Даулетбакова Гаухар Несипбаевна
Мұғалімнің портфолиосы
«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша рефлексивтік есеп.
Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет – білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Әрине, маманның сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Дана халқымыз: «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деп текке айтпаған. Бұл Бағдарламаның өзектілігі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарласының мақсаттарымен және міндеттерімен үйлесуі. Бағдарламаның жетекші мақсаты әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтарының негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу. Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Жаңа ғасырға сай өзгеше қабілет болу үшін мен өзгеруім керек, сондықтан мектепте жүргізілген «тәжірибелік рефлексия» курсына оқуға бардым. Курс барысында «Назарбаев зияткерлік мектептері» жайлы бейнероликтерін көру арқылы түсініп болашақта сабақта жаңаша әдіс-тәсілдерді құруға бет бұрдым. Жаңаша оқытудың негізгі жеті модулі туралы түсінік қалыптастырдым. Олар: 1) оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер 2) сыни тұрғысынан ойлауға үйрету 3)оқу үшін бағалау және оқуды бағалау 4) оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану 5) талантты және дарынды балаларды оқыту 6) оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу 7) оқытуды басқару және көшбасшылық. Курстың құрылымының өзі американдық психолог Б.Блумның адамның танымдық ойлауының алты деңгейіне негізделген. Бірінші кезеңінде бағдарлама идеясын түсіну, еске сақтау, ал қашықтан оқыту кезеңінде қолдану, талдау, екінші кезеңінде жинақтау, қорыту, соңғы кезеңінде бағалау бойынша ұйымдастырылуы менің алғашқы күннен зерттеушілік қабілетімді жетілдірді. Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізу үшін мұғалімдердің қалыптасып қалған көзқарасын өзгерту негізгі мақсатым болды. Өйткені «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім». (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық).Мұғалімдердің көпшілігі, білімдері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес, өздерінің жұмыстары туралы толғаныста болатыны шындық, дегенмен бұл жердегі мақсат – үдерісті жарқын бейнелі, жүйелі және басқа адаммен ортақ ету. «Рефлексивті практик» деген ұғым философ, психолог және оқу реформаторы Джон Дьюи мен философ, индустриялық және технологиялық зерттеуші Дональд Шонның жұмыстарынан шығып отыр. Дьюидің «Біз қалай ойлаймыз?» (1910) деген кітабы рефлексивтік ойды шешуге жататын мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттардың зерттеулеріне бастама жасап және іске асыра отырып оқытуға ерекше ықпал етті. Педагогикалық рефлексия - мұғалімнің өзіне, өзінің қылықтарына объективті баға беру, оны балалар, басқа адамдар, ең әуелі педагогикалық қатынас процесінде мұғалім әрекеттесетін адамдар қалай қабылдайтынын түсіну қабілеті. Педагогикалық рефлексия орталығында - оқушы тәрбиешіде және онымен өзара қарым-қатынасында нені қабылдайтынын және түсінетінін, тәрбиешінің әрекеттеріне қалай икемделе алатынын ұғу. Сабақты ұйымдастыру барысында әрбір сабаққа ерекше дайындалып бағдарлама негізінде ұсынылған жоспардағы тапсырмаларды талдауда түрлі жаңа әдіс – тәсілдерді пайдаландым. Бұл арқылы мен алдымда отырған оұушылардың әр бір тапсырманы ынтамен, қызығушылықпен жасағанын байқадым.Бұл Бағдарламаның оқу мен оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдері сабақ беруде өте тиімді екеніне көз жеткіздім. Ең алдымен өзіңе деген сенімділік болу керек екен. Мұғалімнің ұстанымы – оның көзқарасы, қабылданған шешімнің және іс – әрекетінің негізі. (Мұғалімге арналған нұсқаулық,7 – бет)

Осы курстың негізгі сабақтарының тағы біреуі: «Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу» болды. Бұл сабақта жоғары белсенділікті талап ететін жаттығулар жасау, «Мінсіз мұғалім», «Мінсіз оқушы» сипаттамалырымен таныстым. Осы орайда Ванг және басқалар мынадай пікір айтқан: (2004) «Біз «өзгермейтіндік» деген ұғым жоқ деп ойлаймыз, негізгі құзыреттер әрбір бала үшін жарамды. Сонымен қатар танымдық құзіреттер бала ұйымдастырушылық қызметке қатысатын белгілі бір мәдениеттерге, әлеуметтік және физикалық жағдайларға, сондай-ақ бала қабылдай алатын мәдени және әлеуметтік талаптарға сәйкес келеді» деп тұжырымдайды (227-бет).

Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады. Ал социологтар оны негізгі құндылық есебінде атап көрсетеді.Осыған байланысты Пажарес (1992) «білім беру сызбаларын» құрастырды.Онда «мұғалімнің ұстанымы-оның көзқарасы, қабылдаған шешімінің және іс-әрекетінің негізі» деп атап көрсеткен.(МАН. ІІІ-деңгей) Сабақ барысының алғашқы кезінде сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін алғашқы сабағымды өткіздім. Топқа бөлу әдісін мен бұрын-соңды сабақтарымда қолданып көргенім жоқ, мен бірінші рет сыныпты топқа бөліп, сабағымды өткізіп көрдім. Басында өзім қызық көрдім. Маған ұнады. Себебі: біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырады. Екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Үшіншіден, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды. Бұл әдіс сонымен қатар топ болып ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауға, ойын еркін ортаға салуға, бірінен- бірі үйренуге септігін тигізді. Мен сабақ басталар бұрын оқушыларды сурет түстеріне, 1,2,3 т.б сандарды санатып, сан бойынша т.б топқа бөліп жүрдім. Топпен бірге жұмыс істеуге тапсырмалар берген кезде, топтық жұмысқа барлығы бірдей кірісіп кеткен жоқ. Топтық жұмыстың алғашқы кезінде білім деңгейі орташа оқушыны білімі жоғары оқушы
қатыстырмаған. Олардың пікірін тыңдамаған. Содан кейін мен оларға топпен жұмыс істеулерін, бір бірінің ойларын тыңдау керектігін айттым. Содан кейін олар топта бір-бірін тыңдап, сыйлап, бірге жұмыс жасай бастады. Сабақ соңында топтар арасындағы бәсекелестік емес, достық қарым-қатынас пен жақсы көңіл-күйді байқадым. Сырттай бақылап тұрған адамға сыныпта орнаған жақсы психологиялық ахуал сезіліп тұрды. Әр сабаққа тиянақты дайындық, шеберлік қажет болды.Тапсырмаларды түрлендіріп, сабақты өмірмен байланыстырып, әр сабақ сайын топтарды өзгертіп отырды. Сабақ соңында оқушылардың жеткен жетістіктерін, кемшіліктерін талдап отырдым.
Топтық жұмыстың
артықшылығы:
• Оқушылар өзара достық қатынаста
болады;
• Бір-бірінен сұрай отырып білімдерін
жетілдіреді;
• Өзгелерге ойын жеткізу үшін өз шешімін
дәлелдеп үйренеді;
• Менен сұрап қалады-ау деп қорықпайды,топ
болып жауап береді;
• Оқушылардың мектепке деген көзқарасы
өзгереді.
• Уақыттары қызықты әрі тиімді
өтеді;
• Топтық жұмыста бос отыратын оқушы
болмайды.
Сыныпта диалогтік әдістің маңыздылығы өте зор
екендігін сабағымда аңғардым. «Александер(2004) оқытудағы
әңгімелесу-қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі
емес,керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының
негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды»
делінген нұсқаулықта /Нұсқаулық 40-бет/. Мен осыған дейін баланың
ойын еркін, ашық жеткізуіне мүмкіндік бермей кедергі келтіргенмін.
Орташа оқитын оқушылар берілген тапсырманы орындай алмай тұрған
кезде немесе кідірсе, «қайсысын шығарып бересіндер?» деп жақсы
оқитын оқушылардан сұрап, орташа оқитын оқушыға ойлануға да
мүмкіндік бермеген кездерім болды. Осыған дейін диалогтік әдіс 2,3
адамның арасындағы сұхбат әңгіме деп ойлап келдім. Жаңа әдісім
бойынша сабақ басталар алдында оқушыларға бір –біріне сұрақ қоюға,
ойын еркін ашық айтуға болатынын ескерттім.Сыныпта қолданған
диалогтық әдіс-тәсілім оқушылардың сыныпта әңгіме
құруына,
басқаны тыңдай білуге, пікір алмасуына, ойын бүкпесіз ашық айтуына, сыни тұрғыдан ойлау элементтерім, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға үлкен көмегін тигізді.Жаңа
сабақты меңгертуде де оң өзгерістер болды.
Бұрында сабақ мақсатын өзім құрып келуші едім, енді оқушылар өздері
сұрақ-жауап арқылы сабақтың мақсатын құратын болды. Сабақтың
мақсаты құрылғаннан кейін оқушылар мақсатқа жетуге талпынды. Бұл
әдіс оқушыларға көп көмегін тигізеді, себебі оқушылар сол мақсатқа
жетсем екен деп ойланады, талпынады. Сонымен қатар бұрын жаңа
сабақты меңгертуде тек өзім түсіндіріп, өзім сөйлейтінмін, оқушылар
тек сабақты жәймен тыңдаумен шектелетін. Ал қазіргі әдісім жаңа
сабақты меңгерту жолдарына бағыт беріп отырдым. Өтілетін жаңа
тақырыпты оқушылар менің көмегімсіз жан-жақты ашып, өздері түсініп,
бір біріне түсіндірді. Бұл әдіс оқушылардың өз бетінше оқуына,
жақсы нәтижеге жетуіне, бірігіп оқып үйренуіне үлкен септігін
тигізді.Сын тұрғысынан ойлау – креативті тұлғаны қалыптастырудың
бір жолы. Сыни тұрғыдан ойлануды дамыту бағдарламасы – әлемнің
түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.
Тәжірибені жүйеге келтіргендер – Джинни, Л.Стил, Куртис, С.Мередит,
Чарльз Темпл. Жобаның негізінде Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын
басшылыққа алады. Сыни тұрғыдан ойлану әдіс- тәсілін қолдану
нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, сөйлеу, тыңдау
қабілеттерінің артқаны
байқалды.
Бұл әдіс – тәсілдер
оқушыларға:
-еркін ойлауға мүмкіндік
береді;
-ақыл-ойын
дамытады;
-шығармашылық белсенділігі
артады;
-ұжымдық іс-әрекетке
тәрбиелейді;
-тіл байлығы
жетіледі;
-жан-жақты
ізденеді;
-өз ойын
жеткізеді;
Мектептегі тәжірибеден өту кезінде өткізген
әр сабағымнан өзімнің де, алдымдағы оқушылардың да өзгергенін
сездім. Дәстүрлі сабақ кезінде тапсырманы беріп, оны рет бойынша
қайта алатынмын. Ол тапсырмаларды орындау кезінде оқушы жан-жақты
ойланды ма, шығара алды ма, оған көңіл бөлмейтінмін. Дәстүрлі
сабақтарда оқушы ойын тежейтін едім, жаңаша тәсілмен оқыту кезінде
еркіндік бердім, бұның көп пайдасы болды. Оқушы айтқан сайын,
ойланған сайын ашыла түседі екен. Сабағымды үй тапсырмасын сұраудан
бастап, жаңа сабақ бастамас бұрын әр топқа 3 физикалық денелердің
суреттерін орналасу ретін көрсетуді ұсындым. Әр топ осы тапсырмаға
сыни ойлай отырып, дайындалу тәсілін жазып, әр топтан 1 оқушы шығып
түсіндіріп өтті Мұғалім ретінде менің тұратын орнымның да мәні зор.
Топтық таныстырылым кезінде, топтың атынан шыққан оқушы сөйлегенде,
мұғалімнің үстелінің қасыңда тұрсам, маған қарап сөйлейді,
сондықтан оқушылардың қасында боламын, ол бізге қарап сөйлейді.
Жоғарыдағы талаптардың орындалуын ескере отырып, сабақтың үш
кезеңінде оқушылардың проблеманы шешу құзіреттілігі, ақпараттық
құзіреттілігі және коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту
мақсатында әртүрлі стратегиялардың тиімді қолданылуына ерекше мән
бердім. Қызығушылықты оятуда «ЖИГСО», толғаныста «Фишбоун»,
«INSERT»,т.с.с.стратегияларды қолданудың тиімділігін анықтадым.
Сонымен қатар, диалог арқылы сыни ойлауды дамыту іске асты. Себебі
берілген тақырыпты оқушылар жүйелі ойлауы, түсінуі, талдауы,
әңгімелесу, диалог арқылы
орындады.
1-сабақ. «Торричелли тәжірибесі» тақырыбында
оқушылар мақсатты өздері сұрақ-жауап арқылы ашты. Алдын – ала
бағалау критерийін түсіндіріп, тақтаға ілдім. «Әлемді шарлау»,
математикалық күнделік, «Синквейн» стратегиясы, топтастыру, сыни
тұрғыдан ойлау стратегияларын пайдаландым. Көзбен көру айғақтарды
қолдандым.
2-сабақ. «Атмосфералық қысымның биіктікке
байланысты өзгеруі. Манометрлер.Сорғылар» тақырыбында сыни тұрғыдан
ойлату, топтастыру стратегияларын, «Ақылдың алты қалпағы», «Ыстық
орындық» стратегияларын, интерактивті тапсырмасы қолданылды,
интернет
арқылы
есептер шығарылды, деңгейлік тапсырмалар орындалды, сабақ бекіту барысында «Қар кесегі » ойыны ойнатылды
.
3-сабақ. «Қуат» тақырыбында: «Физикалық лото
», «Сырлы сауалдар», «Сиқырлы текшелер», «Желкенді қайық» кері
байлансы әдіс-тәсілдері қолданылды, топтық жұмыс
жүргізілді.Математикалық күнделік пен «Ассоцация» жазу арқылы сабақ
қорытындыланды. Топтық жұмыс жұмыс
жүргізілді.
Оқушыларға сабақтың мақсатын өздеріне
құрғызып, сол мақсатқа жетуде жұмыстанатын міндеттерін анықтаттым.
Осы сабақта «ЖИГСО» стратегиясы, топтастыру, қорытынды жасау,
шығармашылық ізденіс болды, оқушылармен бірге тапсырмаларды
орындадым. Топтық жұмыс
болды.
Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің
оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай
алуы болып табылады (нұсқаулық ). Яғни оқушы білімді өзі
оқып-үйренеді, өзінің оқуы үшін өзі жауапты. Дегенмен оқушы әр
сабақта мұғалімнен оқулықта жоқ бір ақпарат алу
керек. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдану – заман талабы. АКТ-ны бұрын да
сабақтарымда қолданамын. Бірақ жаңа технология деп сабақ
басталғаннан аяғына дейін қолданатынмын. Кейбір тақырыптардағы
есептерді осы ауқымды желіден тікелей орындайтынбыз. Қазір өз
сабағыма дайындалған уақытта керекті көрнекіліктерімді,
мәліметтерді ауқымды желінің көмегіне сүйеніп алып отырдым. Ал
сабағымда интерактивті тақтаны, актив студионы тиімді пайдаландым.
Әр сабағымда оқулықтан тыс мәліметтерді, есептер мен мысалдарды
ғаламтор арқылы алып, көрсетіп отырдым. АКТ оқушы қызығушылығын
арттырады және есте сақтауға көмектеседі. Өйткені естігеннен,
оқығаннан гөрі көзімен көрген есте жақсы қалады. Қайта
қызығушылықтары оянып, белсенділіктері артады. Мұғалімге тиімділігі
уақытты үнемдей
алады.
Жалпы, жаңа бұрын-соңды мен қолданбаған жаңа
тәсілдің бірі – критерий бойынша бағалау. Мектептегі тәжірибемнің
алғашқы күндерінде топтық жұмысты бағалау қиындық тудырды. Топтағы
оқушылардың бәрі бірдей белсенділік танытып отыратын сияқты, бірақ
кейбіреуінің жауабы және шығарған есептері нақты емес немесе қате,
ия толық емес болады. Сол кезде топ мүшелерін бағалай алмай
қиналғаным болды. Соңғы сабақтарыма «бағалау парағын» қолдандым.
