Материалдар / Маңғыстау өңірінің киелі жерлерінің географиялық зерттеулері

Маңғыстау өңірінің киелі жерлерінің географиялық зерттеулері

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу жұмысының тақырыбы физикалық география, Қазақстанның физикалық географиясы, өлкетану, туризм салаларына арналған еңбектер қатарын толықтыра алады. Зерттеудің негізгі қағидалары мен тұжырымдарын географ, геолог мамандар пайдалануына болады. Жұмыстың материалдары педагог-географтардың, сонымен қатар жалпы география және туризм саласындағы зерттеушілер мен өлкетану-мәдени мекемелер үшін де көмекші құрал ретінде практикалық қызығушылығын арттыруы мүмкін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Мамыр 2020
543
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТУРИЗМ КАФЕДРАСЫ






ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС


ТАҚЫРЫБЫ: «МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНІҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
ЗЕРТТЕУЛЕРІ»





Орындаған: Кенжебаева Н.И.
5В011600-география мамандығының
2курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Токтагулова У.С.
география магистрі, аға оқытушы








Алматы, 2020


Page 2

2


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ........................................................................................................................................3

I-ТАРАУ. МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.
1.1. Физика-географиялық орналасуы. Жер бедері мен этимологиясы...................................5
1.2. Табиғатжағдайы мен табиғи ресурстары.. ..........................................................................7

II-ТАРАУ. МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНІҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІНІҢГЕОГРАФИЯЛЫҚ
ЗЕРТТЕУЛЕРІ.
2.1. Өңірдің киелі жерлерінің географиялық зерттеулері........................................................12
2.2. Өңірдегі киелі жерлердің туризмді дамытудағы маңызы.................................................20

ҚОРЫТЫНДЫ ...........................................................................................................................24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ......................................................................25
















Page 3

3

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Маңғыстау өңірі Қазақстан Республикасында
табиғат жағдайы жағынан тарихи-мәдени қала. Маңгыстау жеті жұрт келіп, жеті жұрт
кеткен киелі өлке «Киелі Маңғыстау» деп аталады. Сол себептен де өңірді физикалық
географиялық тұрғыдан зерттегенде киелі жерлерінің географиялық зерттеулеріне
тоқталып өту өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Өңірде зерттеуді қажет ететін мәдени ескерткіштер мен киелі жерлер жетіліп
артылады. Маңғыстау облысының 10 нысаны «Қазақстанның киелі орындарының
географиясы» ұлттық арнайы жобаға кірді. «Рухани қазына» жобалық тобының мүшелері
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесіне Маңғыстау облысындағы тарихи-мәдени
мұралар тізіміне кіретін 161 киелі нысанды ұсынылды. Бұл нысандардың ішінен халық
жиі баратын және маңызы зор ескерткіштер таңдалды. «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-
зерттеу орталығы ғылыми-сарапшылар кеңесінің шешімімен 100 киелі орындардың тізімі
бекітілді.«Қазақстанның киелі орындарының географиясы» арнайы жобасы «Рухани
жаңғыру» бағдарламасының бағыттарының бірі және Қазақстанда ұлттық бірегей
элементтердің бірі саналатын мәдени-географиялық киелі орындар белдеуін құруға
бағытталған.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Маңғыстау өңіріндегі киелі жерлердіңжер бедері
мен этимологиясын, табиғаты мен табиғи ресурстарын физикалық географиялық жағынан
зерттеужәнеөңірдегі киелі жерлердің туризмді дамытудағы маңызы туралы түсінік бере
отырып, тарихи-этнографиялық жағынан өлкені сақтауға, қорғай білуге үйрету және
насихаттау.
Зерттеу жұмыстың міндеттері: Маңғыстау өңірінің географиялық орнының
ерекшеліктерін анықтау;табиғи ресурстарын айқындау; киелі жерлерін физикалық
географиялық тұрғыдан зерттеу, қорғау және сақтау жолдарын айқындау.
Зерттеу нысаны: Маңғыстау өңірінің киелі жерлерінің географиялық
зерттеулері.Зерттеу жұмысты жазу барысында зерттеудің бастапқы материалдарыретінде
жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулықтар, хр естоматиялық
материалдар және интернет көздеріндегі ғылыми тұрғыдан зерттелінген материалдарды
атауға болады.
Зерттеу әдістері: Жарияланған мақала, әдебиеттерді талдау, этнографиялық
мәліметтерді қолдана отырып, сипаттау, болжау, қорытындылау.


Page 4

4

Зерттеу жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының
теориялық негізін отандық ғалымдардың ғылыми қорытындылары құрайды. Зерттеу
жұмысын жазуда физикалық география саласы бойынша мағлұматтарға анықтаумен
сипаттау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының басты зерттеу бағыттары: «Діни және ғибадат орындары»
аталымына Маңғыстаудың қорымдары мен жер асты мешіттері кірді: 18 ғасырдағы
Оғыланды жеріндегі Бекет ата, Шопан ата (10-19 ғасыр), Ескі Бейнеу мен Бекет ата (11-19
ғасыр), Қараман ата (13-19 ғасыр), Масат ата (10-19 ғасыр), Шақпақ ата (9-10 – 14-19
ғасыр), Сұлтан епе (10-19 ғасыр), Сисем ата (13-19 ғасыр). Тарихи тұлғаларға қатысты
киелі орындар тізіміне Форт-Шевченко қаласындағы Шевченко Тарас Григорьевичтің
мемориалды кешені енгізілді.
Зерттеу жұмысының қолданыстық маңыздылығы. Зерттеу жұмысының
тақырыбы физикалық география, Қазақстанның физикалық географиясы, өлкетану,
туризм салаларынаарналған еңбектер қатарын толықтыра алады. Зерттеудің негізгі
қағидалары мен тұжырымдарын географ, геолог мамандар пайдалануына болады.
Жұмыстың материалдары педагог-географтардың, сонымен қатар жалпы география және
туризм саласындағы зерттеушілер мен өлкетану-мәдени мекемелер үшін де көмекші құрал
ретінде практикалық қызығушылығын арттыруы мүмкін.
Сонымен бірге зерттеу жұмысының материалдары «География» және «Туризм»
мамандықтары бойынша оқитын студенттерге жалпы және арнайы курстарды жүргізу
процесінде де қолдана алады.
Зерттеу жұмысы екі тараудан, кіріспе мен қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында
пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді. Жұмыс көлемі 25 бет.









Page 5

5

I-ТАРАУ. МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.
1.1. Физика-географиялық орналасуы.Жер бедері мен этимологиясы.
Маңғыстау өңірі физикалық географиялық орналасуы жағынан Қазақстанның
оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Облыстың батысы мен солтүстігін қоршай
орналасқан Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса,
оңтүстігінде Түрікменстан, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстан, солтүстігі мен
солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстарымен шектеседі. Өңір батысында Каспий
теңізіндегі Құлалы аралы; шығысында Қазақстанның Ақтөбе облысы және Өзбекстан,
Маңғыстаудың шектескен жерінде; оңтүстігінде Түркіменстан шекарасындағы
Қапыланқыр шыңдарының жар қабағы; солтүстігінде Атырау облысымен шекарадағы
Желтаумен шектесіп жатыр. Маңғыстау облысының ең биік нүктесі - Шығыс Қаратау
жотасындағы Бесшоқы тауы. Ең төменгі нүктесі Қарақия немесе Батыр ойысының түбі,
Бұл ойыс өзінің тереңдігі жөнінен дүниежүзінде бесінші орын алады.
Маңғыстау облысы Қазақстан Республикасының қиыр оңтүстік-батысында
орналасқан әкімшілік бірлігі. Маңғыстау облысы Атырау облысымен және Түркменстан
Республикасы мен Өзбекстан Республикасы және Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран
елдерімен шектеседі. Облыс 1973 жылы20 наурызда құрылды. 1988 жылдың2
маусымында таратылып 1990 жылдың 17 тамызында тарихи «Маңғыстау» деген атпен
қайта облыс болып құрылды. Облыс орталығы - Ақтау қаласы. Қазақстанның теңізбен
байланыстыратын жалғыз су бекеті Ақтау халықаралық теңіз сауда порты бар. Маңғыстау
жерінің тумасы жазушы Әбіш Кекілбайұлы Маңғыстауды «Ұйқыдағы аруға» теңеген.
Сонымен қатар ғарыштан түсірілген суреттерде Маңғыстау түбегінің контуры жас
келіншектің профиліне ұқсайды [1].
Маңғыстау өңірі көлемінің жер бедері әр түрлі. Солтүстік жартысын Желтау (қырат)
(221 м), Мың-суалмас (148 м) және құм алқабы (Қарақұм, Сам және басқалар), көлемді сор
(Өліқолтық, Қайдақ, Қаратүлей, Қаракешу және басқа) және Бозашы түбегі орналасқан
Каспий жағалауы алып жатыр. Орталық бөлігін Маңғыстау (Ақтау, Қаратау 556 м)
таулары, Маңғыстау үстірті және ТМД дағы ең терең ойпат (-132 м.) Қарақия ойпаты
орналасқан Маңғыстау түбегі алып жатыр. Оңтүстік батысында Кендірлі-Қаясан үстірті
орналасқан, оңтүстігінде - Қарынжарық ойпаты. Облыстың шығысын Үстірт шоқысы
алып жатыр.
Этимологиясына тоқталсақ, Маңғыстау сөзінің шығу тегіне қатысты сан түрлі
пікірлер бар. Соның бірі көшпелілердің құтты мекен, мың ауыл немесе мың қыстау дегені


Page 6

6

халық арасында кең таралған. 1985 жылы жарық көрген Е.Қойшыбаевтың «Қазақстанның
жер-су атаулары атты сөздігі» кітабында Маңғыстау атауының шығу тегі туралы төрт
болжам келтірілген. Біріншісі, өлке аты «мың» және «қыстау»тіркесінен шыққан. Екіншісі
- ноғайдың «менк» деген тайпасының атынан ауысқан. Үшіншісі көне түркі тіліндегі
«мен» төрт жастағы қой сөзіне «қышлақ» жалғауы арқылы қалыптасса, төртіншісі
Е.Қойшыбаевтың өз болжамы бойынша «Маңғышлағ» «Құбыжықтар тауы»дегенді
білдіреді.
Маңғыстаудың өлкетанушы ғалым Серікбол Қондыбай «құбыжықтарға» қатысты
болжам дұрыс деген ой айтады. Шығыс түркі және моңғол мифологиясында «маңғыш»
(маңғыс, мангус) айдахар, керемет құбыжықтар дегенді білдіреді. Моңғолдарда ол тек
зұлым, зиянды сипатқа ие болса, түркілерді екіұдай жақсы жаман қасиетке ие ретінде
баяндалады. Қондыбайдың айтуы бойынша Маңғыстауда мекен еткен оғыз түркмен
тайпалардың арасында «салыр» руы болған, бүгінгі түрікмен ұлтының құрамында «салор»
ірі руы тайпасы бар. Сонымен қатар Қытайдағы Цинхай өлкесіндегі түркі тілдес салыр
мен осы салор арасында тарихи генетикалық байланыс бар деген тұжырым айтады.
Маңғыстауға келген оғыздар Қаратауды «Маңғышлтағ» деп атаған. Айдахар туралы
аңыздар түрікмен халқында да, қазақ халқында да (Айназар батыр туралы) бар. Оғыз
салылар «Маңғыштағ» атауын өздеріне дейінгі аңыздарға негіздеп жасаған, аударма
(калька) топоним. Сондықтан «Маңғыстауды» маңғыш тау қорқынышты алып айдаһардың
мекендеген тауы немесе «айдаһартау» дегенді білдіреді деген тоқтам жасауға болады [2].
Маңғыстау облысы Маңғыстау түбегінде орналасқан. Облыстың атауы географиялық
орналасуына байланысты берілген. Маңғыстау туралы алғашқы деректер 950-960 жылдар
шамасында мұсылман авторы Мұқаддасидің шығармасындағы хазарлардың Джурджан
жағындағы шкарасы Бенкишлах деген қала атауы болған. Маңғышлақ атауы аталған
Махмұт Қашқаридың Түрік сөздігі еңбегінде жазылған дерек 1070 жылдап шамасында
болған. Маңғыстау туралы алғашқы жазба дерек 922 жылы Бағдадтан Еділ Бұлғармясына
барған араб елшісі Ахмед ибн Фадлан Хорезмде болып, одан әрі Үстірт үстімен
жалғастырып, жолшыбай 4 наурызда оғыз еліне жетеді. Жолда өткізген уақыттың
қысқалығына қарағанда бұл мекен Бейнеу мен Жылыой аудандарының аралығында
болған. Ибн Фадлан «Ар Рисале» атты еңбегінде оғыздар туралы біраз ақпарат келтірген.
Маңғыстау облысының жер көлемі 16 564,2 мың га құрайды. Облыстың әкімшілік-
аумақтық құрылымы 5 ауданнан, 5 облыстық маңызы бар қаладан, 6 кенттен, 55 ауылдық
елді мекеннен және 43 ауылдық округтен тұрады. Қала халқының саны 274,6 мың адамды
құрайды (76%), ал ауыл тұрғындарының саны - 87,1 мың адам (24%). Облыс орталығы -


Page 7

7

Ақтау қаласы, бұрынғы атауы Шевченко қаласы. Қаланың алғашқы іргетасы 1963
жылыЛенинград жобасымен Каспий теңізінің жағасында салына бастады. Халқы 2005
жылдың басында Ақтау қаласының халқы 159,2 мың адамды құрады. Бұл барлық облыс
халқының 44%. Ақтаудан Нұрсұлтанға дейінгі ара қашықтық - 2413 км. Ақтау қалалық
әкімшілігіне мынадай поселкелер кіреді: Маңғыстау (тұрғындарының саны 19,4 мың
адам) және Өмірзақ (1,4 мың адам). Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері алғашқы
құрылған аудан Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданы болып құрылды. Екінші аудан
Алматы қаласындағы Алатау ауданы. Мұнайлы ауданы Ақтау қаласының маңына жақын
шет елдерден отанына орала бастаған және қоныстана бастаған саяжайларды дамыту
мақсатында құрылды.
1.2. Табиғат жағдайы мен табиғи ресурстары.
Маңғыстау өңірінің табиғат жағдайы тоқталсақ, табиғаты ғажап. Бір жағынан
ақжелкеннің астында теңіздің таза ауасымен тыныстайтын немесе күн батқанда балық
аулау мүмкіншіліктері, құм жағалаулы Каспийдің жартасты жүздеген километрлері болса,
ендігісі дүние жүзіндегі әр түрлі шөлдердің көрінісі болып табылатын құмды аймақтар.
Ойпаттардың жұмбақтары және солардың ішінде дүние жүзіндегі ең терең
ойпаттардың бірі болып табылатын Дүниежүзілік мұхит деңгейінен - 132 м төмен
орналасқан Қарақия, ал басқа жағынан, Маңғыстаудың ортасында орналасқан Ақ тасты
Ақтау мен қара түнектей қап-қара тасты Қаратаудың таңғажайып әлемі. Сыңғырлап атқан
бұлақтар туындайтын ондаған жыралар және үлкен жасыл оазистер.Топырағы сортаң,
өсімдігі бұталы, ащылы, қысы ұзақ емес, бірақ желді, қара суық ызғырықты, ылғалы аз,
көктемі созылмалы, континентті шөл далаға жатады. Иә, Маңғыстау Каспий
жағалауындағы қызыл түсті шөл болып көрінуі де мүмкін. Бірақ шындығына келер
болсақ, бұл аймақ тарихи орындарға, аңыз - мұраларға өте бай. Маңғыстау - Ұлы Жібек
Жолының бір бөлшегі және қайталанбас сұлулық аймағы.
Өңірдің климаттық жағдайы Еуразия материгінің орталығында, әлемдік теңіз және
мұхиттан алыс қашықтықта орналасуына байланысты қалыптасады. Аймаққа тән
сипаттама бойынша жазы өте ыстық, осы ендік бойынша қысы суық, жылдық және
тәуліктік температураның күрт ауытқуы, жауын-шашыны аз және жыл мезгілі бойынша
тең таралмаған, ауасы қүрғақ; бұлтты аспаннан гөрі, ашық күндері мол. Осының бәрі
аймақтың қиыр солтүстігінде және солтүстік-батысында дала, орталығында шөлейт және
оңтүстігінде нағыз шөлді өңірлердің қалыптасуына әкеліп соқтырады. Жыл бойы ауа


Page 8

8

ағымының негізгі үш түрі әсер етеді: арктикалық, полюстік (немесе қоңыржай белдеулік),
торпикалық. Өңір қоңыржай белдеудің оңтүстік белігінде жатқандықтан, қоңыржай ендік
ауасының әсері басымырақ. Аймақтың ауа райына Атлант және Солтүстік Мұзды
мұхиттар да әсер етеді. Таулы кедергінің жоқтығынан, ауа ағымдары солтүстіктен
оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай еркін етеді. Атлант мұхитының теңіздерінен
келетін ауа үлкен қашықтықтардан өте отырып, көп ылғалын жоғалтады. Сейте тұра,
батыстан атмосфералық жауын-шашынның ең негізгі белігін әкеліп, қысқы
температураны жоғарылатады да, жаздғы температураны төмендетеді. Солтүстік Мұзды
мүхит аймағында қалыптасатын континенттік арктикалық ауаға қыста да, жазда да төмен
температура және аз ылғалдылық тән. Осындай ауаның келуіне байланысты
антициклондық ашық күндер орнайды. Мұндайда қыста аяз, жазда ыстық болады.
Арктиканың континенттік ауа массасы аймаққа жылдың мезгіл аралық кезеңінде жиірек
өтіп кетуіне байланысты,көктемде тым кеш (бесқонақ), күзде ертерек суық түсу
мысалдары ұшырасады. Каспий теңізінің климатқа әсері шектеулі. Оның әсері жағалауға
жақын жерлерде ғана байқалады, атап айтсақ, ауаның ылғалдылығы шамалы артып, қыста
температурасы жоғарылайды, ал жазда төмендейді, температураның жылдық және
тәуліктік амплитудасы кемиді. Осы жайттардың әсерінен тым қүрғақ континенттік климат
қалыптасады.
Атырау қаласында атмосфералық қысымының орташа жылдық мөлшері 1022 м б,
қыста 1027 мб, жазда 1012 мб, яғни Қазақстаннан басқа аймақтарына қарағанда жоғары.
Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдердің жиі қайталанып келетіні
байқалады. Қыста Каспийдің суы, іргелес жатқан құмды шөлдермен салыстырғанда, аз
ғана суиды. Осыған байланысты суық ауа ағымының шөлден Каспийге қарай ауысу
тенденциясы қалыптасқан. Аймақта жел қуатының қоры мол, оны шаруашылықта
пайдалануға болады. Күшті жел бұл аймаққа тән құбылыс. Каспий теңізінің жағалауы
қатты желімен ерекшеленеді, оның жыл сайынғы орташа жылдамдығы 6-7 м/сек, бұл
Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш. Мұнымен қоса, жазда жергілікті жел - бриз
(күндіз теңізден қүрлыққа қарай, ал түнде, керісінше, құрлықтан теңізге қарай соғады)
байқалады. Жылдың ең суық айы - қаңтар. Қиыр солтүстікте және солтүстік-шығыста
қаңтардың орташа айлық температурасы минус 10 -15,6°С (Ақтөбе). Маңғыстау
облысының оңтүстігінде минус 5,5°С (Аққұдық).
Жалпы алғанда, қысы қоңыр салқын, ал аймақтың солтүстігі, сол ендікте жатқан
Украинамен және Солтүстік Кавказбен салыстырғанда, біраз суықтау. Солтүстігінде қыс


