Материалдар / "Мәңгілік ел - менің елім"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мәңгілік ел - менің елім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға, студенттерге арналады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Желтоқсан 2018
917
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мәңгілік ел-менің елім


Шабданова Ш.Т.

Бірінші санатты математика пәнінің оқытушысы,

«Innovative college»



мекемесі, Семей қ,


«Біз өзіміздің тілімізді, дінімізді, жеке бас ерекшелігімізбен сақтай аламыз және біз осы рухпен біздің жастарды тәрбиелеуіміз тиіс».

Н.Ә. Назарбаев

Тәуелсіздігін алған Қазақстанда адамдардың өмірлік болашағы нақтылануда, түрлі бағдарда өрбуде. Тәуелсіздік идеясының тұғыры республиканың тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтау, Қазақстандағы ұлттық ынтымақты және қоғамдық бірлікті жетілдіру мақсатымен анықталуда. Елдегі азаматтық және рухани, этникалық және ұлттық бірегейлікті нығайту, халықтың әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-психологиялық белсенділігін арттыру – қазақстандық дамудың басты бағдарларын құрайды.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы мәселесіне орай. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» (17 қаңтар, 2014 ж.), «Нұрлы жол – болашаққа жол» (11 қараша, 2014 ж.) атты Жолдауларындағы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қалыптастыру туралы ой отандық саясаткерлер, философтар, тарихшылар ортасында кеңінен қолдау тапты.

«Қазақ халқының мыңжылдық тарихи тәжірибесінен, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан жолынан туындаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жария етілді», - делінеді Қазақстан халқы Ассамблеясының ел азаматтарына Үндеуінде.

Ортақ мақсатымыз – «Мәңгілік Елді» нығайту, Отанымыздың – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту! Ортақ мүддеміз – біздің баршамызға ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеуші елде өмір сүруге деген құштарлығымыз! Ортақ болашағымыз – «Мәңгілік Елдің» - біздің ортақ үйіміздің – Қазақстан Республикасының гүлденуі.

«Мәңгілік Ел» - Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған қуатты жұмылдырушы бастама. «Қазақстан-2050» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегия­сында» рухани бірлік пен ұрпақтар арасындағы сабақтастық, ұлттық сана-сезім мен жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелерін өзектендіре оты­рып, мемлекет Президенті Н.Ә.Назарбаев бұның бәрі жақын болашақта Мықты және Қуатты Қазақстан мемлекетін өркениетті жолмен құрудың қажетті шарты екеніне баса назар аударды.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда үлкен жауапкершілікті мемле­кет құрушы ұлт ретінде қазақ халқына жүктей отырып, Президент тек мәдени кодты сақтай отырып қана (тіл, руханилық, салт-дәстүрлер) уақыттың сын-қатерлеріне жауап қайтара алатынымызға баса назар аударды. «Егер ұлт өзінің мәдени кодын жоғалтса, онда ол ұлттың өзі де жойылады». Тек тағылымды тарих, ата-баба­лар даңқы ғана қазіргі уақыт қиындықтарын жеңуге мүмкіндік береді», - деген құнды пікірі ата салтымызды сақтауға, туған жер мен ел алдындағы парызымыз­ды ақтауға шақырады.

Жастар - мемлекетіміздің болашақ тағдырына жауапты ұрпақ. Бүкіл әлемдік қауымдастықта жастар әлеуметтік өзгерістердің маңызды субъектісі, қоғамның адамгершілік деңгейінің барометрі, өте үлкен инновациялық күш пен стратегиялық ресурс ретінде қарастырылады. Сондықтан біз жастарымыздың, әсіресе студент жастардың ұлттық сана-сезімдері, соған сәйкес елжандылық қасиеттерінің қандай деңгейде қалыптастатынына немқұрайлы қарай алмаймыз.

Педагогика ғылымдарының докторлары академик ПралиевС.Ж. пен профессор Жампеисова Қ.К.- болашақ жоғары білікті мамандардың биік ұлттық сана-сезімін қалыптастыру Қазақстан оқу орындарында «Мәңгілік Ел» пәнін енгізуді жайлы ұсыныс жасады.

Ұлттық сана-сезім тұлғаның күрделі құрылымдық білімі ретінде оқыту мен тәрбиенің әсерінен қалыптасады, оның мазмұнымен, оқытудың бағыттылығы мен әдістерімен анықталады, ол теориялық және қолданбалы мәнге ие дербес ғылыми пән объектісі болуы тиіс.

