Материалдар / Маңғыстаудың төл перзенті.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Маңғыстаудың төл перзенті.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба жасауға көмек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
517
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аннотация

Ұсынылған жобада Жетібай Жылқышыұлының өмірдерегі, еңбектері жан-жақты қаралған;

Жұмыстың өзектілігі: маңғыстаудың төл перзенті Жетібай Жылқышыұлының қоғамға сіңірген еңбектерін зерделеу, насихаттау, таныстыру, ұсыну. Адайдың әрбір руынан шыққан батырлары мен билерін тауып, жинақтап, кітапқа енгізіп, ұрпаққа аманат ретінде қалдырғаны.

Жұмыстың мақсаты: Жетібай Жылқышыұлының бейнесін жан-жақты зерттеу, оның еңбектерін мұқият зерттеу, болашақ ұрпаққа жеткізу, қоғамға таныту, пайдасын тигізу.

Жұмыстың міндеттері: Ж.Жылқышыұлы туралы мәліметтер жинау; жинақталған ақпараттарды зерттеу;

Зерттеу нысаны: Ж.Жылқышыұлының өмірдегі орны

Зерттеу әдістері: кітаптар, қолжазбалар, ғаламтор, суреттер

Зерттеу болжамы: Адайдың абыз ақсақалы – Жетібай Жылқышыұлын,оның еңбектерін және Адай шежіресіндегі Адайдың батырлары мен билерін бүкіл қоғамға таныстыру.



























Аннотация

В данном научном проекте рассматривается биография и труды Жетибая Жылкышыулы;

Актуальность работы: исследовать, пропагандировать, ознакомить и предложить труды Жетибая Жылкышыулы. Он находил богатырей и биев каждого рода Адайского племени, собирал и внедрил в книгу, оставил это как большой вклад будущему поколению.

Цели работы:





































Мазмұны

I. Кіріспе

II.Негізгі бөлім.

2.1. Өмірдерек. «Мен тал еккенім жоқ...».

2.2. «Қалдырған ізін мәңгілік». Еңбектері. Қолжазбалары.

2.3. «Сәтекем сөздің пірі еді». «Аманат» жыр-жинағы туралы

2.4. «Дәрілік шөптер»

2.5. Тарихтың сыр шертеді тараулары.«Адай шежіресі»

2.6. Адайдың батагөй дана ақсақалы

III. Қорытынды. Жетібай Жылқышыұлы Тілеунияз қоғам үшін кім?































I. Кіріспе

Тілеунияз Жетібай Жылқышыұлы- 1940 жылы 13 маусым айында Маңғыстау ауданының Таушық өңірінде дүниеге келген. Азан шақырып қойылған есімі Халықбай. Ежелгі дәстүр бойынша баланың ит көйлегін беріп, оны қайта сатып алатын болған. Кейіннен нәрсетеге жаңа есім қойған. Сөйтіп, Жетібай есіміне ие болған. Отбасында 4 қыз 2 ұл болған. Ағасы Балықбай жасқа толмай өмірден өткен. Екі жасында 1942 жылы әкесі соғысқа кетіп, оралмаған. Анасының Қарабас қаталдау, ер мінезді адам болған. Ал әкесінің есімі Жылқышы.

1958 жылы Сондағы Шахта орта мектебін бітіріп, сол жылы аудандық шикізат дайындау мекемесінде үйренуші-есепшілік қызметін атқарған. 1959 жылдың қаңтар айында Таушықта ұйымдастрылыған автобазаға қатардағы есепші болып орналасып, бас бухгалтердің орынбасарлығына дейін жоғарылатылған.Кейіннен Таушық поселкелік советінің хатшылығына сайланып, 1965 жылы наурыз айында Маңғыстау аудандық атқару комитетінің жалпы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады. 1972 жылы Шетпедегі Мәдениет үйінің алғашқы директоры болып сайланады. Осы қызметпен қоса аудандық Мәдениет үйінің инспекторы болып қызмет атқарады.1974 жылы өз еркімен директорлықтан бас тартып, 1993 жылға дейін бұрынғы есепшілік қызметін қайта жалғастырған. Бірақ 1978 жылға дейін ауданның барлық мәдени шараларына атсалысып жүрген. Ол әкімшілік қызметінде жүрсе де, өнер саласына ерекше үлесін қосқан. «25 жасыма дейін жолдас-жораларымның арасында ғана ән айтқаным болмаса, сахнаға шығып, әйгілі болып көрмедім. 1965 жылы Шәмші Қалдаяқов пен Төлеген Айбергеновтің халықпен кездесуі кезінде олармен бірге «Ақерке- Ақжайық» әнін орындап, әншілік қабілетімді елге жария етіп алдым. Сөйтіп, өзім ұнатқан өнерді құнттаған мәдениет қызметкері болып шықтым»,- дейді ол өз қолжазбасында. / «Өмірде қалған із бар «өнер» деген», 3-4 беттер/.

Жетібай Жылқышыұлының өнер жолындағы алғашқы қадамы осылай басталған. 1966 жылдан бастап үзбестен халық театрының жұмысына етене араласып жүріп, 1973 жылы «Ән құдіреті» атты инсценировка жазып шығады. 1978 жылы осы қойылымды халық театрларының республикалық байқауына алып шығып, «Байқау лауреаты» деген атаққа ие болады. Осылайша, өнердің драматургия саласына да өз үлесін қосады. Жетібай Жылқышыұлының өнердегі орны әрдайым асқақтап тұрады.

Жетібай ата 1961 жылы жары Меруертпен отау құрады. Өмірге 6 ұл, 1 қыз келеді. 1978 жылы Қосылған қосағы Меруерт ауырып жатып, қайтыс болады. Кейіннен Жетібай Жылқышыұлы 3 ұл 3 қызымен жесір қалған Людмила Петроқызымен/ Люся/ бас қосады. Екеуі 9 ұл 4 қызды екеулеп аяқтандыруға серттеседі.

Ол елу жасқа келгенде өз өзіне есеп береді. «Менің балаларыма қалдырған мұрам болсын» деп шежіре жазуды ұйғарады.

Негізгі бөлім.

2.1. Өмірдерек. «Мен тал еккенім жоқ...».

Жетібай Жылқышыұлы Тілеунияз 13 маусым 1940 жылы Маңғыстау облысының Таушық кентінде туған. 1959 жылы сондағы Шахта орта мектебін бітірген. Аяқталмаған жоғары білімді, мамандығы тарихшы.

Еңбек жолын 1958 жылы қатардағы есепшіліктен бастаған. Таушық поселкеліккеңесі атқару комитетінің хатшысы, Маңғыстау аудандық кеңесі атқару комитетінің жалпы бөлім меңгерушісі, аудандық азаматтық қорғаныс штабының бастығы қызметтерін атқарған.

1965 жылдың аяқ кезінде Атырау облысына шығармашылық сапармен келген белгілі сазгер Ш. Қалдаяқов пен ақын Т.Айбергеновтермен кездесу оның кейінгі өмірін мәдениет пен өнерге бағыштауына оңды ықпал еткен. 1967 жылдан бастап мәдениет мекемелерінде ұзақ жылдар бойы қызмет жасаған. 1972-1974 жылдары аудандық мәдениет үйінің директоры болып қызмет жасаған. Маңғыстау ауданында «Жастар» вокалды аспаптар ансамблін құрып басшылық еткен. Әншілік өнерімен аудан, облыс жұртшылығына кеңінен танылған, мондалин аспабын шебер меңгерген. Мәдениет үйінің жанындағы ұлтаспаптар оркестрінің, аудандық халық театрының белсенді мүшесі және ұйымдастырушыларының бірі болған. Талай байқаулардың лауреаты атанған. 1966-1978 жылдар арасында аудандық халық театрының көптеген қойылымдарына тікелей қатысып, қойылымдардың сазды көркемделу жағын басқарған. Оның қатысқан қойылымдары мен рөлдері: М.Әуезовтың «Түнгі сарынында» Қыдыштың, Ш.Құсайыновтың «Біздің Ғаниында» Тұрсын Ходжаевтың, З.Ақышовтың «Келіндерінде» Қарпықтың, «Жаяу Мұсасында» Мұса Байжанұлының, Т.Ахтановтың «Жоғалған досында» Маңғастың, М.Төлебаевтың «Біржан- Сара» операсынан үзіндіде әнші Естайдың, Қ.Аманжоловтың «Досымның үйленуінде» Дүйсеннің, Б.Тәжібаветың «Ана жүрегінде» Арманның, Ә.Әбішовтың «Тамұқтағы таңында» Елзардың, Е.Уахитовтың «Алтын көрсе періште жолдан таярында» және О.Бодықовтың «Қарақұм» трагедиясында автор образдарын сомдап шығарып, көрермендер ықыласына бөленген. Ол осы қойылымдарымен байқауларға қатысып, лауреат, дипломант атағын алған.

Өз жұмысымен қоса, Ж.Жылқышұлы қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысқан. Аудандық комсомол комитетінің мүшесі, насихатшы, 1963 жылдан 1992 жылға дейін халық заседателі, аудандық халықтың бақылау комитетінің штаттан тыс инспекторы, мекемедегі кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметін атқарған. Республикалық халықтық бақылау комитетінің «Алғыс» хатын иеленген. «Еңбек ардагері» атағын алған. 1991 жылдан Жетібай Жылқышыұлы XVIII ғасырдан бергі Маңғыстау топырағында өмір сүрген ақын-жыраулардың, шешен-билерінің жоғалып кетуге айналған мұраларын жинақтаумен айналысқан. 1995 жылы Ақтау қаласынан Ж.Жылқышыұлының жинап құрастыруымен «Жыр-дария» жинағы, 1996 жылы Алматыда С.Жанғабылұлының «Аманат» жыр-жинағы басылып шықты. Екі жинаққа да алғысөз жазған белгілі ғалым, филология ғылымының кандидаты Қ.Сыдиықұлы.

1997 жылы Ж.Жылқышыұлы ұрпағымызды имандылыққа баулуда «Имандылық иірімдері», Маңғыстау өңірінен Ұлы Отан соғысына қатысқандар туралы «Күркіреп күндей өтті ғой соғыс», Маңғыстау халық тетрының тарихына арнап «Таланттар тәрбиелеген шаңырақ», 1998 жылы халық ақыны А. Тілеуұлы, Маңғыстау өңіріне қазақ халқын бастап келген халық батыры Шота Назарұлы, 1870 жылы патша отаршыларына қарсы Маңғыстау халқының ұлт-азаттық көтерілісін басқарып, патшаның қапас түрмесінде қорлықпен өлтірілген Д.Тәжіұлы туралы баяндайтын «Үш арысы халқымның», Маңғыстау ауданының құрылуының 70 жылдығына орай, «ата көрген оқ жонар», Маңғыстау ақын-жырауларының мұраларын топтастырған «Тіл таңбалы Адайдың ақындары» жинағының екі томы, жыр сүлейі Қ.Күржіманұлының мұраларын топтастырған «Өзімнің атым Қашаған», 2000 жылғы үш ананың ұлына даңқы жайылған атақты шешен-би Мәтжан Тілеумағанбетұлының сөз мұралары, 2001 жылы «Мұхамбет пайғамбардың хадистері», 2002 жылы қазақ халқының мақал-мәтелдерін жинақтаған «Сөз мұрасы- халық қазынасы» атты жинақтардың қолжазбаларын бітірді.Бұл қолжазбалардың көпшілігі Маңғыстау ауданының өлкетану мұражайына тапсырылған.

Ж.Жылқышыұлының 1991 жылдан бастап аудандық «Жаңа өмір» газетінің штаттан тыс тұрақты тілшісі ретінде халықтық мұраларды жұртшылыққа кеңінен насихаттау мақсатында жүздеген танымдық мақалаларын жария етті. 1997 жылдан бастап Адай шежіресін жинақтаумен түбегейлі шұғылданды. 2002 жылдың сәуір айында тиянағына жеткен 12 томдық қолжазбада ұлыс атын иеленген Адай бабамыздың дүниеге келуінен бастап, бүгінгі ұрпақтарына дейінгі ел тарихын баяндайтын шежірелер мен тарихи деректерді ұштастыра жүйелеуге күш-жігерін жұмсады. Маңғыстау аудандыө мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсанындағы өткен үшінші сессиясының шешімімен Ж.Жылқышыұлының Маңғыстау ауданының Құрметті Азаматы атағы берілді. 2015 жылы 12 ақпанда Адайдың абыз ақсақалы- Жетібай Жылқышыұлы өмірден озды.

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын», дейді аталарымыз. Мен әу бастан мал жинауға епсіз болдым, сондықтан сендер молшылықты көрген жоқсыңдар. Мынадай аталы сөз бар: «Кім байб болғысы келмейді, Құдайы қаламайды, кім би болғысы келмейді, халқы қаламайды, кім батыр болғысы келмейді, жүрегі дауаламайды» деген. Бай болу да, жарлы болу да әркімнің қалауымен емес, құдайдың құрауымен болатын іс. Пайғамбарымыз айтады: «Сен өзіңнен дәулетті, бай адамды көрсең «мен де сондай болмадым-ау» деп өкінбе. «Әй, ана бәленшеге қарағанда шүкірмін ғой» деп өз күйіңе қанағат ет» дейді. Әрине барлық байлық жақсы, бірақ маңдай термен,Алланың құрауымен біткен байлықта береке бар шығар, ал біреуді алдаумен, ұрлықпен жиналған байлықта береке болмайды, соны ескеріңдер...

Мен тал еккенім жоқ, себебі оны суаруға су керек. Ал су жоқ жерде шанышқан талың қурап шөлден өліп қалса, одан аянышты нәрсе жоқ.

Сендерге мұра ретінде артына сөз қалдырып кететіндей мен ақын, болмаса шешен емеспін, ал елден жинаған нәрселерімді «өзімдікі» деуге арым жібермейді.Дейтұрғанмен, ертең «балаларың ержеткенде оқытарсыңдар деп» осы бір өзім туралы кезінде газет беттерінде жазылған мақала-пікірлерді жүйелеп қалдырғанымды мақұл көрдім. Кітапты «Өмірде қалған із бар «өнер» деген» деп атадым, себебі, өмірімнің мағыналы біраз уақытын алған өнердегі күндерім туралы мақалалар мен 1991 жылдан бергі өзім жазған мақалаларым да біраз дүние болыпты. Газетке жарияланған дүниелерімнің кейбіреулері табылмады. Қалғандары да біраз бар екен. Оларды өздерің кәдеге жаратар-жаратпассыңдар, бірақ артық зат болып аяққа оралған болмас деп ойладым. Әйтеуір «әкеден қалған тәбәрік қой» дерсіңдер. /«Өмірде қалған із бар «өнер» деген», 5 бет.

Бұл қолжазба күйінде сақталған Жетібай Жылқышыұлының балаларына аманаты. Мұнда Жетібай Жылқышыұлының өмірдерегі мен өнердегі қыр-сыры түгелдей дерлік өз қолымен теріліп жазылған.

Бұл қолжазба бірнеше тараудан тұрады. Алғашқы тарау «Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер» деп аталады. Бұнда газет материалдарынан алынған деректер, өнердегі қадамы туралы көзқарастар баяндалады. Екінші тарау «Ізденген жетер мұратқа» деп аталады. Мұнда Ж.Жылқышыұлының халықтық мұраларды жинақтап, жарыққа шығаруға деген ұмтылысы туралы айтылады. Үшінші тарау «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» деп аталады. Төртінші тарау «Алпыстың асқарынан аттағанда», бесінші тарау «Ойлар мен пікірлер, танымдық зерттеу, мақалалар».

2.2. «Қалдырған ізін мәңгілік». Еңбектері. Жетібай Жылқышыұлы Тілеунияз. Бұл кісінің есімі аталғанда көпшіліктің ойына «Адай шежіресі» оралады. Дегенмен, Жетібай атаның бұдан да басқа еңбектері жетерлік. Атап өтер болсақ,

1. «Жырдария» ақын-жыршылар шығармалары. 1995 ж. «Ақтау» баспасы.

2. «Аманат» С.Жанғабылұлының жыр жинағы. 1996 ж. Алматы қаласы. «Ер-Дәулет» баспасы.

3. «Дала сахнасындағы дүбір» 2008 ж. Алматы қаласы. «Нұрлы әлем».

4. «Қайыртпай кеткен Қашаған» 2011 ж. Алматы қаласы. «Жазушы».

5. «Адай шежіресі» 5000 мың бет

6. «Тіл таңбалы Адайдың ақындары» 1000 беттік жинақ.

7. «Мұхаммед Пайғамбардың хадистері» 2000 хадиске топтасқан 170 беттік жинақ.

8. «Рабғузидің ізімен. Тіршіліктің басталуы» Ұлық Пайғамбарлар туралы аңыз-әфсаналар 325 беттік жинақ.

9. «Ата көрген оқ жонар» Маңғыстау малшылары туралы. 300 беттік жинақ.

10. «Сөз мұрасы – халық қазынасы» 210 беттік бірнеше тақырыпқа топтасқан 5000 мақал-мәтел.

11. «Алтынбек Сәрсенбайұлы» жөніндегі жинақ.

12. «Жаңаөзен мен Шетпе. 2011 жыл 16-17 желтоқсан. Қанды қырғын» жинағы.

13. «Жиған-терген» 250 беттік жинақ.                                 

14. «Өмірде қалған із бар «өнер» деген» 412 беттік жинақ.

     Бұдан басқа да бірнеше еңбектерін аудандық мұражайға тапсырды. Осыншама мол еңбекті жаяу ел аралап жинақтап, қол машинкамен жазып шығу қаншама күш қуатты талап етеді. Әрі пайғамбар жасынан асқан қарияға оңай емес. Әттең тек ақсақалдың еңбегін бағалай білетін азаматтардың саусақпен санарлықтай азғана екендігі көңілді құлазытады.

Жетібай ақсақалдың соңынан ерген жанашыр інілерінің бірі журналист Жәнібек Қожықтың мына бір мақаласы оның еленуге тиісті еңбектерінің мол екендігін айқындайды.

«Ж.Жылқышыұлының бар жинағын бір мақалаға сыйғызып, оқырманға  таныстыру мүмкін емес, дегенмен екі кітабының тарихына тоқталып өтейін.

Біріншісі, «Тіл таңбалы Адайдың ақындары» атты еңбегі (1000 бет). Бұл жинақта Абыл, Нұрым, Ақтан, Қашаған, Аралбай, Өскінбай, Сәттіғұл, Сүгір бастаған 45 ақын аталарымыздың сөз мұралары енген. Жинақ, Маңғыстау ақындарының энциклопедиясы десек артық айтқандық емес. Кітап қазір компютерге теріліп дайын тұр, бірақ кітапқа демеуші жоқ.                                                                                                                         
Бірақ, биылдың өзінде Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаевтің қолдауы мен жергілікті ақын- жазушылардың 50 томдық жинағы жарыққа шықты. Оған ел болып қуандық, өкінішке орай, Ж.Жылқышыұлының бұл кітабы жинаққа  енген жоқ. Бұл жарылқауға әкімнің босағасын күзетіп жүрген «ардагер» шалдар мен жас ақын балдардың жырлары енді. Нағыз ел тарихы далада қалды. Әрине оған облыс басшысының қатысы жоқ, кемшілік өз аулымыздың азаматтарында болып тұр.

Екіншісі, 12 томдық «Адай шежіресі»  Бұл тарихи шежіре кітапты Ақсақал 1994 жылы бастап, 2004 жылы жазып аяқтаған болатын. Сол уақыттан бері қаржының жоқтығынан ақсақалдың жеке архивінде шаң басып, әлі жатыр. Бұл жинақта атамыз Адайдан бастап дүниеден өткен миллионнан аса аталарымыздың есімдері жарияланып отыр. Кітап тек адам аттары жазылған шұбаланқы шежіре ғана емес, бес ғасырдың тарихын баян еткен құнды қазына. Онда Адай атадан тараған бахадүр батырлар, қайыртпай кеткен ақындар, ел бастаған көсемдер, сөз бастаған шешендер, әнші- жыршылар, күйшілер, көріпкел-емшілер, әулиелер, ит жүгіртіп, құс салған аңшылар, тастан түйін түйген тамшылар, зергерлер, шымырау қазған құдықшылар, мешіт ұстаған молдалар, қара қылды қақ жарған билер, жауырыны жер иіскемеген балуандар, ат баптаған сейістер, шежіреші шалдар, тарихтан ұмытылып өшіп бара жатқан оқиғалар – бәрі кең көлемде қамтылған.

Осыншама мол қазынаны жинау, оны қағаз бетіне түсіріп, кітап етіп шығару Ақсақалға оңай болған жоқ. Бұл еңбекті жазу жолында Жетекең, Қазақстанның түкпір-түкпірін тегіс аралады. Сонымен қатар Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қарақалпақ елін, Ресейдің көрші облыстарындағы ағайындарға барып осы кітапты  жинап шықты.

 Осыншама мол қазына, кітап болып толық шықпағасын көрінгеннің қолында кетіп жатыр. Ақсақалдың жанына бататыны, жүрегін ауыртатыны да осы.

Талай «мен» деген қаражаты бар азаматтар, «Жетіеке, бұл кітапты шығарамыз» деп уәде беріп кетсе, кейбіреуі «қатырамын» деп қолжазбаның көшірмесін құшақтап алып кетті. Бірақ сол кеткеннен мол кетіп отырды, қайтып оралмады.

Бір күні ««Адай тайпасы» деген кітап шығыпты» деген сүйінші хабарды естіп ел болып қуандық. «Апырым-ай, кім көмектесті екен?.. Кім де болса азамат екен» дестік. Кітап қолға тигенше асыға күттік. Жинақ қолға тиген бойда көңіліміз су сепкендей басылды. Неге? Кітаптың мұқабасында авторы «Сайын Назарбекұлы» деп тұр. «Ау, сонда Жетекең қайда?» дейсіңдер ғой, Жетібай ақсақал Сайын інісінен кейін «қосымша» автор екен. «Күштінің арты диірмен тартады» деген, оған да көндік, «Адайдың тарихы жарыққа шықса болды» дестік. Сөйтсек, бар қызығы артында екен. Бұдан 10 жыл бұрын Сайын Назарбекұлы Жетібай Жылқышыұлының 12 томдық жинағын «демеуші тауып шығартамын» деп алып кетіп, арада 10 жыл өткен соң, 12 томдық жинақты 8 кітапқа сыйдырып, «артығын» әр жерінен кесіп қидырып, бастырыпты. «Жақсы ән еді, мұрыны пұшық қор қылды» демекші. Армандап күткен кітапты, жүнін жұлған тауықтай қылыпты. Сайын ағамыз әлгі кітапты 1000 дәнемен шығарыпты. 960 дәнесін Cайынның өзі алып,  Жетекеңнің «адал еңбегің, маңдай терің» деп 40 түйірін беріпті. Қалғанының қызығын өзі көріпті. Ақсақал бұл жинақты жазуға қанша уақыты сарп етті десеңші, төгілген  тердің, қажырлы еңбектің  өтеуі осы болғаны ма?

Біз осы қандай халықпыз?. Сонда біз 75 жастағы Жетібай Жылқышыұлы кітабына ақша сұрап менің алдыма келген жоқ деп жүре береміз бе?

 Кеше Жетібай ақсақалмен тағы да жолықтым, бірақ өзі жөнінде мақала жазып жатқанымды айтқаным жоқ. Айтсам рұқсатын бармес еді.   Қал-жағдайын сұрадым. Сонда ақсақал: «Айналайын, мен жасарымды жасадым, өмірдің ащы-тұщы дәмін де таттым. Халқыма бар берерімді жазып қалдырдым. Алла енді ел-жұртымның, бала-шағамның жамандығын көрсетпей алдарында иманмен алса деймін» деді. Жетібай ақсақал көзі тірісінде талай жылғы еңбегінің, кітап болып жарыққа шыққанын көруі керек. Мақала ел азаматтарына ой салар деген үміттемін. Олай жасай алмасақ, елдігімізге сын, азаматтығымызға мін болары сөзсіз!»

Журналист Жәнібек Қожық / http://abai.kz/post/40105/

2.3. «Сәтекем сөздің пірі еді». «Аманат» жыр-жинағы туралы.

Сәттіғұл -екі дәуірдің жаршысы болып өмір кешті. Қазан төңкерісін жасаған тоталитарлық социализм ақынның ақпа-төкпе шабытын тежеп, белгілі бір ауқымда ғана қазан төңкерісін мадақтаудан аспауды діттеп жырлатты. Көсілген шабыт тұсалды. Әйтсе де ақын өмір ағымынан қалмай, уақыт үрдісінен жаңылмай, талмай жырлаған.Бірақ ағыл-тегіл жыр тасқыны халқына жетпей, шетқақпайлық көрумен болды. Ақын көзі тірісінде бірде-бірде шығармасының толыққанды жария болғанын көре алмай, сол үшін сан мәрте назаланды. Жабығыңқы күй кешті. Қазақтың білікті, зиялы азаматтарына сөз арнады. Шығармаларының із-түзсіз кетіп жатқанын баяндады. Ақынның «халықтың ұлы Қанышқа», «Тайыр ақынға хат» сондай көңіл күйін пащ еткендей әсерге бөлейді. Ақынның «Тайыр ақынға хат» өлеңі толық күйінде сақталмаған, бізге үзінді күйінде жетті.

...Мен –қартаң Маңғыстаудың жеріндегі,

Мал баққан шаруа-қазақ еліндегі,

Ал, сен бір Алматының жүйрігісің,

Ұяда үлгі көрген тегіндегі.

Жолдаған бұрында да жырларым бар,

Қолымнан бір шықты да көрінбеді...

...Шын жүйрік бәйге ала алмас бал болмаса,

Пайда жоқ ақындықтан бақ болмас.

Жырларым Алматыда ұйықтап жатыр,

Бір пенде оятатын тап болмаса...

Ал 1958 жылы жазылған «Халықтың ұлы Қанышқа» шығармасы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың республика Жоғары Кеңесінің депутаттығына кандидат ретінде кездесу кезінде айтылған. Бұл толғанысында ақын:

...Депутат Қаныш балам қарсы аламыз,

Халықтың бітірер- деп, мұқтаж-мұңын.

Жабулы Алматыда көптен бері,

Жарыққа шықпай жатыр өлең-жырым.

Еленбей еңбектерім кетіп барад.

Шырағым сен салғайсың сөздің қырын,

Ақ жүрек әділ тұрған партиямыз,

Сенемін көрсетер деп көңіл шынын...,- деп ой тастайды.

Бұл жолдардан арада жылдар өткенмен ақын көңілінің кірбіңі жазылмай еліне, халқына арнаған көрнекті сөздері жарық көрмей, пүшәймән халде жүргені елестейді. Шынында Сәттіғұлға халық ақынын атағы ертеректе берілгенімен ол арнайы куәлігіне тым кеш ие болды. Алғашқы өлеңдер жинағы «Тоқсан толғау» ақын дүние салғаннан кейін ғана оқырман қолына тиді. Одан кейінгі «Ой толғау» жинағында да өзгеріс болмады. Тек осы «Аманат» жинағы халық ақыны, сөз зергері Сәттіғұл Жанғабыловтың бағзы қалпымен толықтырылып шыққан дүниесі болып отыр.

«Аманат» Сәттіғұлдың еліне қалдырған асыл мұраларының жинағы. Мұны зейін қойып оқып шыққан әр пенде Атырау мен Маңғыстаудың арғы-бергі тарихын, шежірелік деректерінен, өндірісі мен ауылшаруашылығының болмысынан, өмірде болған өзгерістерден жан-жақты мағлұмат алады, ұғып біледі, имандылық шырайын таниды. Ақын шығармаларының әр жолы әр алуан оқиғаны, болмысты бояусыз бедерлейді.

... Қолыма алдым он бесімде,

Жол өттім асу-асу ел көшінде,

Ел сүйген ер Махамбет, Абыл ақын

Өтіпті өртті өмірмен белдесуде... деп толғаған ақын өмір жолынан өзінше сыр түйеді.

Әр алуан ұлттардың достық мерекесі, еңбек ордасы, ынтымақ бесігі болған Маңғыстаудың бүгіні мен болашағы зергер ақын зерделі оймен тербейді:

... Ерлерім құрып жатыр мұнараны

«Байлыққа бөлейміз» деп бұл араны.

Бақытты өр еңбектің күйін шертіп

Ақ қала самсап қырда тұрар әлі...

Туған жердің ертеңіне деген сеніммен, үмітпен қараған ақынның сөзі өмірде өрнек болып өрілгені кім- кімді де таңқалдырады. «Жетібай туралы жыр», «Бүгінгі Қазақстаным», «Маңғыстау малдың анасы», «Өлке байлығы» жыр топтамаларында бірлік пен ынтымақтың жарасым тапқанының жарқын бейнесін айрықша өрнектейді.

«Аманат» жыр жинағына енген Сәттіғұл шығармалары мүмкіндігінше толық күйінде жария болып отыруымен құнды да мәнді. Бұл ыңғайда қарт ақынның шығармаларын жинақтап, ыңғай әуеніне ой түйініне топтап жинақтаушы Жетібай Жылқышыұлының еңбегі өлшеусіз болғаны сөзсіз. Ақын сөзінің көпшілігі жеке адамдардың отбасылық архивтерінде сақталған, жатталған, қағазға түсірілген. Міне осылардың басын қосып, салыстыру, артық, оғаш, оқшау сөздерін арылту үлкен ізденісті, талмай еңбектенуді қалайтыны басы ашық әңгіме. Мұны Жетібай жылқышыұлы ойдағыдай орындап шыққан.

Сәттіғұл шығарған біртоға жыр-өлеңдердің тақырыбы белгілі болғанмен, әзірге қолға тұрғанына да назар аударылған. Бұл өте орынды. Кезінде Сәттіғұл шығармаларының баспа бетін көрмей-ақ ел арасында өлшеусіз таратылғаны белгілі еді. Әсіресе, Ақтөбе, Хорезм, Түрікменстан, Өзбекстан халықтары хат арқылы өлеңдерді алдырып, ел арасында жырлаған. Осындай ретпен қолға түспей жырақ қалған жырлардың әлі де жинақтала түсуіне ат салысу, құлағын түріп хабардар болу әркімге де қатысты.

Сәттіғұл артына небір сан өлең өрнектерін қалдырған. Солардың елдің қажетіне жаратылуын армандап, кейінгілерге аманат етіп өткен талант. Уақыт өзгеріп, замана өзге бағыт бағдарлаған тұста ақын шығармаларының да шоқтығы биіктеп шыға келді. Міне, соның жарқын көрінісі- Сәттіғұлдың «Аманат» жыр-жинағы.

/ «Өмірде қалған із бар «өнер» деген» 84-86 беттер/

2.4. «Дәрілік шөптер»

Дәрілік өсімдіктермен емделу үшін, олардан түрлі медициналық препараттар дайындалады. Табиғи түрде өсімдіктер шикізаты дәрі-дәрмекке өте аз пайдаланылады. Сондықтан, жиналған дәрілік өсімдіктердің шикізатына түрлі қоспалар, шайлар, тұнбалар, тұндырмалар, қайнатпалар, ұнтақтар, жараға жағылатын майларды өздеріңіз үй жағында дайындап ала аласыздар.

Қайнатпа. Майдаланған шикізатқа қайнап тұрған суды құяды да, оны 20-30 минуттай қайнатады. Одан кейін үй температурасына дейін суытады да оны сүзеді. Сосын оған керекті мөлшерде қайнаған ыстық су құю керек. Қайнатпаны көп сақтауға болмайды. Оны күнде дайындау керек.

Ұнтақ. Ұнтақталған дәрі және жағатын май. Кептірілген керекті дәрілік шикізатын келіден немесе диірменнен ұнталуы керек. Ұнтақты вазилинмен араластырып жағатын май алынады.

Шай мен жиын жасау әдістері.

Бұл майдаланған бірнеше дәрі-дәрмек өсімдіктер шикізаттарымен қосындысы. Көп қосындылар дәріханада сатылады. Бірақ оны өздеріңіз де жасай аласыздар. Ол үшін қоспаға қосылатын дәрі-дәрмек өсімдіктердің салмақ мөлшерін білу керек. Оның мөлшерін рецептурадан немесе дәрі қоспасын жасайтын дәрігерлерден білуге болады.

Адыраспан- көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 70 см дейін жетеді. Жемісі үш ұялы қуыршаққа орналасқан. Пішіні шар тәрізді болады. Өсімдігі өте улы. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Жемісі шілде, тамызда піседі.

Медицинада дәрі-дәрмек үшін оның тамырынан жапырағын дейін түгел қолданылады. Әсіресе, дәнінің дәрілік қасиеті мол. Адыраспан Қазақстанның шөл, шөлейтті, далалы аймақтарында құрғақ, құмақ, сортаң және сазды жерлерде өсіп- өнеді. Тау өңірлерінде кездеспейді. Адыраспан Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында жиірек ұшырасады. Мәселен, Алғабас ауданы Қызылкөпір ауылының шығыс жағында оның кептірілген қоры 4,5 тонна мөлшерінде болады. Оны гүлдеп тұрған уақытында шөптей орақ, пышақпен орып баулайды. Дәні піскеннен кейін дайындалады. Химиялық құрамы бойынша тамырында сапониндер, алконидтер, гармон, гармонин, гармолол, гиганин, тамырының жер бетіндегі бөлігінде органикалық қышқылдар сапониндер, алколоидтер, пиганоид, пиганидин, пиганин илік заттар, ал сабағында алколоидтар, пиганин, гармин, гармолин, жапырағында алколодтар, пиганин, гармин, гермалин, гүлінде алколоидтар,дәнінде алколоидтар, гаромолин, гармин, гермалол, пиганин, майлар, ленол қышқылы бар. Қолдану жолдарына келсек, ең алдымен тамырынан қайнатпа жасалады. Оны ревматизм, қотыр ауруларына қарсы ванна арқылы қолданады. Тамыры мен дәнінен гармин деген алколоид алынады. Ол орталық нерв жүйесін қоздырады, қан қысымын төмендетеді. Көп елдерді дәрігері адыраспанды суық тиген ауруларды, қалтырауық, безгек ауруларына, ал мұнан алынатын алколоид пиганинді сүргі ретінде және өт айдайтын байланысты пайдаланады. Пиганин тұз қышқылының тұзы бұлшықеттер әлісздігіне және оның зақымдануына, қатпа, ішек әлсіреуі ауруларына қарсы жұмсалса, Орта Азияда тұндырмасын нерв жүйесінің әлсіздігіне, қояншық ауруларына ішеді, және тістің қызылиегі ауруында ауыз шаяды. Ауғанстанда сал ауруымен ауруымен ауырған адамды адыраспанмен аластайды. Дән қайнатпасымен демікпені, несеп жолдарын емдейді және жақсы тер шығаруға да қолданады. Индияда бұл өсімдікті ішек құртына қарсы дәрі-дәрмек ретінде пайдаланады. Қуаттандырғаш және баланы жасанды жолмен алып тастау үшін де жұмсалады. Кавказда көз бұршағының және белдегі жұлын түбірінің қабынуына қарсы қолданады. Жүнді матаны және шайы матаны бояйтын қызыл түсті бояу алуға да болады.

Кәдімгі бақбақ / одуванчик/- көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 5-40 см ге барады. Күрделі гүлдер тұқымдасына жатады. Сәуір, мамырда гүлдейді. Жемісі гүлденгеннен кейін бір айда піседі.

Дәрілік шикізат, оның тамыры қазып алу мезгілі күзде, өсімдік қураған және көктемде бақбақ гүлдегенге дейін. Бақбақ туысының Қазақстанда 80 түрі бар, сосын ішінде тек кәдімгі бақбақтың ғана дәрілік қасиеті барлығы анықталды. Жер бетіндегі бөлігін дәрі-дәрмек ретінде жинау гүлдеген кезінде жүргізіледі.

Кәдімгі бақбақ Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі. Ол арық жағасында, жол бойында, бақтарда, ылғалды жерлерде, орман мен су жайылған шалғынды өңірлерде өседі.

Бақбақ шөбін, тамырын қан азайғанда, бүйрек, тері ауруларына ұшырағанда, ревматизм мен жүйке ауруымен ауырғанда, сондай-ақ















2.5. Тарихтың сыр шертеді тараулары. «Адай шежіресі» туралы.

«Адай» шежіресі Адай бабамыздың өз белінен туған екі баласы Құдайке мен Келімбердінің әрқайсысынан тін тартып тараған ұрпақтарының түзілісін бүгінгі бесікте жатқан сәбилерге жеткізу мақсатында жазылған жинақ кітап.

Көптеген шежірелерде айтылатында Адай бабамыз 115 жыл ғұмыр сүріп, қартайған шағында кіші баласы Келінбердіден туған ең кенже немересі әрі өзінің сүйіктісі болған Мұңалдың қолында болып, көзі жұмылар алдында сол немересіне ақ тілеулі батасын берген екен. Адай бабамыз өлгенде Мұңалдың үйінен шығарылған. Сондықтан Адайдың үлкен үйі, қарашаңырағы Мұңалда, оның баласы Әлиде делінеді шежіре сүрлеуінде. Адай бабамыз Сауранның іргесінде мәңгілік тұрақ тауып жатыр деген деректер айтылады.Шамамен 1470 жылдары дүниеге келді деп жобаланатын Елтайұлы Адай бабамыздың өмірдерегі тым көмескі. Көптеген шежірелерде Адай 115 жыл өмір сүрген делінеді. Бұл текке айтылған сөз емес. Бабамыздың жас балаң жігіт күнінде қалмақтың ханы Темірдің сұлу қызы Құралайды қасындағы қырық қызымен олжалап, қара қыпшақ Қобыланды батырға сыйға тартуынан кейінгі өмірінен әңгімелер естілмейді. Мергенбай жыраудың дастанындағы дерек батыр бабамыздың айбыны асқан ер болғанын айғақтағанмен үш ананың баласы біліп таныған нақты болмысын біз танып білуге тым аздық етеді.

Біздің өз пайымдауымызша Адай тайпасы қазақ руларының ел болып қалыптасқан ең жас ру болып есептеледі. Тайпамызға есімі берілген Адай бабамыздың дүниеге келгеніне енді енді бесжарым ғасырдай уақыт өтті. Солай бола тұра, өз ұрпақтарының қазақ руларының арасында ерлігі мен өрлігі, ынтымағы мен бірлігі күшті айтулы болып танылуы, өздерін таныта білуі біз үшін үлкен мақтаныш. Тарих үшін азғана уақыт ішінде өзіндік әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдениетін қалыптастырып үлгерген іргелі елге айналуы бізге, бізден тараған ұрпақтарымызға үлгі болуы тиіс.біз өз ұрпақтарымызды дәлелденуі мүмкін емес дүдәмәл ертегілермен алдап адастырмай, қайта сол ата-бабаларымыздан мирас болып қалған әдеби, мәдени, рухани мұраларымызды ізеп тауып, игілікке жаратуды ойластырғанымыз жөн болар еді дегіміз келеді.

Бабамыздың асқан батыр болғандығын, талай қанды қырғынды басынан өткеріп, елге сол батырлығымен танылғанын ойша сараласақ, бір сәтсіз шайқаста ауыр жараланып, жау қолына түсіп, өмірінің белгілі бір бөлігін жат жерде өткізуін бекер деуге де болмас. Бабамыз ілім іздеп кетсе ол туралы балалары кейінгілерге әңгімелеп қалдырар еді. Ал шайқаста ауыр жараланып, біреуге пенде болып қалған жағдайда оның өлі-тірісінен хабарсыз болып, сондықтан әңгімеленбей қалуы әбден мүмкін. Адай бабамыз жорықтардың бірінде қолға түсіп, жау қолында пенде болған. Ол заман білімді адамдардың қатары өте сирек кезең. Ақындық дарыны болса ел билеген хандар мен патшалар өз атақтар тарихта қалдыру үшін сарай ақыны, жылнамашысы ететінін тарихтан білеміз. Сөйтіп, Адай бабамыз өзінің білімдарлығыменсарай зиялыларының қатарынан орын алған болар. Сонысымен, ғұмырының белгілі бөлігін өз ортасына жат жерде, басқа елдің патша сарайында өткізіп, үлкейген шағында еркіндік алып, ұрпақтарына қайта оралып, 115 жасында өмірден өткен деуге келетіндей.

2.6. Адайдың батагөй дана ақсақалы

Жетібай ата халқы қиналғанда қасынан табылған. Аталы сөзімен қамыққан жұртын жұбатқан. Ел тағдыры сынға түскенде ханға да датын айтқан ел ақсақалы. Ол адай елінің 500 жылдық тарихын жинақтаған шежіреші ғалым. Жетібай Жылқышұлы «Батамен ел көгерер» атты облыстық байқауда бас жүлде алған Маңғыстаудың батагөй ақсақалы.

Жетібай атаның ұлы Марат ол кісінің батагөйлігі туралы біраз мәлімет айтты. «Әкем қонаққа барар болса, түні бойы бата шығарып және сол батасын сағат үш-төртке дейін жаттап отыратын. Әкемнің берген батасына ешбір бата тең келмейді ғой,шіркін! Осы атамды ел-жұрт әлі толыққанды дұрыс білмейді. Сен осы жұмысың арқылы әкемді елге таныт» деді де бұл жобаны бастағаным үшін риза болды.

Жетібай ата қолжазбасында бірнеше тақырыпқа арнап баталар жазып ктекен екен. Атап айтар болсақ, «Нәресте сәбиге бата», «Тұсау кесер бата», «Жас ұланға бата», «Туған күн иесіне бата», «Оң сапарға ақ бата», «Жас жұбайларға бата», «Ұзатылған қызға бата», «Құда күткенде айтылар тілек», «Тілек бата», «Ақ тілеулі бата», «Дастархан батасы», «Наурыз бата», «Ғибрат бата», «Шаңыраққа бата», «Ораза айтқа бата», «Құрбан айтқа бата», «Отау шыққан жастарға бата», «Жастарға ғибрат бата» сияқты тілек баталар.









III. Қорытынды.

Жетібай Жылқышыұлы Тілеунияз қоғам үшін кім?

Халықтық мұраның жоқшысы, жидашы Жетібай Жылқышыұлының көпжылдық еңбегі еленіп, 2007 жылы Маңғысату ауданының Құрметті азаматы атағы берілген. Тар заманда да, кең кезеңде де ел игілігі үшін ерен еңбек етіп, болашаққа өшпес мұра қалдырған қария күн сайын өткенге салауат, тәңірге тәубесін айтудан жаңылған емес.

Қабыл ет деп тәубемді, жаратқан хақтан сұрайын,

Тыңдаған қауым дұға қыл, Қолымды жайып тұрайын.

Ләй-иллаха илләлә, Лаухы менен Махбуздың осалдан Алла жазыпты,

Иманыңды жоғалтпа, болмағын хаққа жазықты.

Өкінбеу үшін кеш қалып, ертеден қамда азықты.

Ләй-иллаха илләлә, Аллағы аян иманың,

Обал мен сауап ойласаң, Тәңірге жағар жиғаның.

Мәшхарға жүзің шат болар, дін Исламға сиған,

Ләй-иллаха илләлә, Аллаң сүйген құлым дер,

Шын сиынсаң Аллам деп, Лә уфсиму аят бар,

Ойламағын жалған деп, Ләй-иллаха илләлә,

Тіліңді тый ғайбаттан.Харам істен хәм сақтан,

Парасат майдан күнінде, Бос қалмағын сауаптан.

Ләй-иллаха илләлә,жадыңнан еш кез шығарма,

Иықта екі періште күнә мен сауап жазып тұр.

Мәшхарда сауап, азық дүр. Сақтансаң сақтар Құдайым,

Күнәлі істен қашып жүр.

Дүние жимай ата мирасқа адалдық танытып абырой жиған, өмір тәжірибесінен түйгені мол, тағылымы терең тұлға, тәуелсіз қоғамда азат ойын ашық айтып, азаматтық көзқарасын батыл білдіріп жүрген Жетібай Жылқышыұлы қазақтың шын мәніндегі зиялы қоғам қайраткері, Маңғыстаудың марқасқасы.



Менің ұсынысым:

1. Адай шежіресіндегі деректерден батыр, билердің аллеясын құру.

2. Жетібай Жылқышыұлының есімін мемлекеттік нысанға беру, шағын кабинетін, бұрышын ашу.

3. Жарияланбай қалған қолжазбаларын жарыққа шығару.

Болжам:

Адайдың абыз ақсақалы – Жетібай Жылқышыұлын,оның еңбектерін және Адай шежіресіндегі Адайдың батырлары мен билерін бүкіл қоғамға таныстыру.

Жаңалығым: Жетібай атаның өміріндегі тың деректер, оның жарық көрмеген еңбектері қоғамға танылып, тарихта орны қалады.







                                        



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!