Материалдар / Мақала "Ағылшын тілін бастауыш сыныптарды оқытудың маңызы."

Мақала "Ағылшын тілін бастауыш сыныптарды оқытудың маңызы."

Материал туралы қысқаша түсінік
мол біліктілікті, ақылдылықты, дүрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдану мектептерде ағылшын тілін оқытудың нәтижесі де көрінеді деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2021
304
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№ 41 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Бақтығажина Сымбат Мұқаметқалиқызы.

Мақала

Тақырыбы: Ағылшын тілін бастауыш сыныптарды оқытудың маңызы.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата- аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды. Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым – қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің қазіргі кездегі міндетіміз.Ағылшын тілін тереңдетіп,жан-жақты оқытуды қоғам қажет етіп отыр.Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып,әлемдік өркениеттің жаму жолына түсүі, ағылшын тілін жетік меңгеруді талап етеді. Ағылшын тілін бастауыш сыныптан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым – қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады,оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлесуге мүмкіндік алады.Ал,әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазіргі ағылшын тілін білу – уақыт талабы. Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын ояту-басты мәселе.Шетел тілін меңгеруде көп қиыншылықтар кездеседі.Бұл қиыншылықтарды жеңу үшін пәнге деген ынтасын әуестігін арттыру керек. Ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Сондықтан да орта білім беру жүйесінде басты бағыттардың бірі шет тіліне ерте жастан оқыту болып табылады. Соңғы он жылда ағылшын тілін бастауыш сыныптардан бастап оқыту көптеген мектептерде эксперименттік деңгейде жүргізіліп келді. Сондықтан да барлық мектептерде 1- сыныптан бастап шет тілі енгізілді. Менің ойымша біздің мұғалімдерге бұл шешім ешқандай қиындық тудырған жоқ, себебі біздің мектепте бастауыш сыныптарда шет тілі факультатив сабақтар түрінде бірнеше жылдар бойы жүргізіліп келді және бұл жүйе оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы. Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі.Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз нағыз қабылдау жасында болғандықтан,мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады. Бастауыш сынып оқушыларының тілі  толық дамып жетілмегендіктен әрине,ағылшын тілі басында қиынырақ сезілгенімен,соңына келе біртіндеп қалыптасып,жатық әрі әдемі шет тілінде сөйлеуіне болады.Бастауыш сынып оқушылары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды ағылшын тілінен жалықпауы үшін көбінесе жаңаша әдіc-тәсілдермен тәрбиелеу және дұрыс таңдалған оқу құралы қажет. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі кезде ағылшын тілінен оқу құралдары өте көп, біздің мектепте Smiles баспасының оқулықтары қолданылып келеді және сыныптар екі топқа бөлініп, аптасына екі сағаттан оқытылады. Оқу-әдістемелік топтамасы ретінде Express Publishing баспасының Қазақстан мектептеріне бейімделген “Smiles 1,2,3,4” оқулығы алынған. Авторлары Jenny Dooley , Bob Obee және аударған Н. Мұқаметжанова.    Бұл кітаптардың ерекшелігі сөйлеу мен тыңдау дағдыларын дамытуға арналған оқу кітабы мен дискілер, жазу тапсырмалары бар жұмыс кітабы және әр сабақтың жоспары мен әртүрлі әдіс-тәсілдер көрсетілген мұғалімге арналған кітабы, тақырыпқа сай көрнекіліктері берілген. Бағдарлама бойынша 1 сыныпта ауызша кіріспе курсы жүреді, оған ең негізгі деген тақырыптар таңдалып алынды. Ал 2 сыныптың бірінші жарты жылдығында өткен сынып материалдарын қайталау болып табылса, екінші жарты жылдықта әріптерді танып, жазуға үйренеді, сөздік қорын кеңейтеді. Келесі сыныптарда тақырып ауқымы кеңіп, граматикалық материалдар қосылып білім аумағы кеңейе береді. Бастауыш сыныптың оқушылары тез шаршап кетеді сондықтан ағылшын тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын ояту -басты мәселе. Ол үшін сабақта сергіту сәттерін қолданып отыру, оқушыларға қозғалуға, жүруге мүмкіндік беру, әр тапсырманы 6-7 минутта орындап, тапсырмаларды түрлендіріп отыру қажет.   Шетел тілін меңгеруде көп қиыншылықтар кездеседі. Бұл қиыншылықтарды жеңу үшін пәнге деген ынтасын әуестігін арттыру керек. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады: 1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану; 2. Сабақты түрлендіріп өткізу; 3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану; 4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану; 5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету. Ерте жастан ағылшын тілін үйретудің тиімділігін оқушылардың тілге деген құштарлығынан, жаңа сөздерді жаттау қабілеттерінің ересек оқушыларға қарағанда жоғары болуынан және оқулықтан, жұмыс дәптерінен тапсырмалар орындағанда тиянақты, ұқыпты орындайтындарын байқауға болады. Оқушылардың ағылшын тілін үйренудегі тағы бір жақсы жағы – бастауыш сынып оқушыларында сөз қоры едәуір ұлғаяды. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда. Және әр мұғалім өз сабақтарында оқытудың жаңа түрлері, әдістерін, шығармашылығын, озық іс-тәжірибелерді пайдалана
отырып, білім мазмұнының
толығымен жаңаруына себепші болуда. Сонымен қорытып айтқанда шет тілін оқытудың, оқу процестерінің компоненттерінің дүрыс әрекет жасауының нэтижесі болып табылады. Сондықтан эрбір үстаз үшін оқутәрбие процесін үйымдастыру да мол біліктілікті, ақылдылықты, дүрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдану қажет етеді. Осындай тиімді әдістерді жиі қолданып, сабақ беру барысында дүрыс ізденіспен эзірленсе мектептерде ағылшын тілін оқытудың нәтижесі де көрінеді деп ойлаймын.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.« Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу ». Петров А.В 2001 ж.19-22 бет 2.« Бастауыш мектептегі ойыг технологиясын арқылы оқыту ». Калмыкова Е.В 2007 ж.5-8 бет 3. « Мектептегі шет тілі » 2011 ж. №52  14-17 бет 4.Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін үйрету журналы. – Алматы: 5.Амандықова Г.Н,Мұхтарова Ш.Е, Баймұқанова Б.С «Шет тілін оқыту әдістемесі

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