Материалдар / Мәңгілік ел
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәңгілік ел

Материал туралы қысқаша түсінік
материал оқушыларға қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
309
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мәңгілік Қазақстан Республикам!

Мен бақыттымын! Өйткені, арайлап атқан таңы бар, асқар-асқар таулары бар, дархан дала жазираны мекендеген мейірбан халқы бар қазақпын. Қазақстан - қазақ халқының кіндік қаны тамған киелі атамекені. Ол - менің елім, менің жерім! Бұл әрбір қазақ перзентінің көкірегін кернеген, мақтанышпен айтатын сөзі.

Біз бақыттымыз! Себебі бұл дүниеде біздің бір ғана отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан. Ол - мәңгілік қазақ елі. Елбасымыз өзінің бір сөзінде: "Аз уақытта айбыны асқақ, әулеті асқан, дәулеті тасқан, іргесі биік, беделі зор айбынды елге айналды", - демекші, құбылған заманда құбылнамасынан жаңылмаған Қазақстан дамудың өзіндік даңғыл жолына түсті. Тарих жылнамасындағы сан ғасырға бергісіз қас-қағым сәт қазақ халқын барша әлемге танытты.

"Өткенсіз болашақ жоқ" дейді дана халқымыз. Сонау 1723 жылғы ата қазақ ордасын, шаңырағын шайқалтқан "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" кезеңіндегі "Елім-ай" зарынан бастап, отаршылдық озбырлығының қасіретті ылаңы, сергелдеңге түсіріп, сарсаңға салған сексен алтыншы жылғы желтоқсанда, Алматыда, ақ қарда болған оқиғасы - бәрі-бәрі халық жанына, арына жара салған. Ұзақ жылдар бойы қазағымның ойлағаны, айтқан сөзі, істеген ісі біреулерге қарап, алаңдаушылықпен өтті. Тарихы бұрмаланып, ата-бабадан қалған асқақ рух пен мол асыл мұраны жоғалта бастады. Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырылып, халыққа зор қасіретті зардаптар әкелді: отаршылдық салдарынан қазақ халқы қырылды, жер аударылды, тілі мен ділі, діні, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық сезім, таным ұмытыла бастады. Алаш туы астына мемлекет құруға біріккендердің бәрін біртіндеп құртып жіберді, оқығандарын қудалап, қырды. Себебі, қызыл империя қазақтың еркіндігінен қорықты. Қазақ халқы қара халыққа айналды. 1932-1933 жылдардағы ашаршылық, 1936-1937 жылдардағы әдейі ұйымдастырылған қырғын, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы да халықты қаншама азап пен шығынға ұшыратты. Тағы бір қазақ көрген нәубеттің ең сорақысы – бұл 1949 жылғы атом полигонының сынағы. Ядролық қарудың қасіретін қазақ ұрпағы әлі күнге дейін тартып келеді.

Шежіре боп шертілер тарих бетіне көз жүгіртсек, қазақ елі үш ғасырға жуық бодандықтың құрсауында болған. Қазақ зиялыларын жалмаған заманда ел тілегі, халық мұраты – Тәуелсіздік еді. Ел азаттығы үшін қаншама тарланның тер мен қаны төгілген. Ұлттың ұлылығын қорғап, бостандығы үшін ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ат жалын ұстаған қазақтың қаһарман қара баласы басын бәйгеге тіккен. Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестер, Алаш азаматтарының, зиялыларының азаттық ұраны, Кеңес үкіметіне қарсы үлкенді-кішілі көтерілістер, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны – бәрі-бәрі азаттық үшін болғанның куәсі. Ал тәуелсіздіктің түп тамыры Алматыдағы қазақ жастарының қанға боялған бейбіт шеруі желтоқсан оқиғасымен тікелей байланысты екені бәрімізге айдан анық. Дегенмен, бұл қазақ ұл-қыздарының ерлігі бір күнгі ашу-ыза, бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. Қалғып бара жатқан қазақтың қайта оянған ұлттық рухы желтоқсан оқиғасына әкеп тіреді. Желтоқсан оқиғасы – жиырмасыншы ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі. Бірнеше ғасырға созылған ұлт-азаттық, тәуелсіздік жолындағы күрестің қайта жаңғырып, шешуші кезеңде өр мінезді қазақ жастары: Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира сияқты ер жүрек ағаларымыз бен әпкелеріміздің арқасында көк байрағымызды желбіретіп, дербес те тәуелсіз мемлекет болуымызға жол ашты, жаңа дәуірдің, демократия қоғамының бастауы болды. Тамыры терең кеткен қазақ елінің бұл қасіретті де қасиетті тарихы – бүгінгі буын арқылы келер ұрпаққа аманаттайтын баға жетпес игілік. Қиын-қиын бұралаң кезеңдерден өтіп келген тәуелсіздікті сезініп, қолдай да қорғай білу, сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгініміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмағанын насихаттап, болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамыздың парызымыз.

Ел ұранын көтеріп алға басқан

Туған елім тірегім Қазақстан.

Тәуелсіздік, еркіндік алған кезден

Дүние жүзі елінде даңқы асқан.

Біз егеменді елміз. Киелі атамекенін дана да, дара Н.Ә.Назарбаев мемлекетімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикамызды реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Салиқалы саясат жүргізіп отырған елбасымыздың арқасында, оның адал еңбегінің нәтижесінде Қазақстан бағы жанған, күннен-күнге көркейіп, дамып келе жатқан ел атанып, бүкіл дүние жүзіне танылды. Еркіндіктің самал желімен тыныстаған елім неткен бақытты! Әр қазақтың өзегін туған жеріне деген сүйіспеншілік кернеп: «Бұл дүниеде менің бір ғана Отаным бар – Қазақстан Республикам!» - деп жар салар мекен екеніне ешқандай күмән жоқ. Атам қазақ даму тарихына тұтастай үңіліп өтіп, азаттық үшін, бостандық үшін күрестің толассыз жүргізілгенін байқаймыз. Бұл киелі тарихты сақтап қалу, баянды ету, ұрпаққа аманаттау – ұлы борыш. Дегенмен Қазақстан аяғынан қаз тұрып қана қоймай, кешегі бабалар қаны тамған дала төсінде бүгін Астанандай алып шаһарымыз бой көтеріп, әлемдік өркениетте орны бар мемлекет ретінде танылды. Еліміздің бірлігін, ұланғайыр даламыздың тұтастығын қорғайтын құжаттар мен шарттарға қол қойылды. Еліміздің мамыражай бейбіт тірлігі, төріміздегі Ата заң, көгіміздегі азаттықтың көк байрағы, еңселі елтаңба, асқақты әнұранымыз шарықтап, қазағымның еңсесі көтерілді. Бұл жетістіктерді біз – қазақ елінің ең жас ұландары, өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіспіз. Ел, халық дегенде, әрине, ойға тіл тағдыры да оралады. Себебі, «Тіл тағдыры – ел тағдыры» деп ата-бабамыз бекер айтпаған. Осыншама қиын белестерден өткен қазақ елім өзінің ұлттық тілін де сақтай білді. Шүкір, бүгінгі таңда өз тілін білмейтін қазақ жоқ. Әр қазақтың лүпілдеген пәк жүрегі тілім деп соқса, мәңгілік ел – мәңгілік тіл болады. Дей келе, туған тіліме, жарқын болашақ жастарға мен мына бір шоқ шумағымды арнағым келіп отыр:

Туған тілдің көкжиегі кеңейді,

Кім бітейді күмбірлеген көмейді.

Қазақ тілі – ана тілі халқымның,

Асылы ғой, қасиетті, мерейлі.

Айтарымды орап тұрып алысқа,

Жар саламын шар тарапқа, бар тұсқа:

Қазақ тілі – туған тілі халқымның,

Мақтанышы ұлан байтақ қазаққа.

Уа, қазағым, мейліңше, сан ұлт тіл біл сен.

Бола бер сөзге шешен, ойға көсем.

Бірақ мен қызықпаймын, сүймеймін,

Егер де сен ана тілде сөйлемесең.

Н.Ә.Назарбаев: «Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгін тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін», - демекші, егеменді елдігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалап, қымбатымыздай құрметтейік. Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді болып, көк байрағымыз көкте қалықтап желбіреп, тіліміз мәңгілік ұмытылмасын!


«Ынтымақ» жалпы орта мектебінің 30»А» сынып оқушысы

Смайлов Мансур



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!