мақала

Тақырып бойынша 31 материал табылды

мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
«Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша білім беру және даму жолында WORLDSKILLS қозғалысының маңыздылығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақала

«Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша білім беру және даму жолында WORLDSKILLS қозғалысының маңыздылығы

«Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығына сәйкес «Білім беру» ұлттық жобасы әзірленді, оның мақсаты: «Қазақстандық білім берудің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету» және «үйлесімді дамыған және әлеуметтік жауапты тұлғаны тәрбиелеу» болды.

Осы мақсаттарға жету үшін мыналар қарастырылған:

  • кәсіптік білім беруді, оның ішінде бейімді, тәжірибеге бағытталған және икемді білім беру бағдарламаларын енгізу арқылы жаңғырту;

  • жұмыс істейтін азаматтардың кәсіби білімдерін үздіксіз жаңарту жүйесін қалыптастыру және олардың жаңа кәсіби дағдыларды меңгеруі, оның ішінде әр адамның цифрлық экономика саласындағы құзыреттіліктерді меңгеруі.

Қазақстанның WorldSkills қозғалысына қосылуы нәтижесінде еліміздегі орта кәсіптік білімді дамыту бағыттары, оқушылар мен студенттерге арналған кәсіптік бағдар беру бағдарламалары, сондай-ақ ересектерді оқыту бағдарламалары елеулі өзгерістерге ұшырады.

WorldSkills - халықаралық коммерциялық емес қозғалыс болып табылады, оның мақсаты әрбір елде кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу арқылы бүкіл әлем бойынша озық тәжірибелер мен кәсіби стандарттарды үйлестіру арқылы кәсіптердің беделін арттыру және кәсіптік білім беруді дамыту болып табылады.

Бүгінгі күні бұл әлемге әйгілі және ең ірі байқау, оған 25 жасқа дейінгі жас білікті жұмысшылар, университет және колледж студенттері қатысады және белгілі кәсіби мамандар, өндірістік оқыту шеберлері мен тәлімгерлер – бәсекелестік тапсырмалардың орындалуын бағалайтын сарапшылар ретінде қатыса алады.

WorldSkills – дағдыларды жетілдіру және дамыту орталығы. Халықаралық ынтымақтастық пен салалар, үкіметтер, ұйымдар мен мекемелер арасындағы байланысты дамыту арқылы қозғалыс байқаулар, бірлескен жобаларды ұйымдастыру және тәжірибе алмасу арқылы білікті мамандарға деген артықшылықтар мен қажеттілікті көрсетеді. Қозғалыс жастарға, өндіріске және қоғамға кәсіптік оқыту мен білім берудің, жас мамандардың таңдаған мамандығы бойынша үздік болуына көмектесудің маңыздылығын атап көрсетеді. 1950 жылы негізі қаланған WorldSkills кәсіптік, техникалық және қызмет көрсетуге бағытталған білім мен оқытуды насихаттайтын халықаралық ұйым. Қозғалысқа қатысу WorldSkills ұйымына мүше 80 елде оқыту стандарттарын жоғарылатады, жастармен, педагогтармен, үкіметтермен және индустриялармен жұмыс жасап, болашақтағы жұмыс орындарын қолдауға көмектесу үшін бүгінде жұмыс күші мен талантты жұмыс күшін құруға мүмкіндік береді. WorldSkills жастарға кәсіби дағдыларды үйрету және таңдаған мамандығы бойынша үздік болу жолын көрсету үшін жастарды, өндірісті және педагогтарды біріктіреді. WorldSkills серіктестердің, өнеркәсіптің, үкіметтің, волонтерлердің және білім беру мекемелерінің қолдауымен дәстүрлі қолөнерден өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласындағы көп салалы кәсіптерге дейін бүкіл әлем бойынша дағдылардың өсуіне тікелей әсер етеді. Бүгінде бұл – жас білікті жұмысшылар, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысушы ретінде, ал белгілі кәсіпқойлар, мамандар, өндірістік оқыту шеберлері мен тәлімгерлер сарапшы ретінде тапсырманың орындалу барысын бағалайтын, әлемге әйгілі әрі ауқымды байқау.

Чемпионат – мемлекеттік органдар мен оқу орындарының басшылары, салалық және қоғамдық ұйымдар өкілдері бас қосатын, кәсіби шеберлікке қатысты маңызды және өзекті мәселелер талқыланатын көп қырлы шара. WorldSkills чемпионаттары екі жылда бір рет әртүрлі елдерде өткізіледі және өнеркәсіптен бастап қызмет көрсету саласына дейінгі барлық саланы жан-жақты көрсететін кәсіби дайындық пен біліктілікті арттыру саласындағы ең маңызды шара болып табылады. Сайыскерлер WorldSkills ұйымына мүше елдердің кәсіби шеберлік ұлттық чемпионаттарының жеңімпаздары болып табылады. Олар өздерінің жұмыс орнында үйренетін және/немесе орындайтын тапсырмаларын шешу арқылы өздерінің техникалық біліктілік деңгейін де, жеке және командалық сапаларын да көрсетеді. Олардың жетістігі немесе сәтсіздігі олардың жеке кәсіби қасиеттерін ғана емес, сонымен қатар олар өкілдік ететін елдегі кәсіби дайындық деңгейін және қатысушылардың өз еліндегі қызмет сапасының жалпы деңгейін көрсетеді.

WorldSkills чемпионаттарында құзыреттер 6 бағыттық блокқа біріктірілген: құрылыс секторы, IT-технологиялар, өнеркәсіптік өндіріс, көлік жөндеу, қызмет көрсету секторы, шығармашылық және дизайн.

WorldSkills мақсаты – әрбір жеке елде, жалпы әлемде кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу арқылы әлемдегі озық тәжірибелер мен кәсіби стандарттарды үйлестіру арқылы мамандықтардың беделін арттыру және кәсіптік білім беруді дамыту.

WorldSkills International мақсаты:

  • Ауқымды мүше ұйымдарға сүйене отырып кәсіптік білімнің әлемдік нарығында WorldSkills International қатысуын дамыту әрі кеңейту;

  • Кәсіптерді таныстыру, дамыту әрі жылжыту үшін WorldSkills конкурсын әлемдік құбылыс ретінде насихаттау;

  • WorldSkills International ауқымды қызметін қолдау үшін заманауи идентификация мен икемді құрылымын әзірлеу;

  • WorldSkills International мақсатына жету үшін корпорация, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен стратегиялық серіктестікті дамыту;

  • WorldSkills кәсіптері, стандарттары мен критерийлері туралы ақпаратты тарату және білім алмастыру;

  • Кәсіп пен жаңашылдықты дамыту, жаңа мүмкіндіктерін дамыту бойынша WorldSkills International сарапшылары арасында байланыстың дамуына қолдау көрсету;

  • WorldSkills қатысушылары, бүкіл әлемдегі басқа да жастар арасында кәсіпті, білім мен мәдениетті беру әрі алмасуға қолдау көрсету.


WorldSkills миссиясы – кәсіби құзіреттілікті дамыту, жоғары білікті кадрлардың беделін арттыру, экономикалық өсу мен жеке табыс үшін құзыреттердің маңыздылығын көрсету.

Халықаралық WorldSkills International қозғалысының тарихы

  • 1947 жыл, Испания – кәсіби тренинг пен жарыстарды өткізу қозғалысы құрылды, кейін ол WorldSkills International айналды.

  • 1950 жыл – Испания – Португалия жұмыс мамандықтарынан халықаралық алғашқы чемпионат өткізілді.

  • 1953 жыл – қозғалысқа Ұлыбритания, Швейцария, Франция, Германия, Марокко қосылды.

  • 1958 жыл – Халықаралық көрме шеңберінде жарыс алғашқы рет Испаниядан тыс Брюссельде (Бельгия) өтті.

  • 1970 жыл – чемпионат алғашқы рет әлемнің басқа бөлігінде өтті – Жапония, (Токио қ.).

