Мақала : Кемел Тоқаев туралы естеліктер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала : Кемел Тоқаев туралы естеліктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Кемел Тоқаев жайлы естелік пікірлер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кемел Тоқаев жайлы естелік пікірлер

Сәулелі ғұмырын журналистикаға арнаған асыл азамат тұлға болып қалыптасу жолында жол сілтеген ағасы жайлы ұмытқан емес.

Ол жөнінде белгілі академик Серік Қирабаев былайша еске алады: «... Осы отырыста ол аяғының жаралану жағдайларын, Сталинград, Белорусия, Украина, Польша жерлерінде соғысқан күндері жайлы әңгімеледі. Соғыстың қиындығы мен жас кезінде басынан өткен ауыр жылдарды жазушы сияқты әңгімелегеніне сүйсініп қалып едім. Бойында жазушылық дарын барын кейін байқадық қой. Ұзақ отырыстағы әңгіме біріне бірі жалғасып, өзінің жетімдік өміріне ұласты. Аштық кезінде бұл отбасы Фрунзеге (қазіргі Бішкекке) көшіп келіп, сол жерде ата-анасынан, қарындасынан айырылыпты. Қасым деген ағасымен екеуі балалар үйінде тәрбиеленгенін де осы тұста естідім. Ағасын аузынан тастамайтын. «Өзіме қамқор болған ағаның майданда қаза болуы мені шын жетім етті. Оны ұмыта алатын емеспін. Жаңа туған тұңғыш ұлымның Жомарт деген атына Қасым ағамның атын қосып атап жүрмін» деп еді. Осы әңгімені көңілі босап, көзіне жас үйіріліп, егіліп айтты. Кейін үйінде болғанда кішкентай Қасымжомартты көрсетіп, «Менің ағамның атын қойған ұлым – мынау» деп көрсеткен».

Бұл жайлы Президентіміз Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевта « Әке толғанысы» кітабында : «Әкей өмір бойы ағасын сағынып-іздеумен өтті, оның қайтып ораларына шексіз үміттенді, бірақ мұның орындалмайтын арман екенін білді. Алайда ғайыптан, бәлкім, мүлде басқаша боларына сенгісі келді, өйткені Қасым Тоқаевтың жерленген жерін нақты білген жоқ қой. «Қара қағазда» бұл туралы ештеңе айтылмаған, тек қана социалист отаны – КСРО-ны қорғау кезінде ерлікпен қаза тапты делінген».

Жазған шығармаларына сұрапыл соғыстың сұм шақтарын ерек сипаттай білген,, қазіргі баспасөзге сай жылмақай жағымпаздық, өктемдік , өтірік пен қызыл сөзділіктен ада азаматтың бірі болған. Осы жайында  Қазақстан Халық Қаһарманы, әйгілі партизан, жазушы Қасым Қайсенов баспасөзге берген бір сұхбатында: «Маған үйір боп, табандылық танытып, мен туралы қазақша, орысша кітап жазған Кемел Тоқаевтың еңбегін жоғары бағалаймын», – деп жазушының жазушылық қасиетін жоғары бағалайтынын сөз еткен.

Кемел Тоқаевтың шығармалары Қазақстан ішкі істер министрлігі мен Жазушылар Одағы бірлесіп ұйымдасқан байқауда қатарынан үш мәрте жеңіс тұғырынан көрінген. Құқық қорғау қызметкерлерінің қиямет пен жанкештілікке толы қызметін нақ суреткерлікпен сипаттай білгені үшін «Милиция қызметінің үздігі» төс белгісімен марапатталса керек.

Байқауда тұрақты әділқазылар алқасының мүшесі болған Қалмұқан Исабаев: – «Кемел бірінші бәйге алды. Бірақ өзі қандай таза, адал адам десеңізші» деп таңғалып келеді. Байқаудың  қорытындысы жарияланған соң  Кемелге: «Бірге істеп жүрміз, маған неге ескерте салмадың» десе, Кемел: «Жабық сайысқа қатысқан соң олай істеуге болмайды ғой» депті . Мінекей, Кемел Тоқаев осындай таза, адал, кіршіксіз адам болған. Ол ешкімге да салмақ салмапты, тіпті таныстықты да пайдаланып көрмеген адам деседі.



Қасым – Жомарт Тоқаев әкесі туралы жазған естелігінің соңғы сөзінде «...екі ескерткіш тастың қасында ұзақ үнсіз тұрамын. Себебін білмеймін, зират басында менің ойларым шашырап, бұлдырланып, дерексіздене бастайды. Олардан арылу үшін ұзақ уақыт бойы аспанға қараймын, маған сонау жақта, тым алыста қымбатты ата-анамның да жандары жайлы орын тапқан сияқтанады. Шексіз ғарышта тыным тапқан екеуінің жұмыр жердің бетінде тіршілігін жалғастырып жатқан балалары мен немерелеріне жан жылуын жолдап жатқанына сенгім келеді» деп жақсы сөз жазыпты. 

