Мақала: "Әлемге әйгілі Әл-Фараби"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: "Әлемге әйгілі Әл-Фараби"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әл-Фараби туралы түсінік алу үшін мектеп оқушыларына қажет мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әлемге әйгілі Әл-Фараби

Биыл Әл-Фараби бабамыздың туғанына 1150 жыл. Осыншама көп жылдар бұрын жасаған адамды бүкіл Шығыс халқы неге ұмытпайды екен?- деген сұрақ мені көкп ойландырды. Сөйтіп ойлап, ол кісі туралы білуге тырыстым. Оның шын аты - Әл-Фараби – - Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби екен. Қандай ұзын есім, мынаны ұзақ айту да мүмкін емес қой! Сонау 870-950 жылдары өмірге келген деп ғалымдар болжаған екен, мүмкін солай да шығар. Фарабитанушы ғалымдарымыз анықтаған азын-аулақ өмірбаяндық деректерге жүгінсек, Ұлы ғұламаның туған жері – Түркістан облысына қарасты Отырар ауданының орталығы Шәуілдір елді-мекенінен оңтүстік-батысқа қарай жатқан сайын даланың төскейі. Өмірін түгел дерлік ғылымға жұмсап, соңынан мәңгілік өлмес мұралар қалдырған ғұлама, біздерге белгілі әл-Фарабилердің ең үздігі – Әбу-Насыр әл-Фарабидің сүйегі Дамаскінің «Баб ас-сағир» («Кіші дарбаза») зиратына қойылған. Араб жазба деректері Ұлы даланың ұлық тұлғасының есіміндегі «Тархан» тіркесін оның дәулетті түркі отбасында дүниеге келгендігінің белгісі деп сипаттайды. Сол замандағы түркі қоғамында «тархан» атауы әскери қолбасшыларға берілген. Ал әскери қолбасшылар ең жоғарғы лауазым иесі болғаны мәлім. Ұлы ойшыл бала кезінен ғылымға құштар болса керек. Не жерде, не көкте орналасқаны белгісіз Отырар кітапханасы ғалымның ғылымға деген ізденісіне бастау болып, Шаш, Самарканд, Бұхара, одан кейін Хамадан бірақ шыққан. Әл-Фараби  өзінен он ғасыр бұрын христиан фанаттары жойған Платон мен Сократ, Аристотель секілді атақты философтардың еңбектерін, Александрия кітапханасымен бірге түгелдей жойылған жазбаларды қайта жаңғыртқан . Әл-Фараби ғылымды жаңа қырынан көрсетуші ғана емес, көне грек жазбаларын араб тіліне аударған өркениет құтқарушысы. Еуропа әлемі әл-Фарабидің қызметі арқылы өз тарихының ұмыт болған беттерін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік алды. Осыдан 1150 жыл бұрын дүниеге келіп, сексен жылдық тіршілігінде соңынан ірілі-ұсақты 160-тан астам ғылыми еңбек қалдырған данышпан бабамыздың еңбектерін жарыққа шығарып, зерттеу ісі ертеден-ақ қолға алынған. Аса құнды мұралардың бізге жетуіне негіз болған бұл жәдігерлер Каир, Лондон, Ыстамбұл, Калькутта, Бомбей, Мадрид, Тегеран, Берлин, Братислава, Лейден, Анкара, Хайдарабад, т.б қалалардың кітапханаларында жатыр. Ортағасырлық ғылым мен білімнің алыбына айналған әл-Фарабидің қаламынан туған ең мәшһүр еңбектері: «Философиялық трактаттар», «Математикалық трактаттар», «Логикалық трактаттар, «Ғылыми-жаратылыстану трактаттары «Герменевтика», «Риторика», «Категориялар», «Аналитика» және басқа да философиялық, логикалық шығармаларына жазған түсіндірмелері «Ғылымдардың шығуы», «Бақытқа жету» секілді пәлсәпалық еңбектері. Осындай әлемдік ақыл-ойдың алға жылжуына серпіліс туғызған теңдесі жоқ еңбегі үшін «Екінші ұстаз» атанды. 

Фазай Зейнап, 8«А» сынып оқушысы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.01.2021
647
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі