Материалдар / Мақала "Абайдың балалық шағына саяхат".

Мақала "Абайдың балалық шағына саяхат".

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Балалық шақ – адамның ең бақытты, балдай тәтті шағы. Бара-бара, есейген кезде сол балдәурен балалық шағымызды сағынатынымыз белгілі. Әрине, әр адамның балалық шағынан өзінің естеліктері болады. Дегенмен , әрқайсымыз балғын сәттерімізді, анамыздың , әжеміздің оқыған ертегілерін, әңгімелерін еске түсіреміз.

Менің әжемнің Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» атты кітабы болан. Әжем ұлы Абай туралы маған жиі айтып отыратын. Қазір өзім де Абай туралы көп оқимын. Әсіресе, мені оның балалық шағы қызықтырады. «Балалық шақ – бақыттың кілті» деген қазақ халқы. Абайға «бақыттың кілтін» ұстатқан Ұлжан шешесі мен Зере әжесі. Қазір мен Сіздерге бәрін ретімен айтып берейін.

Қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, саяси қайраткер, композитор Абай Құнанбайұлы 1845 жылы дүниеге келген. Айта кетейін, биыл еліміз Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлауда. Абайдың шын аты Ибраһим болған. Ақынның туған жері - қазіргі Шығыс Қазақстан облысыАбай ауданы. Шыққан ортасы — аукатты, Тобықты руының белгілі ел билеушілері болған. Ақынның бабасы Өскенбай Қазақстанның Солтүстік-шығыс аймағындағы әділетті де ықпалды қазақ билерінің бірі болатын. Әкесі Құнанбай бүкіл Тобықты елінің қаһарлы әміршісі, қатыгез, ал шешесі Ұлжан керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Аяулы әжесі Ибраhимді ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі Зере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізген. Ол Абайға ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар айтып отырған. Абай да әжесін өте жақсы көрген.

Абай әуелі ауыл молдасынан сауат ашып, сосын Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқып білім алады. Ол бала жасынан кітапқа құмар болды, араб-парсы және көне түркі әдебиетінің үлгілерімен танысты. Абай қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрып заңы мен ислам дінінің қағидаларын терең меңгерді. Абай халық ауыз әдебиетінің үлгілерін өте жақсы білді. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде-ақ өзінің алғашқы өлеңдерін жаза бастады.

Міне, Абайдың бала шағынан қысқаша мәлімет.Абайдың балалық шағы бақытты болды деп санаймын, өйткені жанында жақсы көретін адамдары болды. Оның өсуіне, дамуына жағдай жасалып отырды. Балалық шағында жанұясы оған «бақыттың кілтін» ұстатты. Сол кілтпен «Әдебиет» деген есікті ашып, өзінің дарындылығымен, еңбекқорлығымен әлемге әйгілі тұлға болды.

Мен әжеме өте ризамын, өйткені ол арқылы Абай кім екенін білдім. Өзім де қазір ұлы Абай туралы өз балаларыма, оқушыларыма айтып отырамын.




 

ЖИ арқылы жасау
27 Қараша 2020
472
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі