Материалдар / Мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия-биология байланысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Наурыз 2023
377
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Химия-биология пәндерінде оқушылардың оқу, зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат – өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын сабақтағы оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; оқу-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру, сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін дамыту. Осыған орай, оқушылардың танымдық дағдыларын оқу-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту үшін мұғалім сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс- пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері арқылы өткізілген әрбір сабақ оқушыларды терең ойлауға, ізденіске жетелейді. Оқушылардың оқу-зерттеушілік, шығармашылық жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша олардың өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар оқушылардың өзіндік жұмысының жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстарын жатқызамыз. Мұғалім оқушылардың оқу-зерттеушілік жұмысын ұйымдастыруда өзінің басшылық әрекетін олардың талап-тілектеріне сәйкес ойдағыдай ұштастыра білуі қажет. Бұл мұғалімнен шығармашылық еңбек пен әдістемелік шеберлікті талап етеді.

Мен өз сабақ жоспарларымды «Сыни ойлауды дамыту» жобасын жүзеге асыру бағдарламасының қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс құрылымдық кезеңдеріне бағыттай құрамын. Сабақтың тақырыбына сай қойылған мақсат-міндеттерін жүзеге асыру үшін әр кезеңге сай «стратегиялар» мен әдіс-тәсілдерін таңдаймын. Сабақтың бірінші кезеңінде – қызығушылықты ояту үшін оқушыны бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастыруына бағыттаудан бастаймын. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Мені таны» тағы басқа әдістер қолданамын. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру, өйткені үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-

әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады. Сабақтың екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына бағыттайтын көптеген оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында «V» - «білемін», «-» - «білмеймін», «+» - «мен үшін жаңа ақпарат», «?» - «мені таңқалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылақ етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құрауға дағдыландырады. ЖИГСО – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. ЖИГСО – стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ олар мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді. Сабақтың үшінші кезеңінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру сияқты іс-әрекеттеріне сай әдіс тәсілдерін таңдаймын. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, түзетулер мен толықтырулар жасайды. Осындай іс-әрекеттерін тиімді етуге лайықталған «5.5.5.», «Венн диаграммасы», «3.2.1.», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Осы сияқты әдіс-тәсілдері оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді, әр оқушы оқу, іздену, зерттеу арқылы өз шығармашылығын көрсете алады.

«Көп деңгейлі сұрақ» стратегиясы. Тура сұрақтар (Litera l level). Мұндай сұрақтар қандайда бір ережені немесе анықтаманы еске түсіру үшін қойылады. Сұрақтардың жауаптары мәтіннің ішінде кездеседі, оқушыдан оны жаттап алып, айтып беру талап етіледі. Өзгертуді талап ететін сұрақтар (translation questions) жауап берушіден мағлұматты басқа формада жеткізуді күтеді. Интерпретациялау сұрақтары (interpretation) оқушыларды идеялар мен фактілер, анықтамалар мен құндылықтар арасындағы байланыстарды табуға үйретеді. Сұрақ-тіркеме (application questions) оқушыларға мәселені шешуге немесе келесі мәселенің логикасы мен себептерін зерттеуге мүмкіндік береді.

Сұрақ – баға (Evaluation questions) оқушыларды жақсы, жаман деген сияқты қорытынды шешім қабылдауға үйретеді.

8-сынып биологиядан зертханалық жұмыстар: 14, модельдеу 2

1-тоқсан

Зертханалық жұмыс 1 «Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу».

Зертханалық жұмыс 2 «Жануарлардың ұлпаларын жіктеу».

Зертханалық жұмыс 3 «Өсімдіктер бөлімдеріндегі ерекшелік белгілерді анықтау. Балдырлар, мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар және жабықтұқымдылар.

Зертханалық жұмыс 4 « Дара жарнақты және қосжарнақтылар өсімдіктер кластарының белгілерін зерттеу». Модельдеу 1 «Адамның, сиырдың және жауынқұртының» асқорыту жүйесінің құрылысын салыстыру.