«Абай .Kz» ақпараттық порталы



Қаламгер Мәткәрім Әкімжанов «Кемел Тоқаев» атты естелігінде «Кәмекең дидарласа қалғанда оқи­ғалы жанрдың өте ауыр екендігін, шы­ғар­ма негізінен болған оқиғаларға, бұлтарт­пас деректерге сүйеніп жазылатындығын, түп­тің түбінде оқушы қауым осы тарихи не­­месе деректі кітаптарды көбірек оқуға қа­рай ауатындығын жиі еске алады» деп жа­за­ды. 


Атақты «Атаманның ақыры» фильміне Кемел Тоқаевтың елеулі үлесі болғандығы жөнінде Шерияздан Елеукеннің естелік жазбаларында мынандай жолдарды кездестіруге болады:

«…Кәмекеңнен өз басым Баспа комитеті жүйе­сінде қызмет етіп жүргенде таныстым. Оған дейін сырттай есімінен қанық бо­латынмын. Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі кеңес ми­лициясы мен чекистерге арналған шы­ғармаларға бәйге жариялағанында бірінші бәй­гені қатарынан төрт рет алып қайран қал­дырған лауреатты ол кезде білмейтін адам кем­де кем еді. Жәкен детектив жанрына ше­берленіп алған жазушының «Көмескі із», «Түн­де атылған оқ», «Қастандық», «Арнаулы тап­сырма» повестерін кітап сөрелерінде шаң қауып жатпай тез арада өтіп кете­тін­дігімен, баспа орындары пайда табу мақ­са­тында әлденеше рет қайта басып шығарғанын да білетінмін. 

Сырттай сыйлап жүретін адамымен кез­дескенде қалай сөйлесіп шүйіркелесетінің белгілі. Оның бер жағында кешегі Ұлы Отан соғысында тарихтың ең ауыр жүгін арқалап, қазақтың абырой-даңқын аспанға шығарған, «Мен – қазақпын» деп кеудемді тік ұстауға жол ашқан жауынгер ұрпақтың өкшесін баса өскен біз сол ұрпаққа ілтипатты, махаббатты боп өстік. Осы бір орта бойлы, қапсағай де­нелі, толқынды қою шашын сол жақ са­майына құлата қайыратын, үстіндегі киімін бипаздап, қыл жұқтырмай ұстайтын, әрқа­шан сабыр суы сепкен орнықты адаммен ара­мызда жылы шырайлы сыйластық қа­тынас орнаған. Есте қалған бірер жайтқа оралайын. Кә­ме­кеңнің Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі ве­домстволарының бас редакторы кезі. Бір күні маған «вертушкамен» телефон шалды: – Бірер минутқа кіріп шығатын шаруа еді. – Сізге есігіміз әрқашан ашық. 

Келген шаруасы өзінің сөйлесіп бер де­ген адамымен ақылдасып тынған соң рақ­ме­тін айтып, орнынан көтеріле берді. Сол ара­да мен сәл аялдай тұрсаңыз қайтеді де­ген­дей белгі бердім. – Көптен көкейімде жүрген бір сұрағым бар еді. «Атаманның ақыры» деген фильмге байланысты Шәкен Айманов ағамыз ер­леді-ау! Қазақтың детектив киносын Одақ­тық биікке бір-ақ ырғытты. Ал бұл керемет оқи­ғаның кітап бетіне күні бүгінге дейін ізі түспеген. Кемекең жайдарлана жауап қатты. 


Түпкі ойыңыз түсінікті. Шытырман та­қырыптың хал-қадары менен сұрала­ты­ны қызық… Қытайдың Іле округінде тұр­ған ата­ман Дутов әскерінің жалғыз-жа­рым оқпен-ақ тарағанынан мен де хабар­дар­мын. Жаркент уездік милициясының нә­шәндігі Қасымхан Чанышевтың Жетісу облыстық ревкомына жазған хатымен, өзге де мате­риал­мен таныспын. Оқиға фильм­де­гіге ұқ­сай­ды да, ұқсамайды да…» деп жа­зады ға­лым. «Соңғы соққы» – жазушының қала­мы­нан осылай туды. Жаркент пен Верный ара­сында алмасқан телеграммалар арқылы сол кезде Жетісуда орын алған қиын-қыс­тауды баяндап беретін шығарма ерекше көр­кемдігімен құнды – деген пікір айтқан.


