Адамгершілік-рухани
байлық
Адамгершілік-адам
бойындағы рухани байлық болып саналады.
«Тәрбиесіз
берілген білім адамзаттың қас жауы,
келешекте оның өміріне опат әкеледі,
адамға ең бірінші керегі тәрбие» – деп
Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымының
зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі-
тәрбие.
Халықта
«Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде
көмектесуге болады, ал үлкен ағаш
болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер
айтылмаған. Сондықтан баланың бойына
жастайынан ізгілік, мейірімділік,
қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды
қасиеттерді сіңіріп, өз – өзіне
сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен
педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани
– адамгершілік тәрбие – екі жақты
процесс. Бір жағынан ол үлкендердің,
ата – аналардың, педагогтардың балаларға
белсенді ықпалын, екінші жағынан –
тәрбиеленушілердің белсенділігін
қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен
қарым–қатынастарынан көрінеді.
Рухани
– адамгершілік тәрбиесі – өзіндік
сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке
тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам
өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен
келістірілетін моральдік қасиеттерін
және бағдарларын қалыптастыруды
болжайды. Оқушыларды рухани –
адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына
жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек
күттірмес мәселе. Негізгі міндет –
балалардың жақсы әдеті мен мінез –
құлқын қалыптастыру. Баланың сезіміне
әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту
нәтижесінде оның рухани – адамгершілік
қасиеттері қалыптасады.
Осыған
орай, 10-сыныпта «Адамгершілік-асыл
қасиет» тақырыбында сынып сағатын
өткіздім. Сынып сағатының мақсаты:
Оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеу, жеке тұлғалық
қабілетін арттыру, ұжымға, қоғамға,
Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және
өз басына деген жауапкершілігін
қалыптастыру. Сынып
сағатында оқушылар адамның
бойынан адамгершілік қасиеттер табылса,
әрине,
сымбатты, парасатты
көрінетінін
талдады.
“Адам
бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған
бақ та, бақыт та қонады” деген сөзге
сүйенсек, жағымсыз қылық – қасиеттер
болса одан арылту қажет. Көптеген
қайырымды істер жасап, жақсы мінез –
құлықтарды өн бойыңа жинап, ақылдылық
танытсаң, міне адамшылдық болғаны деген
ой түйді.
Қорыта келе, адамгершілік
қағидаларын ұстана отырып, болашақ
ұрпаққа білім берумен бірге тәлім –
тәрбие беріп, Өмір деген ұлы арнада
жақсы, мәнді мағыналы өмір сүру дағдысын
үйрете білген ұстаз – нағыз ұстаз!
Тәрбие
мен оқу егіз дегендей «Тәрбие бар
жерде ғана сапалы білім саналы ұрпақ
болады» деген дана халқымыздың мақал
сөзі де айқын.
Альдикенова
Анар Альмухановна
Қостанай
қаласындағыС.Мәуленов
атындағы
гимназияның
қазақ
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.