Сабақ құруда мүмкіндіктерін пайдаландым, оқушы тапсырманы орындап
болған соң, өзінің дұрыс жауаптарының санын көріп, фигуралар арқылы
бағаланып отырды. Дәстүлі оқыту кезінде тек 4-5 бала бағаланушы
еді, енді барлық оқушылар бағаланып отырды. Мұғалімдер жазбаша
немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез
келген нысанның артында обьективті немесе жеткілікті дәрежеде
объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ
баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар
өзін-өзі
бағалау,
қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады,- (Александер, 2001) /Нұсқаулық 56-бет/ деп Александер айтқандай мен мектептегі тәжірибемнің алғашқы күндеріндегі сабақтарымда өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, бағдаршам арқылы бағалау тәсілдерін қолдандым. Бұл бағалау топтағы оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттырды Сабақтағы негізгі көшбасшы-мұғалім, бірақ топ мүшелерін толықтырып, алға жетелеп отырған топ басшылары да болды.

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бойынша ауызша рефлексия «Оратылған жіп» әдісі бойынша топтар өзара шапалақ арқылы баға береді: «5»-үш шапалақ, «4»-екі шапалақ, «3»-1 шапалақ, «Температураны өлшеу»; «Бармақпен бағалау»; «5»-жоғарыға бағытталады, «4»-солға бағытталады, «3»-төмен бағытталады, шапалақпен бағалау (сұрақты және жауапты) соңында әр тапсырма үшін жинакталған смайликтер арқылы топты бағаладым. Сәтті жағы: сабақтың жүйелі құрылымы; оқушының сабаққа қызығушылығының артқандығы; бағалау жүйесін жан-жақты сабаққа енгізу. Сәтсіз жағы: С деңгейіндегі оқушылардың назардан тыс қалуы. Шешу жолдары: сабаққа деңгейлік тапсырма қолдану, С деңгейіндегі оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру барысында ауызша қалыптастырушы бағалауды жиі пайдалану. Оқушы оқыту үшін бағалау арқылы бала өз жұмысын ғана емес, басқаның жұмысын саралап, талдап, бағалай алады. Ең бастысы, алдағы жұмысын, бағытын анықтай алады. Оқушының жұмысын өлшемдер арқылы бағалау нәтижесін жақсартуға, не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік берсе, жетістігі үшін мадақтап, қолдау көрсету бойына сенім ұялатады. Оқушы өзін-өзі бағалау арқылы оқуын қалай жақсартуға болатанын көре алады. Қызығушылығы артып, белсенді жұмыс жасайтынына осы тәжірибе барысында көз жеткіздім. Бағалаудың нақты шығатын ұтымды жері бағалау критерийлері бойынша бағалау болып табылады. Сәтсіздеу жерін бірін-бірі бағалаулары, тым асыра бағалау көрініс тапты. Алдағы уақытта сабақтарымда бұданда басқа бағалаудың түрлерін іздестіріп пайдалана білу, оқушының қызығушылығын арттыру деп алдыма мақсат қойдым. Осы мақсатқа жету үшін ізденіп, оқып, тренермен, әріптестеріммен кеңесе отырып, әлі де болса мен білмейтін, оқушы үшін қызықты, нақты баға беретін бағалаудың жолдарын қарастырып,тәжірибемде іске асырамын деп ойлаймын.Осы курста оқу арқылы көп нәрсені үйреніп, жаңаша оқытудың жолдарын меңгердім. Бұл курстың мен үшін үйретері мен берері көп болды. Қазақта: «көш жүре түзеледі» деген сөз бар. Біз де үйрене келе тәжірибе барысында іске асыратыныма сенемін.Осындай курстар арқылы оқушы білімін дамытуға тырысамын. Сөз соңында өз ойымды белгілі педагог К.Ушинскийдің «мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді – тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жоғалады» – деген пікірмен аяқтауды жөн көрдім.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Үлестірмелі материалдар «Тәжірибедегі рефлексия»
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық МАН- 3-деңгей
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
мақала

шағым қалдыра аласыз