Осы мәселені шешуде «Мәңгілік Ел» пәнін міндетті пән ретінде орта мектеп деңгейінде ғана емес, жоғары мектепке де енгізу аса құнды рөл атқарады.

«Мәңгілік Ел» пәнінің атауын белгілеу барысында авторлар Президенттің Қазақстан халқына арнаған соңғы екі Жолдауындағы шешімдерді негізге алды .

«Мәңгілік Ел» пәнінің мақсаты – ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, па­триотизм рухының, тарихи сана мен әлеуметтік жадының, кәсібилік пен бәсекеге қабілеттілік рухының жоғары даму деңгейі бар, Қазақстан халқының тәуелсіздігін, қауіпсіздігін, тұрақтылығын, дамуы мен тұрмысын жақсарту жөніндегі белсенді де шешімді іс-қимылдарға дайын болатын, ұлттық мәдениеттің рухани құндылықтарын дамытып сақтауға жауапты, өзге мәдениеттер өкілдерімен сын­дарлы келісім құруға дайын мамандардың жаңа буынын, қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу екені айқындалды.

Бүгінгі заманның толық аясында пәннің келесі ұстанымдары бейнеленеді:

- тарихи және ұлттық тәжірибе жайлы болашақ мамандардың білімдерін жаңарта отырып, болашаққа қадамдарын анықтауға және түзетуге үйрету;

- «бір ел – бір тағдыр» дегенді жастардың санасында қалыптастыру;

- жастарда туған жердің иесі сезімін, отандастар алдындағы жауапкершілік сезімін жандандыру;

- болашақ маманның кәсіби-тұлғалық қалыптасуының маңызды құралы ретінде рухани-адамгершілік және зияткерлік-шығармашылық іс-әрекетін белсендендіру.

Зияткерлік тәрбие болашақ мамандардың жалпыұлттық сана-сезімін, жалпыұлттық әлеуметтенуін, жалпыұлттық барабарлығын дамытуға бағытталып, сол арқылы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының жалпыұлттық құрамдас бөлігін іске асыруға септігін тигізуі тиіс.

Сәйкесінше:

а) болашақ мамандардың этностық сана-сезімі (мемлекет құрушы ұлт өкілдері үшін) «МЕН – ҚАЗАҚПЫН, ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӨКІЛІМІН» бейнесін қалыптастыруға бағытталуы тиіс;

ә) азаматтық сана-сезім (мемлекет құрушы ұлт өкілдері үшін де, Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын өзге ұлт өкілдері үшін де) «МЕН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТЫМЫН» бейнесін қалыптастыруға бағытталуы тиіс;

б) Қазақстанның барша халқының жалпыұлттық сана-сезімі «МЕН-БІЗ – БІРГЕ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЗИЯТКЕР ҰЛТПЫЗ» бейнесін дамытуға бағытталуы тиіс.

Жастардың салауатты өмір салты-салауатты ұлттың қалыптасу негізі.

1.Жастар денсаулығы – қазіргі қоғамның аса маңызды құндылығы. Әр адамның денсаулығы жеке адам құндылығы ғана емес, ол әлеуметтік, қоғамдық құндылық болып табылады. Мықты денсаулықты сақтауға ықыластану – адамның толыққанды өмір сүруінің, жоғары шығармашылық белсенділігінің, еңбекке жарамдылығы мен бақытты болуының қажетті шарты, маңызды әлеуметтік қажеттілігі. Денсаулық – бұл табиғаттың адамға берген үлкен сыйы, оны сатып ала алмайсың, ауыстыра алмайсың, оны қорғау, жақсарту және нығайту қажет.

Бірақ адам денсаулықты болмыс ретінде қарастырғандықтан, бұл ұғымның ежелгі уақыттан нақты анықтамасы болмаған. Бүгінгі таңға дейін кеңінен таралған анықтамалар мыналар болып табылады:

- аурудың болмауы;

- қарама-қарсы бағытталған күштердің үйлесімділігі;

- физикалық, рухани, ақыл-ой және әлеуметтік тұрғыдан ойдағыдай толық күйдің болуы;

- адамның өзінің дербестігін игеруі;

- негізгі әлеуметтік қызметтерді орындауға толыққанды қабілеттілік.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру – студентті кәсіби-тұлғалық дамытудың шарты. Қазіргі уақытта студент жастар арасында салауатты өмір сал­тын қалыптастыру мәселесі шешімі ғылым мен қоғамның көптеген салаларының ықпалдасуын талап ететін көкейкесті мәселе болып табылады. Осыған байланысты адамның салауатты өмірі мен оның денсаулығы арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуелділік мәселесі психологтардың, педагогтардың, дәрігерлердің, социологтардың жоғары қызығушылықтарын тудырып отыр.

