Материалдар / Мақала " Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуына алатын орны"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала " Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуына алатын орны"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2018
964
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақала тақырыбы: Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны


Отбасы-бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып табылады.Сондықтан,ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің,мұралардың сақтаушысы.Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады,моральдық нормаларды игереді.Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.

Отбасы-оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы.Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді.Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.

Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі,мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы.Оған дәлел; балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру,балалардың еңбек,спорт лагерлерінің,жас натуралистер станцияларының,ғылыми-техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы,балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің дамуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту;аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.

Отбасында басты мәселелердің бірі-баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру.Бұған баланың күн ырғағы,міндеттері,қойылатын талаптар,оның үй еңбегіне қатысуы,оқу-әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Отбасы-барлық уақытта да,өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен міндеттерге ие болған.Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі-ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.Балалардың отбасындағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институттарында анықталады.Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара үйелмендік,тұрмыстық өмір.Отбасы тәрбиесінің ешқандай да түрі алмастыра алмайды.

Отбасы-болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым.Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді,оны еңбекке баулып,өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады.Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы,өмір сү

ру салты арқылы балаға дүниетанымдық,адамгершілік,әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.

Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым.Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасында белгілі бір қиыншылықтар туғызады.

Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жүктелуі отбасы тәрбиесіне,материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым-қатынасына әсер етеді.Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50 проценті жұмсалады.

Қазіргі кезде отбасының «Уақталу» процесі жүруде.Ол дегеніміз-жас ата-аналардан тұратын әжесіз,атасыз отбасылар.Бұл отбасының беріктігін нығайтып,дербес ұжымды қалыптастырады.Қиындықтар достық пен ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш пен қайғыны бөлісуге тәрбиелейді.Дегенмен,жас отбасында алғашқы кезде тұрмыстың түзелмеуі, бала тәрбиесі сияқты қиындықтар кездескенімен, оларды шешу қоғамның құзырында.

Отбасы мүшелерінің кемуі,туылған бала санының азаюы да отбасы дамуының ерекшелігін құрайды.Қалалық отбасында бір-екі бала ғана тәрбиеленеді.Бала туудың азаюының себептері сан алуан және өте күрделі;олардың ата-аналардың жұмыс бастылығын: мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілмеуі; бала тәрбиесіне шығынның көп жұмсалуы; әйел ананың шамадан тыс жұмысбастылығы; ата-аналардың «өзі үшін өмір сүруге ұмтылған тоғышарлық ұмтылысы және т,б»

Қазіргі отбасы ажырасу санының едәуір артуымен сипатталады.Ажырасудың 90 проценті тұрмыс қолайсыздығы мен дайындықсыздың салдарынан.Дегенмен, барлық ажырасуға жағымсыз баға беруге болмайды,өйткені кей жағдайда ажырасу баланың психикасына теріс әсер ететін ұрыс-жанжал, отбасылық кикілжіңнің алдын алады.

Бір балалы отбасы көпшілік пен араласу,ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру жағынан баланы қиын жағдайға қалдырады.Мұндай отбасыларда аға,әпке сияқты тәлімгер іні,қарындас сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы ұжымдық-туыстық қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі.Осындай жағдайда баланың қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде ата-аналардың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сынып кезінен оның бойында тоғышарлық,ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасатындығын аңғарамыз.Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде отбасында айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де,балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып,отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкеледі.Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті-қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану.Мектеп пен отбасы балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын ойластыру қажет,сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе пайдақорлық емес,ол жалпы игілік үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі жақты қызмет көрсету екенін түсіндіру.Ата-ананың маңызды міндеті балалары мен біріккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысы,оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйрету.Нарық отбасы мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар енгізеді.Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі отбасы өмірінің тәрбиесіне «өзінше» қиындық әкеледі.



Дайындаған: Жарылғапова Даметкен Аманкосовна








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!