Page 9

9

4,0 - 4,5 айға созылады, ал оңтүстігінде мерзімі қысқа да жұмсақтау. Қар жамылғысының
қалыңдығы солтүстігінде 15-20 см, оңтүстігінде 10 см-ден кем, солтүстікке қар мызғымай
3 ай бойы жатса, оңтүстігінде 1,5-2 ай ғана жатады. Кей мезгілде, қысы біршама суық
жылдары, аяздың көрсеткіші: Орал қаласында -43°С, Ақтөбеде -34°С,Маңғыстау
облысының оңтүстігінде -26°С. Алқаптың біраз бөлігінің жазы ыстық, құрғақ, күні ашық.
Шілде айының (ең ыстық ай) орташа температурасы солтүстігінде (Орал) +22,0°С,
оңтүстігінде (Аққұдық) +28,6°С. Кей жылдары ауаның температурасы +47°С-қа дейін
(Аққұдық) көтеріледі. Аймаққа үзақ мерзімді аязсыз кезең тән, бұл көрсеткіш 160-215
тәулік аралығында өзгереді. Мол жылу қоры аймақта жылусүйгіш ауыл шаруашылық
дақылдарын өсіру мүмкіндігін туғызады. Бірақ жауын-шашын мөлшері, тым аз, әсіресе
Маңғыстау облысының оңтүстігінде оның орташа жылдық мөлшері солтүстігінде (Орал)
360 мм, оңтүстігінде (Аққұдық) 150 мм. Өсімдік өсуге қажетті ылғал мөлшері жеткіліксіз,
сондықтан мұнда, негізінен,суармалы егістік алқаптары орналасқан. Жазда
температураның жоғары болуынан булану да артады. Мұны дақылдардың көпшілігінің
вегетациялық даму көзеңіндегі ылғалдылық жиынтығының жетімсіздік көрсеткішінен
(1105-2860) байқауға болады. Тіркелген ең суық күн 1969 жылы 10 акпан -28 градус
ыстык 43 градус (14.08.2006) орташа температура 12б2 орташа жылдық жауын-шашын
167 мм.
Маңғыстау өлкесінің дүниесін зерттеу жұмыстары ерте кезден басталып, 150 жыл
бұрын ботаник және әуесқой табиғат зерттеушілері: А. Шренк, И.Борщов, П. Семенов-
Тянь-Шаньский, И.Северцов, Эйхвальдтардың еңбектері арқылы ғылымға белгілі бола
бастады. Оның ішінде 1825-26 ж.ж. жарық көрген Эйхвальдтың – Каспий теңізінің
Маңғыстаудан Шағадамға дейінгі жағалауындағы өсімдіктер дүниесі туралы еңбегі
айрықша маңызды. Г.С. Карелин 1832 ж. Каспий теңізінің терістік шығысынан қамал салу
үшін қолайлы орын іздей жүріп, Маңғыстаудың өсімдіктер дүниесі жөнінде құнды
пікірлер қалдырды. И.Г. Борщовтың 1965 ж. жарық көрген «Арал-Каспий аймағының
ботаникалық географиясына материалдар» атты еңбегінде Маңғыстау жарты аралының
өсімдіктер дүниесі жөнінде көптеген ескертпелер жасалды. Маңғыстау жерін зерттеген
атақты геологтар Барбот де Марин, Баярунас, Андрусов, Алексейчиктердің еңбектерінен
де бұл аймақтың өсімдіктердүниесі туралы көптеген мағлұматтар алуға болады.
Маңғыстаудың құмды аймақтары мен Үстірт жонындағы түйелер де, сондай-ақ, Сам,
Матай құмадарында: сексеуіл, жүзген, жыңғыл, қоянсүйек, ақшаотау, шағыр, құсқанбас,
Орталық Үстірт жонының шығыс, терістік шығыс бөлігінде баялыш; тау бойы мен
Түпқараған аймағында және Оңтүстік Маңғыстау жазығының ойпаң тұстарында қарағаш,


Page 10

10

қаттықара, қараған, түйесіңір өседі. Сонымен қатар, жердің бедері мен құрылымына,
топырағының ащы, тұщылығына қарай теріскен, күйреуік, жантақ; құм жағаларында –
сүттіген, Бозашы түбегінің теңіз жағалауында сораң мен садақ, Оңтүстік Маңғыстау
жазығының үштен екі бөлігінде тітір шөбі өседі. Итсигекпен адыраспан,құрқашаш пен
сүттіген көбіне елді мекенде немесе мал көп жайлаған тұяқкесті жерлерде кездеседі.
Маңғыстаудағы жайылымның негізін құрайтын басты мал азығы – жусан. Жусан
аймақтың барлық жерінде өседі. Жусаннан кейінгі төрт түлік мал талғамай жейтін шөп –
күйреуік. Маңғыстауда тұрақты қоныс бола бермейді. Қысы қарлы, көктемі желсіз жылы,
жазы жаңбырлы болған жылдары шөптің қай түрі де: қызғалдық, сарғалдақ, раң, мортық,
сіргеқара, беде, мысыққұйрық, аққайың, жауылша, қазтабан, шытыр, қоңырбас, сіңбірік,
қоянжын; таулы жерлерде: киікоты, ерқұны, қына, түйежапырақ, қызылша; ащылы
жерлерде: көкпек, домалатпа, түйеқарын, алабұта, кекіре, торғайот,балықкөз т.б. қаптап
шығып,дала құлпырып кетеді. Бірақ, бұл сирек, 7-10 жылда бір кездесетін өзгермелі
құбылыс.
Маңғыстау өңірінің миллиондаған жылдармен өлшенетін тарихы, соған сәйкес, сан
алуан табиғат жаратылыстары мен жануарлар дүниесінің болғаны белгілі. Қазіргі кезеңде
Маңғыстаудың қай түпкірінен болса да тіршіліктің маусымдық ерекшеліктеріне
байланысты хайуанаттардың, бауырымен жорғалаушылардың, сүтқоректілердің,
кемірушілердің, жыртқыш аңдар мен құстардың шөл далаға тән өкілдерін кездестіруге
болады. Олардың ішінде: кірпі, дала тасбақалары, кесірткелер, жыланбас пен улы
қарашұбар жылан, оқ жылан, су жылан, құм жылан, сарыүйек, ешкіемерден бастап, дала
тышқандары: қосаяқ, сарышұнақ, күзен, қарсақ, түлкі, қасқыр т.б. жиі кездеседі. Ал,
мәлін, борсық, қарақұлақ өте сирек, оларды шалғайдағы қалыңдықтар мен мемлекеттік
корықтардан ғана кездестіруге болады. Сондай-ақ, көктем шыға келетін кішкентай көк
және сары шымшықтар мен күзгі салқындықтың хабаршысы суықторғайдан бастап, дала
құстарының үйреншікті түрлері: қарға, бозторғай, қараторғай, қарабауыр, шыл, жек,
қарлығаш, көкек пен кептер, жыртқыш құстар: қаршыға мен әр түрлі қарақұстар, дала
бүркіттері кездессе, теңіз жағалауы мен аралдарда: қасқалдақ, шағала, үйрек, торалақаз,
қоқиқаз, аққу сияқты су құстары мекен етеді. Үй жануарларынан жергілікті халықтың
өсіретін малдары: кәдімгі қазақтың түсайыр түйесі, Адай тұқымды жылқы, қаракөл қойы,
жеке қожалықтарда сиыр, ешкі түліктері. Бұлардың ішінде Адай жылқысы мен қазақтың
түсайыр түйесі - ғасырлар бойы түбектің табиғи ерекшелігіне сай қалыптасқан,
өміршеңдігі мен экономикалық тиімділігі жоғары тұқымдық қор болып есептеледі.


Page 11

11

Республикамызда өңір табиғи ресурстарға өте бай өлкелердің бірі болып табылады.
Осыған байланысты өңірде Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармалары қызмет жасайды. Өңірде табиғи ресурстарды өндіретін
өнеркәсіп орындары мен компаниялар жұмыс жасайды. Атап айтар болсақ, Каспий
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация, Маңғыстаумұнайгаз, Өзенмұнайгаз, ПМК, Ақтау
порты, Казмортрансфлот, Қаражанбасмұнайгаз, Қарақұдықмұнай, Бозачи, Каспий
меруерті оперейтинг, Ноперейтинг, Құрманғазы Петролеум, Хазар, Ерсай, МАЭК,
КазАзот, Kazakhstan, Теңіз сервис.



















Page 12

12

II-ТАРАУ. МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНІҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІНІҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
ЗЕРТТЕУЛЕРІ.
2.1. Өңірдің киелі жерлерінің географиялық зерттеулері.
Маңғыстау өңіріне ерекше өң беретін оның сирек кездесетін жер бедері. Ежелден келе
жатқан теңіздің толқындары бұл жерлерді миллион жылдар бұрын шайып жатқан
болатын. Маңғыстау түбегінде мемлекет қарамағындағы архитектуралық, археологиялық
және тарихи ескерткіштер сақтаулы. Сіз түзу жазықпен келе жатып, күтпеген жерден
көкжиекте аппақ таулар көрінеді. Соншама қабат болып, теңіз түбінде жатып, ондаған
метр қабаттар құрауы үшін қаншама миллиондаған жылдар қажет болды. Ары қарай
жазық күтпеген жерден жыралардан жасалған шытырманға айналады, олардың тереңдігі
200 – 300 метрдей болады және осылардың барлығы бір түсті емес әр түрлі ашық түстерге
боялғандай. Қазақстанның барлық жерінен және шекаралас мемлекеттерден қажылыққа
келушілер көп болғандықтан Маңғыстауды «Екінші Мекке» деп те атайды.
Сол себептен де өңірдің киелі жерлерін географиялық тұрғыдан зерттеуді қажет ететін
мәдени ескерткіштер мен киелі жерлер жетіліп артылады.Маңғыстау өңірініңкиелі
нысандары «Қазақстанның киелі орындарының географиясы» ұлттық арнайы жобасына
енді. «Рухани қазына» жобалық тобының мүшелері «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық
кеңсесіне Маңғыстау облысындағы тарихи-мәдени мұралар тізіміне кіретін киелі
нысандарды ұсынды. Бұл нысандардың ішінен халық жиі баратын және маңызы зор
ескерткіштер таңдалып алынды. «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы ғылыми-
сарапшылар кеңесінің шешімімен 100 киелі орындардың тізімі бекітілді.«Қазақстанның
киелі орындарының географиясы» арнайы жобасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының
бағыттарының бірі және Қазақстанда ұлттық бірегей элементтердің бірі саналатын
мәдени-географиялық киелі орындар белдеуін құруға бағытталған болатын.
Маңғыстау өңірінің киелі, яғни әулиелі жерлеріне тоқтала кетсек: Ақбота бүркіт,
Долы ала, Досалы әулие, Есенияз әулие, Көккүмбез, Қайып қорымы, Қара әулие,
Қаламқас, Қапам әулие, Қараша қатын әулие, Қоғам әулие, Құлмағанбет әулие, Әулие
балша ана, Көсем әулие, Мәді әулие, Баба түкті шашты әулие, Сабынды әулие, Дәрмен
ата, Әуел майрам әулие, Бала әулиелер, Шолақ тожал, Бибі әулие, Бүркітші әйел әулие,
Ақжігіт әулие, Есет ата әулие, Қамысбай әулие, Қаңғырғаз әулие, Қарабарақты әулие,
Құлбарақ батыр әулие, Құрманалы әулие, Бекбаулы ата. Үстірт-Бейнеу өңіріндегі
әулиелер: Сисем-ата, Әз әулие мен Бәйті, Ақпан Ысық, Аман қожа, Бейнеу ата, Қайырлап
Ата, Қызыл әулие, Қырық қыз, Қайғалы Баба. Түп қараған елді мекеніндегі әулиелер:


Page 13

13

Қаңға баба, Айназа әулие, Ақшора, Әжі-баба, Қарағашты әулие. Қарақия ауданындағы
әулиелер: Қарақия, Исан ата, Бектемір имам, Темір баба. Ақтау қаласы маңындағы
әулиелер: Қошқар-ата, Бегеш әулие, Ақ әулие, Алпықұлаш әулиелер бар. Қазіргі таңда
олардың ішіндегі кейбірінің сыры ашылмаған, толық зерттелмеген және жойылып бара
жатқандықтан, болашақ ұрпақты өңірдегі киелі жерлерді сақтап, қорғау, әрі қарай қайта
жаңғырту мақсатында жобаны жазу көзделді.
Өңірде киелі жерлерді қорғау мақсатында Маңғыстау облыстық қорық мұражайы
құрылған. Әр өңірдің тарихы мен табиғатына алғаш қадам жасамас бұрын, тарихи-
мәдени-табиғи құндылығын сақтап қана қоймай, сол орындар жайлы тарихынан мол сыр
шертететін қара шаңыраққа бас сұққанды жөн санадық. 35 жылдықтарихы бар ондай
қасиетті орынның бірі ол облыстық қорық мұражайы болатын. Қазіргі таңда мекемеде
«Ескерткіштерді есепке алу және қорғау», «Сәулет», «Археология», «Экскурсия-көпшілік
бөлімі» және ескерткіштердің құжаттары, тарихи деректер, бағалы кітаптар мен
жәдігерлер сақталатын «Қор» бөлімі жұмыс істеп тұр. Қорықтың қор бөлімінде 99771
дана артефакт пен жәдігер жинақталып, сақталуда. Тарихи-мәдени мұраның 13000-нан
астам объектілері зерттеліп, паспорттанған. Ерекше бір оқиға – 2014 жылдың тамыз
айында елімізде алғаш рет Ақтау қаласында Евразия мәдени мұрасының 7 халықаралық
конференциясы ұйымдастырылды. Нәтижесінде ЮНЕСКО тізіміне «Ұлы Жібек жолы»
бойында орналасқан бірқатар ескерткіштер енгізілді. Жылбойындақорықтың
«Маңғыстауескерткіштері, «Маңғыстаудың киелі орындары», «От киесі», «Ежелгі
Маңғыстау мұралары», «Ортағасырлық Қызылқала қалашығы», «Сисемата қорымы»,
«Маңғыстау петроглифтері» атты тақырыптық жылжымалы көрмелері қала тұрғындары
мен қонақтарға, студенттер мен жастарға, үйірме жетекшілері мен оқушыларға, өлкеге
саяхаттап келуші көрермендер назарына ұсынылып тұрады. Маңғыстау халқының өмірі,
тұрмысы, тыныс-тіршілігі тарихи-мәдени ескерткіштерімен тығыз байланысты. Бұл ғажап
сәулет өнерін шетелден келіп тамашалап, таңдай қағушылар қатары да аз емес.
Қараманата жерасты мешіті- Манғыстау жеріндегі тарихи орындар
зияратшылардың ынтық нысаны болып табылады. Ислам дiнi мен пұтқа табынушылық
кезеңдегі дәстүрлер тоғысуы да, бағзы заманнан сақталған. Жерасты мешiттеріде азиялық
суфизм тарихында өте сирек кездесетiн құбылыс. Бұл өңірде Шопан-ата, Масат-ата,
Шақпақ-ата, Бекет-ата, т.б. киелі орындар жалғасын тауып кете береді. Сондай орынның
бірі Қараман ата жер асты мешіті. Бір кездері елі үшін жан қиған бабаларымыз бастарына
әділетсіздік күні туғанда ант беріп анттасатын киелі мекен екен бұл Қараман ата жер асты
мешіті. Мұнда берілген ант елеусіз қалмайды екен. Егер кімде-кім антын бұзып, келеке


Page 14

14

етіп жатса онда қандайда бір келеңсіз жағдайға душар болады екен. Аңызы мен деректері
өз алдына бір тақырып. Қараман-Ата ескерткiшi Маңғыстаудың орталық бөлiгiнде, ол үш
бөлмеден тұрады. Кiре берiс бөлме, оған жалғас намаз оқитын зал. Онда төбенi тiреп
тұрған ұстындар бар. Төбе сол жердiң бетiн алып жатқан ұлутастан тұрады. Аңыз
бойынша Қараман-Ата Шопан-Ата әулиенiң iнiсi екен делiнедi. Екi мешiттi
жалғастыратын жер асты жолы болған, бiрақ ол уақыт өте құлап қалған. Қараман-Ата
мешiтiнiң салыну кезеңi ХІІІ ғ-ға тән дүние екен.
«Қазақстанның киелі 100 нысанының» қатарына Маңғыстау өңірінде орналасқан
бірнеше көнеден келе жатқан мәдени ескерткіштер кіреді. Олардың бірі осы аймақтағы ірі
және сәулеті жағынан ежелгісі саналатын – Шопан ата қорымы. Қорым – Батыс Қазақстан
жеріндегі көне (XII-XX ғасырларға) сәулет өнеріне жататындардың ең үлкені. Ол Қазіргі
Маңғыстау облысынағы Сенек деп аталатын ауылдың солтүстік-шығысынан әрі 25
шақырымдай жерде жатыр. Шопан ата аңыз бойынша Қожа Ахмет Яссауидің шәкіртті
болған екен. Бір күні ұстаз Яссауи барлық оқушыларын шақырып алып, садақ тартқызады.
«Садақ оғы қайда түссе, сол маңға мешіт салыңдар» деп тапсырады шәкірттеріне. Содан
Шопан ата оғын таудың етегінде орналасқан малға бай ауылдың маңынан табады да, сол
ауылға бақташы болып жалданады.
Шопан ата қорымы осында тұратын халықтардың салт-дәстүрін көрсететін діни
сәулетті құрылыс ретінде тұрғызылған. Қорым Орал-Каспий аймағындағы жер көлемі
жағынан ең ірісі, сондай-ақ мұнда екі мыңнан астам ескерткіштер бар. Олар қазақ және
түрікмен қорымдары деп екіге бөлінеді. Оның орталығында әктастан қашалып
тұрғызылған бірнеше бөлмелі мешіт тұр. Ал мешіттің ауласында киелі саналатын
тұтағашы мен жуынатын тассуатор орналасқан. Шопаната қорымының солтүстік-
шығысына қарай михраб, құжыралар мен намаз оқуға арналған жайлар, шығысында
күмбезді кесене, қойтастар мен сандықтастар, сол сияқты алыстан көзге ұрылатын
сағанатамдар бар. Бұл ескерткіштер әктас пен құмтастардан қашалып, әртүрлі
өрнектермен сәнделген.
Мешіт осы өңірдегі Шақпақ ата, Бекет ата мешіттері секілді жер асты деп атауға
лайық. Себебі, үстіңгі бөлігі осында орналасқан ескерткіштердің табанына барып тіреледі.
Мешіттің солтүстік-батысына қарай барлық аумақты негізінен түрікмендердің қойтас
түріндегі өңделген тас тақталар, көне қабырғалар, стелалар алып жатыр. Бұлардың
арасынан құмтастардан тұрғызылған қабырғалалар мен саркофактар көне сәулетімен


Page 15

15

дараланып тұр. Ал батыс бөлігінде қазақ руларының таңбалары салынған стелалар мен
бекіре пішіндес құлпытастарды жиі ұшыратасыз.

