Республика күніне
арналған
«Мәңгілік жаса, қыран елім
Қазақстаным!»
Қазан айының 24 күні Қаламқас
бөбекжай балабақшасында Оразбаева Света Ізбастықызы,Нұрмұханбет
Дидара Талантқызының
ұйымдастыруымен«Мәңгілік жаса,қыран
елім –Қазақстаным»атты мерекелік іс-шара
өткізілді.Іс-шара өткізудегі
мақсатымыз – жас ұрпақты Отанын сүюге, елін мақтан етуге,
салт-дәстүрін, тілін, тарихын құрметтей білуге тәрбиелеп, туған
еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. «Гүлдер» тобының
тәрбиеленушілері Республика күніне Ән ұран орындалып, Қазақстаным
отаным атты патриоттық әндер орындап, «Батырлар», «Шашу» атты
қазақтың ұлттық билерімен өнерлерін паш етті.
Бұл іс-шара біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында балаларды
тәрбиелеуде балабақша мен отбасы арасындағы өзара байланысты
күшейту, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеу, патриотизмге
тәрбиелеп, адамгершілік қасиет пен шығармашылық дағды
қалыптастырды.Атаулы мерекені өткізу барысында тәрбиеленушілер
жоғары деңгейде өнер көрсетіп, Республика күні – халықтың рухын
көтеруге, мемлекеттілікті нығайтуға, бірлігіміз бен
ынтымақтастығымызды нығайтуға арналған жарқын мереке екенін тағы
бір дәлелдеді
Іс-шараға балабақша ұйымның
меңгеруші, әдіскері және тәрбиешілері мен тәрбиеленушілер
қатынасты.
Қаламқас бөбекжай
балабақшасының «Гүлдер»тобының
тәрбиешілері:
Оразбаева Света
Ізбастықызы
Нұрмұханбет Дидара
Талантқызы