Мақал – мәтелдерді қазақ тілі сабақтарында пайдалану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақал – мәтелдерді қазақ тілі сабақтарында пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақал-мәтелдерді сөйлеуде пайдалану сөзді ажарлатып, байытады. Қазақ тілі сабақтарында мақал-мәтелдерді әр түрлі тақырыптарда пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Шымкент қаласы

«Гагарин атындағы №34 жалпы орта білім

беретін мектеп» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Мусина Багила Асеновна



Мақал – мәтелдерді қазақ тілі сабақтарында пайдалану

Мақал-мәтелдер – ғасырлар шежіресі. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен,ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады. Сондықтан да басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту барысында міндетті түрде мақал-мәтелдерді үйрету қажет деп санаймын, өйткені мақал-мәтелдерсіз халықтың тарихын, мінезін, ақыл-өнегесін түсіну мүмкін емес. Мақал-мәтелдерді сөйлеуде пайдалану сөзді ажарлатып, байытады. Қазақ тілі сабақтарында мақал-мәтелдерді әр түрлі тақырыптарда пайдалануға болады. Өзім сабақтарымда пайдаланып жүрген біраз әдістеріммен бөліскелі отырмын.

І. Оқушылар мақал-мәтелдерді оқып, олардың орысша баламаларын табады. 1. Киіміне қарап қарсы алады, Біліміне қарап шығарып салады. Встречают по одежке, провожают по уму.

ІІ. «Әзіл аралас сұрақтар».

Мақалгүл тәтейдің (мұғалімнің) сұрақтарына мақал-мәтелмен жауап бер.

1. Жердің сәні не? Ердің сәні не? (Жердің сәні – егін,Ердің сәні – білім)

2. Ер өлсе де не өлмейді? (Ер өлсе де, оның аты өлмейді)

3. Дұшпанға қандай бол? Досыңа қандай бол? (Дұшпанға тастай қатты бол, Досыңа балдай тәттібол)

ІІІ. Оқушылар мақал-мәтелдерді оқып, өз тарапынан сөйлеуде пайдаланады.

1. Денсаулық – зор байлық. Егер сенің денің сау болса, сен оқу оқисың, жұмысістейсің, өмірде белсенді боласың. Денің сау болу үшін неістейсің?

2. Жоқ кездегі дос – дос, Бар кездегі дос – бос. Достарыңа көмек керек болғанда, көмектесу керек. Сен және сенің достарың бір-біріңе қалай көмектесесіңдер? 3. Өлгеніңше үйрен. Сықақ: Егер де біз көп оқысақ, көп білеміз, Егер де біз көп білсек, көп ұмытамыз, Егер де біз көп ұмытсақ, аз білеміз. Сонда біз неге оқимыз? Мәтел мен сықақты оқып, осы туралы не ойлайсыңдар,айтып беріңдер.

ІV. Мақал-мәтелдерді грамматикалық тақырып тар өткенде пайдалануға болады.

«Септіктер» тақырыбы. Мектеп – кеме, білім – теңіз. Еріншектің ертеңі бітпейді. Тілге – құрмет, елге – құрмет. Отанды сүю отбасынан басталады. Күш – білімде, білім – кітапта. Отан оттан да ыстық.

Ойлаумен ой толады, ойнаумен бой толады. «Антонимдер» тақырыбы. Жақсыдан – үйрен, жаманнан – жирен. Үлкен – бастар, кіші – қостар. «Болымсыз етістік» тақырыбы. Досы көпті жау алмайды. Отанын сүйген отқа жанбайды, суға батпайды. «Сан есім» тақырыбы. Жеті рет өлшеп, бір рет кес. Ел құлағы - елу. «Көмекші есімдер» тақырыбы. Ел іші – алтын бесік. Ырыс алды – ынтымақ. «Шартты рай» тақырыбы. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы, «Бұйрық рай» тақырыбы. Оқы да біл, ойна да күл. Күшіңе сенбе, өнеріңе сен. «Тәуелдік жалғау» тақырыбы. Жері байдың елі бай. Күннің көзі – ыстық, ананың алақаны – ыстық. Келтірілген мақалдармен түрлі тапсырмалар орындауға болады:

1. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды жаз.

2. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жаз.

3. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жаз.

4. Мақалды аяқта.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.04.2024
332
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі