғасын қайыстырды.
2-жүргізуші: Одан кейін 1954 – 1962 жылдары Қазақ радиосында
диктор болып қызмет атқарды. Ал, 1962 – 1972 жылдарда «Социалистік
Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс»,
«Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1972 –
1973 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін
атқарды.
Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында «Советтік шекара»
газетінде жарық көрді. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған
халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын
жырлауға арналған. Көптеген өлеңдеріне ән де шығарылды. Дантенің,
Шекспирдің шығармаларын қазақ тілінде аударған ақиық ақынымыз 1976
жылы 27 наурызда өмірден өтті.
1-жүргізуші: Жыр
кеңістігі – шексіз, ал сен дарасың,
Ғасырыңды жырлап өткен данасың.
Табындырып,, сағындырып біздерді.
Хантәңірідей биіктеп сен барасың, - деп жырлап ақынның өлеңдеріне
кезек берейін.
«Арыз жазып кетейін»
оқитын
Бақыт Еңлікгүл
Рахмет!
2-Жүргізуші:
Қазаққа тән қара өлеңге
табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы, - деп Мұқағалидың поэзиямен қалай
сырласқанын тыңдап көрейік.
«Поэзия» өлеңі.
оқитын Оңай
Есбол
Рахмет!
1-жүргізуші: Ақын түс көрді. Түсінде «Шешем басында ақ жаулығы
бар, Абай атамыздың қасынан қуана басып, маған күліп келе жатыр.
Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ
толғаныстан соң «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге
келеді.
«Шеше, сен бақыттысың»
өлеңі оқитын Медел
Нұртілеу
Рахмет!
2-жүргізуші.
Қазынам бар
Біреуге берсем бе екен?
Өкпелейді –ау бермесем,
Берсем бөтен.
Бар байлықты қойныма тығып алып,
Әлде мына құмдардай өлсем бе екен?
Мұқағали қазынасы - өлең, досы да өлең. Олай болса, келесі кезекті
ақынның жырларына берейін.
1 «Махамбеттер, Абайлар» оқитын: Іскендір Сабина
2. «Ей, өмір» оқитын: Орынбай Ғизат
3. «Әке» оқитын: Медел Нұртілеу
4. «Үш бақытым» оқитын: Жұбанияз Ақторғын
5. « Қайран,Қарасазым - ай» оқитын: Аманкелді Толғанай
Рахмет!
1-жүргізуші: Мұқағали балаларын көргенде
майдай еритін. Ол
баланы ұстауға да, күтуге де шебер болды. Мұқағали балаларын
жанынан бетер жақсы көрді. Төрт перзентінің маңдайынан шертпей
өтті. Балалары десе ішкен асын жерге қойды. Ендеше, Мұқағалидың
балаларына арналған жыр жолдарына кезек
берейік.
«Майгүлге» оқитын: Айтқали Аяулым
«Ұлыма» оқитын: Айтқұлұлы Нұрғиса
Рахмет!
2-жүргізуші: Махаббат, сүйіспеншілік
тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ.
Өйткені махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып.
Бірақ әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әр қалай
шығарады. Ақынның сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш,
бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатындығы жасырын
емес.
1-жүргізуші:
О,
махаббат!
Сен әлі тірі ме едің!?
Көзімнен ғайып болған күнім едің
Гүлім едің
Елтіген түнім едің.
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің? – деп жырлаған Мұқағали ақын. Ендеше, ақынның
махаббат
тақырыбына жазылған жырларын назарларыңызға
ұсынамыз.
«Ғашықпын»
оқитын: Балықбай
Алма
Рахмет.
2-жүргізуші: Ақынның «Аманат» жыр жинағы
2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834
өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың өлеңдерін
жыр сүйер қауым іздеп жүріп оқитын болды. Ақын өлеңдеріне 100 –ден
астам әндер жазылды. Бұл әндер бүгінде барша жұрттың жүрегінен
берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан
серігіне айналды. Ол әндері «Есіме мен алғайсың» , «Күрең күз»,
«Сәби болғым келеді», «Құттықтаймын мама, туған күніңмен», «Тоқта
балам! (атаң келеді артыңда)», «Саржайлау», «Фаризаға», «Дариға,
домбыраңды бері маған», «Бала ғашық», тағы басқа
әндері.
1-жүргізуші: Олай болса, ақынның әндеріне кезек
берейік.
1. Хор: «Құттықтаймын мама, туған
күніңмен»
3. «Сәби болғым келеді»
орындайтын: Іскендір Сабина
4. Хор: «Саржайлау»
2-жүргізуші: Рахмет!
Өнерлерің өрге жүзсін.
1-жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ
ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізіне
берейік.
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!
2-жүргізуші: «Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған» - деп болашақ ұрпаққа жол
сілтеген
Мақатаев жырлары, бүгінгі кеш барысында оқушыларға шабыт беріп, өз
бойларындағы таланттарын шыңдауына арқау болады деген сенімдеміз.
Олай болса, тәрбие
сағатымыздың қорытынды сөзін тәрбие ісінің
меңгерушісі Шеркешбаева
Дариға апайға береміз.
1-жүргізуші: Рахмет, апай.
2-жүргізуші: Бүгінгі тәрбие
сағатымызға қатысқандарыңызға
алғысымызды білдіреміз. Хош сау,
болыңыздар!