Ол туралы жауынгер жазушы Қалмұқан Иса­байдың да жазғаны бар-ды. Қалам­гер­дің «Тоқаевтың үш сыйлығы немесе Дутов ұясының қалай талқандалғаны жөніндегі хикаят» деп аталатын естелігі «Қазақ әде­бие­ті» газетіне жарияланды. Онда: «Кемел­дің кітаптары түгел дерлік дерекке құрыл­ған. «Арнаулы тапсырма» бүгінде ортамыз­да жүрген, халқымыздың маңдайына жаз­ған қаһарманы, айбынды партизан Қа­сым Қайсеновтің ерлігі жөнінде. Хал­қымыздың осы батыр перзенті жөнінде тұң­ғыш шы­ғарма жазған осы Кемел. Қай­сы­біріміз қолымызға түскен «Солдат күн­делігін» сол қалпында жариялауға асы­ға­мыз. Ал Кемел «Солдат соғысқа кетті» по­ве­сінде «солдат күнделігінің» әр күнін да­ралап, талдап, соғыстың мән-жайын өзі­нің көруі, сезінуі бойынша жаза білген. «Соң­ғы соққыда» облыстық ЧК басшы­лы­ғы мен Жаркент уездік милициясы ара­сын­да жүрген 20 шақты нұсқау телеграмманың сырын ашып, соларға байланысты жер­гі­лікті жерде мақ­сатқа жету үшін не істеліп жатқаны толық айтылып шығады», – деп жазады. 

Кемел Тоқаевтың шытырманға толы шығармаларын халық қана емес оның жазушы достары да ерекше бағалаған. Соның бірі - «Көшкен үйдің қонысы қайда?» . Бұл жөнінде Сәттібайұлы. бы­лай деп ой толғайды: «Бола­шақ шығар­ма­сы­на жағрапиялық тұрғыдан алтын арқау бол­ған хикаятының өмірге келуіне жазушының Жам­был қаласында басталған ең алғашқы ең­бек жолының да әсер етуі мүмкін. Хикая­тын­да қала атын шарт­ты түрде Н. қаласы деп жа­зудың орнына «Жамбыл қаласы» деп көр­сетуі – қаламгердің осы өңірде өткен жыл, жыл жарым уақытын қатты бағалайтынын да білдірсе керек. Шы­ғарма басындағы «Соғыс ле­бі алыстағы бұл тыныш қалаға да жеткен тә­різді. Көшеде жүру­шілер сирек, еркек аз…» не­месе «Күн жексенбі еді. Тұрғын халық жек­сенбіні «сау­дагерлер күні», «базарлы күн» деп атайды. Алыпсатарлар Ташкенттен тасыған же­міс­терін жаймаға салып, көкбазарды бір қыз­дырып кететіні бар» деген сөйлемдерді оқып отырып, «Бұл қай қала болды екен?» деп ой­­лаған оқырман көп кешікпей «Жамбыл қа­ласына келгелі бері айдан асса да, Евдокия Ки­риловна осындай жабырқау мінезінен таң­бады», «Сергиенко өзінің телег­рам­ма­сын­да қызы мен әйелінің 42-жылдың он екінші январь күні Жамбыл станциясына жеткеніне сендірген», «Атшабар базарының маңында және қаланың оңтүстік-шығыс бетінде жолдан шеткері жатқан үйлер бар», – деп келетін сөйлемге кез болады. Дәлірек айтсақ, сол тұстағы ел аузындағы қорқыныш­ты әңгімеге айналып, ағайынды жазушылар Аркадий және Георгий Вай­нер­лердің «Қайы­рымдылық дәуірі» хикаяты мен киноре­жиссер, актер Станислав Го­ворухиннің әйгілі «Кездесу орнын өзгертуге болмайды» деп аталатын көпсериялы шы­тырман оқи­ғалы фильмінің сюжеттеріне ар­қау болған «Қара мысық» оқиғасының Мәс­кеуде ғана емес, бір кездегі Жамбыл қа­ла­сында да бол­ғанын біліп, таңдана түседі. Жазушы хикаятының кей тұстарында «Ежелеп, көз талдыра отырып, оқығандағы ұққаны – бір полковник Әулиеатаға қоныс аударған семьясының тағдырын біліп беруді сұрайды екен» деп қаланың ежелгі тарихи атауын да еске сап қояды. Шығармада Жам­был өңірінің жағрапиялық көрінісі оқиға өрісі ұзарған сайын кеңінен суреттеле береді. Мысалы, «Сейілбек, мен бұлай ойламаған едім. Ең алдымен, оның Шолақтауға барға­ны­на таңданам. Әрине, ол бір мақсатты көз­деген» деген диалог пен «Саудагер Абул­лаходжаевтың Шу станциясындағы жылпос әрекетін Жанғабылов кейін білді» деген сөйлемі – соның айғағы. Диалогта аталған Шолақтауыңыз қазіргі Қаратау қаласы». 

«Егемен Қазақстан» газеті

Кемел Тоқаевтың ұстазы шәкірті жайлы естелігінде былай деп сөз қозғайды.

 Кемел Тоқаев пен Амантай Байтанаев әңгіме жазып: «Апай, мынаны оқып көріңізші» деп шығармаларын оқытатын. Мен олардың жазған шығармаларын қабырға газеттеріне, жергілікті басылымдарға шығып, бастыратынмын» деп еске алады.

«Ақтөбе газеті»

Орындаған: Бақберген Дилназ Сәуірбекқызы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.06.2023
469
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі