Материалдар / «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл»(қазақ тілі апталығы)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мәңгілік ел-мәртебелі тіл»(қазақ тілі апталығы)

Материал туралы қысқаша түсінік
«Екі жұлдыз» жобасы бойынша ән байқауы (мұғалімдер мен оқушылар арасындағы жұптық ән байқауы)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2018
530
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебі







«Мәңгілік ел - мәртебелі тіл»

(қазақ тілі апталығы)





«Екі жұлдыз» ән байқауы











2017-2018 оқу жылы, қараша айы





«Мәңгілік ел-мәртебелі тіл»

«Екі жұлдыз» жобасы бойынша ән байқауы

(мұғалімдер мен оқушылар арасындағы жұптық ән байқауы)

Жүргізуші:

Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа,

Адам ойы түрленіп ауған шақта.

Салған ән — көлеңкесі сол көңілдің,

Тақтысына билесін ол құлаққа.

Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды,

Жүрек тербеп, оятар баста миды.

І жүргізуші:Армысыздар құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!!! Бүгін міне, мектебімізде осымен бірінші рет ұйымдастырылып отырған «Екі жұлдыз» ән байқауына қош келдіңіздер!!!
Біз бүгін сайыста мектеп ұстаздарымен оқушыларының жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық, олай болса шын жүйрікті бірге анықтайық.
І жүргізуші: 

«…Әнді сүйсең менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай,

Сұңқылдаған көмейі

Сыбызғының үніндей.

Қалықтатып созғаны,

Сарыарқаның беліндей.

Барша әнші қауымын

Қошеметтен ортаға

Шақырамыз құрметпен

«Екі жұлдыз» байқауына қатысушы жұптарды ортаға шақырамыз.

(музыка әуенімен байқауға қатысушы жұптар ортаға шығады)

Енді сіздерді бүгінгі байқауымызды бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік:


1.Әділ-қазылар төрайымы, мектеп директоры - Исатаева Ш.С


2.Тәрбие жөніндегі орынбасары – Байжұмаева Г.Л


3.Мектеп психологы – Сатыбаева Б



Байқауды бағалау парақшасы

Бағалау өлшемдері

1



2

3

4

5

6

7

8

1

Сахна мәдениеті(сырт келбеті, киім кию үлгісі)









2

Жанды дауыста айта алуы










3

Мұғалім мен шәкірт арасындағы шығармашылық байланыстың көріну










4

Әннің мәтінін білуі,әуенін келістіре айта алуы










5

Әнді орындау шеберлігі











Қорытынды ұпай










Жүргізуші:

О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.
Сағынышымды қанат қып саған қарай
Балапандай талпынып ұшамын мен.

Сенде, тас та қастерлі, аспан да алау,
Сенде жанды тербетер дастан бар-ау.
Менің мынау өмірге құштарлығым
Сені жақсы көруден басталған-ау

1 - Жүргізуші: Екі жұлдыздың сахнасына алғашқы болып бірінші жұбымыз шыққалы тұр. Ендеше, қарсы алайық, 5 «А» сыныбынан 1-жұпты шақырамыз.

Ертаргнова Аделья және орыс тілі пәнінің мұғалімі Кисапова Т.М

«Туған жер» әнімен қабыл алыңыздар!



2 - Жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы айтар пікірлеріңіз қандай?

Уа, дариға, алтын бесік туған жер
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей
Ақын болмай тасың болсам мен егер

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің
Нендей күйге жүрегімді бөледің
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім

6 «А» сынып оқушысы Русланова Дильназ және ағылшын тілінің мұғалімі Аскарова А.Б

«Қазақ елі осындай » әні .

Ортаға келесі жұпты шақырамыз.


1 - Жүргізуші: Келесі жұбымыз да өздерінің бағын осы әннен іздемекші. Әннің қалай шығатынын мына сіздермен бірге тыңдап көрейік.
Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір – бірімен жатқан шулап жалғасып,
Бір – бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар, арпалысып алға шық!
Өмір деген пәк жаралған, – демекші,

Сахна төріне 7 «А» сыныпты жұбымен қарсы алыңыздар!

