Ағылшын тілі пәнінің білім сапасын арттырудағы
ақпараттық - коммуникативтік технологиясының
рөлі
XXI
ғасыр — озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде
жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Əсіресе шет
тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор. Себебі тіл үйрену арқылы адам
бүкіл бір ұлттың мəдениеті мен əлеуметін қатар үйренеді. Адам көру,
есту арқылы тіл қолданушылардың мəдениетін тезірек сезінеді. Яғни
өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы жеңілдей
түседі.
Ағылшын тілін оқыту барысында
жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі,бүгінгі күні
Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі,
білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім
жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың
дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу
бағытында құрылуы тиіс.Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті
әдісінен оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын
арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу
керек. Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда
болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген
мұғалімдер видеофильм, мультимедиялық презентация, анимациялық
суреттер және т. б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог
түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен
айналысып жатыр, бірақ шетелде болмай сол елдің тілінде сөйлей алу
қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды
тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі
амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып
табылады. Шет тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын
қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі.Мысалы,
анимациялық суреттер, видео - көріністер, презентациялар және т. б.
әртүрлі дыбыстар арқылы,көрсетіледі.
ХХI
ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған. Компьютер
- адам іс - әрекетінің барлық салаларында
қолданылады.
Ақпараттық технология –
ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық
тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық -
технологиялық құралдардың жиынтығы.
Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды
бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз
Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген
ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек
ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын,
шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына
жетеді.
Ағылшын тілін оқытуда жаңа
технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан – жақты қолдану,
мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы
іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік
туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту
жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл
үйретуді жатқызуға болады.Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі
қоғамда үлкен қолданысқа ие. Мәселен бизнесте, ақпараттық
құралдарда, ғылым мен білімде.Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер
желісін және мультимедиялық – электрондық құралдарды шет тілі
сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында
презентацияларды және мультимедиялық – электрондық құралдарды
мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.
Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық
оқулықтарды және интерактивті тақтаны
пайдаланғанда:
• лексиканы оқып үйретеді;
• сөйлеу ырғағын;
• диалог, монолог және рөлдік
ойындарды;
• хат
жазуға үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп,
оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі. Жаңа ақпараттық құралдарды
ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін
нәтижелер:
• үлгерімі төмен оқушыларға
көмектеседі;
• оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын
арттырады;
• сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын
арттырады;
• оқушылардың шығармашылығын
арттырады;
• оқушыларды жеке жұмыс істеуге
үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге
көмектеседі;
• оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу,
ойлау қабілеттерін дамытады;
• пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін
арттырады;
Елбасымыздың Қазақстан халқына
жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру
үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін
атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет,
телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық
құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне
тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету.
Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы
-жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі
«ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге
таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек
деген еді. Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен
қолданысқа ие. Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен
білімде
Ағылшын тілі - бүгінгі
заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені
белгілі.Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі.
Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан
Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген.Поляк педагогы В. Оконь оқыту
құралдарын мұғалімнің іс-әрекетін ауыстыру мен білім алушылардың
әрекетін автоматтандыру мүмкіндігінің өсуіне байланысты жіктейді.
Осыған сәйкес, оқыту құралдары екі топқа бөлінеді: жәй және
күрделі. Жәй құралдар: сөздіктер, оқулықтар және басқа да мәтіндер;
қарапайым визуалды құралдар: нақтылы заттар, суреттер. Күрделі
құралдар: аудио құралдар: магнитафон, радио, музыка ойнатқыш;
аудиовизуалды: дыбысты фильм, телевизор, бейнежазба; оқыту процесін
автоматтандыру құралдары: мультимедиялық кабинет, компьютерлер,
ақпараттық жүйе, телекоммуникациялық жүйе.Бұл технологияларды
әсіресе шет тілін үйренуде пайдасы өте зор. Себебі, тіл үйрену
арқылы адам бүкіл бір ұлттың мәдениеті мен әлеуметін қатар
үйренеді. Ал оны толықтай меңгеру үшін оқулықтың аздық етері анық.
Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мәдениетін тезірек
сезінеді.
Тіл
үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық
қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға
әбден болады. Ал енді психологиалық жағына келетін болсақ, қазіргі
уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген
ойындары бар компьютерлер, видеолар мен телевизор бар болғандықтан,
олар қоршаған ортаны осындай тәсілмен қабылдауға үйренген.
Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы. Компьютер
желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі
сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында
презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды
мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке
айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту
ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын
тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай
үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс - тәсілдерді,
технологияларды қолданған жөн?
Қорыта айтқанда, жаңа
технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға оқу бағдарламаларын оқып
тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп,
шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты
арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы
жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сапалы білім алуын
қамтамасыз етеді. Бұл
жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық -
электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап
айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және
мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және
білім беру процесінде тереңқолдану.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1.Ишанғалиева А.М. Құзыреттілік — білім мен
мүмкіндіктің бірігуі // Шетел тілін оқыту əдістемесі. № 2. —
34-б.
2.А.Иманбаева ,Оқу – тәрбие үрдісін
ақпараттандыру жолы. Қазақстан мектебі, №2, 2000
3.Г. Исаева, Шет тілі сабағында инновациялық
технологияларды қолданудың кейбір ерекшеліктері. «Жаңа тұрпатты
мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми
конференцияның материалдары. Мектептегі шет тілі, 2011ж. №33. С.
Т.Мұхамбетжанова, Ж. Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс
жасау. Әдістемелік құрал.-Алматы,2008ж.