Зертханалық жұмыс 5 «Тағамдық заттар құрамынан С дәруменді анықтау»

2-тоқсан

Зертханалық жұмыс 6 «Әр түрлі ағзалардың қан жасушаларын зерттеу». Қан жасушаларын формасына, мөлшеріне, санына және ядросының болуына қарай салыстыру.

Зертханалық жұмыс 7 «Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу»

Зертханалық жұмыс 8 «Өкпенің тіршілік сыйымдылығын зерттеу».

3-тоқсан

Зертханалық жұмыс 9 «Сүйектің макро және микроскопиялық құрылысы».

Зертханалық жұмыс 10 «Бұлшықет ұлпаларының құрылысын зерттеу» Адам денесінің бұлшықеттерін жіктеу.

Зертханалық жұмыс 11 «Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу» Зертханалық жұмыс 12 «Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу». (құлақтың есту қабілетін анықтау).

Зертханалық жұмыс 13 «Соқыр дақты анықтау, түстердің аралсуына тәжірибе , дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуі».

Зертханалық жұмыс 14 «Тері сезімталдығын зерттеу»

4-тоқсан

Модельдеу 2 «Су және құрлық экожүйелерін салыстыру»

Химия 7-сыныптағы 11 зертханалық, 4 сарамандық жұмыстары:

1-тоқсан

1 практикалық жұмыс «Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық құралжабдықтармен танысу»

1 зертханалық тәжірибе «Заттар қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстыру»

2 зертханалық тәжірибе «Ластанған ас тұзын тазарту»

3 зертханалық тәжірибе «Химиялық реакциялардың белгілері»

4 зертханалық тәжірибе «Салқындау үдерісін зерттеу»

5 зертханалық тәжірибе «Судың қайнау үдерісін зерттеу»

2-тоқсан

6 зертханалық тәжірибе «Балауыз шамның жануы»

Жану үдерісі № 2 практикалық жұмыс/көрсетілім «Күкірттің, фосфордың, темірдің ауада және оттекте жануын салыстыру»

3-тоқсан

7 зертханалық тәжірибе «Ерітінділердің қышқылдық, сілтілік ортасын анықтау».

8 зертханалық тәжірибе «Хлорсутек қышқылының бейтараптану реакциясы»

9 зертханалық тәжірибе «Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі».

10 зертханалық тәжірибе «Сутекке сапалық реакция»

3 практикалық жұмыс «Сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесуі. Көмірқышқыл газына сапалық реакция»

4-тоқсан

4 практикалық жұмыс «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау»

11 зертханалық тәжірибе «Тыныс алу үдерісін зерттеу»

8-сынып, химиядан 7 сарамандық және 10 зертханалық жұмыстар

1-тоқсан

1зертханалық тәжірибе «Атомдар модельдерін жасау»

2 зертханалық тәжірибе «Әрекеттесуші заттардың қатынасы»

3зертханалық тәжірибе «Металдардың қышқылдар ерітінділерімен әрекеттесуі»

1 практикалық жұмыс «Металдардың белсенділігін салыстыру»

2-тоқсан

4 зертханалық тәжірибе «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар»

2 практикалық жұмыс «Сутекті алу және оның қасиеттерін тану»

3 практикалық жұмыс «Оттекті алу және оның қасиеттерін тану»

3-тоқсан

5зертханалық тәжірибе «Заттардың ерігіштігін зерттеу»

4практикалық жұмыс «Қатты заттардың ерігіштігіне температураның әсері»

5практикалық жұмыс «Пайыздық және молярлық концентрациялары берілген ерітінділерді дайындау»

4-тоқсан

6зертханалық тәжірибе «Оксидтердің

қасиеттерін зерттеу»

7 зертханалық тәжірибе «Қышқылдардың

қасиеттерін зерттеу»

8зертханалық тәжірибе «Негіздердің

қасиеттерін зерттеу»

9зертханалық тәжірибе «Тұздардың қасиеттері және алынуы»

6практикалық жұмыс «Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері».

Көміртектің оксидтері.

7практикалық жұмыс «Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттерін зерттеу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!