Барлық адамзаттың болашағына қауіп төндіріп отырған әлеуметтік мәселелер санының өсуін терең түсіну ғалымдардың әлеуметтік қолайсыздық, қазіргі заман жастарының өмірінде жағымсыз құбылыстардың дамуы, қоғамның дегуманиза­циясы мен жастардың ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардан алшақтық тенденциялары туралы мәселелерді тереңірек қарастыруына алып келді.

Жастар бұрыннан қалыптасқан әлеуметтік ортаға ықпалдаса отырып, қарым-қатынастың негізгі түрлерін, өмір сүру салтының формалары мен элементтерін меңгереді және соның негізінде тіршіліктің барлық саласына, алдымен денсаулығына өзіндік ықпал ететін өзінің өмір сүру салтын қалыптастырады.

Адамның өмір сүру салты мен денсаулығының байланысын зерттей отырып, ғалымдар денсаулықтың 50 % адамның өмір тіршілігіне байланысты екендігін көрсетеді.

Ұлтаралық қатынас мәдениеті.

«Ұлтаралық қатынас мәдениеті» ұғымы, оның құрылымы, қызметі мен маңызы. Адамзат өзінің даму жолында материалдық және рухани құндылықтар жүйесін қалыптастырды. Ол көпқырлы құбылыстарды біріктіретін мәдениет деген ұғымға сайып келеді. Ол адамзат тұрмыс-тіршілігінің барлық салаларын­да көрініс береді. Ал антропогенез, этногенез үдерістерінің нәтижесінде түрлі нәсілдер мен нәсілдік топтар, этностар мен ұлттар қалыптасуымен бір уақытта олардың қарым-қатынас мәдениеті де қалыптасты. Ондағы мәдениет белгілері олардың өзара қарым-қатынасы негізінде көрініс тапты. Осылайша мәдениеттің бір түрі ретінде «ұлтаралық қатынас мәдениеті» пайда болды.

Ұлтаралық қатынас мәдениеті – тарихи ұғым, ол белгілі бір әмбебап мазмұнға ие. Дегенмен, ол нақты бір уақытта, нақты бір елде өзіндік ерекшелікке ие.

Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәдениетінің тарихи тамырларына зер салғанда қандай тарихи фактілер мен оқиғаларды білу қажет. Бұл Қазақ жерінің Ресей империясы құрамында болған кезеңде патша үкіметінің аумақтық, әкімшілік реформалары барысында халықтың этникалық құрамы үлкен өзгеріске ұшырады. Қазақстан енді бірұлтты емес, көпұлтты елге айналды.

1897 жылғы санақ есебі бойынша Қазақстанда 4 млн. 147 мың адам өмір сүрген. Сол дәуірдің құжаттарының тілімен сөйлегенде халық «жергілікті» - қазақтар, «орыс қоныс аударушылары» болып бөлінген және «басқалар», яғни оған жоғары аталғандардан басқа этностардың бәрі кірген. Сол кезде Қазақстан Далалық және Түркістан генерал-губернаторлығы болып екіге бөлінді. Далалық өлкеде 280 қазақтар – 77%, орыстардың үлес салмағы 20%, басқа ұлт өкілдерінің барлығын қоса есептегенде – 3%-ды құрады. Ал Түркістан өлкесінде мұндай көрсеткіштер төмендегідей болды: «жергілікті бұратаналар» – 94,4%, орыстар – 3,7%, басқа халықтар – 1,9%.

Жалпы Қазақстан бойынша халықтың этникалық құрамы төмендегідей көрсеткіштерді құрады: жергілікті халық – 85.7%, ХІХ ғ. соңына қарай қоныс ау­дарушылар – 11.9%, басқа халықтар – 2,4% .

XX ғ. басында «столыпин реформасы» кезінде Қазақстанға қоныс аудару қозғалысының белсенді жүргізілуіне байланысты еліміздің этникалық құрамы едәуір өзгеріске ұшырады. І дүниежүзілік соғыс қарсаңында 1913 ж. қазақтар - 58,5%, ал орыстар 29,6% құрады .

Қазақстан халқы құрамының көпұлтты болып қалыптасу үдерісі кеңестік дәуірде одан әрі күшейді. Оған алғышарт болған тарихи оқиғаларға мыналар жатты: индустрияландыру кезінде жаппай сипат алған миграциялық үдерістер, күштеп ұжымдастыру мен саяси қуғын-сүргін науқандары, тұтас халықтарды күштеп қоныс аудару, Ұлы Отан соғысы кезіндегі бейбіт халықты эвакуациялау, тың және тыңайған жерлерді игеру.

1926 жылы 17 желтоқсанда екінші бүкілресейлік халық санағы жүргізілді. 1926 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстанның этникалық құрамы төмендегідей болып қалыптасқандығын көрсетті: қазақтар – 3 627 612 адам не­месе 58,5%, орыстар – 20,6%, басқа ұлт өкілдері – 20,9% құрады .

Қазақстан үшін аса ауыр нәубет әкелген ұжымдастыру мен көшпелі халықты күштеп отырықшыландыру науқаны еді. Өйткені, кеңес үкіметінің есепсіз сая­саты Қазақстанда 1930 – 1933 жылдарды қамтыған үлкен аштыққа алып келді. Қазақ даласында бұрын-соңды болып көрмеген бұл аштықтан ресми дерек бой­ынша 1 млн 750 мың адам немесе қазақ халқының 42%-ы қырылып қалды .

Аштық пен қуғын-сүргіннен бас сауғалап 1 млн 30 мың адам Қазақстаннан тыс жерлерге кетуге мәжбүр болып, оның 616 мыңы қайтып оралмады. 200 мыңға жуық қазақ Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Иран, Түркия елдеріне асып кетті.

1939 жылы кезекті халық санағы жүргізілді. Оның нәтижелері этностардың ара салмағы күрт өзгергенін көрсетті. Аштық, миграциялық саясат қазақтар санының күрт азаюына алып келген-ді.

Қазақтар - 37,9%, орыстар 40,2%, басқалар – 21,9% . Осы кезеңнен бастап Қазақстанның этникалық құрамының ерекшелігі, қазақ халқы өз атамекенінде аз ұлтқа айналды.

Болашақ мамандардың интеллектуалды әлеуетін дамыту-ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің негізі.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Интел­лектуалды ұлт - 2020» ұлттық бағдарламасының тарихи маңыздылығы.

«Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасының мақсаты – жаңа тұрпатты қазақстандықтарды тәрбиелеу және Қазақстанды бәсекеге қабілетті адам капиталы бар елге айналдыру, ұлттың интеллектуалдық әлеуетін дамыту және ол жобаның мемлекетті стратегиялық тұрғыдан дамыту бағыты үш құрамдас бөліктен тұрады: білім беру жүйесін инновациялық даму жолына түсіру; қуатты ақпараттық революция, яғни ақпараттық инновациялық технологиялар паркін қалыптастыру; жастарға рухани тәлім-тәрбие беру. Сонымен бірге ұлттық жобаның негізгі идеясы жаңа тұрпатты азаматты тәрбиелеу және Қазақстанды бәсекеге қабілетті адами капиталы қалыптасқан мемлекет деңгейіне жеткізумен байланысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің интеллектуалды ұлтты қалыптастыру міндеті өте маңызды және тереңірек ұғынуды қажет етеді, себебі ол Қазақстанның бәсекеге қабілетті экономикасын құру, әлемнің бәсекеге қабілетті дамыған 30 елінің қатарына Қазақстанның енуі үшін негізгі бағдар болып саналады.

Интеллектуалды ұлт – интеллектуалды тұрғыдан адамгершілік, мәдени қасиеттерді меңгерген өзінің ғылыми, мәдени, білімі мен білігін еркін тарату әлеуетіне ие бәсекеге қабілетті ұлт.

Интеллектуалды тұлға – өмірдің кез келген ағымында пікірлесе алатын, жаңашыл-шығармашылық тұрғыда өзіндік білім алуға дайын, интеллектуалды қабілеті дамыған тұлға. Ол қазіргі кезеңдегі көпэтникалық Қазақстандық қоғамның дамуы үшін басымды, ұлттық сана-сезімнің жоғары деңгейімен, дамыған рухани-адамгершілік сапасымен, әлемдік білімді меңгеруімен сипатталады.

Тұлғаның интеллектуалды дамуының теориялық негіздері. «Интеллект» ұғымы барлық елдердің ғалымдарын сан ғасырлар бойы ойландырып, толғандырған өзекті мәселелердің бірі. Тарихтың ғибрат қазынасында қоғам игілігі үшін интеллектуалды еңбек нәтижелерімен өшпес із қалдырған танымал тұлғалар адамзат жадында.

«Интеллект» ұғымын анықтауда әр түрлі көзқарастар мен тұжырымдар кездеседі. Біріншіден, бұл ұғым ғылымаралық ұғымдар тарапына жататынын айтып өткен жөн. Осыған байланысты «интеллект» ұғымына әр сала тұрғысынан әр түрлі анықтамалар берілетіні, осы феноменнің күрделілігі мен маңыздылығының көрсеткіші болып табылады. Жалпы алып қарағанда энциклопедиялық сөздіктерде интеллект көбінесе психологиялық тұрғыдан сипатталады.

«Интеллект» латынша «intellectus» деген сөзден аударғанда «ақыл», «ақыл-парасат», «түсінік», «таным», «ойлау қызметінің жоғарғы типі» деген мағынаны білдіреді.

Орыс психологы А.Ф. Лазурский адамның интелектуалды белсенділігін зерт­тей келе, оның үш деңгейін анықтаған:

Төменгі деңгей. Индивид ортаға бейімделмеген, оның әлсіз психикасын орта басып тастайды.

Орташа деңгей. Адам ортаға тез бейімделеді, және өзінің ішкі психологиялық ахуалына сәйкес өзіне лайықты орнын табады.

Жоғарғы деңгей.Бұл деңгей тұлғаның қоршаған ортаны өзгертуге деген құлшынысымен сипатталады.

3. «Қазақ елі - Мәңгілік ел» идеясы ақпараттық қоғамдағы жеке тұлғаның интеллектуалдық әлеуетін дамытудың негізі. Ақпараттық қоғамда қоғам мүшелерінің интеллектуалдық даму деңгейі экономиканың маңызды даму факторы мен стратегиялық ресурсы болып есептеледі және ол білім берудің мәртебесін айтарлықтай жоғарылатып, оның деңгейлері мен сапасына жаңа та­лаптар қояды.

«Қазақ елі - Мәңгілік ел» идеясы негізінен бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру, білім мен ғылымды менгерген, ақпараттық мәдениеті жоғары тұлғаны, қоғамды қалыптастыруды көздейді.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының үшінші құрамдас бөлігі деңгейінде болашақ маманның ұлттық сана-сезімін қалыптастыру «МЕН – БІЗ – БАР­ШАМЫЗ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЗИЯТКЕР ҰЛТПЫЗ» сынды феномендік барабарлыққа бағытталуы тиіс .




Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы. – Астана, 2013.

2. Қазақстан Республикасы Н.Ә.Назарбаевтың «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық бағдарламасы. /Айқын. 2008.

3. Формирование интеллектуального потенциала нации в условиях высшей школы: Сб.науч.тр. – Алматы: Изд-во «Ұлағат» КазНПУ имени Абая, 2012. – 336 с.

4. Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде ұлттың интел­лектуалды әлеуетін дамыту тұжырымдамасы. - Алматы. Абай атындағы ҚазҰПУ. «Ұлағат», 2013.-36 б. /Академик С.Ж. Пірәлиевтің басшылығымен/

5. «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. //Ақиқат. №1, 2013. 5 - 27 бб.

6. Болашақ маманның интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру негіздері. Оқу құралы. - Алматы. Абай атындағы ҚазҰПУ. «Ұлағат». 2014. -296 б.

7. Ушаков Д.В. Интеллект: структурно-динамическая теория. - М.:Изд-во «Институт психологии РАН», 2003. - 264 с.328

8. Садыков Т. Интеллектуальный облик будущего. /Т.Садыков //Современное образование, 2007. - №2. -С.30-34.

9. Халықова К.З., Абдулкәрімова Г.А. Педагогикалық информатика. Білім беруді ақпараттандыру: оқулық. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007. – 274 б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!