126 «Шұғыла» ІІ корпус
бөбекжай – бақшасы МКҚК
Тәрбиешісі: Қазыбекова Гулжамал Нурбаевна
Шымкент қаласы
«БАЛАБАҚША – ТӘРБИЕ ОШАҒЫ»
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты – балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірдің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрін түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе.
Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні – өз ұрпағы.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр – сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз – ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер – жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы.
Тәрбие берудің негізгі мәйегі – мейірім мен сүйіспеншілікте. Әсіресе, кішкене балалар үшін мейірім мен сүйіспеншіліктің орны ерекше. Бұл махаббатқа олар қашанда шөлдеп тұрады. Олар тек сүйіспеншілікпен ғана өсіп-жетіледі десек артық айтқандық емес. Бала кімнен мейірім көрсе, сол адамды ерекше жақсы көреді. Әрдайым соны ізден тұрады. Оны ренжітпей, мейірімі мен сүйіспеншілігінен ажырап қалмау үшін оның айтқандарын орындауға тырысады. Өзі жақсы көрген кісіге еліктегіш келеді. Ендеше, сүйіспеншілік – бала тәрбиесіндегі негізгі қағида.
Бала тәрбиесі бәрімізді алаңдатады. Адам баласының қасиетті міндетттерінің бірі-дүниеге ұрпақ әкеліп, артына із қалдыру. Баласының жақсы болғанын армандамайтын ата-ана жоқ. Тіпті баласының болашағы үшін отқа да, суға да түсетін ата-аналар да баршылық. Бала тәрбиесі – қиын да күрделі процесс. Біз баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалаймыз. Бірақ баламызды осы мақсаттарға сай тәрбиелеу үшін үлкен еңбек, күш жігердің қажет екенін бәріміз білсекте, мойнымыз жар беріп, бала тәрбиесімен айналыса бермейміз. Кейін балаларымыз есейген сәтте кінәләп жатамыз. Баланың әр қылығы қызық. Бірақ сол қызықтауды да тағалап, талдап қарамаса тағы болмайды. Бала тәрбиесіндегі тағы бір кемшілік – бала жетістіген көре білу, жігерлендіру, ынталандырумен байланысты. Баламызды мадақтауымыздан гөрі, жекіруіміз асып түсіп жататынын мойындауымыз керек. Біз баламызға үнемі талап қойғышпыз. Әуелі талапты қоймас бұрын, балаға ата-ана үлгі көрсете білуіміз керек емес пе? Бала тәрбиесі кезек күттірмейтін, күн тәртібінен ешқашан да түспейтін өзекті мәселе болып қала бермек.
126 «Шұғыла» ІІ корпус бөбекжай – бақшасы Шымкент қаласында орналасқан. Әр күнімізді қызықты етіп бүлдіршіндердің есінде қаларлықтай жоспарға сәйкес етіп өткіземіз. Таңертеңгі уақыттан кешкі мезгілге дейін бүлдіршіндер әрі білім – тәрбиеге үйреніп, әрі қызықтайды. Таңертең жылы шыраймен бүлдіршіндерді қабылдап аламыз, таңғы дәмді ас, кейін ұйымдастырылған іс-әрекеті, сурет мүсіндеу, жапсыру, қарапайым математика, көркем әдебиет т.б өткіземіз. Меніңше бүлдіршіндер балабақшадан көптеген мағлұмат алады. Мектепке барынша дайын барады. Тілдерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, салт – дәстүрді құрметтеу оны бағалау, тазалыққа баулу, Отанға, Туған жерге деген патриодттық сезімді қалыптастыруды, барлығын балалар балабақшадан бастайды.
«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Кішкентай сәбилеріміз ата-анасының, тәрбиешінің, достарының мінезінен, жүріс-тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт – дәстүр, мақал – мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар арқылы сіңіру ата-ана мен тәрбиешілердің басты міндеті. Ертегінің тәрбиелік мәні зор. Ол сәбидің қиялына қанат бітіріп, бойындағы игі қасиеттердің қалыптасуына жол бастайды. Мысалы «Шалқан» ертегісін тыңдап болған соң, балалар шалқанды көптің көмегімен жұлып алғанын білдіреді. Ертегі тыңдап болып, кішкентай бүлдіршіндер қамқорлық, мейірімділік сезімдерімен танысады.
Адамгершілік дүниесіндегі ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан қымбат қазынамыздың бірі – бесік жыры, мақал – мәтелдер болып келеді. Мақал – мәтелдер арқылы кішкентай бүлдіршіндеріміздің қайырымдылық, ілтипат сезімдерін арттырамыз, адамгершілік сезімдерін оятамыз. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген мақал – мәтелдер арқылы бала бойына үлкенді құрметтеу, қамқорлық сезімдерін туғызамыз. Балаларды еңбексүйгіштікке баулу арқылы, адамгершілік қасиеттерін дамытуға болады. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата-ана мен тәрбиешінің басты міндеті. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу күнделікті балабақша өмірінде, тәрбиешінің жұмыс күнін ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде қамтылады. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмыстың үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда, баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген бала тәрбиелеуден басағанның маңызы зор. Балабақша бүлдіршіндерді болашақта ата – дәстүтін сақтайтын инабатты да, ибалы үлкен – кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы. Рухани адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса тәрбиешілердің ата-аналардың да болашағы зор болмақ. Өсер ел бірінші кезекте ұрпағын ойлайды. Оның бойына ұлағат себуді мақсат етеді. Өйткені бала да балапан секілді, «Ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі», дегендей нәр алып өскен баланың өмірге бейімдігі мен зердегілігі жоғары болады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала

шағым қалдыра аласыз