1-сурет. Шопан ата қорымы [3].
Мұндағы жерлеу құрылыстары сәулеттік пішіні жағынан сан түрлі болып келеді.
Олар көлемі, тегістігі жағынан, ою-өрнегімен ерекшеленіп тұрады. Бұлардың арасынан
оңтүстікке қаратып кесенелер секілді салынған сағанатамдар басымырақ және олар
басқалардан ерекше салынған.
Шопан ата қорымын 1952 жылы Малбағар Мендіқұловтың басқаруымен сәулет
экпседициясы кезінде зерттеле бастады. Ал 1977-78 жылдары бұл нысанды Қазақ КСР
мәдениет министрлігі, 1982 жылы тарих пен мәдениет ескерткіштерін қлрғайтын
республикалық қоғам арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сол жылы қорым
мемлекеттік қорғауға алынып, бүгінде Қазақстанның 100 киелі нысандарының қатарынан
табылып отыр. Қорымға сыйнып келетіндер мен қатар, саяхатшылар да жетерлік.
Қазақстанның киелі 100 нысандарының ішіндегі Маңғыстау өлкесінде орналасқан
Қараман атаның жер асты мешітін ерекше айтып кетуге болады. Себебі, бұл қасиетті орын
таудың төменгі бөлігіндегі үңгірлерді пайдалана отырып, ойып жасалынған. Қазіргі
орналасқан орны Маңғыстау өңіріндегі, Шетпе аталатын кенттің оңтүстік-батысына қарай
35 шақырымдық жер.
Қараман ата мешіті жалпы үшбөлмеден тұрады. Олар: кіреберіс бөлме, намаз оқуға
арналған бөлме және атаның өзі жер қойынына тапсырылған дөңгелек бөлме. Ортада
тұрған көлемі үлкендеу бөлменің төбесі тастан қашалынған бағаналармен бекітіліп,
төбесінен жарық кіруге ыңғайландырылып терезелер жасалынған. Бұл қорымның жалпы
аумағы шамамен төрт гектар жерді алып жатыр. Ал өзі XIII ғасырда тұрғызылған делінеді.
Қараман ата жайында бірнеше аңыздар бар. Оның бірінде Шопан ата інісі ретінде


Page 16

16

айтылса, кей ғалымдардың дерегінде Балқан түбегінен түрікмендерді Маңғыстауға бастап
келген ірі бекетрдің бірі болған делінеді. Жалпы, Қараман ата ислам дінінің суфизм
бағытын таратушысы ретінде танылған діндар. Десек те, кей авторлар атаны жағымсыз
кейіпкер ретінде көрсеткен аңыздарды таратады. Мәселен, М.Мирзаевтың кітабында
қарақалпақтың мынандай бір әңгімесі жазылған. Қараман атты адам жегіш, жалғыз көзді
алып болыпты. Ол Есім батырдың жолын кесіп, алдап, ажал апанына түсіріпті. Осы
халықтың арасында Қараман «Шық бермес, Шығайбай» секілді сараң бай болғаны
жайында тағы бір аңыз бар.

2-сурет. Қараман ата қорымы [4].
Түрікмен аңыздарынан да Қараман есімді адамды жолықтылады. Ел ішінде
абыройы асқақ, сый-құрметке ие Ақман және Қараман атты екі ағайынды ғұмыр кешкен
екен. Олар ұстазы болған Қожа Ахмет Яссауимен келісе алмай, батысқа қарай бет түзепті.
Содан бір күндері екі бауырдың бірі дүниеден озып, оның құрметіне қорым тұрғызылып,
мешіт салынған. Сол секілді қазақтардың арасында, соның ішінде адайлықтарда Қараман
ата қасиеті жайында бірнеше нақты дәйектер айтылады. Оның Есета ата баласы, Шопан
атаның немересі екені, атасы жанынан жер асты мешітін салдырғаны туралы әңгіме бар.
Дүниеден өткенде Қараман атаны сол мешіттің маңына жерлейді. Ол жерленген орын дау-
дамайды шешетін киелі жер болған. Мысалы, бір аңызда осы маңда мекен ететін екі ру
өкілдері бір іске келісе алмай, Қараман ата басына келіп, ант су ішуге уағдаласады. Қос
тарап ант берген кезде, бір рудың адамдарын түгелімен ажал құшқан екен. Себебі, олар
жалған уәде беріп, әлгі руды алдамақ болыпты. Сол секілді Пір Бекетке тағы да өзара
дауларын шеше алмаған рулар келіп көмек сұрайды. Сонда Бекет тұрып, «Қараман ата
басына барып бұл кикілжіңге нүкте қойыңдар» деп жіберіпті. Осыдан-ақ, Қaрaмaн aтa
қасиеті біраз елге таралған, беделді, ақ пен қараны тез ажырататын киесі бар адам
болғанын аңғаруға болады. Сондай-ақ, тірі кезінде жастарды дұрыс жолға жөн сілтеп,
ақыл-кеңесін айтып отырған.


Page 17

17

Бүгінде Қараман ата қорымының негізгі бөлігі қоршалып, 1982 жылдан бері
мемлекеттік қорғауға алынған. Қорымның оңтүстік-батыс аумағында VIII-IX ғасырларда
белгі қойылған қабір үстіндегі қырықтан аса ескерткіштер бар. Сол секілді мұнда адай
рунынан шыққан елге аты мәш һүр болған бірнеше адамдар жерленген. Ол
ескерткіштермен қосқандағы жер көлемі шамамен жеті гектар. Қараман ата ескерткіші
қазірге кезде тарихи жәдігер, мәдени құндылық ретінде заңмен қорғалып, міне,
Қазақстанның киелі 100 нысанының қатарына жатқызылып отыр. Маңғыстау өңірінде
орналасқан киелі мекенге саяхатшалар жан-жақтан келіп жатады.
Осы өлкеде тағы бір еліміздің киелі 100 нысанының қатарынан табылып отырған
жeр aсты мешіті бар. Ол – Мaсaт ата мешіті.Киелі орын Маңғыстау ауданында орналасқан
Үштаған атты ауылдың оңтүстік-шығысынан әрірек 15 шақырымдай жерде. Мұндағы
қорымда бес жүзден аса ескерткіштер бар. Олар орта ғасырдағы түрікмендердің
қойтастары, тастан жасалған қоршаулары және тастан қашалған белгілері, олар шамамен
XIV- XVIII ғасырларға жатқызылады. Ал қорымның солтүстік күншығысынан сәл берірек
XVIII-XIX ғасырларға жататын қазақ руларының ескерткіштері қойылған. Бұл қорымдағы
ерекше орын оңтүстік-батыс бағытындағы жартастан ойылып салынған жер астындағы
мешіт. Киелі орынның іші қазақтың киіз үйі тәріздес, төбесі шаңырақ секілді ойылған.
Кіреберістің оң жағында михраб, сөрелер жасалынған, ал осындағы дәліздің бағыты
қасиетті Меккеге қаратылып тұр. Мешіттің батысында үш метрдей қазылған орын жатыр,
ғалымдар мұны мешіттің екінші бөлігі ретінде қазылған болуы мүмкін дейді. Масат ата
жер асты мешіті 1982 жылы мемлекет қорғауына алынған. Кей деректерге сүйенсек,
Масат ата Маңғыстау өлкесіне сонау Хорасандағы Мешхед атты қаладан келген екен.
Бұрынырақ елін жаудан қорғаған, батырлығы рудан-руға таралған, өте білімді,
діндар Масат атты адам ғұмыр кешіпті. Оның ерекше қасиеті – атқан оқ денесіне
өтпейтіндігі, шапса қылыш кеспейтіндігі. Басын алмаққа келген барлық дұшпандарының
сағы сынып, діттегендері болмай, тістерін қайрап кері қайтады екен. Әбден әбігер болған
жаудың бір жансызы Масат батырдың осал тұсын табу үшін жас әйелін алдап, қолға
түсіреді. Онымен жақындасып, барлық сырын сұрап алады. Батыр тек таң намазы кеізнде
адами қалыпқа түсіп, барлық тамыры иіп, бусап кетеді екен. Тіпті жайнамаздың
астындағы тас та жібіп, былқылдап тұратын көрінеді. Жау жансызы осы бір сәтті
тағатсыздана тосып отырып, намаз үстінде бaсын шауып алады. Шабылған басын етегіне
салған күйі Масат орынан тұрып, ары қарай жүгіре жөнеледі. Бір жамандықты сезген
биесі де кісінеп, құлынын ерте иесінің артынан шабады. Сонда құдіретті күштің