  • 1983 жыл – Қозғалыс Кәсіби тренинг пен конкурс өткізетін халықаралық ұйым - International Vocational Training Organisation (IVTO) деп өзгертілді.

  • 2000 жылдың басында IVTO WorldSkills International (WSI) деп өзгертілді.

  • 2012 - Ресей WSI-ға қосылды

  • WorldSkills International (WSI) құрамында қазіргі кезде 80 ел бар, Қазақстан 2014 жылы 70-сі ел мүше болып енді, сол жылы Алматы қаласында WorldSkills-2014 байқауы алғаш рет ұйымдастырылды.

Қазақстанда WorldSkills қозғалысының пайда болу және даму тарихы:

  • «Кәсіпқор» Холдингі» КеАҚ- Қазақстандағы WorldSkills International ұлттық операторы (ҚР Премьер-министрінің орынбасары Г.Абдыкалыкова және ҚР БжҒМ 2015 жылғы 20 қаңтардағы №22 бұйрығы) WSK қозғалысы мен кәсіптік шеберлікті басқаруды дамытуды қолға алды

  • Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет 2015 жылғы 8-9 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М. Сапарбаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі A.B. Саринжиповтің қатысуымен WorldSkills Ұлттық чемпионаты өтті.

  • 2015 жылы Сан-Паулу, Бразилия Анар Жанбосынова "Шаштараз өнері" құзыреттілігі бойынша» қатысты;

  • 2016 жылы WorldSkills Belarus-2016, Минск. Абдыраимов Қанат "Шаштараз өнері" құзыреттілігі бойынша» жеңімпаз атанды;

  • 2017 жылы «Молодые профессионалы» WorldSkillsrussia-2017 Абдыраимов Қанат "Шаштараз өнері" құзыреттілігі бойынша»3 орын иегері;

  • 2017 жылы Абу-Даби, БАӘ. Полина Синебрюкова "Шаштараз өнері" құзыреттілігі бойынша» қатысты;

  • 2018 жылғы қыркүйек айында EuroSkills-Будапешт, Венгрия. "Medallion for Excellence" Абдухалилова Назира "Шаштараз өнері" құзыреттілігі бойынша» медальон иегері атанды;

  • 2019 жыл – Ресей, Қазанда өткен әлем чемпионатына Людмила Упорова қатысты;

  • 2022 жыл – Финляндия, Хельсики қ. Абдыбек Аружан "Шаштараз өнері" құзыреттілігі бойынша» қатысты;

  • 2024 жылы Францияда өту жоспарлануда.

Бұл аталған жобадан Жамбыл облысы да қалыс қалып жатқан жоқ. «Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша ұлттық чемпионатта Тараз сервис және технология колледжінің түлегі (менің шәкіртім) Бейзер Антон 3 орынды иеленді. Бұл тек ұстаздар, оқу ордасы үшін ғана мес, сондай-ақ, облыс үшін де зор мәртебе...


WorldSkills қандай мүмкіндіктер береді:

* сарапшыларға – оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын меңгеруге, кәсіби стандарттарды қалыптастыруға қатысуға;

* мемлекетке – бүкіл ел бойынша WorldSkills стандарттары бойынша чемпионаттарға қатысатын мамандар мен студенттердің шеберлік деңгейін өлшеу және салыстыруға;

* жұмыс берушілерге – студенттердің (жастардың) кәсіптік білім алу кезеңінде өздеріне кадрларды іріктеуге;

* оқу орындарына – материалдық базаны жаңартуға, оқытудың жаңа түрлерін енгізуге;

* студенттерге (жастарға) – заманауи технологиялар мен озық әлемдік тәжірибені меңгеруге, облыстық, аудандық, республикалық және халықаралық чемпионаттарға қатысуға, жұмыс берушілерден жұмысқа орналасуға т.б.





Мақала авторы: Отемисова Гулмария Оспановна

«Шаштараз өнері» мамандығы бойынша

арнайы пәндер оқытушысы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2024
159
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі