БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Сүлейменова М.Ж
Алматы облысы, Іле ауданы,
Көкқайнар ауылы “№44 орта мектеп” МКМ
Тәуелсіз елдің дамуы үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет. Бүгінгі таңда болашақ ұрпақтың білікті, білімді, ұшқыр ойлы, ізденімпаз, бәсекеге қаблетті, жан-жақты болуы үшін үздіксіз білім беру жүйесінің маңызы аса зор. Бүгінгі таңда мектеп қабырғасында, жоғарғы оқу орындарында білімді жетілдіру озық технологиялар мен цифрлық технологиялармен оқыту, ұстаздардың еңбек жолындағы ізденістер мен талпыныстардың нәтижесі болып табылады.
Цифрландырудың
негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру,
халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процессы жеделдету
және жеңилдету, балаларға, ұстаздарға, -аналарға жүктемені асайту.
Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз
халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, они ишінде жасанды
интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге
қабілетті
болуға тиіс. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей,
елді цифрландыру – бұл мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік
артықшылыққа қол жеткізу құралы. Бүкіл процесс
жүйелілікті,
реттілікті
және кешенді тәсілді талап
етеді.
Бүгінгі таңда білім жүйесіндегі озық тәжірбиелі ұстаздар дәстүрлі білім жүйесін емес, озық технологиялар арқылы оқушылардың білімін жетілдіріп келеді. Ол үшін Қазақстан еліндегі “Цифрлы Қазақстан” жобасынгың жүйезе асырылуы аса маңызды болып отыр. Осы орайда күн сайын білім жүйесінде әртүрлі сандық технологиялар мұғалімнің жұмысын жеңілдетумен қатар, ізденіс жолдарын қалыптастырып, оқушылардың білімге, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып отыр.
Цифрлық қоғам – бүгінгі күнде адамдардың өмір жағдайына, олардың біліміне және жұмысына, сонымен қатар мемлекет, бизнес және қоғам арақатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы шешуші әсер ететін, қоғам өмірінің барлық салаларында білім мен ақпараттық доминантты рөлімен ерекшеленетін өркениет дамуының заманауи кезеңі.
Бүгінгі таңда мектептерді цифрлық мектепке айналдыру қажеттілігі туындап отыр. Егер кез келген педагог заманауи жаңа цифрлық технологиялар құралдарының мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, онда цифрлық білім беру сапасыз білім беруге айналады. Жаһандану заманында цифрлық қоғам мен білім беруді цифрландыру және электрондық оқыту жүйесін білім беру ұйымдарына енгізу жағдайында педагогтердің қашықтықтан біліктілігін арттыру ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Жалпы, педагогтердің ІТ-саласын жан-жақты
меңгеруі үшін кез келген ұстаз кең жолақты Интернет желісіне
қосылған ноутбукпен қамтамасыз етілуі қажеттігі
туындады. Демек әр мұғалім планшет,
ноутбук құралдарын пайдалана отырып, сабағын қызықты өте
алады. Олардың кәсіби деңгейіне қойылатын талаптардың
бірі ретінде ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық
құзырлылығын қалыптастыру нормативтерін қарастыру көзделген.
Аталған үрдістер тәжірибеге енгізілген жағдайда, педагогтың
ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыруға толық
мүмкіндігі болатындығы дәлелденген.
Цифрлық білім беру ресурстарын мұғалім жаңа материалды түсіндіру, материалды бекіту және меңгеру деңгейін бағалау, өз бетімен оқу, орындау және өз-өзін бағалау үдерісі кезінде қолдана алады. Олар оқу пәнінің белгілі бір тақырыбы бойынша мультимедиалық түсіндіруді, интерактивтік тапсырмаларды және тестілік сұрақтарды қамтиды. Цифрлық білім беру ресурстарының оқу үдерісінде пайдаланылуы көбінесе бірнеше факторларға тәуелді: қолданылатын техниканың, бағдарламалық құралдардың сенімділігі, оқушылардың қызығушылығы, ақпараттық мәліметтер базасын пайдалана білу машықтары, компьютерде жұмыс істей білу, сандық білім беру ресурстарын қолдануға деген ынтасының болуы.
Білім беру ресурстарын құру принциптері мен технологиясын пайдалану ұғымының негізінде үш компонент жатыр: контент, педагогика және технология, сондай-ақ олардың арасындағы қарым-қатынас. Әр түрлі контекстерде өзін әртүрлі жүргізетін үш компонент арасындағы өзара іс-қимыл білім беру технологияларын интеграциялау дәрежесі мен сапасындағы кең айырмашылықтарды түсіндіреді. Қазіргі уақытта пән мұғалімдері білім беру ресурстарын қолжетімді бағдарламалар көмегімен жасап, күнделікті сабақтарында бірнеше контент түрлерін қолданып жүр.
Оқушының күнделікті сабақты меңгеруі пәнге деген қызығушылықтан басталады. Бүгінгі таңда әртүрлі платформалар сабақ барысында қолданылады. Атап айтсақ Padlet. Bilim Land, Fobis tulls, Word wall, Google Disk, Learning apps, Сanva, Educaplay, Jamboard, Edpuzzle т.б Сонымен қатар қайталау сұрақтары мен тапсырмаларына арналған тест құрастыратын сандық бағдарламаларға келетін болсақ Quizzis test, EdApp, Quizlet, Kahoot! т.б. бұл программаларды күнделікті сабақта пайдалану арқылы білімді жетілдіруге болады.
Цифрлық технологиялардың білім беруде қолданылуы әлеуеті мұғалім қызметі сипатының дамуына зор ықпал етіп, «білімде шекара жоқ» деген тұжырымды ақиқатқа айналдырды.
Енді белсенді қолданылатын оқытудың әдістемелік жүйесінің дәстүрлі элементтерінің бірқатарының цифрлық технологиялар арқылы түрленуі іске асуда. Атап айтсақ дәстүрлі оқыту элементтері цифрлық технологиялар арқылы түрленген. Атап айтсақ семинарлар-вебинар, аудио, видео, телеконференциялармен, пікірталастар-форум, чат, электронды поштамен, ойын технологиясы геймификация, квест, Веб-квестпен, Онлайн тақта, зертхана жұмыстары- виртуалды зертханамен, инфографика, онлайн менталды карталармен, электронды оқулықтармен электронды кітапханалармен алмасқан. Бұл сандық технологиялар күнделікті сабақ барысында ұстаздармен қолданысқа енген. Ендігі кезекте бірнеше интерактивті платфоромалармен таныстырып өтсем:
-
ViewSonic eLearning-оқытушылар мен студентерге арналып, нақты уақыт кезінде жұмыстарды даярлап бере алады.
-
2.Электрондық тақта Blackboard Unite
3.Canvas -Мұғалімдерге оқу мақсаттарынк курсырында құруға мүмкіндік беретін нәтижелер бағалауды, типі бүкіл курстарды мұғалімдер арасында Canvas Commons арқылы бөлісуге болады
4. PowerSchool оқыту-мұғалімдер сыныптың веб-сайтын құра алады, өздерінің цифровые тапсырмаларынок әзірлей алады немесе интернет табылған басқа оқу материалдарын құрастыра алады.
5.Google Classroom -қолданудың қарапайымдылығы мен
құрылғының әмбебап қол жетімділігі арқасында
тартымды. 
Бүгінгі таңда білім жүйесінде әр пәнге арналған арнайы сандық бағдарламалар кездеседі. Мысалы география пәні бойынша Google maps, Яндекс карта, Google Ears электронды карталары кеңінен қолданылады. Бұл платформалар сабақ барысында вертуалды саяхта жасай отырып, білімді жетілдіруге көмектеседі. Сандық платформалар арқылы ұстаздар кері байланыс, рефлексия, тест тапсырмаларын жылдам орындата алады. Анкеталық сұрақтар, дауыс берулер, жылдам викториналық сұрақтарға жауап бере алады.
Бүгінгі таңда менде бірнеше цифрлық бағдарламаларды меңгере отырып, күнделікті сабақтарыма дайындықпен келемін. Атап айтсақ презентациялар дайындау, тест дайындау, ойын түрлерін құрастыру, фото-видео, аудио, зум, зум mitting конференцияларын меңгере отырып, жылдам пікір алмасулар орындай аламын. Өзімді қызықтырған тақырыптар туралы ақпараттарды іздеп, тапсырмалар мен әдіс-тәсілдерді қолдануды Ютуб каналдарынан үйреніп келемін. Цифрлы технологиялар бірінші кезекте, студент ретінде менің өзіндік дамуыма, ізденіске жетелейтін құралдар болып табылады.
Бүгінгі таңда ұстаздар, білім алушылар, студенттер, оқушылар үшін интернет жүйесінде зор мүмкіндіктер өте көп. Арнайы интернет желісінен бағдарламаларды үйреніп, олармен тапсырмалар құрастыру мүмкіндіктері бар. Белгілі бір мәліметтерді жылдам жеткізуге, арнайы сандық құралдармен тасымалдауға болады. Интернет желісі арқылы сандық технологияларды меңгере отырып, барлық жас ұрпақ білімділікті, жасампаздықты, ізденісті, біліктілікті көтере алады.
Жалпы сөз соңында қорыта келсек, Цифрлық технологиялар—бүгінгі күнде, болашаққа батыл қадам. Цифрлық технология білім беруде маңызды рөл атқарады және цифрлық технология арқылы еліміздде бәсекеге қабілетті жастар қалыптасып, тәуелсіз елдің болашағын дамытамыз деген ойдамын.
Пайдаланылған
әдебиеттер
-
Цифрлық технология бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру жолдары. С.Мұхамбетжанова.

-
А.М.Авишева. Білім беру үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану. zkoipk.kz

-
Бузаубакова К.Д., Амирова А.С., Маковецкая А.А. Цифрлы педагогика: Оқулық. -Тараз: «ИП «Бейсенбекова Ә.Ж.», 2022. -314 б.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
мақала

шағым қалдыра аласыз