Page 18

18

арқасында жер өздігінен екіге жарылып, оның ортасына кесілген басын қысып ұстап алған
Масат пен биесі түсіп, көзден ғайып болыпты. Бұл аңыз бүгін болғандай тас бетінде
Масат ата мен биесінің ізі әлі сайрап жатыр. Тіпті шашыраған қан іздері де қазір
төгілгендей жауын-шашынға жуылмай тұр. Ел осы оқиғадан кейін бұл жерді Масат ата
деп атап кетіпті. Батырлығы мен даналығы ауыздан-ауызға аңыз боп жеткен Масат атаның
жер асты мешітіне келушілердің саны азайған емес.
Бекет ата мешіті. Бекет атаның өмірінің соңғы кезінде тұрғызған мешіті Маңғыстау
облысының Қарақия ауданы, Жаңаөзен қаласынан оңтүстік-шығысбағытта 180 км, Сенек
ауылынан солтүстік-шығысбағытта 95 км қашықтықтаорналасқан. Мешіт табиғаты
көркем Оғыланды жеріндегі ақ-бор тасты тау шатқалының терең орта қабатынан ойып
жасалған. Маңғыстау, Үстірт, Атырау мекендеген Адай тегінен шыққан қазақ халқының
данасы. Келіп-кетіп жатқан зияратшыларда қисап жоқ. Еңбектеген баладан, еңкейген
кәріге дейінгі зияратшылардың таңдай қақпағаны кем де кем. Мешітке жеткенше
ирелендеген тасты тепшектермен төмен қарай ылдилай бересіз. Әсем табиғат, жел мен
жауынға мүжілген тау тастары, қыр етегіне тырбия өскен жыңғылдар өзге бір әлемге
жетелеп бара жатқандай күй кештіреді. Бекет Мырзағұлұлыныңтуғанжері қазіргі Атырау
облысының Жылой ауданы Ақкиізтоғай ауылы. Жас кезінде қолына қару алып, көршілес
қалмақ, түрікмен тайпаларымен шайқасып, халқының егемендігін қорғаған Бекет
батырлығын танытып, табиғи күш- қуатымен ерекшеленіп, ел аузында Ер-Бекет атанды.
Жаугершілікті тоқтатып, елінде бейбітшілік орнағанын, көршілес халықтармен достық
қарым-қатынас құруды армандаған Бекет құдай жолына түсіп, Хиуаға медресеге оқуға
аттанған. Атақты Бақыржан-қажыдан дәріс алған Бекет еліне қайтып, ұстазының ісін
жалғастырып, жер-жерден жерасты мешітін салған. Қараңғы халқының дінге, білімге
көзін ашып, мәдениеттің өркендеуіне, болашаққа жол ашуға себеп туғызған. Жер асты
ғимараты маңында кезінде Бекет-ата пайдаланған бұлақтар, құдықтары сол күнне
сақталып қалған. Мешіттөртбөлмедентұрады, төргі бөлмеде қасиетті сырық ағашы бар.
Олпайғамбаржасынакеліп қайтысболған. Бекет-атаның мүрдесі осы мешітте қабірленген.
Ескерткiш кiре берiс дәлiзден, дұға оқитын залдан, тұрғын бөлмеден, қабiрханадан
тұрады. Ортаңғы бөлменiң төбесiнде жарық түсу үшiн жасалған саңлау бар. Бекет-ата
жерасты мешіті – оның дарынды сәулеткерлігінің, биік талғамының куәсі, халық құрмет
тұтатын, әулиелікорындепсаналады.Бұл күндерi ол елдiң көп баратын, зиярат етiп,
түнейтiн бiрден-бiр киелi орны. Киелі мекеннің қасиетті жануарлары арқарларда да
бейқам келе жатқан зияратшы алдынан шыға келуі де ғажап емес.Бұл кез зияратшы үшін
бақытты сәт деп саналады. Иә тылсым дүниеге толы құтты мекен. Мәдинада Мұхамед
Түркістанда Қожа Ахмет Маңғыстауда Пір Бекет деп айтылуы әсте тегін емес. Маңғыстау


Page 19

19

өңірі тек мұнайымен ғана емес қаймағы бұзылмаған тарихи -мәдени- рухани
мұраларғабарынша бай өлке.


3-сурет. Бекет ата қорымы [5].

Беймәлім – Бейнеу. Сырт көзге аумағы кіші болғаны мен ішкі дүниесіне сүңгіп
кетсеңіз бейне бір сырын бүккен қамал іспеттес. Шын мәнісінде шойын жолмен арыл-
берлі өткен жүргінші арнайы ат басын бұрмаса, бұл ауылды жай ғана қарапайым
ауылдардан айырмашылығы жоқ деп түсінер еді. 1973 жылы құрылған Бейнеу ауылы
Маңғыстаудың солтүстігінде орын тепкен. Оңтүстігі Түркіменстанмен, оңтүстік шығысы
Қарақалпақстанмен, ал солтүстігі Атыраумен, сотүстік шығысы Ақтобе облыстарымен,
батысы Каспий теңізінің сорларымен шектесіп жатыр. Ескі Бейнеудегі Бекет-ата жерасты
мешіті Бейнеу кентінен оңтүстік бағытта 20 км қашықтықта орналасқан екен. Қос қақпасы
ашылып мешіт аумағына қадам басқанымызда ерекше әсер алдық. Шөлді алқап болсада
жол жиегін жасыл желекке көмкеріпті. Ақ-борлытасты тау мүйісінен ойып жасалған
мешіт негізгі үлкен бір бөлмеден тұрады. Диаметрi 4,5 м төбенi үңгiп, киiз үй түрiнде
жасаған ескерткiш. Үйдiң батыс жағында михраб, солтүстік бетiнде шағын дәлiз үшiншi
бөлмеге апарады. Шығыс жағында тағы бiр бөлмесi бар. Осы соңғы бөлмеде бiрнеше адам
жерленген. Ескерткiш қабырғаларында ою-өрнектер салынбаған. Мешіт айналасында
көлемі үлкен қорым бар. Ол қорымда Бекет атаның туған ағасы Меңдіқұл батыр
жерленгені туралы Бекет атаның 6 ұрпағы Тәшіп Қалымбегі Әбуұлы әңгімелеп берді.
Мешітке кіре берісте киелі бұлағы да бар. Зияраттап келгендер сол бұлақ суынан алып
мейірлене ішіп жатыр. Артығын ыдыстарына құйып алып кетеді екен. Бекет-ата қазақ
халқының ағартушысы ретінде бірнеше бала оқытатын мешіттер тұрғызған. Көшпелі
өмірге үйренген қазақ халқының тұрақтайтын қоныстарына ыңғайлы және Орта Азиядан
келетін көне керуен жолының бойында орналасқан мешіттің бірі осы – Ескі Бейнеудегі
мешіт. Бекет-Атаның Бейнеудегi мешiтiне 1825 жылғы 1 Үстiрт экспедициясының
құрамында Э.А.Эверсман, А.О.Дюгемель сияқты ғалымдар келiп ескерткiштiң суретiн


Page 20

20

салып қалдырған. Бекет-Атаның бұдан басқа Жем ө-нiң бойында, Арал теңiзiнiң
жағасында мешіттері болған. Ел аңызы Бозашыдағы Тасым ойындағы шағын мешiттi де
Бекет есiмiмен байланыстырады екен. Мешіттен қайтар сапарда аудандық өлкетану
мұражайына соғып ауылдың тарихынан дерек алғанды жөн санадық. Сырт пішіні шағын
болғанымен ішіне енсеңіз өзгеше әлем. Бүкіл Маңғыстау тарихын осы мұражайға тізіп
қойғандай. Мұражай төрінде барлық жасауымен қазақтың қара шаңырағы киіз үйі. Ішіне
енсеңіз көз жауын алатын баға жетпес дүниелер жинақталып тұр. Ескі дүние болсада осы
киіз үй арқылыда өңірдің қаншалықты бай екеніне көз жеткізуге болады. Осы жерді
мекендейтін түз тағылары, жабайы құстар, үй шаруасына қажетті құрал-саймандар. Тіпті
мың бұралған қыз-келіншектердің асыл тастардан көмкеріліп жасалған зергерлік бағалы
бұйымдарыда бұл мұражайдан ойып тұрып орын алыпты. Қазақтың шырайлы өлкесі
мұнайлы өлкесі әлі талай туристке таңдай қақтырары сөзсіз.


4-сурет. Ақтау [6].
2.2. Өңірдегі киелі жерлердің туризмді дамытудағы маңызы.
Маңғыстау әулиелер мекені болып саналады. Бір кездері Ұлы Жібек жолында елмен
елді елдестіріп, татулық пен бірлікке, экономикалық өрлеуге бастау болған 362 әулиенің
мекені саналған ұлы дала Маңғыстау жері қаншама тарихи кезеңдер мен оқиғалардың
куәсі бола білген қастерлі өңір. Сондықтанда Маңғыстау жері Қазақстан
Республикасының ішкі туризм саласын дамытуда үлкен мүмкіндігі бар аймақ. Бабалардың
батасы, аналардың аманатын арқалаған қаситетті мекенге табан тіреудегі мақсат сол
тарихи кезеңдерден қалған рухани орындарды аралап, ой елегінен өткізіп рухани
дүниемізді байытып, байтақ елдің жер асты мешіттерін тамашалау болатын.
Туризм саласын дамытудың экономикалық тұрғыда және Қазақстанның табиғи,
тарихи, мәдени-рухани келбетін өзге елдерге таныту бағытында екіжақты пайдасы бар


