"Мақал-сөздің мәйегі" байқауының сценарийі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мақал-сөздің мәйегі" байқауының сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақал-мәтелдер туралы сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мақал – сөздің мәйегі» байқауының сценарийі (7-8-сыныптар)

Тақырыбы:
"Мақал – сөздің мәйегі»: халық даналығын дәріптеу"

Мақсаты:

  • Қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттау;

  • Мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту;

  • Оқушыларды шешендікке, ой ұшқырлығына баулу.

Shape1

Сценарий барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші:
– Құрметті ұстаздар, қонақтар және қатысушылар! Бүгін біз қазақ халқының терең ойлы, астарлы, тәрбиелік мәні зор асыл қазынасы – мақал-мәтелдерге арналған "Мақал – сөздің мәйегі" атты байқауымызды бастаймыз!
– Байқаудың мақсаты – мақал-мәтелдерді терең түсініп, оны күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.

2. Кіріспе сөз
Жүргізуші мақалдың мәні туралы қысқаша әңгіме айтады:
– "Мақал – сөздің мәйегі" дейді дана халқымыз. Мақал-мәтелдер халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, тарихын, дүниетанымын бейнелейтін айнасы іспеттес.
Мәйек сөзіне түсінік беріп өтсем. Мәйек -жас төлдің ұлтабарынан алынып, сүттен ірімшік жасауға пайдаланатын ұйытқы. Ал, сөз «мәйегі» сөзінің ұйытқысы, құндылығы деген мағынада айтылып тұр.

Мақал-мәтел- ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі. Ол ғасырлар бойы халықтың ұқыпты сақтап келген еңбек тәжірибесінің жиыны, ой пікірінің түйіні, өмір тіршілігінің арнасы, атадан балаға қалдырып келе жатқан тозбайтын, тот баспайтын өмірлік өшпес мұрасы. Бұрынғы кезде ата-бабамыз сөзге тоқтаған, сөз құдіретін сыйлаған халық болған. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» осындай түйінді сөздермен жеткізі білген. Жалпы, мақал-мәтел дегеніміз-нақты бір ойды қысқаша, нақышты әрі сынаушы көзбен жеткізу. Мақал-мәтел ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.

Мақалда қорытынды тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі»- деген мақалда елді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр. Мәтелде ой тікелей білдірмей тұспалдап, жанамалап айтылады. Мысалы:«Көппен көрген -ұлы той»- мұнда не көрсең де халықпен көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.

Сонымен сайыстың шарттарымен таныс болыңыздар.

Байқау екі тур бойынша өткізіледі.

І. ТУР

Байқауға қатысушылар жеребе бойынша бірнеше жұпқа бөлініп, әр жұп кезекпен сахнаға шығып сынға түседі. Қатысушылардың қазақтың мақал-мәтелдерін қай деңгейде жаттағанын анықтау мақсатында кезекпен айта отырып, сайысқа түседі. Сайыс барысында қатысушыларға 2 рет қателескенге дейін мүмкіндік беріледі.

1 -айналымда қатысушылардың жартысы ½ шығып қалғанша жалғасады. 2-айналымда оза шыққан қатысушылардың жартысы қайта жұптасып, сайысқа қайта түседі.

Сайыскерлерге қазылар алқасы 10 балдық бағалау жүйесі бойынша баға береді.

1-айналымда мүдіріп қалған оқушыларға 6 балдан қойылады. 2-айналымда мүдірген оқушыларға 8 балдан беріледі. І турдан еш мүдірмей, қатесіз айтып шыққан оқушыларға 10 балл қойылады.

ІІ тур.

2 бөлімнен тұрады.

І бөлім: «Ойлы болсаң тауып көр» айналымы

Жасырылған тұрақты сөз тіркестерді, көнерген сөздерді, нақыл сөздерді таңдап, сол сөздерді байланыстыра кемінде 2 мысал келтірулері керек және оның мағынасын айтып беруі тиіс.

ІІ бөлім: «Білгенге маржан, білмегенге арзан» айналымы

Теориялық сұрақтар билет түрінде болады. (шешендік сөздердің тарихы, тұрақты сөз тіркестері, көнерген сөздер, мақал-мәтердер) Әр билетте екі сұрақтан болады.

Shape2

Байқау кезеңдері

I кезең: "Жұппен мақал -мәтел айту»

Ережесі: Қатысушылар кезекпен мақал-мәтелдерді айтады. Кім көп мақал айтса, сол жеңімпаз болады.

ІІ ТУР

«Ойлы болсаң тауып көр» айналымы


  1. Ит терісін басына қаптады-ұрысу, балағаттау



  1. Таза мінсіз асыл тас

Су түбінде жатады,

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады...(Асанқайғы)



  1. Ат ізін салмады- хабарласпау.



  1. Жігіт жақсы бола алмас

Алғаны жаман болған соң. (Бұқар жырау)



  1. Бетінен оты шықты-



  1. Сұрағанды бермеген

Сараң емей немене

Кісі ақысын көп жеген

Арам емей немене (Бұқар жырау)



  1. Айы оңынан туды.



  1. «Ағайын бар болса көре алмайды,

Жоқ болса бере алмайды», -Шалкиіз



  1. Қолтыққа су бүрікті-желіктірді.

Мінезді болса алғаның,

Одан артық жар бар ма.

Екі жаман қосылса,

Күнде жанжал, күнде шу,

Ұяларлық ар бар ма. Ақтамберді жырау



  1. Қысқа қол-жетіспеушілік



  1. Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу-сатқындықтың белгісі. Б. Момышұлы



  1. Қанына сіңу-әдеттену

  2. Құсты жисаң, бүркіт жи,

Қыс тоныңды түлкі етер.

Бір жақсымен дос болсаң,

Азбас, тозбас мүлкі етер.

Бір жаманмен дос болсаң,

Күндердің күні болғанда,

Жүмле ғаламға күлкі етер,-Шалкиіз



  1. Көз жазып қалу-адасу.



  1. Ананың көңілі балада,



Баланың көңілі далада. Қорқыт



  1. Иісі мұрнына кірмейді-ештеңе сезбеу

  2. Тәрбиесіз алынған білім-адамзаттың қас жауы Әл-Фараби



1.Мүйізі қарағайдай-мықты, зор

2.Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Абай



  1. Сақинасы бар-ұстамалы ауруы бар.

  2. «Көз өзіне сенеді, құлақ өзгеніңсөзіне сенеді» дегенді естен шығармалық Д. Қонаев



  1. Сабасына келу-ашуы тарқау

  2. Адам жанына ізгілік нәрін сепкен ұстаздан үлкен кім бар? Д. Қонаев



  1. Сөзі түйеден түскендей-дөрекі сөз.

  2. Сенім деген-құдіретті күш, ол сеңгір тауды да қозғайды. Д. Қонаев

  1. Сау басына сақина тіліп алу-өзіне ауру тілеу

  1. Тонның ішкі бауындай-өте жақын, өз адамындай.

  2. Ұлтына, жұртына қызмет ету-білімнен емес, мінезден. А. Бөкейхан

  1. Сіркесі су көтермейді-ештеңені көңілі жақтырмайды.

  2. Бостандыққа апаратын жалғыз жол-ұлттық ынтымақ. А. Бөкейхан

  1. Су татиды-дәмі жоқ.

  2. Жұрт әділ болмай, жұрт ісі оңға баспайды.

  1. Тас жүрек-қатыгез.

  2. Көзі соқырдан, көңілі соқыр жаман.

А. Бөкейхан

II кезең: "Білгенге маржан, білмегенге арзан" айналымы

«Жағдаят және мақал»

Ережесі: Қатысушыларға өмірлік жағдаят ұсынылады, олар сол жағдайға сәйкес мақал-мәтел табуы керек. Жағдаят 1:

Сіз жақсы студент болғыңыз келеді, бірақ уақытты тиімді пайдалану қиынға соғып жатыр. Сабақ оқуға көп уақыт таба алмай, басқа нәрселерге көңіл бөлуге уақыт кетеді.

Мақал:

«Ұқыптылық – еңбекке жетелейді.»

Бұл мақал уақытты тиімді пайдаланып, ұқыпты әрекет етудің маңыздылығын көрсетеді. Егер уақытты дұрыс ұйымдастырып, сабақты уақытында оқып, жүйелі түрде жұмыс істесеңіз, жетістіктерге жетуге болады.

Жағдаят 2:

Досыңыз қиын жағдайға тап болып, сізден көмек сұрады. Сіз оның сұраған көмегін жасай аласыз, бірақ оған көмектеспеу шешімін қабылдайсыз.

Мақал:

«Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.»

Бұл мақал сіздің досыңыздың өз мәселесін сізге ашық айтуы, ал сіздің оған көмектеспеу шешіміңіздің салдарын түсіндіреді. Мақал достықтың шын мәнінде қиын сәттерде маңызды екенін көрсетеді.

Жағдаят 3:

Көп адам басқа адамның айтқанынан немесе істеген әрекетінен қателік тауып, бірден сынап, сынап айтуға асығады.

Мақал:

«Асыққан шайтанның ісі.»

Бұл мақал асығыстықтың адамды қателікке ұшырататынын білдіреді. Егер асықпай, ойланып әрекет етсеңіз, қателіктен аулақ боласыз.

Осылайша, әрбір жағдаят өмірдегі шешім қабылдауды, әрекет ету тәсілін немесе тұлғааралық қарым-қатынасты анықтайды.

Міне, жағдаяттарға (әртүрлі өмірлік жағдайларға) байланысты мақал-мәтелдер:

Шешім қабылдау және ақылмен әрекет ету:

1. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

2. Ақылдасқан ажырамас.

3. Асыққан шайтанның ісі.

4. Сабыр түбі – сары алтын.

5. Шешеннің сөзі ортақ, ақылдың кені ортақ.

Қиын жағдайлардан шығу:

1. Түсі игіден түңілме.

2. Жаманға жан жуымас, жақсыдан дау қашпас.

3. Қиындық көрмеген қуаныштың қадірін білмес.

4. Басқа түссе – баспақшыл.

5. Қайғысыз қара су ішер.

Күрделі жағдайлар мен шыдамдылық:

1. Көп түкірсе – көл болады.

2. Жаңа айтар адам болса, ескі тыңдар құлақ табылады.

3. Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені.

4. Сабыр түбі – сары алтын.

5. Қайратың барда мал тап.

Әрекет пен салдары:

1. Не ексең, соны орасың.

2. Жақсы ниет – жарым ырыс.

3. Әрекетке – берекет.

4. Бүгінгі істі ертеңге қалдырма.

5. Адал іс – абырой әкеледі

Мысал:

  1. Жағдаят: Досың саған қиын сәтте көмек берді.

Дұрыс жауап: "Досы көпті жау алмайды."

  1. Жағдаят: Сен еңбек етіп, жақсы жетістікке жеттің.

Дұрыс жауап: "Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей."

  1. Жағдаят: Сіз жақсы студент болғыңыз келеді, бірақ уақытты тиімді пайдалану қиынға соғып жатыр. Сабақ оқуға көп уақыт таба алмай, басқа нәрселерге көңіл бөлуге уақыт кетеді.

Дұрыс жауап: Ұқыптылық-еңбекке жетелейді» Бұл мақал уақытты тиімді пайдаланып, ұқыпты әрекет етудің маңыздылығын көрсетеді. Егер уақытты дұрыс ұйымдастырып, сабақты уақытында оқып, жүйелі түрде жұмыс істесеңіз, жетістіктерге жетуге болады.

Қорытынды


– Құрметті қатысушылар, бүгінгі сайысымыз аяқталды. Сіздер мақал-мәтелдің терең мағынасын ұғынып, нағыз сөз өнерінің шеберлері екендеріңізді көрсеттіңіздер.
Марапаттау: Әділқазылар жеңімпаздарды анықтап, сыйлықтар тапсырады.

Қорытынды сөз:
– Мақал – ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткен асыл мұра. Оны құрметтеп, күнделікті өмірде қолданыңыздар. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуді жалғастыра берейік!
– Назарларыңызға рахмет! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

Shape3































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2024
251
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі