Орындаған:Мұстафа Еркеназ Кял-201
Тексерген:Секей Жанбота
Тақырыбы:Айгүл Кемелбаеваның “Ғибадат” және “Құс” әңгімелеріне арналған талдау жұмысы
Түнектегі бір жарық сәуле
Бүгін біздің сөз еткелі отырған тақырыбымыз Айгүл Кемелбаеваның “Ғибадат” және “ Құс” әңгімелері.Екі шығарманы оқу барысында мен астарлы ойды және де көп жазушыда кездесе бермейтін қабілетті байқадым.Шығамаларды оқып болғанан кейін Айгүл Кемелбаеваның шығармашылығына деген қызығушылық пайда болып шығармашылығына бір көз жүгіртіп өттім.Маған ерекше бір әсер қалдыра алды деп ауыз толтырып айта аламын.Екі шығарманың тақырыбы екі түрлі болғаны мен айтар ойы берер мағынасы бір.Бұл айтып отырған сөзімізді дәйекпен дәлел келтіруіміз үшін шығарманы талдап көрелік.
Бірінші шығарма “Ғибадат”әңгімесі.Шығарманың аты қарапайым әрі түсінікті.Бірақ берер ойы мен мақсаты бөлек.Шығарманың басталуы әдеттегідей қарапайым өмірдің тіршілігімен басталады.
Иттінің жаралы аяғын байқамаған иісінің жан күйзелісі,жануарына деген аяныш сезімдері кезек-кезек суреттеледі.Осылай жеңіл әрі түсінікті сюжет пен бастау алған шығарманың бағытты мүлде біз ойламаған тақырып пен жалғасын табады.Бұл шығарманың бастапқы идеясы: Адам жаны рухани сенімге қалай ие болады, Құдайын қайтіп іздеп табады дегенге саяды.Яғни адам баласы өз құдайын қалай табады?деген сұраққа жауап бере алатын әңгіме болып табылады.Шығармадағы кейіпкеріміз де осы сұраққа жауап таба алды.Ғибадат шығармасының дәл осы идеяны дәріптейтіндігін біз Айгүл Кемелбаеваның журналистерге берген сұхбаттынан біле аламыз.Ол өзінің сөзінде былай айтып кеткен болатын: Адамды адам қылатын – иманы, тілі және санасы. Кез келген қоғамда биік мораль болуы керек. Кезінде діни кітаптарды көркем әдебиет тәрізді қабылдап, оқыған кездерім болған. Әлем – үлкен. Сондықтан онда әр түрлі діни конфессиялардың болуы заңдылық. Біртектіліктің қажеті жоқ деп ойлаймын. Мен шығармаларымда адамның иманға келуін, дініміздің ата-бабамыздың салып кеткен салт-дәстүрлерімен қабысып жатқандығын көрсеткім келді. Адам жаны Алла-тағаланың мейірімін, рахымын қалап тұрады. Адам дінге, иманға ақылмен ғана келе алады екен. Деп шығармаларының бастапқы идеясын сөз еткен болатын.
Ендігі кезекте Айгүл Кемелбаеваның кезекті “Құс”әңгімесі
Бұл шығармада күнделікті қала өмірін суреттейді.Шығарманың көлемі кішігірім болғанымен айтар ойы белгілі.Шығармада оқиға бір отбасы төңірегінде ғана өрбейді .Шығарманың басты кейіпкерінің басынан өткен оқиғалары моншақ тізбегі секілді кезек-кезек баяндалып,көрсетіледі.Әңгіме асфальт үстінде ұшып үлгере алмай аянышты өлімімен жән тәсілім еткен кішкентай ғана құсты суреттеумен бастау алады.Шығарманың жазылу үлгісіне мән берер болсақ автордың жазу стильнің ерекшелігі мен өзге жазушыларға ұқсамайтын даралығын көре аламыз.
Ендігі кезекте Айгүл Кемелбаеваның “Ғибадат” және “Құс” әңгімелерінің ұқсастығы және айырмашылығы туралы сөз етсек.
Ұқсастығы:Екі шығармада да бір біріне ұқсас оқиғалар өтте көп соның бірі:Шығарма кейіпкерлерінің есімі :Бижан
(Яғни әңгімедегі басты кейіпкерлеріміздің інілерінің есімі)
Оқып жүрген мамандығы :Хирург және де екі шығармада да көмек қолын созып ең бірінші жәрдем көрсеткен де дәл осы Бижан .
Бұл сөзімізге дәлел ретінде шығармадағы орын алған оқиғаларды тізбектеп айтып берсек:
Бижан бейнесі “Ғибадат” әңгімесінде итінің жарасындағы құрттарды алып,және сол жермен тазалау жұмыстарырын жасады,Ал Құс әңгімесінде жаралы көгершінің аяғын жылы сумен жуып бірінші көмек берді.Меніңше бұл ұқсастық ғана емес автордың шығармаларды бір біріне байланыстыруы деп ойлаймын.
Шығармадағы:Кейіпкерлердің мінез құлық ұқсастығы.Кейіпкерлер бойында:адамгершілік,мейірімділік сыңды көп адам бойынан табыла бермейтін ерекше қасиеттерді автор осы шығармалардың басты кейіпкерлерінің бойынан таба білді.
Тіпті көз жаңарындағы дұрыс көрмеушіліктің өзің автор екі шығармаға бірдей ортақ тақырып қылып қойған. Бұл меніңше сәйкестік қана емес автордың өзіне ғана мәлім бір ақиқат деп білемін.Ғибадат әңгімесінде Иттін санындағы жарасын иесін біраз уақыт байқамаған,күнде көріп жүрседе назар аудармаған кенет көзілдірігін таққан күні ғана көріп,өзің болған жағдайға кінәлі санайды.Ал Құс әңгімесінде көзілдіріксіз құс оған елес секілді бұлдыр болып көрініп,кейін көзілдірік таққан соң ғана аңық көрінді.Және де бұл іс -әрекет құсты өлімнен тірі алып қалуға көмектесті.Егерде екі шығармада бұл бірдей іс-әрекет орындалмаса не болмаса көзілдірік болмаған да шығарма қалай өрбитін еді деп ойламын.Мүмкін бәрі мүлде басқаша орындалармеді кім білсін?
Яғни бұл екі шығармада да жануар бейнесі арқылы қоғамда болып жатқан үлкен проблемаларды көрсетіп отыр.
Айырмашылығы:Жаңа ғана біз шығармалардағы ұқсастыққа тоқталдық енді айырмашылықтарына келер болсақ
Ғибадат әңгімесінде көбіне Алланы іздеу,тану иман сөз болады.Адамның жаны мен тәні Алласын таңыған кезде ғана жай тауып тынышталады .Оны біз шығарма кейіпкерінің жасаған іс -әрекетінен көреміз.
Яғни шығарма кейіпкері Алласын танығанға дейін жаны тынышталмай,күнде жаман түс көріп,санасын қорқынышты ойлар қармап алғандығын суреттейді.Шығармадан алар қортынды:Бізді жаратқан Алланы және оның елшісі Мұххамед с.ғ ұмытпай оған иман келтіріп жанымыз бен тәніміздін тазалығын сұрап қарабасымыздын ғана емес барлық елдің бейбіт яки тыныштықта өмір сүруін тілеуміз қажет.Және дәл осы Ғибадат шығармасы әрбір Алласын іздеп жүрген пендегі тұсбағдар секілді дұрыс жолды көрсетіп көмектесер деген ойдамын.
Ал “Құс”әңгімесінде де иман тақырыбы қозғалады бірақ Ғибадат әңгімесіндей ашық емес бүркеніш,жасырын түрде ғана суреттелінеді.Шығармада көбіне өзге жаратылыстын өміріне деген алаңдаушылық көрсетіледі.Яғни адам бойындағы жағымсыз қасиеттерге қарағанда жағымды қасиеттерді дәріптейді.Құс әңгімесі менің ойымша келешек өсіп келе жатқан жас өспірімнің жүрегіне мейірімділік сәулесін дарытып,болашақта жақсы азамат пен азаматша болып тәрбиеленуіне үлкен септігін тигізеді деген үміттемін.
Сөзімді қортындылай келе айтарым Айгүл Кемелбаеваның бұл екі әңгімесінің айтар түйіні 1)Сені жаратқан бір Алланы ұмытпау және сену. 2)Алланы еске алу арқылы жүректер тынышталып, Әр еске салған сайын жүрегіне адамгершілік сынды ізгі қасиеттерді жинау.Яки “Ғибадат “әңгімесінде Жаратқанды іздеу және де тану болса “Құс” әңгімесінде сол жаратқанды тану арқылы жүрегімізде адамға ғана емес ,тіршілікке де, мейірімділік көрсету керек екендігін ұғыну.Мақаланың “Түнектегі бір жарық ойлар”атталу себебі:Шығармадағы әр кейіпкерлер өмірінде түнекке толы жағымсыз сәттер болды.Бірақ олар осы жағымсыз сәттерден шығып, қарбалас өмірде өз жарық сәулелерін таба білді.Сол жарық сәулесі арқылы болашаққа ұмтылып,өз өмірлерін жақсы жаққа қарай өзгертте білді.Егерде сіздің де өмірінізде жағымсыз сәттер орын алса.Сіз де өз жарық сәуленізді іздеп табарсыз деген ойдамын құрметті оқырман.
(834 сөз)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала Айгүл Кемелбаева шығармалары

шағым қалдыра аласыз