Материалдар / Мәңгілік Ел идеясының жеті құндылығы білім мен тәрбиенің құнды құралы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәңгілік Ел идеясының жеті құндылығы білім мен тәрбиенің құнды құралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада еліміз үшін маңызды болып отырған ұлттық идея мәселесі көтеріліп отыр.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мен қоғамда: «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болу керек?» деген сауалдарына да тоқталған.Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлттық мақсаттарға жетелейтін идеяның - «Мәңгілік Ел» идеясы турасында айтылған. Білім мен тәрбиенің құнды құралы ретінде «Мәңгілік Ел» идеясындағы Н. Ә. Назарбаев басты жеті құндылығы да айқын көрсетілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2018
2236
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Автордың аты-жөні: Кожамсугурова Айгул Сайлауовна


Мақаланың атауы: Мәңгілік Ел идеясының жеті құндылығы білім мен тәрбиенің құнды құралы


Аннотация: Бұл мақалада еліміз үшін маңызды болып отырған ұлттық идея мәселесі көтеріліп отыр.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мен қоғамда: «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болу керек?» деген сауалдарына да тоқталған.Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлттық мақсаттарға жетелейтін идеяның - «Мәңгілік Ел» идеясы турасында айтылған. Білім мен тәрбиенің құнды құралы ретінде «Мәңгілік Ел» идеясындағы Н. Ә. Назарбаев басты жеті құндылығы да айқын көрсетілген.



























Мәңгілік Ел идеясының жеті құндылығы білім мен тәрбиенің құнды құралы

Ұлттық идея мәселесі бүгінде барлық мемлекеттер үшін маңызды болып отыр.Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мен қоғамда: «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болу керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрміз.Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлттық мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол- «Мәңгілік Ел» идеясы деген болатын.

Жалпы, «Мәңгілік Ел» идеясының үш негізден немесе үш тұғырдан тұратыны анық. Біріншісі – Түркі қағанаты билеушілерінің ( Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк) саяси акт – «манифест» ретінде әзірлеп, тарих сахнасына шығаруы; екіншісі – әл – Фарабидің философиялық шығармасында идеяның теориялық – философиялық тұрғыдан негізделуі және үшіншісі – Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дидактикалық дастанында құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларының, яғни Ата Заң іргетасының қалануы. Cонымен, көне тарихтан бастау алған ұлттық идеямыз қазір де де тарихи сабақтастықты бастан кешіріп, тәуелсіз мемлекетіміздің рухани тұғырдан тұрақты даму ресурсына айналып отыр. Оны Елбасының жария еткен 2015 жылға арналған Жолдауында айқын көрсетіп берді: «Біздің жалпы ұлттық идеямыз – Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан - 2050» Стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымес идеялық тұғыры» Сонымен қатар «Мәңгілік Ел» идеясында Н. Ә. Назарбаев басты жеті құндылықты да атап көрсетті:

Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы. Тәуелсіздік дегеніміз – елдің егемендігі, халықтың бостандығы, сана еркіндігі. Елдің аңсарлы азаттығы, елшілдік – ұлттық санасы, тарихы мен қоса, рухани құндылықтары, рухы. Бұл бірнеше ғасырлар бойы халықтың армандаған қасиетті ұғымы. Арман болып жеткен тәуелсіздігімізді, ендігі жерде сақтап қалу біздің халқымыздың ең қасиетті борышы.

Екінші құндылық, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.Біздің халқымыз – өзгеге қыспақ көрсетпек түгіл көмекке мұқтаж кез-келген ұлттың өкілін бауырына баса білген дана, мейірімді халық. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келеді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: Қатер төнген сәттерде бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай – ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта- ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің дербестігін, тәуелсіздігін сақтап, мемлекеттігін қалпына келтіре алғандығы тарихтан да аян. Сондықтан біздің ең басты мақсатымыз – тату – тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен көркейіп өсуі. Қасиетті тәуелсіздігімізді – мықтап ұстап тұру.

Ел дегенде, жер дегенде – білегін сыбанып, іске дайын тұратын, еліміздің жарқын болашағы үшін күресе білетін, намысты ұрпағымыз болса, қоғамымыздағы ұлттық бірліктің іргесі шайқалмаса, ұлтымыз өз әдет – ғұрпын, таза тілін сақтаса Мәңгілік Ел боламыз, бұл – жеңіске жетуіміздің негізгі кепілі. Міне, біздің басты байлығымыз да – осы. Рухы еркін халық қана кез – келген мәселені шеше алады, әлемдік деңгейде өз орнын таба алады.

Қазақ халқы өзінің тарихи негізгі ұлттық құндылықтарын өзі де танып, өзгеге де танытып, ұлттық тілін құрметтеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелегенде ғана руханияты жоғары, зайырлы қоғам бола алады. Бұл – біздің үшінші құндылығымыз.

Ғасырлар бойы басқыншылық – шапқыншылық, соғыстарға, отарлау езгісіне, әдейі ұйымдастырылған ашаршылық пен босқыншылықтарға, саяси қуғын – сүргіндерге және тағы басқа озбырлықтарға ұшыраса да осы күнге дейін негізгі халықтық – ұлттық ділін сақтаған қазақ ұрпақтарының ұлттық рухта тәрбиеленуі – аса зәру мәселе екендігі айқын сезіледі.

ХХІ ғасырдағы тәуелсіздік осы ежелден келе жатқан ұлттық идея мен ұлттық идеологияның маңызын арттыра түсті, ұлттық рухымызды асқақтатты. Мәңгілік ел болу үшін ұлттың рухын асқақтатып, тілін, дінін, тарихын, әдебиеті мен мәдениетін яғни ұлттық құндылықтарын жете зерттеп, насихаттау міндеті тұр. Өйткені, қай халықтың болмысын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс – бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – әдебиеті мен мәдениеті, рухы мен тілі. Ал, «Әрбір ұлт – өзінің халқы үшін Ұлы Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінді» ( Ш. Айтматов).

Елбасы төртінші құндылық, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім екендігіне тоқтала отырып, әрбір қазақстандықтардың әл – ауқатының жақсарып дамыған отыз елдің қатарына қосылудың бірден – бір сара жолын анықтап берді.

Бесінші құндылық, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы Елбасының қазақстандық қоғамның бүгінгі, жаңа заманғы бейнесі деуге болады. Президент Н. Ә. Назарбаевтың жаңғырту үрдістерінің табыстылығын жүзеге асыратын басты қағидалардың бірі ынталандыру. Адал еңбекке ынталандырудың жолын табу, еңбек табыстарын қоғамдық ынталандырудың жүйесін құру Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды әселелерінің бірі. Бұл рейтинг жүйесі. Әркім атқарған еңбегңне орай және көрсеткен нәтижесіне қарай бағалануы заңдылық. Адал еңбек еткен ғана бақытты болмақ.

Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;

«Өз тарихын, өз философиясын білмейінше және оған белгілі бір көзқараста болмайынша ешқандай да мәдениеттің дамуы мүмкін емес», - дейді көрнекті түріктанушы ғалым Л. Н. Гумилев. Шындығында, өз елінің тарихын, философиясын білу, ұлттық құндылықтарын зерттеу, солар арқылы ұлттық идеологияны қалыптастыру, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу, оны ұрпақ санасына сіңіру елдің, ердің басты мұраты. Еліміздің сан ғасырлық дәстүрін, ата – баба салтын, әдебиеті мен өнерін өзінің бар болмысымен сақтай отырып, оларды әлемдік өркениет өрісіне қарай өрістете отырып, мәңгілік ел болу идеясын ұсынды. «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені, ол – ұлтымыздың анасы». «Толыққанды тілсіз – толыққанды ұлт болуы мүмкін емес». Ана тіліміз – біздің бүгініміз үшін де, ертеңіміз үшін де мәңгіліктің тілі. Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жариялаған Жолдауында айқын атап көрсеткендей: «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз». Біздің түпкі мұрат- тәуелсіз елімізді Мәңгілік Ел ету.