Page 21

21

десек, таңғажайыптарға толы Маңғыстаудың туризмнің нағыз ордасы болуға мүмкіндігі
зор. Өңірде туристік әлеуетті дамытуда классикалық, экотуризм, этнотуризм және
биотуризм сынды бағыттар ұсынылғанмен, олардың жүзеге асырылу объектілері үш
бағытты қамтиды, біріншісі - даланың табиғи ерекшеліктері, қызғылықты табиғаты болса,
екінші бағыт – адам қолымен жасалған құндылықтар, сәулет мұралары. Ал, үшінші бағыт
– Каспий теңізінің жағалауындағы туризм. Қазақстанның жеті кереметінің үшеуі Бекет ата
жерасты мешіті, Шерқала тауы мен Қарақия ойпаты орналасқан даладағы тұлғасы бөлек
тау мен тас, сырын сыртына шығармаған күйі сусыған жал-жал сары құмдар, терең
ойларға бастайтын ойпат, тамшысымен таңғалдырған Тамшалы, алыс замандардың
иіріміне үйіре жөнелетін Айрақты, бұл дүниенің әлі ешкім шеше алмаған жұмбағының
бірі өзі екендігін еске салғандай, адам қолымен жасағандай дөп-дөңгелек шар тастар,
айдалада ұмыт қалған айнадай аппақ сор мен ұлан-ғайыр тақыр-жазықтықтар туристерді
таңғалдыра алатынына күмән жоқ.
Өңірде облыс орталығы Ақтау қаласынан ең шалғай өңірлерге жол тартпай-ақ,
Тамшалы, Жығылған жерінен бастап, одан әрі қарай ортағасырлық Сұлтан епе жерасты
мешітіне зиярат етіп, Солтүстік Ақтау сілемдерін қақ жарып өтетін Қапамсай арқылы
Шақпақ ата жерасты мешітіне зиярат жасау туристік сапардың жолы ретінде сұраныстар
жасалған екен.Торыштағы шар тастар алқабына дейін туристердің табиғаттың талай
таңғажайыбын тамашалауға мүмкіндігі бар, одан әрі жолды Шерқала-Ақмыш-Қызылқала
қалашығына бағыттап, Айрақты тауына маңдай тіреген жолаушы әрі қарай акула тістері
шашылып жатуымен алыс ойларға жетелейтін Тетис мұхитының орны – Тұзбайыр соры
арқылы белгілі Үстірт қырына шығып кете алады. Бозжыра жазығына ат суытып алып,
Маңғыстаудың ойындағы Түйесу құм массивтерін басып өту арқылы Тоқмақ мүйісіне көз
сүйсіндіріп, Қарақия ойпатына көңіл тоғайтып Ақтауға келіп аттан түсуге болады.Аптаға
созылатын осы маршурттың өзі Маңғыстаудағы мақтаулы нысандарды түгел емес, алайда
шет-шетінен көріп шығуға мүмкіндік береді. Ал тарихи-мәдени ескерткіштерге келсек,
өлкеде қазіргі таңда он үш мыңнан астам тарихи-мәдени нысандар зерттеліп, құжатталды.
Төрт жүз қырықтан астам ескерткіш мемлекеттік қорғауға алынды, олардың жиырма бірі
республикалық маңызға ие.
Екі жүз қырық тоғыз археологиялық ескерткіш толықтай зерттелген десек, оларға тас
дәуірі соңындағы тұрғын кешендер, қола дәуірі мен ерте темір дәуіріндегі діни-жерлеу
нысандары, ортағасырлық ескі қалалар, бекіністер, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан
керуен сарайлары, археологиялық орындар, сәулеттің үлкен және шағын формалары


Page 22

22

кіретін жүз қырық кешендік ансамбль, сонымен қатар сәулет пен құрылыс мәдениетін
танытатын алпыс ескерткіш жатады. Жерасты мешіттері, қауым -қойылымдардағы
құлпытастар мен тамдар ерекшеліктері туристерді таңғалдыратыны анық.
Қазіргі таңда Мемлекет басшысының «Цифрлы Қазақ стан» мемлекеттік
бағдарламасын жүзеге асыру аясында өңірдегі туризм басқармасының айналысуымен
Маңғыстаудың сакралды және тарихи-мәдени көрнекті жерлерінің цифрлы картасын
әзірлеу бойынша жұмыс қолға алынды.
Өңірдің туристік әлеуетін дамыту әрі алыс-жақындағы туристерге өлке туризмі
туралы мағлұматтың қолжетімділігін арттыру мақсатындағы жобалара қолға алынған
екен. Ұсынысты Маңғыстау облыстық туризм басқармасының б асшысы Ө.Бисақаев
«2ГИС-Ақтау» компаниясы қолдап, қазіргі таңда тарихи-мәдени және табиғи нысандарды
цифрлы картаға енгізу бойынша көптеген жүргізілгенжұмыстар тек жобаның бірінші
кезеңінің ғана үлесіне тиді.
Жаңа жоба аясында өңірдің 24 киелі жерлері мен тарихи-мәдени орындары цифрлы
картаға енгізілген және бұл бірлескен жоба Маңғыстауды Қазақстанның киелі жерлері
мен көз тартарлық ландшафты-географиялық жерлерінің бірі ретінде насихаттау
мақсатында тегін негізде жүзеге асырылды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде «2ГИС-
Ақтау» қосымшасында нысандарға баратын маршруттар құру мүмкіндігі, сонымен бірге
көз тартарлық көгілдір айлақ, яғни жағажай, Саура, Тамшалы, Жығылған, Сұлтан епе
жерасты мешіті, Қапамсай, Шақпақ ата, Шарлар сайы, Отпан тау, Айрақты-Шоманай,
Шерқала, Тұзбайыр, Сфинкс, Сисем ата қорымы, Бекет ата жерасты мешіті, Найза тау,
Бозжыра, Шопан ата жерасты мешіті, Радон ыстық су көзі, Песчаный мүйісі, Тоқмақ
тасты жағажайы, Кендірлі, Қарынжарық ойпаты және Булыойық үңгірі сынды көрікті
орындарына қатысты оффлайн режіміндегі мүмкіндік пайда болды. Олар Ақтау қаласынан
шалғай орналасқандықтан, жол-көлік қатынасы қиындық туғызады [7].
Ол орындарды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және туристерге қолайлы
жағдай жасау көп қаражатты талап етеді және қысқа мерзім ішінде жүзеге асыру мүмкін
емес екендігі белгілі. Демек, Маңғыстауда туризм саласында жұмыстар ауқымды деңгейде
қарқын алып кетпегенмен, бастамашылық бағыттар қалыптасқандығын көрсетеді.
Өңірге туристік мақсатта келушілер саны жыл сайын артып келеді. Мысалы, өткен
жылы ішкі туризм бойынша Маңғыстаудың көрікті жерлеріне 177 178 турист келген
болса, келу туризмі бойынша 28 726 адам Маңғыстау табалдырығынан аттаған. Бұл екі
көрсеткіш те салыстырмалы түрде қарағанда 2016 жылғы деңгейден жоғары. Ал Каспий


Page 23

23

теңізі жағалауы өз түлеуін күтіп жатыр деуге болады. Теңіз жағасындағы ересектер үшін
демалыс орындары, балалар үшін жазғы лагерьлер ашуға болатын орындарды тауып, ол
жерлерге инфрақұрылым жеткізу қажеттігі туындайды. Қазір теңіз жағалауындағы
жекелеген демалыс базалары жұмыс істейді, Жаңаөзен қаласынан 70 шақырым
қашықтықтағы Кендірлі шығанағынан курортты аймақ салу жобасы жүргізілуде.
Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін туристік саланы дамыту тұжырымдамасына
енгізілген Каспий теңізінде халықаралық теңіз круизін дамыту мәселесі бойынша
Ресейдің Астрахань қалалық әкімшілігімен келісімдер жүргізілді [8].
Сондықтан іс басындағылар Маңғыстауда таяудағы 5 жыл ішінде нақты бірнеше
аймақта қажетті инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән бермек. А лдымен Ақтау
қаласының теңіз жағалауы аймағында электр жарығының жүйесін, сумен және газбен
қамту, кәріз жүйесі, жолдарды жөндеу мен салу жоспарлануда. Бұл – қонақүй кешендері
мен демалыс базалары құрылысын салу үшін инвесторлар тартуға мүмкіндік береді. 2-3
жұлдызды, яғни халыққа қолжетімді кешендер салу қаралып, қазіргі таңда Ақтау қаласы
әкімдігі жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуде.
Шопан ата, Бекет ата киелі орындары жұмыс жүргізудегі екінші бағыт ретінде
анықталды. Жұмыс барысында Бекет атаға дейінгі 100 шақырымдық жол учаскесін
асфальттау басталды. Бұл жолдың 0-51 шақырымдық аралығын жөндеу үшін республика-
лық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді, жалпы жұмыстың бірінші кезеңі деп аталған бұл
кезең 2019 жылдың қараша айында аяқталмақ. Үшінші аймақ – Маңғыстау және Түпқара-
ған аудандарының аумақтары.Бұл бағыттағы бірінші кезеңде Шерқала тауы, Отпан тау,
Көгез этноауылы, Торыштың шар тәрізді конкрециялары, Жығылған, Форт-Шевченко
қаласындағы Мұрын жырау мұражайына бару мүмкіндіктері кеңейтіліп, нысандарға
жолдар салу, электр жүйесін тартып, сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Ал Тамшалы,
Самал, Саура, Көгілдір айлақ екінші кезең жұмысына енгізілген. Аталған жобаларды
жүзеге асыру үшін 10 млрд-тан астам теңге қажет екен. Маңғыстау туризмін жаңаша
түлету заман талабы.
Мемлекет басшысының Маңғыстауда туризм саласын қолдап, дамытуға тапсырма
беруі бұған дейін белгілі-белгісіз талай мүмкіндіктердің жарыққа шығып, өз дәрежесінде
түлеп, халық игілігіне жарайтындығына сендіреді. Маңғыстау туризмі алыс-жақыннан
келген шетелдіктерді ғана емес, өз отандастарымызды да қуантып, қазақ даласының
мәртебесін тағы бір көтере түсетіні анық. Өңірдегі туризм саласында біткен істен гөрі
бітірер істің көп екені түсінікті, мәселеге мемлекет тарапынан қолдау болатындығы
саланы соны серпіліс, тың түлеу күтіп тұрғандығын білдіреді.


Page 24

24

ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу жұмысында Маңғыстау өңірінің киелі жерлерінің геогрфиялық зерттеулері
қарастырылды. Өңірдегі киелі жерлердің көптеп орналасуының өзі табиғатының
ерекшелігінде екені айқындалды.
Ғылыми жобада талданған мәселелерді тұжырымдай келе төмендегідей түйіндер
жасалды:
Біріншіден,өңірде киелі жерлердің көбісі қараусыз қалып, жойылып бара
жатқандықтан қайта жаңғырту керек екендігін көздеп өңірдің физикалық географиялық
орналасу ерекшеліктері мен жер бедері, этимологиясы және табиғат жағдайы мен табиғи
ресурстарына тоқталып, олардың қазіргі жағдайына сипаттама берілді.
Екіншіден, өңірдің киелі жерлерінің географиялық зерттеулеріне тоқтала отырып,
осы киелі жерлерге емдік шипа іздеп келген еліміздің халқының және де өзге елдердің
халқының қызығушылығын арттыра отырып, өңірдегі киелі жерлердің туризмді
дамытудағы маңызы туралы мәліметтер қозғалды.





