Таскалиева Әсем және орыс тілі пәнінің мұғалімі Роза Әлқожа

«Атамекен» әні
2 - Жүргізуші: Қазылар сөз сіздерде
1 - Жүргізуші: Тағы да керемет жұбымыз өз өнерлерін көрсетпекші.
Қарсы алыңыздар, 8 «А» сынып Мұфтарихов Т,Шарапиденов Е және ағылшын пәнінің мұғалімі Катишова Г «Батырлар ұраны» әні

9 «А» - Изгереев Ернар және қазақ тілінің мұғалімі Исмагулова Жанаргүл- «Алаш ұраны» әні


9 «Б»-Имангалиев Бейбарыс ,Кубенов Тілекқабыл- «Мен қазақпын» әні


10 «А»- Зинорова Гүлзира,Аскарова Айнаш-«Туған жер»әні


10 «Б»-Аделина Нұржан ,Турегалиева Алтын -«Алтын бесік» әні

1 - Жүргізуші: Құрметті көрермендер кешіміз де шарықтау шегіне жетіп қалды. Бүгінгі сайысты қорытындылайтын жұлдызды жұбымызды анықтайтын әділ-қазыларға сөз кезегін береміз.
2 - Жүргізуші: Құрметті көрермендер жұлдызды жұптарымыз өз әлдерінше әндерін орындап шықты. Қазір олардың жүректері қуаныш пен үрейге толы, міне сырғыған сын сағаты да таяп қалды.

Ән шашу .

«Қазақ елі» әні-Таскалиева Әсем
1 - Жүргізуші: Бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділ қазылар алқасын шақырамыз.

- “Кел тыңда!” деп өзгеге болар басшы.

Керім толғап, тауысар қаңғыр-күңгір,

Сол жеріне ойыңмен араласшы.

Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді

Тыңдағанда көңідің өсері бар.

Өмірдің алды — ыстық, арты — суық,

Алды ойын, арт жағы мұңға жуық.

Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен,

Өмір сәуле көрсетер судай тұнық.

Жаманға “жар” деген-ақ ән көрінер,

Жақсы ән біле айтуға кім ерінер?

Жарамды әнді тыңдасаң, жаның еріп,

Жабырқаған көңілің көтерілер.

Қазақ халқы қашанда өнермен өнерпазға кенде болмаған ғой. Ал, ән әлеміндегі жұлдыздарымыздың орны бөлек. Аспан әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі – бағының жанып, бабының келіскені деп ұғамыз. «Жұлдызың жансын!» - деген қазақы ақ тілекпен бастап, ақындарымыздың аузына түскен:

«Жұлдыздар жерге жақындап,

Байланып қалған сияқты.

Қаз - қатар өскен тату бақ,

Ойланып қалған сияқты»



«Екі жұлдыз» байқауына қатысушыларды марапаттау.

  1. «Бас жүлде»

  2. «Ең үздік дауыс»

  3. «Жарасымды жұп»

  4. «Комедиялық» жұп

  5. «Лирикалық» жұп

  6. «Талантты» жұп

  7. «Биші» жұп

  8. «Ең әдемі»жұп

Жүргізуші

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар! Осымен бүкіл әлемді аралап, Қазақстанды жағалап, халықтың жүрегін жаралап келген «Екі жұлдыз» байқауы да өз мәресіне жетті. Біздің мақсат – бірін төрден, енді бірін өрден көрсету емес, осындай өнерпаздарымыздың өнерлерін мына сіздерге паш ету. Өнерлеріңіз өрге жүзсін дей келе ,баршаңыз да жұлдыз болуға лайықсыздар дейміз!

Бүгінгі «Екі жұлдыз» ән байқауының қатысушыларын матапаттау рәсімі

 Жүргізуші:

Осындай той қазақта бола берсін,

Көңілдерге жақсылық тола берсін.

Бақ-береке, дәулет, табыс, денсаулық

Әр отбасына молымен қона берсін!

Қорытынды.

«Екі жұлдыз» жобасына қатысушы лар «Атамекен» әнін орындайды.
























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!