Жетінші құндылық, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Қазақстан егемен ел ретінде дамудың алғашқы күндерінен бастап жаһандық деңгейде де, өңірлік деңгейде де жауапты саясат жүргізіп келеді. Қазақстанның барлық бастамалары, Президентіміз ұйытқы болған бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Еліміз өзінің шешімдерімен және белсенді қызметімен жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке орасан зор үлес қосты. Оны қару - жарақты еселеп көбейту және басқа елдерге қатер төндіру есебінен емес, ашықтық, тең құқықты әлемдік ынтымақтастық, жасампаздық және басқа елдермен сындарлы үнқатысу орнату арқылы айғақтауда.

Қорыта айтқанда ел ертеңі көреген басшы мен кемеңгер халқының негізінде болмақ. Басшысына бағына алған халық пен халықының мүддесінен шыға алған басшысы бар ел мәңгілік болмақ! Елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясы өзінен бұрын өткен бабалар реформасы мен мақсаты бір болғанымен мағынасы мен жүйесі жағынан зор айырмашылық жасайды.Бабаларымыз халқын ауызбіршілікпен алға бастырып, әдет – ғұрпымен руханиятын шыңдап, заңдарымен ел бүтіндігін жер амандығын қорғап отырса, Елбасымыз сындарлы саясатымен өз халқын дамыған елдердің қатарына қосып, басқа елдермен терезесін тең етіп, бақытты да шат – шадыман тірлікке жеткізу, бұл дегеніміз бабалар арманымен мақсаты мен маңызы бір, мәні мен жүйесі бөлек іс.

Елбасы бастаған істі ел де қолдамақ, біз секілді ұрпағы жалғамақ. Ол ұлы міндет. Сол үшін біз ұрпақ мәңгілік ел болмақ үшін мәңгілік тілдің өрісін кеңейтпегіміз парыз.Қазақ тілі болашақта тек қазақ әдебиетінің тілі ғана емес, техниканың, ғылымның һәм саясаттың тілі болса, елбасы жүктеген міндетті ел болып атқарғанымыз болмақ.

Елдің ертеңі мен болашағы үшін, тәуелсіз елдің тұғыры берік, тілі мәңгілік, Астанасы айшықты, Ата заңы айқын болуы үшін білім нәрімен сусындаған тәрбиелі ұрпақ өсіп шығуы тиіс. Кешегі Мағжан сенген жастарға бүгін Елбасы да сенеді, Сенім арытады. Сол үшін мәңгілік елге қызымет ету біздің және ұрпақтың қастерлі борышы, қанатты қағидасы деп білеміз. Тіл мәңгілік болғанда ғана ел мәңгілік болмақ. Мәңгі тәуелсіз болмақ. Сөз соңында елдің ертеңі нұрлы, келешегі кемел болсын! Қазақ елі Мәңгілік Ел болсын деген тілек қосамыз.


Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Ұлытау төріндегі сұхбаты abai.kz/post/view интернет ақпараты.

    2. Абай. «Қалың елім қазағым», -Алматы, 2002.-Б.33

    3. Ниязбек Р. «Маханбет майданы немесе егеулі найза ер жыры»// Ана тілі. – 2014. №33 Б. 6-7

    4. Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы// Егеменді Қазақстан. – 2015. №230.

    5. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 2014 ж. 17 қаңтар.

    6. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Алматы – 2008 ж.

    7. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

    8. Республикалық педагогикалық – әдістемелік журнал. Колледж: кәсіби білім беру №2 (16), 2016.

    9. Амангелді Айталы, «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи тамыры, «Егемен Қазақстан», 2014 ж. 26 ақпан.

    10. Күлтегін Тоныкөк: Ежелгі түркі рун жазбалары ( Әдеби нұсқасын жасаған Қадыр Мырза Әли..) –Алматы, «Өлке» баспасы, 2001, 144 бет.

11.Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан жолы – 2050 : бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» .Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Г. «Егемен Қазақстан» 18.01.2014 ж.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!