Page 25

25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Кекілбаев Ә. Өскен Орда. –Алматы, «Зерде баспасы» 2003, -350б.
2. Қондыбай С. Маңғыстау географиясы. Толық шығармалар жинағы, -Алматы, «Арыс
баспасы» 2008, 3-том
3. Маңғыстау энциклопедиясы. –Алматы, 1997, -382 б.
4. Қондыбав С. Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары. -128б.
5. Сыдықұлы Қ. Бекет-Ата. –Алматы, «Арыс баспасы» 1994, -125б.
6.Маңғыстау облысының cтатистика департаменті, 2016 жыл, http://stat.gov.kz/
7. Маңғыстау Жаңа өмір газеттері.
8. Кенжебаев А. Жаңа өмір. 1993
9. Нығметуллаев М. Маңғыстау. 2003
10. Жақып Б. Ө. Қазақстан табиғаты. Алматы, 2013. ІІІ-Vтомдар. – 368 б.
11. Национальный Атлас Республики Казахстан: Том 1. Природные условия и ресурсы. -
Алматы, 2012,-125б.
12.Республика Казахстан. Том 1: Природные условия и ресурсы /под ред. Н.А. Искакова,
А.Р. Медеу. – Алматы, 2006, – 506б.
13.БейсеноваӘ.С. Қазақстан табиғатының зерттелуі. Алматы, 2013. – 460б.
14.Бейсенова Ә.С., Каймулдинова К.Д. Қазақстанның географиялық Атласы. Алматы:
Глобус, 2004. – 64б.
15.Ақпамбетова К.М. Қазақстанның физикалық географиясы. Қарағанды, 2012. - 138 б.
16. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық
қоры, 2005.













Page 26

26

Ғылыми жұмыстың аңдатпасы
1. Маңғыстау өңірінің киелі жерлерінің географиялық зерттеулері.
2. Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік рубликаторға негізделеді (сәйкес
ғылымдар жүйесі) -39.19-Физикалық география.
3. Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті.
4. Жұмыстың аяқталған уақыты 22.01.2020ж.
5. Жұмыс көлемі - 25 бет.
6. Қосымшалар саны -
7. Көрнекілік саны - 4
8. Кесте саны -
9. Пайдаланылған әдебиеттер - 16

















Page 27

27

Қосымша 1.
Ғылыми жұмысқа мінездеме
1. Ғылыми жұмысының мақсаты: Маңғыстау өңіріндегі киелі жерлердің жер бедері
мен этимологиясын, табиғаты мен табиғи ресурстарын физикалық географиялық жағынан
зерттеу және өңірдегі киелі жерлердің туризмді дамытудағы маңызы туралы түсінік бере
отырып, тарихи-этнографиялық жағынан өлкені сақтауға, қорғай білуге үйрету және
насихаттау.

2. Зерттеу жүргізу әдістері: Жарияланған мақала, әдебиеттерді талдау, этнографиялық
мәліметтерді қолдана отырып, сипаттау,болжау, қорытындылау.

3. Ғылыми жұмыстың негізгі нәтижелері (ғылыми, практикалық):
Ғылыми нәтижесі. Маңғыстау өңірінің киелі жерлерінің геогрфиялық зерттеулері
қарастырылды. Өңірдегі киелі жерлердің көптеп орналасуының өзі табиғатының
ерекшелігінде екені айқындалды.
Ғылыми жобада талданған мәселелерді тұжырымдай келе төмендегідей түйіндер
жасалды:
Біріншіден, өңірде киелі жерлердің көбісі қараусыз қалып, жойылып бара
жатқандықтан қайта жаңғырту керек екендігін көздеп өңірдің физикалық географиялық
орналасу ерекшеліктері мен жер бедері, этимологиясы және табиғат жағдайы мен табиғи
ресурстарына тоқталып, олардың қазіргі жағдайына сипаттама берілді.
Ғылыми жобада талданған мәселелерді қорыта келіп төмендегідей тұжырымдар
жасалды:
- Маңғыстау өңірінің табиғат жағдайына байланысты физикалық географиялық
орналасуының ерекшелігі сипатталды.
- өңірдің жойылып бара жатқан киелі жерлерін қайта қалпына келтіру мақсатында
географиялық зерттеулеріне тоқталынды
- өңірдегі киелі жерлердің туризмді дамытудағы маңызы ашылды.
Практикалық нәтиже. Зерттеу жұмысы физикалық география, Қазақстанның физикалық
географиясы, геоморфология салаларына арналған еңбектер қатарын толықтыра алады.
Зерттеудің негізгі қағидалары мен тұжырымдарын геоморфолог, географ, геолог
мамандары пайдалануына болады. Жұмыстың материалдары педагог-географтардың,
сонымен қатар жалпы география саласындағы зерттеушілер мен өлкетану -мәдени
мекемелер үшін де көмекші құрал ретінде практикалық қызығушылығын арттыруы
мүмкін.


Page 28

28

Сонымен бірге зерттеу жұмысының материалдары «География» және «Туризм»
мамандықтары бойынша оқитын студенттерге жалпы және арнайы курстарды жүргізу
процесінде де қолданыла алады.

4. Ғылыми жұмыстың нәтижелерін қолдау туралы мәлімет.
Маңғыстау облысының барлық орта мектептері мен жоғарғы оқу орындарында ғылыми
жобаның материалдарын география мен туризм салаларының сабақтарында пайдалана
алады.



Жұмыстың авторы______________________Кенжебаева Н.И.























Page 29

29

Қосымша 2.
СҒЖЗ авторы және ғылыми жетекшісі туралы
мәлімет
Автор
1. Тегі: Кенжебаева
2. Аты: Нұрсауле
3. Әкесінің аты: Исламбекқызы
4. Курсы: 5В011600-география мамандығының 2 курс студенті
5. Мекен-жайы: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қазыбек бекеті, Абай көшесі №2 үй

Ғылыми жетекшісі:
1. Тегі: Токтагулова
2. Аты: Улжалгас
3. Әкесінің аты: Сыпабековна
4. Ғылыми атағы: география магистрі, аға оқытушы
5. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Сейфуллин көшесі 511, 58 пәтер.



Ғылыми жетекшісі _______________________Токтагулова У.С.

Жұмыстың авторы _______________________ Кенжебаева Н.И.












Page 30

30

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 5В011600-География
мамандығының 2-курс студенті Кенжебаева Нұрсауле Исламбекқызының
«Маңғыстау өңірінің киелі жерлерінің географиялық зерттеулері»
тақырыбында жазылған ғылыми жұмысына

ПІКІР

Қазіргі таңда зерттеуді қажет ететін және жас ұрпақтарға өз жерін
сақтайтын, бағалайтын, насихаттайтын тарихи өлкелер жетіп артылады.
Солардың ішіндегі Маңғыстау өңірі елімізде табиғат жағдайы жағынан
тарихи-мәдени өлке. Маңғыстау жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен киелі өлке
«Киелі Маңғыстау» деп аталады. Қазір «Рухани жаңғыру» жобасы бойынша
Маңғыстау өңірінің киелі жерлерін географиялық тұрғыдан зерттеу ішкі
және сыртқы туризмнің дамуына зор ықпал етеді. Бұл өңір туралы, әсіресе
әулиелі орындары жайлы тарихи-мәдени жағынан қарастырылып өтілген.
Бірақ өңірдің ашылмаған сырларын физикалық географиялық тұрғыдан
зерттегенде киелі жерлерінің географиялық зерттеулеріне тоқталып өту
өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
5В011600-География мамандығының 2-курс студенті Кенжебаева
Нұрсауле Исламбекқызының «Маңғыстау өңірінің киелі жерлерінің
географиялық зерттеулері» ғылыми жұмысының мақсаты Маңғыстау
өңіріндегі киелі жерлердің жер бедері мен этимологиясын, табиғаты мен
табиғи ресурстарын физикалық географиялық жағдайын зерттеп, өңірдегі
киелі жерлердің туризмді дамытудағы маңызы туралы түсінік бере отырып,
тарихи-этнографиялық жағынан өлкені сақтауға, қорғай білуге үйрету және
насихаттау болып отырғандығын айқындаған.
Бұрын кішігірім зерттелген тақырыптардың бірі болғандықтан студент
географиялық тұрғыдан қарастыра отырып, жарияланған мақалалар мен
әдебиеттерді талдау, этнографиялық мәліметтерді қолдану, сипаттау мен
болжау әдістерін қолданған. Зерттеу жұмысы физикалық география,
Қазақстанның физикалық географиясы, туризм салаларына арналған
еңбектер қатарын толықтыра алады. Жұмыстың материалдары педагог-
географтардың, сонымен қатар жалпы география және туризм салаларындағы
зерттеушілер мен өлкетану-мәдени мекемелер үшін де көмекші құрал ретінде
практикалық қызығушылығын арттыруы мүмкін.
Жалпы алғанда, студент өңірді зерттегенде тақырыпқа сай мәліметтерді
саралай отырып, бір жүйеге келтірген және ғылыми жұмысы ғылыми-зерттеу
жұмыстарының талаптарына сай жазылған.


Ғылыми жетекші: Қазақ ұлттық қыздар
педагогикалық университетінің
География және туризм кафедрасының
аға оқытушысы, география магистрі Токтагулова У.С.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