Мақал-мәтел сайыс жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақал-мәтел сайыс жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ұлттық құндылықтарымызды бойларына дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мақсаты:
1. Оқушыларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.
2. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар.



Мұғалім: Сәлеметсіздер ме балалар, бүгін сіздер мақал - мәтел сайысқа қатысқалы отырсыздар. Сайыс 5 топтан құралған. Әр топта 3 оқушы.
Мен сіздерге осы сайыста, бар ойларыңызды жинақтап, жеңіске жетулеріңізге тілектеспін. Құрметті ұстаздар сіздердің іштеріңізден әділ қазыларды сайлап алсақ.

Кіріспе:

Алдымен мақал-мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек: Мақал-мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр.
Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.
Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.




1-жүргізуші: «Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз, сөздің көркі – мақал», - дейді халық. Мақалдар адам тұрмысындағы әр түрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі – мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халық өмірінің шежіресі.

1-тур: «Кім жүйрік?» Қатысушы топтар мақал – мәтел айтудан жарысады.

2-тур: «Білгенге маржан» Мақал –мәтелдің жалғасын табу.

Балапан ұядан не көрсе...(ұшқанда соны іледі)

Сөзің тәтті болсын...(ашуың қатты болсын)

Жақсы байкап сөйлер...(жаман кісі шайкап сөйлер)

Ананың көңілі балада...(баланың көңілі далада)

Батыр туса ел ырысы...(жаңбыр жауса жер ырысы)

Балалы үйдің...(ұрлығы жатпас)

Оқу- білім бұлағы...(білім-өмір шырағы)

Тіл тас жарады...(Тас жармаса ,бас жарады)

Ашу-дұшпан, ақыл дос..(Ақылына ақыл қос)

Тіліңмен жүгірме,..)Біліммен жүгір)

Ұста пышаққа жарымас..(етікші етікке жарымас)

Сөзде қаңқу жаман...(ауруда шаншу жаман)

Білімі жоқ ұл... (жұпары жоқ гүл)

Жақсы кісі байқап сөйлер, ...(жаман кісі шайқап сөйлер)
Ер еліне, ...(ит иесіне)
Балапан ұяда не көрсе ... (ұшқанда соны іледі)
Өнер - ағып жатқан бұлақ, ...(Білім – жанып тұрған шырақ)
Жақсының аты өлмейді ...(Ғалымның хаты өлмейді)
Көз жетпеген жерге, ...(сөз жетеді)
Отыз тістен шыққан сөз, ...(отыз рулы елге тарайды)
Дұшпаны көптер сақтана жүреді, ...(Досы көптер мақтана біледі) Жалған достан ...(жау артық)
Өнерлінің қолы алтын, ...(өлеңшінің сөзі алтын)
Еңбек етсең ерінбей, ...(тояды қарның тіленбей)
Отан үшін күрес - ...(елге тиген үлес)


3-тур: Әр топқа сурет беріледі . Суретте бейнеленген мақалды тап.

4-тур:Берілген мақалдың мағынасын ашып айт.

  1. Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.

  2. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.

  3. Оқу- білім бұлағы ,білім-өмір шырағы

  4. Балалы үйдің,ұрлығы жатпас.

  5. Батыр туса ел ырысы,жаңбыр жауса жер ырысы.



5-тур:Мақалды құрастыру

1. Жақсы кісі байқап сөйлер,жаман кісі шайқап сөйлер.
2. Ер еліне, ит иесіне.
3. Балапан ұяда не көрсе , ұшқанда соны іледі
4. Өнер - ағып жатқан бұлақБілім – жанып тұрған шырақ.
5. Жақсының аты өлмейді , Ғалымның хаты өлмейді.

2-жүргізуші:

Қорытынды

Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-кызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым дара тілім.

Тіл-сарқылмас қазына.,ата-бабамыздың көзі,мұрасы.,ал мақал-сөздің азығы,тәрбие көзі.



Жеңімпазымызды әділқазылар анықтағанша ән шырқалады. Сөз кезегі қазылар алқасында.
Жеңген топты марапаттау.


Мұғалім: сонымен балалар «Мақал - мәтел бәйгесі» аяқталды.
Көп - көп рахмет!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.01.2021
1967
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі