«Павлодар қаласының № 26 арнайы балабақшасы» КМҚК
мұғалім-психолог Асанаева Алия Жунусбековна
АБАЙ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» − деген елбасының ойлы пікірін тірек ете отыра, жас ұрпақтың санасына Абай Құнанбаевтың жеке тұлғаны үйлесімді қалыптастырудағы ой пайымдаулары мен психологиялық көзқарастарын ғылыми негіздеп, оны оқу үдерісінде жүйелі түрде қолдануын іске асыру. Абай – халқымыздың ұлы ойшысы. Абайдың «Қара сөздері» - терең пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, философиялық және психологиялық ойларға толы, тіршілік түйткілдерін дәл болжай білген құнды мұра. Оның қара сөздерінің басты тақырыбы – адам, жеке тұлға, ал басты мақсаты - адам тәрбиесі. Адам болғанда да, адамдар үшін еңбек ететін, жанжақты жетілген адам. Абай психологиядан арнайы еңбек жазбаса да оның көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен осы ғылымның сан алуан мәселелеріне байланысты көңіл аударарлық түрлі ойпікірлерді табу қиын емес. Ойшыл-ақын шығармаларында жалпы психологияның – жан мен тәннің арақатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелері де (адамның жеке басына және жасына байланысты ерекшеліктері, педагогикалық әдеп, үлгіөнеге, өзін-өзі тәрбиелеу жайлы, оқудың психологиялық негіздері, ұлттық мінез-құлық т.б.) көрініс тапқан. Ол бұл мәселелерді талқылағанда адамның психологиялық өмірінің белгілі бір қырына табиғи-ғылыми тұрғыда толық түсініктеме бере қоймады. Алайда Абай тұжырымдарының ауқымы мен тереңдігі оның әлем психологтарының еңбектерімен таныс болғандығын айқын дәлелдейді. Оның психологиялық көзқарасын нақтырақ айтсақ, Аристотель, Әл-Фараби және К.Д.Ушинскийдің көзқарастарымен астарласып жатады. Олардың таным процесіне байланысты материалистік түсініктері жүйелі емес, аллаға сену мен жанның мәңгілігі туралы ұғымдармен араласып отырады. «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», «Көк тұман – алдыңдағы келер заман» т.б. өлеңдерінде ойшыл ақын адамның денесі ғана өледі, ал жаны ешқашанда өлмейді деп тұжырымдайды. «Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі, «Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «Менікі» өлсе өлсін, оған бекі». Абай қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, ақыл мен сананың еңбек барысында қалыптасатындығы туралы «Ақыл, ғылым – бұлар кәсіби» дейді. Абай түсінігінде адам өзін қоршаған дүниені сезім мүшелері арқылы танып, көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап,тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады». Абайдың бұл тұжырымдары материалистік философиялық ой-пікірмен толық үндес келеді. Ақын: «Дүние бірқалыпта тұрмайды, адамның қуаты, өмірі бірқалыпта тұрмайды. Әрбір мақлұққа құдай тағала бірқалыпта тұрмақты берген жоқ», - деп табиғат қана емес, адамның да үнемі өзгеріп отыратындығына ерекше көңіл аударады. Абай адам мен жанжануарлардың мінез-құлқындағы айырмашылықтарды: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», - деп ажыратып берді. Адамның ең басты артықшылығы оның қоғам пайдасы үшін белсенді әрекет жасай алатындығында, «қай өгіз шаһар жасап, құрал жасап; неше түрлі сайман жасап, сыпайылық шеберліктің үдесінен шығарлық қисыны бар?» деп түсіндіреді Абай. «Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ, Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек. Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, 35 Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек...» -деп, Абай адамның ішкі жан дүниесінің ақыл, сезім және қайрат секілді қуаттарын біртұтас етіп алады. «Он жетінші сөзінде» (қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруы) тек бірлесіп, ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын адамның үш түрлі жан құбылысын әдебипублицистикалық тұрғыда көрсетпек болады. Ойшыл-ақын негізгі үш бастау – ақыл, сезім және қайрат арасындағы тартыс арқылы адам мінезінің қарама-қайшылықтарын дұрыс түсіндіреді. Осы сұхбаттың логикалық үйлесімі, дәлелдері, терминдік сөздердің байлығы (мақсат, кішіпейілділік, қайырымдылық, елгезектік, қатыгездік, реніш, абырой, қайрат, жауыздық, қулық т.б.) қайран қалдырады. Абай адамның танымдық қасиеттерінің табиғатын біршама материалистік тұрғыдан түсіндіреді. Сезіну және түйсіну мәселелерін де дәл осы бағытта талдайды. Ақын сыртқы дүниенің адамның сезім мүшелеріне әр түрлі сипатта әсер ететінін айта келіп: «Құлақ болмаса, не қаңғыр, не күңгір, дауыс, жақсы үн, иіс білмесе, дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық қолымыздан келмес еді. Т. Тәжібаев: «...Абай тек қана асқан кемеңгер ойшыл ақын ғана емес, сонымен қатар ірі философ, психологиялық білімдер жүйесін насихаттаумен айналысқан ғұлама. Ол ұлттық психологиялық ұғымдардың негізін қалады...» деп тұжырымдайды. Ақынның қара сөздері мен нақылдары – ақын шығармашылығының елеулі саласы, өлеңдерімен мұңдас, идеялас, бірін-бірі толықтыра түсетін маңызды шығармалары. Оқутәрбие жұмысында Абайдың тәлім-тәрбиелік тағылымдарын тиімді пайдалану жолдарын анықтаудың мәні зор. Абай ұстанған оқу, тәрбиелік қағидалардың қазіргі қоғам талаптарымен үндестігін байқап, жастарға ұлттық тәрбие беруді имандылық, адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбиесін бүгінгі жас ұрпақ қажетіне жаратуды жүйелілікпен пайдалану қажет. Қазіргі қоғам жағдайында өзінің төл тарихын, мәдениетін терең білетін жеке тұлғаны жан –жақты қалыптастыруда тарихи білім мен тәрбие беру қажеттілігі айқындалады. Сөз соңында миллиардтан асып кеткен Қытай халқы өздерінің ұлы ғұламасы Конфуцийдің бір өсиетін жоғалтпай елінің ұлттық саясаты етіп, ұстап отырғанда егемендіктің көк байрағы желбіреген елімізде қазақ халқы әрі ғұлама ақын, философ, әрі психолог Абай тағылымдарын ұлттық идеология етіп ұстаса артық болмас демекпін. Себебі ақын мұрасындағы философиялық, педагогикалық, психологиялық ойлар бүгінгі күн талабымен сабақтасып жатыр. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Н. Назарбаев «Абай и наше время». «Абай, наследники на перепутье» - Алматы, 1995г. 2. Рухнама. Кереку-Баян кітапханасы // Абай Құнанбаев, 6-шы кітап., - Павлодар, 2003. 3. Абай Құнанбайұлы / Шығармаларының екі томдық толық жинағы.−Алматы: «Жазушы»., 2005., 2т. 4. Әуезов Мұхтар. Абайтану дәрістерінің дерек көздері [Мәтін]/ құраст. Л. Әуезова, М. Мырзахметұлы.- Алматы: «Санат», 1997. 5. Абай тағылымы [Мәтін]: әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер/ құраст. Н. Ғабдуллин.- Алматы:«Жазушы», 1986. 6. Сәбет Баб-Баба. Жалпы психология (Жантану негіздері). Оқу құралы. - Алматы −2004. 7. Психология/ Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 8 т. - Алматы: «Баспалар үйі», 2006.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала АБАЙ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

шағым қалдыра аласыз