400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

мақала " Жас маман-болашақ ұлт ұстазы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жас маман – болашақ ұлт ұстазы»

Өмірдің тізбектелген сан қырлы тарам тарам жолдарынан әрбір адамның өзіндік алар орны мен жеке санасында құрылған қағидалары арқылы оның қоршаған ортада жеке тұлға екенін тани аламыз. Адам- жер бетіндегі ең жоғары даму сатысындағы тіршілік иесі болғандықтан да оның белгілі бір мақсаты, міндеті болуы тиіс. Осы мақсат пен міндеттер орындала келе адам баласы рухани дамып, жан-жақты толысып жеке өзіне ұстаз бола бастайды. Яғни біреуге ұстаз, біреуге тәлімгер...

Дүниедегі өзіндік қыры мен сыры мол түрлі мамандық иесі бар болса, мен үшін сол мамандық атаулының ең бір қасиеттісі, ұрпақ тәрбиесі мен ұлт тағдыры үшін  маңызы зор қызмет бұл - ұстаздық. Менің ең алғашқы Ұстаздық жолым – Алматы облысы білім басқармасының «Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бастап, жұмыс істеп келемін. Себебі, мұнда маған жол көрсетер, бағыт- бағдар берер тәлімгерім болды. Каметаева Асем Мұратайқызымен бірлесіп жұмыс жасау, түрлі идеяларды жарыққа шығару, менің жұмысқа қызығушылығымды одан әрі дамытып, өз мамандығыма деген махаббатымның оянуына зор үлесін қосты десем қателеспеймін. Алғаш қадам басқан күндерімнен бастап мен бұл білім ордасынан жылы шырай танытқан әріптестерді, жауапкершілігі мен бірізділігі ұштасқан ұжым иелерін көрдім. Қазіргі таңда дәл осы оқу ордасында оқушылардың бойына ұлттық тіліміз бен әдебиетімізді сіңдіру мақсатында тіл жанашыры ретінде, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ беріп келемін.

Абай атамыз «Ұстазсыз шәкірт - тұл, шәкіртсіз ұстаз - тұл» деп адам баласының жеке дара кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты екенін ерекше атап көрсеткеніндей, ұлағатты ұстаз - ең алдымен шәкіртіне өмірді, содан соң білімді үйретеді. Өз маманының қас шебері, майталманы, жоғары білікті ұстаз Асем Мұратайқызы мені өз жауапкершілігіне алып, тәлімгерім болғанына мақтан етемін. Себебі, жұмыс жасап жатқаныма көп уақыт болмаса да біз бірлесіп жасап шығарған игі істер біршама. Былтырғы жылда жас мамандар арасындағы ұйымдастырылған «Мен және менің тәлімгерім» байқауының өзі мені едәуір ширатып, өз мамандығыма үлкен жауапкершілікпен қарауыма, бар күш жігеріммен адал қызмет етуіме жол ашты. Тәлімгеріммен жұптасып жүріп жатқан істеріме қарап, мен өзімді болашақ ұлт жанашыры мен өз тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін, дінін құрмет тұтатын, жаңғыру жолында рухы мәңгі асқақтаған, алғыр ойлы жас ұрпақтарды тәрбиелеуші ретінде бағалаймын. Мәңгілік ел тірегі – білікті ұстаздардың қолында.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Досжанова Арайлым Ботабаевна





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
133
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі