Материалдар / Мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала
Авторы:
11 Қырқүйек 2024
81
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жылы жүрек» номинациясы бойынша эссе

Мен үшін терең ілімнің, асыл ой қазынасы – Абай атамыздың мұралары. Әрбір оқыған сайын өзіме керек көп дүниелерді табамын және білімді, ата-анаға, ұстазға құрметті үйренемін. Соның барлығы толық адам болу үшін қажетті үш асыл қасиеттің бірі жылы жүректен екенін ұқтым. Қоғамдағы ең бағалы адам – ол әдепті адам. Әдепті адамдар-қоғамның баға жетпес байлығы әрі мәртебесі. Қай қоғамда да әдеп жолға қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы да бақуатты болмақ. Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере лтырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Ізгілік - адамның кісілік қадір-қасиетін, адамның еркіндігін, адамның бақытқа құштарлығы мен талпынысын, адамның құқы мен жауапкершілігін, арын, намысын, мейірбандығы мен қайсарлығын, адамның жасампаздығын - яғни адамның барша адами қасиеттерін ұлықтайтын, даралығы мен дамуын діріптейтін идея. «Ізгілік пен игілік жоқ жерде әсемдік те жоқ»  деп Сократ айтқандай, ізгілік адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Ізгілік ешқашан да өлмейді. Ізгілік – өнегеліліктің шыңы. Ізгі адам қашанда өзгелерге жақсылық ойлап, жамандық атаулыдан аулақ болады. Ол өзгелерге қамқор болып, көмектесіп, «тек жақсылығым тисе екен» деген ізгі ниетте болады. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. Сондықтан қолымыздан келгенше ата – ана, бойымыздың өнегелі тәрбиесін бойымызға сіңіріп, ізгілік нұрын жинайық. Кішіпейілділік дегеніміз жеке адамның жұрт мойындаған тәртіпке өз еркімен бағынуы, өзінің жеке бастық керек-жарағын сол қоғамдағы халықтың материалдық жағдайына сәйкес шектеуі, барлық адамға құрметпен қарап, өзінің ғана мүдделеріне қатысы бар жекелеген адамдардың ұсақ-түйек кемшіліктеріне төзімділік көрсетуі, сонымен қатар өзінің және басқалардың жетістіктері мен кемшіліктеріне сын көзбен қарауы. Адам – әлеуметтік тіршілік иесі. Осыдан адамның басқалар алдындағы, қоғам алдындағы, табиғат алдындағы жауапкершілігі, міндет-парызы келіп шығады. Осыны сезіну оны кішіпейіл етеді. Ондай адам өзінің артықшылықтарына пәлендей мән беріп жатпайды, өзінен-өзі солай болуға тиісті нәрсе деп қарайды. Бұл сияқты адамдар көбінесе, шынында да, айтарлықтай артықшылықтары бар адамдар, өз еркімен қоғамға, адамзатқа қызмет істеуге бел буған кісілер болып келеді. Кішіпейілділік, қарапайымдылық адамның барлық іс-әрекетінен, қимыл-қозғалысынан, өзін ұстауынан, мінез-құлқынан, тәртібінен, сөзінен, киген киімінен де аңғарылып тұрады. Ондай адамның сөзі ұстамды келеді. Өзінің сезімін басқаларға білдіруге асықпайды. Қарым-қатынаста тұрақтылық басым болып, аумалы-төкпелілікке жол бермейді. Бірақ мұның бәрі қандай жағдайда да өз пікірін ашық айтуға кедергі келтірмейді. Өйткені, ол өзіне де, өзгеге де жоғары талап қояды. Кішіпейіл адам адамгершілігі мол, мейірбан болады. Кісіге қарасуға, қол ұшын беріп, жәрдемдесуге дайын тұрады. Кішіпейілділік жай нәрсе емес, ол – мінез, әлеуметтік мәртебе, көп қошемет тұтатын асыл қасиет болып табылады. Сол үшін де халық: «Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік» деп оның мәнін өте дұрыс айтып жеткізген. Өмірді сүйетін адамдар бақытты, әрі жан-жағындағы адамдармен осы бақытымен бөліскісі келіп, ешкімге жамандық ойламайды. Мұндай көңілі көктем, жайсаң жандар осы бақытымен барша әлеммен бөліскісі келіп, алып-ұшып тұрады. Осындай асыл жандар тек жақсылық ойлап, игі істермен айналысып, айналасына мейірімін төгіп, көңіл нұрымен шуақтандырып тұрады. Жүрегі сүйіспеншілікке толы жандар жанымызды жылытып, өмірімізге сән береді. Сонымен қатар менің армандарым да көп. Мен өз болашағымды жарқын етіп елестетемін. Мектепті ойдағыдай тәмамдап, қалаған мамандығымның иесі болғым келеді.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!